«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет15/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Тірек сөздер: əкімшілік реформа, орталықсыздандыру, билік деңгейлері, мемлекеттік функцияларды оңтайлан-
дыру, демократия, бөлшектеу 
 
ХХ  ғасырдың  аяғында  пайда  болған  əкімшілік  реформа  үшін  саяси  жағдайлар  мемлекеттік  билікті 
орталықтандыру мен орталықсыздандыру арасындағы қатынасқа едəуір əсер етті. Соңында, «полиархия» 
теориясының авторы Роберт Даль атап өткендей, экономикалық жүйені орталықсыздандырудың арқасын-
да, көптеген экономикалық шешімдер тəуелсіз адамдар мен компанияларға қатысты қабылданатын кезде, 
нарықтық капитализм күшті, тіпті авторитарлық басқаруға ие болу қажеттілігінен босатады.  
Осыған  ұқсас  жағдай  Қазақстанда  да  қалыптасты.  Біздің  мемлекетімізде  əкімшілік  реформаларды 
өткізу  үшін  объективтік  алғышарттар  өткен  жүзжылдықтың  90-жылдары  ортасында  пісіп  жетілді,  олар 
1997 жылы əкімшілік реформаға кірісуге мүмкіндік берді.  
Мемлекет  басшылығының  елімізді  одан  əрі  дамытуға  арналған  бағыты  саяси  жүйені  дамыту  үшін 
маңызды ынталандыру болды. Осылайша, Қазақсан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Қазақстан 
халқына  жолдауында  саяси  реформалардың  негізгі  жеті  элементі  анықталды:  адал  сайлау  өткізу;  саяси 
партиялардың өсуі мен нағаюына жəрдемдесу; биліктің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету; 
үкіметтік  емес  ұйымдардың  рөлін  нығайту;  тəуелсіз  соттарды  қалыптастыру;  еркін  баспасөз;  тендерлік 
аспектіге ерекше көңіл бөлу [1].  
Əкімшілік басқару мен мемлекеттік қызметті маңызды реформалау шеңберінде жаңа ғасырдың қарсы 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
73 
шығулары жағдайында орталықсыздандыру проблемасы Қазақстанда жаңа сипатқа ие болды. Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  2003  жылы  ақпанда  мақұлдаған  2002-2004  жылдарды  қамтитын  əкімшілік 
реформа кезеңінде  «Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату жəне бюджет-
аралық  қатынастарды  жетiлдiру  тұжырымдамасы»  əзірленді.  Тұжырымдаманы  іске  асыру  барысында 
мынадай міндеттерді кезекпен шешу көзделді: 
1)
 
мемлекеттік  функциялардың  оңтайлы  тізбесін  айқындау,  олардың  жүйелілігі  мен  жіктемесі;  2) 
мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктерді жəне жауапкерші-
лікті нақты бөлу; 3) мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасындағы функцияларды, өкілеттіктер-
ді  жəне  жауапкершілікті  нақты  бөлу;  4)  өз  кезегінде  мемлекеттік  басқарудың  əр  түрлі  деңгейлері  үшін 
бюджет  қаражатының  жұмсалуы  бойынша  өкілеттіктерді  реттеуді,  бекітуді  көздейтін  бюджетаралық 
қатынастардың  тиімді  үлгісін  қалыптастыру;  5)  мемлекеттік  басқарудың  ауылдық,  кенттік,  қалалық, 
аудандық деңгейлерін институционалдық жəне функционалдық нығайту [2].  
Қабылданған Тұжырымдама басталып кеткен əкімшілік-бюджеттік реформа шеңберінде мемлекеттік 
функцияларды орталықсыздандыру жөніндегі алғашқы кезеңі ретінде мемлекеттік басқаруды концентар-
циясыз дандыруды жүргізуді болжады. Осы құжаттың орындалуын талдау негізінде көптеген міндеттер 
орындалғанын жəне олардың кейбіреуі сол немесе өзге де шамада іске асырылғанын атап өтуге болады. 
Осылайша,  Қазақстан  Республикасының  Бюджет  кодексі  мен  оны  дамытатын  «Республикалық  жəне 
облыстық  бюджеттер,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  бюджеттерi  арасындағы  2005-2007 
жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердiң көлемдерi туралы» Қазақстан Республика-
сының Заңы қабылданды, ол бюджетаралық қатынастардың жаңа моделіне жол салды. Бюджет Кодексін-
де бюджеттер деңгейлерінің шығыстық өкілеттіктері нақты бөлінген.  
Мемлекеттік  басқаруды  функционалдық  талдау  бойынша  үлкен  жұмыс  жүргізілді  жəне  оның 
қорытындылары бойынша мемлекеттік басқарудың əр түрлі деңгейлері арасында функцияларды, өкілет-
тіктер мен жауапкершілікті анық бөлуге бағытталған заңдар əзірленіп, қабылданды.  
«О  мерах  по  дальнейшему  совершенствованию  системы  государственного  управления  республики» 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі №1449 Жарлығына сəйкес мемле-
кеттік  органдардың  функциялары  министрліктерге  жүктелген  стратегиялық  (мемлекеттік  саясаттың 
мақсаттары  мен  басымдықтарын  айқындау);  министрліктер  жанындағы  комитеттер  атқаратын  бақылау 
(бақылау-қадағалау) функцияларына бөлінген.  
Жергілікті атқарушы органдар бойынша типтік құрылым мен сандық лимиттер бекітілді. Мемлекеттік 
басқарудың  ауылдық,  кенттік,  қалалық  (аудандық  маңызы  бар)  деңгейлерін  институционалдық  жəне 
функционалдық нығайту міндеті едəуір қиынға түсті. 
Жоғарыда  аталған  Тұжырымдама  шеңберінде  мемлекетік  басқарудың  төменгі  деңгейін  институцио-
налдық нығайту шарасы бойынша одан əрі орталықсыздандыру жəне елімізде жергілікті өзін-өзі басқару 
институтын кейіннен енгізу үшін алғышарттар жасалуда.  
Посткоммунистік  даму  процестері  үшін  орталықсыздандырудың  үлкен  маңызы  бар  екенін  ескерген 
жөн,  əсіресе  үкіметтің  Орталық  жəне  Шығыс  Еуропа  елдерінде  аумақтық  орталықсыздануын  жүзеге 
асыруға  байланысты  –  қоғамды  қайта  құрудың  алғашқы  бағдарламаларының  негізгі  тасы  –  күтпеген 
жағдайда болды. Орталықсыздандыруға бағытталған реформалар жарты жолда тоқтатылды жəне қазіргі 
уақытта аймақтарда орталықшылдардың саясаты жүзеге асырылуда. Бұл аймақтарда аумақтық орталық-
сыздандыруды  негіздеу  жəне  олардың  басымдықтары  мен  қайта  пайда  болатын  орталықсыздандыру 
мəселелері бойынша талас жүріп жатыр; бұл ретте аталған тартыстың теориялық, сонымен қатар практи-
калық та нысаны бар.  
Соңғы  жылдары  қол  жеткізілген  отандық  экономиканың  өсу  қарқыны  Қазақстандағы  мемлекеттік 
басқару  жүйесін  қайта  құру  мəселелеріне  көңіл  аударуға  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  өзін  танытқан 
демократиялық мемлекеттің бұдан əрі дамуы шешімдерді қабылдау процесіндегі оның барлық азаматта-
рының  мүдделерін  ескере  отырып,  қоғамдық  құрылымды  жетілдіруді  болжайды.  Əлемдік  тəжірибе 
көрсетіп  отырғандай,  осындай  қоғамды  құру  азаматтардың  өздерін  шешімдер  қабылдау  процесіне  – 
жергілікті қоғамдастық деңгейіндегі мəселелерден бастап жалпымемлекеттік ауқымдағы проблемаларға 
дейін  тарту  жағдайында  ғана  мүмкін.  Тиісінше,  барлық  жауапкершілікті  орталық  органдар  өздеріне 
қабылдаған жағдайда, басқарудағы орталықтандыру тəсілі алып тасталады.  
Қазақстанда  орталықсыздандыру  арқылы  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жетілдірудің  негізгі  мақсаты 
мемлекеттік функцияларды тимді іске асыру жəне мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері арасында 
функцияларды,  өкілеттіктер  мен  жауапкершілікті  тиімді  бөлу  есебінен  халыққа  қоғамдық  қызметтер 
көрсету болып табылады.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
74 
Орталықсыздандыру  жəне  оған  тікелей  қатысы  бар  басқа  да  шараларды  іске  асыру  мемлекеттік 
функцияларды оңтайландыруға, биліктің барлық деңгейлері арасында оларды тиімді бөлуге, мемлекеттік 
басқарудың барлық деңгейлерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бюджетаралық қатынастар-
дың неғұрлым рационалды үлгісін құруға жəрдемдесетін болады 
Тұрғындарды қоғамдық басқару мəселелерін шешуге тарту – негізгі мақсатынан басқа – орталықсыз-
дандыру  сондай-ақ  өмір  сүру  деңгейінің  сапасын  арттыру,  қоғамдық  құрылым  жүйесінің  жекелеген 
элементтерінің əлеуетін дамыту мақсатына да ие.  
Бəрімізге  белгілі,  орталықсыздандыру  деген  сөздің  кең  түрдегі  анықтамасын  француз  ғалымы 
Г.Вольман  былайша  ұсынды:  «Мемлекеттік  билікті  орталықсыздандыру  өз  мəнінде  саяси  өкілеттіктер 
мен басқару функцияларының мемлекеттің орталық билігіне қатысты жергілікті билік органдары арқылы 
саяси  жəне  əкімшілік  автономияның  маңызды  дəрежесіне  ие  едəуір  төмен  басқару  деңгейлеріне  өту 
дегенді білдіреді» [3].  
Қазақстанда əзірше орталықсыздандыру мен басқарудың өзге де əдістерін сабақтастырудың, тұтастай 
алғанда жəне бөліп қарағанда, көпшілікті басқарудың тиімді, рационалды, үнемді жəне ең бастысы оның 
жоғары сапасы туралы айтуға мүмкіндік беретін оңтайлы дəрежесі табылған жоқ.  
Аталған  мəселенің  өзектілігі  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы               
Н.Ə.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
Қазақстан  халқына  Жолдауының  ережелерімен  негізделген,  онда  басқаруды  орталықсыздандыруды 
сауатты  жүргізу  қажеттілігі  туралы  атап  өтіледі.  Бұл  ретте,  «орталықсыздандыру  идеясының  мəні  – 
шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру» 
деп нақты көрсетіледі [4].  
Практика  орталықсыздандыру  процесінің  көп  түрлі  нысаны  бар  екенін  жəне  ол  əр  түрлі  салаларды, 
мысалы,  шешімдер  қабылдау  мен  азаматтар  мен  органдарға  жауапкершілік  беру  сияқты  салаларды 
қамтитынын көрсетіп отыр. Бұл нысан Қазақстан аймақтарында жеткілікті жақсы практикаға ие болып 
отырғанын  айта  кету  керек.  Осы  саяси  орталықсыздандырудың  жақтастары  көп  адамдар  тобының 
қатысуымен қабылданған  шешімдер неғұрлым  негізделген болады жəне қоғамның əртүрлі топтарының 
мүдделерін жақсы ескеретін болады деп сендіреді. Атқарушы биліктің мемлекеттік аппаратының ішіндегі 
иерархиялық қатынастардың реформалары түріндегі əкімшілік орталықсыздандыру белгілі бір мемлекет-
тік  функцияларды  жоспарлау  мен  қаржыландыру  үшін  жəне  оларды  орталық  үкіметтен  басқару  үшін 
жауапкершілікті беру дегенді білдіреді.  
Қазақстанның қазіргі экономикалық табыстары орталықсыздандыру процесінің маңыздылығына негіз-
деледі жəне оның даму мүмкіндігі шынайы жұмыс істейтін нарықтық экономикаға жəне қазақстандық-
тардың өмір сүру сапаының неғұрлым артуына байланысты күшейеді. Бұл процесс басқа да – экономика-
лық,  əлеуметтік,  институционалдық,  саяси,  қоғамдық  қайта  құрулармен  қатар  жүзеге  асырылады. 
«Алайда», - қазақстандық зерттеуші М.Кенжеғұзин ескерткендей, - «мемлекеттік басқаруды орталықсыз-
дандыру  процесі  айтарлықтай  күрделі  болып  табылады,  сондықтан  ол  ұзақ  та  пермаменттік  процесс, 
оның  мерзімін  анықтау  жəне  белгілеу  мүмкін  емес.  Оны  іске  асыру  экономикалық  талаптар  мен 
алғышарттарды ғана емес, сонымен қатар құқықтық, мəдени, саяси алғышарттардың болуын, бірізді жəне 
терең негізделген аймақтық экономикалық саясат жүргізуді болжайды. Мемлекеттік басқаруды орталық-
сыздандыру  жолында  ойланбай,  оны  жалпы  тұжырымдамаға  ғылыми  негіздемей  жасалған  қадамдар 
қалаған  нəтиже  бермейді  жəне  жер-жерде  басқару  тиімділігін  арттыру  үшін  жағдайларды  қамтамасыз 
етпейді» [5].  
Қазіргі  заманда  мемлекеттік  басқаруды  орталықсыздандырудың  бірыңғай  моделі  жоқ  жəне  болуы 
мүмкін емес жəне оларды жүзеге асырудың бірыңғай нысандары мен əдістері де жоқ жəне болуы мүмкін 
емес  екені  сөзсіз.  Алайда  тұтастай  алғанда,  егер  жергілікті  бірлік  «өзінің  салықтары  мен  қызметтер 
пакетін өз азаматтарының қалауларына сəйкес айқындайтын болса» саяси шешімдерді қабылдау жүйесін 
орталықсыздандырылған деп есептеуге болады. Бұл қағидат Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін-
дегі жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейту үшін орталық пен аймақтар арасындағы жауапкер-
шілікті жəне өкілеттіктерді оңтайлы жəне тиімді бөлу мақсатына қол жеткізудің негізін қалаушы болып 
табылады.  Бұл  бағыттағы  кезекті  қадамдарға  осы  процеске  тікелей  қатысы  бар  бірқатар  шараларды 
жатқызу қажет. Осылайша, 2012 жылы Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымда-
масы  қабылданды,  оны  іске  асыру  жер-жердегі  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жетілдіру  мен  əкімшілік 
реформаны жандандыру,а жəрдемдесетін болады.  
Тағы  бір  маңызды  іс-шара  2013  жылғы  тамызда  өткен  аудандық  маңызы  бар  қалалары,  ауылдық 
округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары əкімдерінің сайлауы болды, бұл 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
75 
қоғамдық бақылауды нығайтуға жəне азаматтардың аталған сайлауға қатысуы барысында басқарушылық 
шешімдерді қабылдауына ықпал ететін болады.  
Орталықсыздандыру  «демократизациялау  процесіне  ықпал  етеді»,  себебі  сайлау  органдары  арқылы 
немесе – неғұрлым жанама қатысу арқылы – жергілікті сайлаулар арқылы жəне үкімет қызметін қадала 
қадағалау  арқылы  тікелей  қатысуға  мүмкіндік  туғызады.  Бұл  сондай-ақ  жаңа  саяси  функциялар  мен 
практикаға қатысты білімдерді таратуға көмектеседі: - саяси өмірге қатысу үшін қажетті саяси дағдылар 
мен функцияларды меңгере алатын төмен деңгейдегі жаңа элитаның пайда болуы үшін; - төмен деңгейде-
гі басқару органдары белгілі бір дəрежеде еліміздің үкіметіне қатысты қарсы салмақты немесе ұстамды 
күші ретінде əрекет етеді; - жергілікті экономикалық жəне əлеуметтік даму процесіне қызметтегі жергі-
лікті жəне аймақтық адамдарды тартуды жандандыра түседі; - жергілікті билік органдарына өкілеттіктер 
беру орталықта асыра тырысуды болдырмауға көмектеседі.  
