«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Іскерлік пен дағдыны жүйелеу



бет54/91
Дата10.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#49121
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Байланысты:
«Òàðèõòû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» ï?í³ áîéûíøà Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí

Іскерлік пен дағдыны жүйелеу
Оқушылардың оқу жүмыстарының тиімділігі мен нәтижелігін арттыру үшін бірқатар әдістемелік шарттар орындалуы керек.
1. Оқу қолдан келетіндей оңай, бірақ жеткілікті деңгейде қиындықпен игерілетіндей болуы тиіс.
2.Оқъггуды оқушылар үшін түсінікті, әрі сол процестің өзін қызықты етіп жүргізу тиімді.
3. Қолдан келердей оқу міндетгері тапсырманы орындауға ынталандырып, оқушының білімге деген ықыласын оятады.
4. Оқъпудьщ тиімділігі оқушылардың деректік материалды игерумен бірге теориялық қорытындылар мен жинақтаулар жасай алуы да ескеріледі.
5.Сабақ материалы мүмкіндік берсе, қоръггындъны дайьн күйінше ұсынуға болмайды.
6.Дерекгерді жинақтау негізінде оқушыларды дербес, өздігінше қорытынды жасауға бағыттау керек.
7.Оқьпу тиімділігі мен оның қарқыны арасында өзара байланыс бар. Қарқынның жылдам болуы оқушылардың материал мазмұнын игеруін өте аз уақыт қалдырса, қарқынның тым төмен болуы олардың ойлауының дамуын тежейді.
Оку жумысыныц тәсілдері дегеніміз сипаты әртүрлі тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді қүрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның, жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жүмысының тәсілдері сөздік-жазулық немесе кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсілдерді көруге, естуге болады. Сол арнайы тәсілді қолданғанда оқушының жіберген қатесін түзетуге және соның көмегімен оқу материалын тиянақты игеруіне көмек жасалады.
Тарихты оқу барысында оқушылардың. бойында оқу еңбегінің, соның ішінде ең, алдымен ойлау және ақыл-ой дағдылары қалыптасады. Олар тарихи материалдың мазмұнын игеруге бағытталған қисындық операцияларды атқарады (тарихи мәтінге талдау жасау, тарихи фактілер мен құбылыстарды салыстыру, материалды жинақтап, қорытынды жасау). Оқушылардың ақыл-ой дағдыларының деңгейі жоғары болған сайын олардың қисынды ойлау деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Ауызша баяндау — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Үғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғы шарттары) мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының зандылығы ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.
• салыстыру, қатар қою, үқсату, жарқын мысалдар қолдану;
• жүйелілік.
Ауызша баяндау - окьіту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жүмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оңу материалының күрделеніп, оқушылардың аңыл-ой жүмы-сының мүмкіндіктері өскенде бүл әдіс кіші жастағы оңушы-лармен жүмысңа ңарағанда көбірек қолданылады.

Ауызша баяндау әдісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп, есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше танымдық әрекетін шектейтіндігінде.


Ауызша баяндау әдісінің артықшылықтары:
• ее пен тілді дамытуы;
• оқушылардьщ оңу-танымдық қызметін белсенді етуі;
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс.
Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген жеке қабілеттерін қалыптастыру.
Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бүл әдіс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейді.
Дерек деген сөз латын тілінен аударылғанда "жасалынған, іске асқан" деген үғымды білдіреді. М. Горький "дерек үйретеді, тәрбиелейді" деген. Тарихта дерек нақты жағдайдың, тарихи шындықтын фрагменті ретінде қарастырылады. Мысалы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұлт-азатгық қозғалыстың жеке дерегі.
Дерек қайталанбайды, оны бақылау, қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Бүл оның өзіндік ерекшелігі. Тарихты тану -роцесінде деректің мақызы зор, ол тарихи байланыстарды айқындау, салыстыру және жинақтауда аса қажет. Деректерді жинақтау және жүйелеу - тарихи танымның құралы.
Нақты деректермен тарихи материадцы баяндауда бейнелікке қол жеткіземіз.
Деректерді маңыздылығына қарай негізгі және қосалқы деп бөлуге болады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы — негізгі, Курск шайқасы — қосалқы дерек.
Сабақта деректі қолдану үшін оның гылыми дәлдігін, нақтылығын, бейнелігін айқындау қажет. Орта буын сыныптарында дерек бейнелі, эмоциялы болса, жоғары сыныптарда ол құжатқа сүйенген, дәлелді болуы тиіс.
Оқиға дегеніміз жалғыз-жарым дерок Оған Аңырақай шайқасы, Кенесары көтерілісін жатқызуға болады. Бұл оқиғалар нақты жағдайда, нақты адамдардың қатысуымен белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шегінде болған. Осындай жекелеген қайталанбайтын оқиғаларды оқып уйрену оқушылардың тұрпатты құбылыстарды түсінуіне көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет