Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК–ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ТАРИХ КАФЕДРАСЫ
ДӨЖ
Тақырып: Этнопсихология және этнотарихтың өзара байланысы мен ықпалдастығы
Орындаған: Каримов Қ.С
Топ: ДТК-211
Қабылдаған: т.ғ.д., профессор Тұрсұн Х.М
Этнопсихология және этнотарихтың өзара байланысы мен ықпалдастығы
Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.
Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.
Этнопсихология ғылым ретінде «ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар». Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, 17, 18, 19 ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.
19 ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.
19 ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі «Боасаның тарихи мектебі» және «Мәдениет және тұлға» жаңа бағыттары қалыптасты.
Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы – дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуына детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.
Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. «психикалық этнографияның» құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі «типтік ұжымдық әсерлену» мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі даму кезеңінде «қоғамдық ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде», ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын «Этносаралық қатынастар психологиясынан» алады.
Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.
Этнопсихологияның мақсаты мен міндеттері
Қазіргі кезде этнопсихологиялық құбылыстарды ұғынуда тұтастық жақ және терминалогиялық жағынан шатасулар бар. Дегенмен мұндай жайттарға қарамастан, этнопсихологияның дербес бағыттарын бөліп көрсетуге болады.
Психофизиологиялық процестердің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу.Атап айтсақ (ойлау, ес, эмоция, сөйлеу т.б.). Бұл бағыт жалпы және әлеуметтік психологияға сүйену.
Түрлі этникалық қауымдастықтың мәдени ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәдени зерттеу (культурологические исл). Бұл бағыт мәдениеттану мен этнологияның мәліметтерін негізге алады.
Этносаралық, топаралық қатынастардың этникалық сана мен өзіндік сана сезімін зерттеу. Бұл бағыт әлеуметтік психология мен әлеуметтік философияны тірек етіп алады.
Отбасы-некелесу мен бала тәрбиесі мәселелерінің этнопсихологиялық аспектілерін зерттеу. Бұл бағыт педагогика ғылымы мен байланысты.
Негізгі көңіл бөліп, ден қоятын басты мәселе – этникалық дау-дамайдың психологиялық себеп-салдарлары мен оның пайда болуы оны болдырмаудың, алдын-алудың тиімді жолдарын іздестіру және шешу. Сонымен қатар ұлттың өзіндік сана-сезімінің даму мәселесінде назардан тыс қалдырмайды.
Этнопсихологияның негізгі мақсаты ғылым ретінде белгілі бір этнос өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нақты этностық топқа, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді қалыптастырады. Зерттеу мақсаты мәселелерді талдаудың екі аспектісін: теориялық және қолданбалы жағын қарастырады. Қазіргі кезеңде этнопсихологияның дамуының теориялық міндеттерін:
Этнопсихологияның негізгі және нақты түсініктерін таңдау. Олар оның негізгі қасиеттері мен қарым-қатынастарын кескіндеуге бейімделеген.
Халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктерін құру көздерін негізгі факторларын теориялық танып білу және меңгеру.
Индивидуалды – тұлғалық және топтық дәрежеде ұлттық сана-сезімнің проблемалар өзектілігі.
Этностың идентификациясының мен жеке тұлғалық топтық дәрежеде құрылу және даму ерекшеліктерін танып білу.
Этностар арасындағы қабылдау, этностар арасындағы ынталарды этностар арасындағы келісім дамуының әлеуметтік – психологиялық мәселелерін теориялық танып білу.
Этнопсихологияның қолданбалы міндеттері
Ұлттық психология және психологиялық мінездемелерді құруын анықтау мақсатымен әртүрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы танып білу.
Олардың тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік-психологиялық шарттарын салыстырмалы зерттеу қалыптасқан ұлтаралық қарым-қатынас спецификасы, сонымен қатар ұлттар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси қызметтесудің әртүрлі формалары.
Этностар арасындағы өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін эмпирикалық танып білу. Сонымен қатар этностар арасындағы қабылдау ерекшеліктерін және этноцентризм және этностық интолеранттылық көріністерін зерттеу.
Практикалық нұсқамаларды құру. Олар этностар арасындағы өзара әрекеттесуді іске асыру және тереңдетуді қабілеттендіреді, ұлттар арасындағы экономикалық мәдени, саяси қызметтесуінің әртүрлі формаларын дамытуға бағытталған.
Этностар арасындағы сәтті өзара әрекеттесудің психологиялық тренингі бағдарламасын құру және тұлғаның этнопсихологиялық түзету әдістерін жүргізу.
Әлеуметтік-саяси, ұлттық және ұлтаралық прцестердің әрі қарай дамуының психологиялық болжануы.
Әрине, этнопсихологиялық негізгі теориялық және қолданбалы міндеттерінің шеңбері тек жоғарыда көрсетілгенмен ғана шектелмейді.
Этнопсихология принциптері
Ғылыми әдебиеттерде – принциптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенде әдіснамалық функциялар атқарады.
Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиеттер, этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс-амалдарды анықтайды.
Олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б.Ф. Поршнев үлкен үлес қосты. Ол «Әлеуметтік-этностық психология» атты еңбегінде негізгі принциптерді анықтады. Ол психологияның барлық негізгі принциптері, сана сезім және іс-әрекетке байланысты принциптер, даму принципі, бірігу принциптері бүтіндей аппаратқа және этностық психологияға кіру керек.
Принциптердің ішіндегі ең негізі – детерминизм принципі. Онда әр әрекетте өзара әрекеттесу бар «сыртқы себептер ішкі шарттар салдары арқылы әсер етеді».
Ол этнопсихологиялық көріністердің әлеуметтік және басқа да факторлармен негіздену себебін ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз біріншіден этностық ұйымның құрылуы өмірлік бейнелердің атап айтар, экономиканың, мәдениеттің ғылыми-техникалық прогресстің, халықтың саяси және идеологиялық өмірі әсерінен жүреді.
Екіншісі – ғылым психологияда этностың ұйым өміріне жату бейнесі және өмір бейнесіне соңғысының әсері, қажеттіліктер мен қондырғылар арқылы іске асады. Сондықтан, нақты этнопсихологиялық көріністі зерттеу үшін, біріншіден олардың пайда болуының ұлттық психологиялық себептері мен шарттарын түсіну қажет.
Сана-сезім мен іс-әрекет бірігу принципі. Ол этнопсихологияны іс-әрекет түрі заңдылығына байланысты этнопсихологиялық феномендердің көріну заңдылығын дұрыс түсіндірумен қаруландырады.
Поршнева Б.Ф. пікірі бойынша тарихи принцип этнопсихологияның тап-түбір принципімен танылған. Ол психикалық прцесстердің ғылыми психологияның этностың ұйым күйінің терең өзгермілілігін білдіреді. Берілген пікірлерді көптеген зерттеулер ұстанады. Тарихи принцип ғылыми психологияның этностық ұйымы генезисіне енуге көмектеседі және оның даму заңдылығын ашуға және оның өзгеру тенденциясын көруге мүмкіндік береді.
Тарихи және онтогенездік принцип бірлігі ол сөйлеу, вербаольді қарым-қатынас негізінде іске асынылады.
Тұлға тұрғысынан қарау принципі біріншіден нақты тұлға, екіншіден этностық ұйымның нақты өкілі, оларға сезіну, ойлау, бағалы бағыт алу тән. Бұл принцип әр адам психологиясында тұлғаның және ұлттық ерекшелік байқалады.
Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде
Этнопсихология ең тығыз бейнеде этнологиямен және этнографиямен байланысты. Этнология – халық туралы ғылым, американдық ғылымда осылай атау қабылданған. (грек. Этнос – халық, графо – жазамын ).
Этнография – халықтар туралы сипаттайтын ғылым. СССР де «этнография» термині қабылданған. Ол эмперикалық сияқты, халықтар туралы ғылымның теоретикалық бір бөлігі ретінде енгізілген. Этнология этнопсихологияның бір саласы болып табылады. Бұл ғылымдардың ұқсастығы сонша көп авторлар этнопсихологияны этнологияның бір бөлімі деп есептейді. Бұл ғылымдарға ортақ болып зерттеу объектісі – халықтар олардың генезисі, дамуы, өзара әсері т.б. табылады. Алайда: этнопсихологияның өзінің ерекше зерттеу пәні бар: бұл – халықтардың психологиялық ерекшеліктері – олардың психологиялық қоймасы, мінез-құлқы, өзіндік санасы, және басқа құбылыстардың бірқатары. Сондықтан да этнопсихология өзінің этнологиямен тығыз байланысына қарамастан, ерекше психологиялық ғылым болып табылады. Ол өз табиғатында білімнің пәнаралық аумағы, жалпы және әлеуметтік психологияға, антропологияға, лингвистикаға, тарихқа және т.б. ғылымдарға сүйенеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. М., 1999
Жарықбаев Қ. Этнопсихология: ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы., Білім. 2005ж
Этнопедагогика және этнопсихология. Алматы., 1994ж
Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. Ростов на Дону., 2000г
Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы., 1993ж.
Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998
Достарыңызбен бөлісу: |