Əдебиетте саяси-əкімшілік орталықсыздандыру факторларына назар аударады: 1) азаматтардың саяси 
қатысуын  жандандыру  маңызы:  жергілікті  жəне  аймақтық  биліктер  азаматтарға  (орталықпен  билікпен 
салыстырғанда)  үлкен  мүмкіндіктер  береді;  саяси  қатысу  аумақтарын  кеңейтуден  болған  басымдықтар 
неғұрлым тəрбиелі жəне ақпараттандырылған азаматтардың қалыптасуына көмектесетініне негізделеді; 2) 
«отзывной»  билік  қалыптастыру  қажет,  себебі  перефериялық  əкімшілік-аумақтық  институттар  халыққа 
жақын  тұрғандықтан,  көп  жағдайларды  оның  қажеттіліктеріне  назар  аударуы  тиіс.  Осындай  қабілетті 
тəрбиелеу  тең  дəрежеде  мемлекеттің  қоғамға  демократиялық  бағынуын  нығайтады  жəне  билік  тек  кең 
түсініктегі қоғамдық мүдделерде ғана əрекет етпейді, сонымен қатар нақты қоғамның айрықша қажетті-
ліктеріне де назар аударатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді; 3) мемлекеттік биліктің лигимиттілігін 
күшейту:  азаматтардың  орталық  үкіметтен  физикалық  қашықтығы  оның  шешімдерді  бағалауына  əсер 
етеді; орта жəне төмен деңгейде қабылданатын шешімдер неғұрлым түсінікті сияқты болады, жəне тиісін-
ше неғұрлым заңды болып табылады; 4) демократиялық еркіндіктерді қорғау: ештеңемен ұсталынбайтын 
орталықсыздандыру мемлекеттің жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын аяқ асты қыла ма деген 
қауіп төндіреді: билік пен басқаруды орталықсыздандыру азаматтарды қорғауға қабілетті не биліктерді 
«тігінен», бөлшектеп бөлу мемлекеттік биліктің монолиті, «ұстанымдар мен қарсыластар» жүйесін құрай-
ды, орталық билік өз кезегінде, перефериялық саяси-билік институттарының демократияға қарсы сырғу-
шылықтарын ұстап тұрады [6].  
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, концентрациясыздандыру, орталықсыздандыру жəне деволю-
ция ұғымдары жергілікті өзін-өзі басқару дербестілігінің əртүрлі дəрежесін сипаттайды. Басқа авторлар 
өте жақсы көзқарасты ұсынады: мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру процесі концентрация-
сыздандыру мен деволюциядан тұруы тиіс. Бұл ретте, концентрациясыздандыру белгілі бір функциялар-
дың, өкілеттіктер мен жауапкершіліктің орталық атқарушы органдардан төменгілерге берілуін білдіреді, 
ал деволюция – жергілікті өзін өзі басқару органдарына шешімдер қабылдау мен дербес қаржылық жəне 
басқарушылық  қызметті  жүргізу  құқығын  береді.  Аталған  жағдайда  орталықсыздандыру  басқа  екі 
терминге қатысты едуір жалпы ұғым ретінде түсіндіріледі, олар өзара бірін-бірі алмастырмайды, керісін-
ше  бірін-бірі  толықтыратын  болып  табылады.  Концентрациясыздандыру  тұжырымдамасын  француз 
авторлары  анық  əзірледі  жəне  олар  оны  орталықтан  тағайындалатын  шенеуніктерге  өкілеттіктердің 
берілуі  ретінде  қарайды,  тиісінше,  бұны  орталықтандырылған  басқарудың  ұйымдастырылған  нұсқасы 
десе де болады, осыдан оның орталықсыздандырудан түпкі айырмашылығын көруге болады. Концентра-
циясыздандырудың тік жəне көлденең түрлері бар. Тік – бұл, орталық биліктің мүдделерін білдіру бойын-
ша барлық өкілеттіктер бір шенеунікке берілетін басқару. Көлденең ұғымы жергілікті деңгейдегі бірнеше 
билік орталықтарының «міндеттерді салалық қағидат бойынша бөлудің» болуымен түсіндіріледі.  
Концентрациясыздандыру,  алайда,  жоғары  тұрған  билік  органдарының  алғышарттарын  қарапайым 
орындаумен  үйлеспейді.  Оған  орталықта  қабылданған  шешімдерді  іске  асырудың  ұтымды  нысандары 
мен тетіктерін таңдауда аймақтар мен аумақтар қатысуының айрықша тетіктері тəн. Егер басқару орган-
дары  жергілікті  деңгейде  проблемаларды  шешудегі  өздерінің  тетіктерін  ұсынбаса  жəне  оларды  заңда 
белгіленген тəртіппен бекітпесе, аймақтық деңгейде үлгілік шешімдер əзірленуі мүмкін. Бұл ретте аймақ-
тық билік органдары аймақтық саясаттың маөсаттарын əзірлеу, аймақтық бағдарламаларды жүргізу тəрті-
бін  айқындау,  оларды  өткізуге  рұқсат  беру,  нəтижелерді  бақылау  мен  бағалау  үшін  жауапкершілікті 
сақтайды.  
Қазақстанда орталықсыздандыру процесін жетілдіру жөніндегі қазіргі жағдай үшін, біздің көзқарасы-
мызша,  «орталықсыздандыру  концентрациясыздандыру  процесін  білдіреді,  яғни  өкілеттіктер  мен 
функциялардың бірыңғай мемлекеттік құрылым ішінде оның төменгі деңгейіне жəне переферияға берілуі 
деп  дəлелдейтін  əртүрлі  елдерде  осы  процестің  ерекшеліктерін  талдап,  бірлескен  зерттеулер  жасаған 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
76 
авторлардың көзқарастары артық. Тік не көлденең концентрациясыздандыру жайында сөз болып отыр. 
Осылайша, қайта құрылған өкілеттіктер бұл ретте бірыңғай мемлекеттік билік органдары болып қалып 
төменге немесе переферияға «көшеді» [7].  
Мемлекеттік  билікті  орталықсыздандыру  процесін  кезең-кезеңмен  іске  асыру  қажеттілігін  Елбасы 
Қазақстан халқына Жолдауында нақты көрсетіп берді. Осылайша, өткен жылы Қазақстанда орталық пен 
аймақтар арасындағы жауапкершілік пен жүйесін өкілеттіктерді бөлу, жергілікті атқарушы органдардың 
мемлекеттік билік жүйесіндегі рөлін күшейту жөнінде нақты шаралар қабылданды. Мемлекет Басшысы 
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлектетік басқару органдары арасындағы 
өкілеттіктерді  бөлу  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Заңына  қол 
қойды, ол мемлекеттік билік жүйесін одан əрі жетілдіруге, мемлекеттік басқару органдарының арасында-
ғы өкілеттіктердің қайталануын жоюға жəне жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге 
бағытталған. Мақсаты мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейін жəне орталықтан аймақтарға берілетін 
өкілеттіктерді күшейту болған заңды іске асыру шеңберінде штаттық санның 5420 бірлігі берілді. Сөзсіз, 
бұл шаралар лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді, мемлекеттік басқару 
сапасын аймақтық деңгейде көтереді жəне демократизациялау призмасы арқылы жергілікті маңызы бар 
мəселелерді  шешудегі  азаматтардың  рөлі  мен  мүмкіндігін  едəуір  арттырады.  Бұл  процесс  «қоғам  мен 
азаматтар мемлекеттік шешімдерді қабылау процесіне жəне оларды іске асыруға тікелей тартылуы тиіс» 
екені үшін қажет. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы тұрғындарға дербес жəне өз жауапкерші-
лігімен өзінің өмір сүруін қамтамасыз ету мəселелерін шешуіне шынайы мүмкіндік беру керек.  
Қазіргі  замандағы  шынайы  демократия  орталықсыздандыру  мен  орталықтандыруды  үйлестіруді 
жорамалдайды.  Əрбір  мемлекет,  нақты  тарихи,  саяси,  экономикалық  жəне  əлеуметтік-экономикалық 
ерекшеліктері жағдайында в контексте орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру дəрежесін 
жеке  таңдайды.  Сонымен  қатар,  мемлекеттік  құрылыстың  шетелдік  практикасы  орталықтандыру  мен 
орталықсыздандырудың  өзара  байланысының  арқасында  ғана  көпшілік  билік  институттары  жоғары 
тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізуге болады. Осыған байланысты зерттеушілер «орталықтандыру 
мен орталықсыздандырудың рационалды қатынасын табу маңызды» екенін атап өтеді.  
 
1  Назарбаев  Н.G.  «Елдегі  жағдай  жəне  ішкі  жəне  сырт;ы  саясатты   негізгі  бағыттары  туралы:  ;оғамды 
демократизациялау,  жа а  ғасырдағы  экономикалы;  жəне  саяси  реформа»  Президентті  
аза;стан  хал;ына 
Жолдауы // Казахстанская правда. 1998 ж., 1 ;азан. 
2 « аза;стан Республикасы Президентiнi  «Мемлекеттiк бас;ару де гейлерi арасындағы 9кiлеттiктердi ажы-
рату жəне бюджетаралы; ;атынастарды жетiлдiру тHжырымдамасын ма;Hлдау туралы» Жарлығыны  жоба-
сы туралы»  аза;стан Республикасы Oкіметіні  2003 жылғы 10 а;пандағы №147 ;аулысы, Астана, 2003, а;пан. 
3 Вольман Г. Орталы;сыздандыру – табыс;а ;ол жеткізу шарты: орталы;сыздандыруды  за намалы; ;ырла-
ры //Айма;ты; конференция материалдары. Ереван, 1999. – С.  
4  аза;стан Республикасыны  Президенті –  лт К9шбасшысы Н.G. Назарбаевты  « аза;стан-2050» Страте-
гиясы ;алыптас;ан мемлекетті  жа а саяси бағыты»  аза;стан хал;ына Жолдауы. Астана, желто;сан 2012 ж.  
5 Кенжеғузин М.Б., Абдулаев С.А. Мемлекеттік бас;аруды орталы;сыздандыру - Алматы: Таймас, 2003 - 144 б. 
6  Саяси-əкімшілік  бас;ару:  О;улы;  /  В.С.  Комаровский,  Л.В.  Сморгуновты   жалпы  ред.  –  М.:  РАГС  баспасы, 
2004. – 147-148 б. 
7  Мемлекеттік  бас;аруды  орталы;сыздандыру  жəне  жергілікті  9зін-9зі  бас;ару;  іске  асыру  проблемалары  / 
Бірлескен зерттеулер. - М.: РАГС баспасы. 2007. – 384 б.  
 
Резюме 
В статье аргументировано, что процесс децентрализации способствует демократизации общества, что особенно 
актуально  для  современного  государства  Казахстан.  Реализация  данного  политического  процесса  и  других  мер, 
имеющих непосредственное отношение к нему, способствует оптимизации и эффективному распределению государ-
ственных  функций,  построению  рациональной  модели  межбюджетных  отношений,  обеспечивающих  стабильное 
функционирование всех уровней государственной власти. 
Помимо основной цели - привлечения населения к решению вопросов общественного управления – децентрали-
зация также имеет целью повышение качества уровня жизни и развитие потенциала отдельных элементов системы 
общественного устройства. 
Ключевые слова: административная реформа, децентрализация, уровни власти, оптимизация государственных 
функций, демократия, деконцентрация 
 
Summary 
The article argue that the process of decentralization advantage society democratization which is especially relevant for the 
modern  Kazakhstan.  Realization  of  such  political  process  and  other  measures,  which  are  directly  related  to  this  process, 
contribute  optimization  and  effective  allocation  of  public  functions,  the  construction  of  the  rational  model  of 
intergovernmental relations providing stable functioning of all state power levels. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
77 
Apart from the main aim to involve people into solving public administration issues, decentralization also has purpose to 
improve quality of life level and develop potential of individual elements of the social organization system. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет