«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
1  Мемлекеттік  ;айраткерлрді   на;ыл  с9здері  //  əл-Фараби.  Gлеуметтік-этикалы;  тракттар.  –  Алматы: 
Ғылым, 1975. – 220 б.  
2 Абай.  ара с9здері. - Алматы: Iнер, 2010. – 18 б.  
3 БайтHрсынов А.  ай əдіс жа;сы // Тіл тағлымы. – Алматы, 1992. – 357 б.  
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются концепции А.Байтурсынова по совершенствованию социального института – 
образования.  Кроме того, на основе анализа его  трудов определены факторы и  пути  высшее названного  процесса. 
Указаны основные направления деятельности великого просветителя в этом вопросе и подчеркнуто его значение
Ключевые  слова:  образованность,  учитель,  начальная  школа,  методические,  царское  правительство, 
финансирование 
 
Summary 
This article touches upon on A.Baytursynov’s conceptions on improvements of social institute-education. In this article on 
the basis of the analysis of his works the factors and the way of these processes were determined. Main directions of the great 
education  activity  was  showed.  n  this  article  conceptions  are  examined  on  perfection  of  social  institute  are  educations.  In 
addition, on the basis of analysis of his labours factors and ways are certain higher the adopted process. Basic directions of 
activity of great enlightener are indicated in this question and his value is underline. 
Keywords: form, teacher, initial school, methodical, tsar's government, financing 
 
УДК 930(574)(092) 
 
САНЖАР АСФЕНДИЯРОВТЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ 
(125 ЖАС ТОЛУЫНА ОРАЙ) 
 
Н.К. Дюсенова – т.ғ.к., доцент, С.Ж. Асфендияров атындағы  аз МУ,  аза;стан, Алматы 
 
Санжар  Асфендияров  тарих  ғылымының  қалыптасуы  жəне  дамытуына  зор  үлесін  қосты.  Қазақ  ғылымының 
қалыптасу  үдерісі  ХХ  ғасырдың  еншісіне  тиесілі  екендігі  бəрімізге  аян.  Саналы  ғұмырының  едəуір  бөлігін  қазақ 
тарихын қалыптастыруға, жүйелеуге, зерделеуге арнаған ғалым өзінен кейін қалыптасқан көптеген зерттеушілерге 
ақ жол ашып кетті. С.Ж. Асфендияровтың тарихи еңбектерінде негізінен кеңестік идеологияның нышандары айқын 
көрініс беріп отырды. Сондықтан ғылыми зерттеулерінде субъективті факторлар мен партиялық принциптер қазақ 
тарихының объективті жазылуына мейлінше кедергі болды. С.Ж. Асфендияров тек қана тарих ғылымымен айналыс-
пай,  медицина  саласында  да  көптеген  ғылыми  жəне  практикалық  жетістіктерге  жетті.  ХХ  ғасырда  қазақ  тарихын 
алғаш ғылыми жүйеге түсірген ғалым Санжар Асфендияров екендігі баршаға мəлім.  
Тірек сөздер: тарих ғылымы, қалыптасу, дамыту, зерделеу, жүйе, ғалым, үлес 
 
Қазақ  ғылымының  қалыптасуы  мен  дамытуына  елеулі  үлесін  қосқан,  ұлы  ғұлама  ғалым  -  Санжар 
Асфендияровтың  125  жасқа  толуына  арналады.  Қазақстанның  тарих  ғылымының  қалыптасу  үдерісін 
қарастырғанда,  Шоқан  Уəлиханов,  Əлкей  Марғұлан,  Ермұқан  Бекмаханов  сынды  ғалымдармен  қатар, 
Санжар Асфендияровтың елеулі еңбегін айта кеткеніміз абзал. Əсіресе Санжар Асфендияровтың Кеңестік 
Қазақстан кезеңіндегі алғашқы марксист тарихшы ретіндегі орны тарихи зерделеуден өтуі тиіс. 
Санжар  Асфендияров  1889  жылы  Ташкентте  өмірге  келді.  Оның  саяси  қызметке  араласуы  Кеңес 
үкіметінің  орнауымен  тұспа-тұс  болғандықтан,  Санжар  Асфендияров  кеңестік  жүйеде  жүріп  əртүрлі 
саяси қызметтер атқарды [1, 61 бет.]. Сондықтан да қайраткердің ғылыми мұрасы сол кезеңнің идеология-
сы  шеңберінде  жазылған.  Алайда  бұл  мақалада  тұлғаның  ғылыми  тұжырымдары  мен  көзқарастарына 
қазіргі кезең тұрғысынан баға беруден аулақпыз. Осы шағын ғылыми жұмыста Санжар Асфендияровтың 
Қазақстанның тарих ғылымындағы еңбектеріне тарихи шолу жасау мақсаты көзделді. 
С.Асфендияровтың тарихи еңбектерінде негізінен кеңестік идеологияның нышандары айқын көрініс 
беріп  отырды.  Сондықтан  ғылыми  зерттеулерінде  субъективті  факторлар  мен  партиялық  принциптер 
қазақ тарихының объективті жазылуына мейлінше кедергі болды.  
30-жылдарда  тарих  ғылымының  алдында  Сталин  қазан  революциясының  заңды,  объективті  əлемдік 
құбылыс екенін дəлелдеу мақсатын қойды. Қазақ тарихын маркстік-лениндік тұрғымен жазу міндеті С. 
Асфендияровқа жүктелді. Неліктен осындай мақсат қойылды? Бұл маңызды сұрақ. Өйткені маркстік ма-
териалистік тарихи концепция «қоғамдық экономикалық формациялар тізбегі» ретінде «жалпы адамзат-
тық біртұтас тарих» теориясын енгізіп, бүкіл əлемде социалистік (коммунистік) қоғамның əлеуметтік ре-
волюция арқылы жеңіске жететіндігін жариялады. Қазақстан да осы жолдан өтуі тиіс болды [2, 23-24 б.]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
112 
С.Ж. Асфендияровтың саяси жəне шығармашылық кемелденуіне 1921-1922 жəне 1925-1928 жылдары 
Мəскеуде  қызмет  атқаруы  зор  ықпал  етті.  1927  жылы  С.Асфендияров  біржолата  ғылыми  жұмысқа 
ауысып, РСФСР Орталық Атқару Комитеті жанындағы Н.Н. Нариманов атындағы Шығыстану институ-
тының директоры болып тағайындалды. Бұл РСФСР Орталық Атқару Комитетіне қарайтын сол кездегі 
11  ғылыми  жəне  жоғары  оқу  орындарының  бірі  еді.  Осыдан  кейін  ол  көп  ұзамай  Москва  мемлекеттік 
университетінің Шығыс тарихы бойынша профессоры атағына ие болды [4, 217-218 б.]. 
С.Асфендиаров ХХ ғасырдың 30-шы жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы-
ның  іргетасын  қалаған  ұйымдастырушылардың  жəне  алғашқы  жетекшілерінің  қатарында  болды. 
С.Асфендиаров 1932 жылы мамырда А.Н. Самойлович, Б.А. Келлер, О.Э. Брицке сынды академиктермен, 
М.Н.  Төлепов,  Г.Барышников  сынды  профессорлармен  бірге  Казақстандық  базаның  төралқа  құрамына 
енді. Қоғамдық ғылымдар бөлімі хатшысының қызметін атқарған С.Асфендиаров ғалымдардың назарын 
тарих  ғылымының  өзекті  мəселелерін,  мəдениет  ескерткіштерін,  өлкені  мекен  еткен  халықтардың  бай 
əдеби  мұрасын  зерттеп  тануға  аударуға  ұмтылды.  Базаның  тегіс  жерде  пайда  болуына  қарамастан,  С. 
Асфендиаров  сынды  ғалым-қайраткерлердің  аянбай  еңбек  етуінің  арқасында  Қазақстандық  база  уақыт 
өте келе нағыз ғылыми-ұйымдастырушылық орталыққа айналады.  
ХХ ғасырдың тарихында қазақ ғылымын дамытуда айрықша зор мəнге ие болған Қазақстанды зерттеу 
қоғамы Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына негізгі бастама болды. Осы Қазақстанды зерттеу 
қоғамының  жұмысына  белсенді  атсалысқандардың  бірі,  Кеңестік  Қазақстандағы  мəдениет  пен  тарих 
ғылымында өзіндік орны бар Санжар Жафарұлы Асфендияров болды [3]. 
1933  жылы  С.Асфендияров  КСРО  Ғылым  академиясы  төралқаның  өтінішімен  Қазақ  филиалының 
тарихи-археографикалық  комиссиясының  жетекшісі  болып,  артынан  Қазақ  АКСР  Халық  ағарту  халық 
комиссарының  орынбасары  болып  тағайындалып,  Қазақстанның  университет,  кітапхана  жəне  ғылым 
басқармасын басқарады. 
Санжар  Асфендияров  1933  жылы  2  тамызда  Алматы  қаласында  өткен  ғылыми  қызметкерлердің 
жиналысында өткен сөйлеген сөзінде ғылыми кадрлар даярлау мəселесіне тоқтала келіп: «Күн тəртібінде 
ұлттық мəдениеттің ғылыми-зерттеу институтын құру жөнінде де мəселе туып тұр. Ұлттық мəдениетіміз-
дің  қорындағы  мақал-мəтелдер  сияқты  ауыз  əдебиетінің  құнды  қазыналары  жыл  санап  ізсіз  жоғалып, 
құрып бара жатқаны жөнінде өткен жылы Исаев жолдас айтып еді. Бүгінде халық шығармашылығының 
сол ескерткіштерін сақтап қалу ешкімді де ойлантпай, алаңдатпай отырғаны қиналтады. Мұның бəрі із-
түзсіз жоғалып кетуі мүмкін ғой. Ал келер ұрпаққа тарихи мол мұра қалдыру – біздің парызымыз» [4, 223 
б.] - деп мəдени мұра мəселесіне айрықша көңіл бөледі. 
ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  ілгерілеу  байқалды.  Дегенмен  де, 
зерттеушілердің  еңбектері  жаңа  жəне  академик  Р.Б.  Сүлейменов  тілімен  айтқанда,  ең  жаңа  дəуірдің 
күрделі  де,  зəру  мəселелеріне  ғана  арналды.  Ал  С.Ж.  Асфендияровтың  зерттеу  еңбектері  болса  қазақ 
тарихын ежелгі дүниеден бері қарай мүмкіндігінше тұтастай алып зерттеді. 
1933 жылы «Большевик Казахстана» атты журналда Қазақстан тарихын тұтастай алып зерттеу жөнін-
дегі  мақсатын  ғалым,  «Қазақтар  тарихының  кейбір  негізгі  мəселелері»  деген  мақаласында  былай  деп 
жазды: «Біз мəселені тұтасынан тұңғыш рет қойып отырмыз, қазақтардың тарихын құрауға біз тұңғыш 
рет кірісіп отырмыз» [5, 254 б.]. 
Шығыстағы  революциялық  жəне  ұлт-азаттық  қозғалыстардың  тарихын  зерттеуге  назар  аударған 
С.Асфендияров  бұл  мəселе  бойынша  өз  пікірлерімен  1932  жылы  Алматы  қаласында  жарық  көрген 
«Шығыстағы  ұлттық-революциялық  қозғалыстардың  тарихы»  атты  еңбегінде  өзінің  тұжырымдарын 
ортаға салады. 
1935 жылы профессор С.Асфендияров П.А. Кунтемен біріге отырып, кеңестік деректануда алғаш рет 
«Материалдар мен деректердегі Қазақстанның өткені» құжаттар жинағының бірінші томын, бір жылдан 
соң екінші томын жарыққа шығарады. Жинақта көне жəне орта ғасырлық авторлардың, саяхатшылардың, 
тарихшылардың  шығармаларынан  үзінділер  келтіріледі.  Шын  мəнісін  алғанда  тұнғыш  рет  ғылыми 
айналымға  енген  көптеген  шығыс  жəне  орыс  нарративтері  кірген  бұл  уникалды  деректер  жинағының 
жарыққа шығуы республиканың ғылыми өмірінде айтарлықтай орын алған оқиға болды [6]. 
Осы  жинақтан  кейін  1935  жылы  С.Асфендияровтың  «Қазақ  тарихының  очерктері»  атты  мектепке 
арналған оқулығы баспадан жарық көрді. Автор оқулықта қазақ тарихын марксистік-лениндік конценция, 
тап күресі тұрғысында жазады. Мəселен, осы еңбектегі кезеңдеу мəселесінде автор қазақ тарихын 3 дəуір-
ге  бөледі:  1)  Хандық  кезең,  2)  Бодандық  заманы,  3)  Кеңес  дəуірі.  Бұл  еңбекте  қазақ  тарихының  көне 
заманы  есепке  алынбай,  хронологиялық  ауқымы  шектеледі.  Сонымен  қатар,  қазақ  тарихының  шынайы 
бастауы ретінде кеңестік кезеңді қарастыруы да саяси жүйенің ықпалымен жазылғанын аңғартып тұр [7]. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
113 
Профессор С.Асфендияров зерттеулерінің негізгі арқауы – қазақтың XIX ғасырдың екінші жартысы 
мен  XX  ғасыр  басында  отаршыл  империялық  орыс  үкіметінің  зорлық-зомбылық  қанауы  мен  езгісіне 
түcкен өмірі саяси-экономикалық, əлеуметтік жағдайынан туындаған зардабы. Иə, бұл қазақтар тарихы-
ның  отарлық  кезеңі  болатын.  Автор  «Қазақстан  тарихының»  екінші  бөлімін  «Қазақстан  –  Россия 
империялизмінің отары» деп атады. Осы еңбектен үзінді келтірейік: «Российской капитализм.., вырос на 
крови миллионов трудящихся, его история» вписано в летопись человечества пламеняющим языком меча 
и огня». Тағы да бір үзінді: «...завоевание царизмом Казахстана, а затем и Средней Азии сопровождалось 
насилиями и жестокостью, не уступающим тем, которые так мастерски изобразил К.Маркс [8, с. 127.]. 
Санжар Асфендияровтың  1935 жылы жылы жарық көркем шығармасы –  «Шатер мира» повесі. Бұл 
шығармада Түркістан өлкесі тарихының аса күрделі кезеңі 1907-1921 жылдар оқиғалары баяндалады. Бұл 
шығарма С.Ж. Асфендияровтың бүркеншік есімі – С.Джафаров болып берілген. 
Ғалым Х.Əбжановтың айтуынша, шығарманың авторы Санжар Асфендияров деуге бірнеше негіз-
дер бар. 
Біріншіден, ғалымның басқа еңбектерінде айтылған ойлар, қорытындылар мен пікірлер повесте қайта-
ланады.  
Екіншіден, повестің бас кейіпкері Аға-Аббастың прототипі – Санжар Жағыпарұлының өзі. Аға-Аббас-
тың 1917-1921 жылдар аясындағы өмірі, қызметі мен өсуі – С.Асфендияровтың жүріп өткен жолы, өмір 
белестері. 
Үшіншіден,  Тұрар  Рысқұловтың  жазғандары.  «Казахстанская  правда»  газетінде  1936  жылы  жарық 
көрген  мақаласында  Т.Рысқұлов  «Шатер  мира»  повесін  С.Джафаров  деген  емес,  С.Ж.  Асфендияров 
жазды деп ашық көрсетіпті [4, 218-219 б.].  
Сол кезеңдегі идеологиялық қыспаққа қарамастан, патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын 
ашық əшкерелеп жазған еңбегі «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты монография-
сы болды.  
Ғылыми еңбек патшалық отарлау саясатының қазақ халқыны бағытталған əрекеттеріне тоқта-
лып, əлеуметтік-экономикалық жəне ұлттық мүдделерден туындаған көтерілістің себептерін ашу-
ға көмектеседі [9]. 
Санжар  Асфендияров  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  қатар  педагогикалық  қызметті  ілгерілету 
тұрғысында  бірталай  жұмыстар  атқарды.  Мəселен,  1934  жылы  Қазақ  АКСР  Халық  Комиссариатының 
алқа мəжілісінде профессор С.Асфендияровтың жалпы білім беретін қазақ орта мектептерінің 6-7 сынып-
тарына арнап түңғыш рент құрастырған Қазақ тарихын оқыту бағдарламасын талқылап бекітеді. Бағдар-
ламадағы  материалдарды  өтуге  24  сағат  бөлініп,  оны  профессор  С.Асфендияровтың  оқу  құралымен 
оқытылу көзделген болатын.  
Оқулық 1935 жылы 105 бет көлемде Қазақ мемлекеттік баспасынан 27 мың таралыммен жарық көріп, 
келесі 1936 жылы оған он мың дана тапсырыс берілген [5, 254-255 б.].  
Санжар Асфендияров 1937 жылы 22 тамызда «халық жауы» ретінде тұтқындалды. Оған себеп, 1937 
жылғы 29 қыркүйекте “Казахстанская правда” газеті “Жапон шпионы тарихшы рөлінде” деген тақырып-
пен Қазақ марксизм-ленинизм институты студенттерінің хатын жариялады. Онда Қазақстан тарихын жан-
жақты қарастырып, ғылыми еңбектер жазып жүрген профессорды “жапон шпионы” деп айыптады.Арада 
6 айт өткен соң 1938 жылы 11 пункттен тұратын айыптау қорытындысымен ату жазасына кесілді. Тағыл-
ған айыптар мазмұны негізінен Кеңес Одағына жаулық көзқараста болды, 1929-30 жылдары Қазақстанда 
Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістерді ұйымдастырушылардың бірі болды, Алматы ЖОО студенттер мен 
оқытушыларды  ұйымға  тарту  жұмыстарын  жүргізді,  1920  жылдан  бастап  Англия,  Жапония  жəне 
Германия  пайдасына  тыңшылық  жұмыстар  жүргізді  деген  сипатта  болды  [4,  220-221  б.].  Əрине  бұл 
айыптаулар қайраткердің көзін жоюға жетілікті болатын. 
Қазақ ғылымының қалыптасу үдерісі ХХ ғасырдың еншісіне тиесілі. ХІХ ғасырдың екінші жартысын-
дағы  қазақ  ағартушысы  Шоқан  Уəлихановты  айтпағанда,  ХХ  ғасырда  қазақ  тарихын  ғылыми  жүйеге 
түсірген ғалым Санжар Асфендияров екендігі дау тудырмайды. Саналы ғұмырының едəуір бөлігін қазақ 
тарихын зерделеуге арнаған ғалым кейінгі кəсіби зерттеушілерге үлкен жол ашып кетті.  
 
1
 
Алаш. Алашорда. Энциклопедия //  Hраст: Ғ.Gнес, С.СмағHлова. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. – 544 бет. 
2
 
ЖHмабаева Ж. Асфендияров – тH ғыш марксист тарихшы //  аза; тарихы. 2010, - №6. 
3
 
Селкебаева  А.Т. 
аза;  АКСР  Халы;  ағарту  комиссариаты  жанындағы 
аза;станды  зерттеу  ;оғамы: 
;Hрылуы  мен  ;ызметіні   тарихы  (1920-1936  жж.).  Тарих  ғылымыны   кандидаттығын  алу  Jшін  дайындаған 
авторефераты. - Алматы, 2007. 
4
 
Назарбаева  Г.,  Gбжанов  Х.  аза;стан:  тарих  пен  тағдыр.  Ма;алалар.  –  Алматы:  «Кітап»  баспасы  – 
2003 – 296 б. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
114 
5
 
Исабек М. . Санжар Асфендияровты   аза;стан тарихын о;ыту Jрдісіне ;ос;ан Jлесі //  аз У хабаршысы. 
Тарих сериясы, №9. 2009. - 253-258 б. 
6
 
Асфендияров С., Кунте П.А. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. 1(5 век до н.э. – 18 в. н.э.). - 
Алма-Ата-М., 1935. 
7
 
Асфендияров С.  аза;стан тарихыны  очерктері. – Алматы: Санат, 1994. - с. 119. 
8
 
Асфендиаров С. История Казахстана (с древнейших времен). – Алматы: «Санат» 1998, - с. 304. 
9
 
Асфендиаров  С.Д.  Национально-освободительное  восстание  1916  года  в  Казахстане.  Казахстанское  краевое 
издательство. - Алма-Ата – 1936 – М. 
 
Резюме 
Санжар Асфендияров внес огромный вклад в формирование и развитие исторической науки. Как всем известно, 
процесс формирования Казахской науки принадлежит ХХ веку. Ученый, посвятив большую часть своей непродол-
жительной  жизни  для  того,  чтобы  сформировать,  систематизировать  и  изучить  казахскую  историю,  проложил 
светлую дорогу на пути к науке всем исследователям, которые остались после его смерти. Асфендияров занимался 
не  только  исторической  наукой,  но и  достиг  больших  успехов в  практичиской  и  научное сфере медицины.  Кроме 
казахского просветителя второй половины ХІХ века Шохана Уалиханова, бесспорно то, что ученый ХХ века Санжар 
Асфендияров, систематизировал историю Казахстана. Ученый, посвятивший большую часть своей непродолжитель-
ной жизни истории Казахстана, проложил большой путь для профессиональных ученых, которые были после него. 
Ключевые слова: наука, процесс, систематизировать, формирование, профессиональный, преподаватель 
 
Summary 
Sanzhar  Asfendiyarov  made  a  huge  contribution  to  formation  and  development  of  historical  science.  As  all  we  know, 
process of formation of the Kazakh science belongs to the XX century. The scientist, having devoted the most part of his short 
life to create, systematize and study the Kazakh history, left the way of science to all researchers who remained after his death. 
Asfendiyarov pursued not only historical science, but also made great progress in practical and scientific sphere of medicine.It 
is indisputable that except the Kazakh educator of the second half of 20
th
 century Shokhan Ualikhanov, the scientist of the XX 
century Sanzhar Asfendiyarov also systematized history of Kazakhstan. The scientist who devoted the most part of the short 
life of history of Kazakhstan laid a big way for professional scientists who were after him. 
Key words: science, process, systematize, formation, professional, educator 
 
ƏӨЖ 574 (11) 
 
К.М. БАЙПАҚОВ ЖƏНЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Т.Ə. Төлебаев – Gл-Фараби атындағы  аз  У-ні  т.ғ.д., профессоры 
 
Мақалада  автор  қазіргі  кезеңде  жазба  деректер  жəне  кешенді  түрдегі  археологиялық  зерттеулер  негізінде  Ұлы 
Жібек жолының қалыптасуы мен дамуын, оның кезеңдерін арнайы зерттеп, оның көптеген елдердің, əсіресе қазақ 
жерінің  байырғы  тұрғындарының  шаруашылықтық,  мəдени  жəне  саяси  дамуындағы  орнын,  əлемдік  өркениеттегі 
рөлін көрсете алған зерттеуші-ғалым К.М. Байпақовтың рөлі айқындалған. Жалпы Ұлы Жібек жолының көпсалалаы 
мəселелерін зерттеуде бастамашы болған, əлі де осы бағытын жалғастырып отырған бірден-бір ғалым К.М. Байпақов 
екендігін атап көрсеткен.  
Тірек сөздер:Ұлы Жібек жолы, археолог, зерттеуші, еңбектер, ғалым  
 
Қазақтың əлемге танымал археолог ғалымы К.М. Байпақовтың кез келген адам көз тоқтатар келбетті 
де келісті тұлғасы қазақстандық археологияның жарты ғасырдан тұратын бүкіл 
бір  кезеңін  бейнелейді,  көз  алдыңа  келтіреді.  1964  жылы  Ленинград 
мемлекеттік  университетінің  тарих  факультетін  бітірген  ол,  сол  жылдан 
бастап, қазақ даласындағы археологиялық экспедицияға отряд бастығы болып 
қатысады.  Саналы  ғұмыры  археологиялық  зерттеулермен  бірге  келе  жатқан 
Карл  Молдахметұлы  əсіресе  1970-жылдардан  бері  бұл  саладағы  жетекші 
маман ғана емес, қазақстандық археологияны ұйымдастырушы, басшы ретінде 
айқын  көрінді.  1971  жылдан  Оңтүстік–Қазақстандық  кешенді  археологиялық 
экспедициясының бастығының орынбасары, ал 1989 жылдан бастығы болды. 
Ол  кіші  ғылыми  қызметкерден  Қазақстан  Республикасы  Ғылым  жəне  білім 
министрлігінің Ə.Марғұлан атындағы Археология институты директоры дəре-
жесіне  дейін  өзінің  қажырлы  еңбегінің  арқасында  көтерілді.  К.М.  Байпақов 
бүгінде ҚР ҰҒА академигі, ҚР əлеуметтік ғылымдар академиясының, Германия археологиялық институ-
тының жəне басқа да академиялардың толық мүшесі. Оннан астам монографияның, 6 альбомның, жоғары 
оқу  орындары  мен  орта  білім  беретін  мектептерге  арналған  4  оқулық  пен  оқу  құралының,  400  -  дей 
ғылыми жəне ғылыми-көпшіліктік мақаланың авторы.  

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
115 
К.М. Байпақовтың атқарған жұмыстары əр қырлы жəне əр салалы. Ерекше атап өтетін тағы бір мəселе 
оның тікелей араласуымен Қазақстанның көптеген облыстары бойынша мəдени жəне тарихи ескерткіш-
терді зерттеу, қорғау жəне сақтау жұмыстары жүргізіліп, іске асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан 
мен Жамбыл облыстарының екі томдық «Мəдени жəне тарихи ескерткіштерінің Жиынтық тізімі» жарық 
көрді.  Сонымен  қатар  Алматы,  Қызылорда  жəн  Солтүстік  Қазақстан  облыстары  бойынша  да  «Мəдени 
жəне тарихи ескерткіштерді Жиынтық тізімдері» жасалды.  
К.М.  Байпақовтың  мемлекеттік  көлемде  маңызы  бар  археологиялық  ескерткіштерді  қорғау  мен 
мұражайландыру бағытындағы жұмыстары да бір төбе. Мəселен Шымкент, Тараз қалаларында облыстық 
тарихи-өлкетану мұражайлары, Отырар Музей-қорығы жасалды. 
К.М. Байпақовтың ғылыми жұмыстарындағы негізгі зерттеу аймағы ортағасырлық Қазақстан қалала-
ры  еді.  Оның  тікелей  жетекшілігімен  Отырар,  Құйрықтөбе,  Көк-Мардан,  Марден-Құйық,  Жуантөбе, 
Қараспан қалалары, Бөріжар, Талтақай жəне тағы басқа да жерлеу орындары мен археологиялық ескерт-
кіштер зерттелді, əлі де зерттелуде. Мұнымен қатар əсіресе кеңес үкіметінің соңғы жылдарында ол Ұлы 
Жібек жолы тарихымен де айналыса бастады жəне дəл осы саладағы бүгінге дейінгі əлемдік зерттеуші-
лердің алдыңғы қатарында тұр. Біз бүгін əйгілі ғалым, академик К.М. Байпақовтың көпшілікке көп таныс 
бола бермейтін осы саладағы еңбектеріне қысқаша тоқталып өтпекпіз.  
Белгілі  ғалым  К.М.  Байпақовтың  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудың  ортағасырлық  қалаларының 
археологиялық зерттелінуі мəселелері жан-жақты сипатталған көлемді еңбегі 1986 жылы жарық көрді [1]. 
Міне осы көлемді туындының сауда мəселелеріне арналған тақырыпшасында Қазақстанның Жібек жолы 
арқылы Шығыс елдерімен жасаған сауда қатынастары ғылыми əдебиетте алғаш рет баяндалады. Архео-
логиялық  мəліметтер  мен  жарық көрген еңбектер  негізінде Жібек жолының ежелгі жəне ортағасырлық 
Қазақстандағы тармақтарына кең түрде тоқталады. Міне дəл осы еңбектен соң ғана қазақстандық ғалым-
дар мен зерттеушілер Жібек жолының өткендегісіне жəне бүгінгі маңызына көңіл қоя бастады.  
Мəселен,  К.М.  Байпақовтың  бастамасымен  1988  жылы  30  қарашада  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясы 
қоғамдық  ғылымдар  Бөлімшесінің  Ұлы  жібек  жолы  мəселелеріне  арналған  кеңейтілген  мəжілісі  өтті. 
Онда К.М. Байпақов негізгі баяндама жасап, 1987 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының Парижде 
өткен 24-сессиясының шешімі бойынша Ұлы Жібек жолын кешенді түрде зерттеу жөнінде халықаралық 
жоба  бойынша  жұмыстардың  басталғанын  жəне  Қытай,  Египет,  КСРО,  Индонезия,  Грек,  Италия, 
Монғолия,  Оман,  Португалия,  Шри-Ланка  сияқты  елдердің  ұсыныстары  негізінде  зерттеулер  жүргізу 
жөнінде шешім қабылданғанын атап көрсетті. Аталған жобаның бес жылға жоспарланғанын жəне оны екі 
бағытта: бірінші – халықаралық жəне ұлттық көлемде кешенді зерттеулер жүргу, кездесулер ұйымдасты-
ру, екінші – Ұлы Жібек жолын зерттеуге əлемдік қауымдастықтың назарын аудара түсу үшін бұқаралық 
ақпарат  құралдарын,  əртүрлі  ұйымдарды,  бірлестіктерді  тарту  жүргізу  мақсат  етілгендігін  айтты  /2/.   
К.М. Байпақов б.з. бұрынғы VІІ-ІІІ ғғ. жоғары мəдениетке жеткен сақтардың Қытаймен, Индиямен, Таяу 
жəне  Орта  Шығыспен  айырбастық  байланыстарының  болғандығын,  ал  б.з.  бұрынғы  ІІІ  ғасырда  Үйсін 
жəне  Қаңлы  мемлекеттері  жеріне  көптеген  елдерден  сауда  керуендарінің  келіп  отырғанын  айтады.  І 
мыңжылдықтың  І-жартысында Ұлы Жібек жолы жұмыс істей бастағандығын жəне сол кездерде қытай 
жібегінің,  бояулы  ыдыстарының,  римдіктердің  əйнек  бұйымдарының,  еуропалықтардың  ілгіштері  мен 
тиындарының  қазақ  даласына  келгендігін  айта  отырып,  сол  уақыттарда  Сыр,  Шу,  Талас  бойларында 
қалалардың пайда болғанын Талас Алатауы, Арыс пен Сырдария жазықтарындағы ондаған елді мекен-
дердің археологиялық ескерткіштері арқылы дəлелдейді. 
VІ  ғасырда  бүкіл  Орта  Азия  бойынша  өтетін  сауда  жолдарын  бақылап  отырған  түрік  қағанының 
ордасының  Жетісуда  болуына  жəне  Ферғанадағы  өзара  жиі  қақтығысуларға  байланысты  Ұлы  Жібек 
жолының  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстан  арқылы  өтетін  «қазақстандық»  немесе  «солтүстік»  жолдары 
жетекші орын алды. Ал VІ ғ. екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Тынық мұхиттан Қара 
теңізге  дейін  алып  жатқан  көшпелілердің  алып  империясы  -  Түрік  қағандығының  құрамына  енуі  Ұлы 
Жібек жолының қазақстандық бөлігі мен оның бойындағы елді мекендер мен қалалардың гүлдене түсуіне 
ықпал етті. К.М. Байпақов осы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының ХІV 
ғасырға дейін үздіксіз жұмыс істегенін, оның соңғы жандануы ХІІІ ғ. ортасына сай келетіндігін қытай, 
араб  деректерін  жəне  еуропалық  елшілер  мен  миссионерлердің  жазбалары  негізінде  баяндайды.  Ұлы 
Жібек  жолының  басты  мазмұны  халықтар  мен  өркениеттерді  жақындастыру  мен  өзара  байыту  болды 
деген ауқымды тұжырым жасайды.  
Бұдан  соң  сөз  алған  елімізге  белгілі  бірнеше  ғалым  К.М.  Байпақовты  қолдай  отырып,  Ұлы  Жібек 
жолының тарихын зерттеудің қажеттілігі мен маңызы жөніндегі мəселелелерге баса назар аударды. 
«Ұлы  Жібек  жолы  бойындағы  көшпелі  жəне  отырықшы  мəдениеттердің  өзара  байланысы»  атты 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
116 
тақырыпта  1991  жылы  Алматыда  өткен  ЮНЕСКО-ның  халықаралық  семинары  тақырып  көптеген 
мəселелерді  зерттеудің  қажеттігін  байқатты  /3/.  Оның  жинағында  жарияланған  К.М.  Байпақовтың  екі 
мақаласы  Ұлы  Жібек  жолы  тарихына  қатысты  маңызды  мəселелерге  арналды.  Оларда  Ұлы  Жібек 
жолының  қазақстандық  бөлігіндегі  археологиялық  зерттеулер  негізде  біршама  қазба  жұмыстарының 
жүргізілгендігі атап өтіліп, Тараз маңындағы Қостөбеден, сондай-ақ, Құлан, Талғар қалаларынан табыл-
ған заттай деректерге сипаттама беріледі. 
1991  жылы  Ұлы  Жібек  жолына  арналған  фотоальбом  жарияланды  [4].  Кітап  көпшілікке  арналып, 
жарнамалық  мақсатта  жазылған.  Мұнда  əртүрлі  археологиялық  заттардың,  қалалардың  орындарының, 
кесенелердің суреттері берілген. Əрбір бетте екі бағана бойынша, біреуі Р.Насыровтың көпшілікке арнал-
ған публисцистикалық мазмұндағы, ал екіншісі К.М. Байпақов ғылыми тұрғыда жазған мəтіні берілген.  
К.М. Байпақовты əлемдік деңгейдегі ғалым ретінде танытқан оның жазба деректер мен археологиялық 
ескерткіштердің  негізінде  Ұлы  Жібек  жолының  əлемдік  өркениеттегі  рөлін  көрсете  білуі  болды  деп 
есептеймін. Ұлы Жібек жолының саудамен бірге көптеген елдердің шаруашылық, мəдени байланыстарын 
жандандырғандығын  дəлелдей  отырып,  оның  халықаралық  маңызын  айқындауы  да  мұнда  үлкен  рөл 
атқарғаны даусыз.  
Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін К.М. Байпақовтың Ұлы Жібек жолы тарихына арналған зерттеулері 
құлаш  жая  түсті.  1992  жылы  К.Байпақов  пен  А.Нұржановтың  «Ұлы  жібек  жолы  жəне  ортағасырлық 
Қазақстан» атты монографиялық еңбегі қазақ тілінде жарық көруі, мəселені қазақ тілді үлкен қауымның 
кең түрде оқып, білуіне мүмкіндік тудырды /5/. Көлемді туындының кіріспесінде ЮНЕСКО-ның бастама-
сымен  Ұлы  Жібек  жолын  кешенді  түрде  зерттеудің  халықаралық  жобасын  іске  асыру  жұмыстарының 
басталғандығына, оның тарихи жəне тəжірибелік маңызына тоқталады. Кітап 629 жылғы Сюань Цзанның 
сапарына  шолумен  басталады.  Авторлар  б.з.  бұрынғы  ІІІ-ІІ  мыңжылдықтарда-ақ  Ұлы  жібек  жолының 
кейбір тармақтары бойынша айырбас жүргізу болған, ал қытай жібегі шет елдерге, соның ішінде Батысқа 
да біздің дəуірімізден бұрынғы VІ-V ғасырларда шығарыла бастады деп көрсетеді.  
Сөйтіп  Жібек  Жолының  өмір  сүру  уақытын  бірнеше  мың  жылдардан  бері  қарай  зерттеу  қажеттігі 
туралы тың тұжырым жасалады. Ол тұжырымдарын Алтайдағы Пазырық қорғандарынан, Оңтүстік жəне 
Батыс Еуропадан табылған жібек маталар мен шашақтар арқылы дəлелдейді. Зерттеушілер бұл еңбекте 
сондай-ақ, жібектің таралуында сақтар мен скифтердің өзіндік рөл атқарғандығын, солардың арқасында 
жібектің  Орталық  Азия  мен  Жерорта  теңізіне  дейін  жеткендігін  жазады.  Ұлы  жібек  жолының  тұрақты 
сауда мен дипломатия жолына айналуын Чжан Сянның саяхаты арқылы сипаттай келе, оны біздің дəуірі-
мізден бұрынғы ІІ ғ. ортасында негізгі жолға айналды дейді. Еңбекте сонымен бірге, діни көзқарастардың 
да  Ұлы  Жібек  жолы  бойымен  таралғандығын  археологиялық  деректер  бойынша  дəлелдей  отырып,  ол 
«өнер  мен  дін  жолы»  да  болғандығын,  қазақ  жеріндегі  халықтардың  жаңа  тұрпатты,  ерекше  бағыттағы 
мəдени  дамуына  əсер  еткендігіне  назар  аударады.  Бұл  көлемді  туындыда  ортағасырлық  қалалардың 
тарихы мен олардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының орны мен маңызы кең түрде баяндалады.  
1998 жылы 2-3 қыркүйекте Алматы қаласында «Жібек жолы жəне Қазақстан» атты ғылыми-тəжрибе-
лік конференциясы болып өтті. Бұл конференцияда да негізгі баяндамашының бірі К.М. Байпақов болды. 
Ол  Ұлы  Жібек  жолының  өте  ерте  кездерден  басталғанын  жəне  оның  одан  əрі  қалыптасып,  дамуында 
Евразияда  өндіруші  шаруашылықтың  дамуының  үлкен  маңызы  болғандығын  атап  айтады.  Б.з.б.  І  мың 
жылдықта сауда жəне мəдени байланыстардың тұрақты түрге айналғандығы, мұнда сақтардың ықпалы-
ның үлкен болғандығы тағыда баса көрсетіледі. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолының Қытайдан Римге дейін 
жеткендігі, кейінірек оның дамуында түркілердің маңызды орын алғандығы жəне оның ұлы география-
лық ашуларға дейін өмір сүргендігі, содан соң ғана теңіз жолдарының ашылуына байланысты маңызы-
ның əлсірегендігі сипатталады. Сонымен бірге Ұлы Жібек жолы жалпы алғанда екі мың жыл өмір сүрді 
деген  маңызды  тұжырым  жасайды.  Өзінің  бұл  тұжырымдарын  зерттеуші  археологиялық  қазбалар 
барысында Талғардан жəне Отырардан табылған шетелдік заттар мен монеталар бойынша дəлелдейді.  
Байпақов К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. дəлірек айтқанда археолог, архитектор жəне тарих-
шы бірлесіп жазған Ұлы Жібек жолы бойындағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырлық 
архитектурасы туралы көлемді еңбектері 2001 жылы жарық көрді [7]. Бұл қазақстандық тарихнамадағы 
археологиялық архитектураға арналған, сызбалары, жобалары, аэрофото жəне реконструкциялық суретте-
рі берілген, алғашқы ең көлемді еңбек. Зерттеушілер Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның архитектуралық 
ескерткіштерінің  зерттелуі  туралы  мəселенің  150  жылдық  тарихы  бар  деп  көрсетеді.  Сол  кезеңдегі 
Қазақстандағы архитектуралық ескерткіштер жөнінде жазылған көптеген еңбектерге қысқаша тарихнама-
лық тұрғыда талдау жасалады. Жетісу мен  Оңтүстік Қазақстанның тарихи-географиялық сипаттамасын 
бере  келе,  Ұлы  Жібек  жолы  туралы  жəне  қалалар  мен  қалашықтардың  археологиялық  зерттеулер 
барысындағы айқындалған белгілері мен ерекшеліктерін баяндайды.  

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
117 
Кітаптағы Ұлы Жібек жолына байланысты барлық мəселені жазған - К.М. Байпақов. Онда Ұлы Жібек 
жолының басты бағыттары, олардың əр кездердегі өзгеріп отыруы жəне даму кезеңдері, VІІ-ХІV ғасыр-
ларда онымен елшілердің, сауда керуендерінің жүріп отырғандығы жөніндегі мəселелер жаңа мəліметтер-
мен  толықтырылған.  Ол  əсіресе  Ұлы  Жібек  жолының  тарихи  маңызы,  мəдени  байланыстардағы  рөлі 
жөніндегі мəселелерге ерекше назар аударады.  
Қорыта айтқанда, Ұлы Жібек жолы туралы біршама еңбектер бізге келіп жетті. Бірақ солардың ішінде 
жазба деректер жəне кешенді түрдегі археологиялық зерттеулер негізінде Ұлы Жібек жолының қалыпта-
суы  мен  дамуын,  кезеңдерін  арнайы  зерттеп,  оның  көптеген  елдердің,  əсіресе  қазақ  жерінің  байырғы 
тұрғындарының  шаруашылықтық,  мəдени  жəне  саяси  дамуындағы  орнын,  əлемдік  өркениеттегі  рөлін 
көрсете алған К.М. Байпақов екендігі айқын. Жалпы Ұлы Жібек жолының көпсалалаы мəселелерін зерт-
теуде бастамашы болған, əлі де осы бағытын жалғастырып отырған бірден –бір ғалым да К.М. Байпақов 
екендігін де атап айтуымыз қажет.  
Тəуелсіздік  жылдарында  Қазақстан  аумағындағы  Ұлы  Жібек  жолы  мен  оның  бойындағы  қалалар 
тарихының зерттелу ауқымы кеңейе түсті. Бірнеше халықаралық конференциялар, семинарлар өткізіліп, 
əртүрлі  келісім  шарттар  жасалды.  Оларда  Ұлы  Жібек  жолын  қайта  жаңғырту,  туризмді  дамыту,  оның 
тарихын, туризм орталықтары мен  инфрақұрылымдарын жасау  мəселелерін  тереңдете жəне жан-жақты 
зерттеу  мақсаттары  қойылды.  Соның  барысында  жазылған  жаңа  тарихи  ой  негізіндегі  еңбектерде  Ұлы 
Жібек  жолының  ерте  жəне  ортағасырлық  Қазақстанның  экономикалық-əлеуметтік,  мəдени  жəне  саяси 
дамуындағы орны, оның даму кезеңдері туралы тың тұжырымдар жасалды. Бұл шаралардың барлығының 
да басы-қасында академик К.М. Байпақов тұрды.  
Бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолы бойымен бүкіл қазақ жерін басып өте отырып бірнеше мемлекеттерді 
байланыстырып отыратын халықаралық мұнай, газ құбырларының, автокөлік жолдарының салынуы Ұлы 
Жібек жолы мен оның бойындағы қалалар тарихының əлі де көптеген мəселелерін зерттеуді, зерделеуді 
қажет ете түседі деп ойлаймыз. Бұл бағытта да Карл Молдахметұлының əлі де берері мол.  
 
1  Байпаков  К.М.  Средневековая  городская  культура  Южного  Казахстана  и  Семиречья  (VІ  –  начало  ХШ  в.).  – 
Алматы: Наука, 1986. – 256 с. 
2  Байпаков  К.М.  «Великий  Шелковый  путь»:  культурные  контакты  в  прошлом  и  настоящем  //  аза;  ССР 
Ғылым академиясыны  хабаршысы. – 1989. – №3. – 18 б. 
3  Взаимодействие  кочевых  и  оседлых  культур  на  Великом  Шелковом  пути:  (Тез.  докл.  междунар.  семинара 
ЮНЕСКО. Алматы, 15-16 июня 1991 г.). – Алматы, 1991. – 120 с.  
4 Насыров Р. По Великому шелковому пути. (Фотоальбом). – Алматы: Крамдс-реклама, 1991. – 320 с. 
5  Байпа;ов  К.,  НHржанов  А.,  лы  Жібек  жолы  жəне  ортағасырлы;  аза;стан.  –  Алматы:  аза;стан, 
1992. – 208 б. 
6 Шелковый путь и Казахстан. Материалы научно-практической конференции. Алматы, 2-3 сентября 1998 г. – 
Алматы: Жибек жолы, 1999. – 324 с.  
7  Байпаков  К.М.,  Шарденова  З.Ж.,  Перегудова  С.Я.  Раннесредневековая  архитектура  Семиречья  и  Южного 
Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы: Ғылым, 2001. – 259 c. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет