Тасымалдауды ұйымдастыру және



бет28/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Дәріс №11
Әуе көлігіндегі іс-әрекетерді реттейтін негізгі құжаттар. Әуе тасмалдарын ұйымдаструдағы қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау келісімінің құқықтық негізі. Жолаушылар мен жүктері әуе көлігімен тасымалдау келісім-шартының негізгі түсініктері. Ішкі және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшеліктері.Тұрақты және чартерлі, халықаралық және ішкі тасмалдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауда қолданылатын халықаралық және мемлекеттік регламентация. Жолаушылардың әр түрлі категорияларын тасымалдау ерекшеліктері.


Әуе көлігіндегі іс-әрекетерді реттейтін негізгі құжаттар
Тасымалдау құжаттары – жолаушы тасымалында – билет, жүк ретінде жолаушының заттарын тасымалдауда – жүк квитанциясы болып табылады.
Жолаушы билет сатып алуда түрлі қызмет көрсету деңгейін таңдай алады. Әлемдегі кез келген әуе компаниясында мынадай үш класс бар: бірінші класс (билетте F әрпімен белгіленеді), бизнес-класс (С) және экономикалық класс (Y). Бірінші класс – ең қымбат, экономикалық класс – ең арзан тұрады. Кластардың басты айырмашылығы – орынтақтарының жайлылығы, тағамның сапалылығы, тегін тасымалданатын жүктің мөлшерінде, әуе жайдағы қызмет көрсету сапасында. Эконом-кластағы орынтақтар тар әрі бір-біріне жақын орналасса, бизнес-класс пен бірінші класта олар әлде қайда қолайлы әрі өзара едәуір қашық орналасқан.


Әуе тасымалдарын ұйымдаструдағы қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар.
Әуе компаниясы – әуе қатынасын жүзеге асыратын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын әр түрлі әуе көлігі ұйымы.
Авиациялық арнайы жұмыстар – ұшу барысында әуе кемесі ауыл шаруашылығы, құрылыс, фотосуретке, топографиялық суретке түсіру, бақылау және патрульдік жүргізу, іздеу және құтқару, әуе жарнамасы сияқты салаларда арнайы қызмет түрлерін көрсету үшін пайдаланылады.
Аэродром – әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, тұрағын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстары мен жабдықтары бар арнайы дайындалған жер учаскесі.
Әуе қатынасы – әуе кемелерінің жолаушыларды, пошта мен жүкті қоғамдық тасымалдау мақсатында жүзеге асыратын кез келген жүйелі әуе қатынасы.
Әуежай –  әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, осындай мақсаттарға арналған аэродромы, әуе бекеті және басқа қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар, әуе тасымалына қызмет көрсететін құрылыстар жиынтығы.
Ұшақ баратын әуежай (пункт) – әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушылар мен жүк жеткізілетін әуежай (пункт).
Аялдау әуежайы (пункті) – әуе тасымалы шартына сәйкес оған жолаушы ұшуын уақытша үзетін аралық әуежай.
Гидроаэродром – әуе кемелерінің ұшып көтерілуін, қонуын, жүруін, тұрағын, оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстар мен жабдықтардан тұратын іргелес жағалау аумағы бар арнайы дайындалған су учаскесі.
Диспетчерлік аудан – жер бетінің үстінен белгіленген шекарадан жоғары қарай созылып жатқан бақылаудағы әуе кеңістігі.
Әуе кемесінің командирі – ұшу уақыты бойында әуе кемесін басқаруға және оның қауіпсіздігі үшін жауап беретін ұшқыш.
Коммерциялық әуе тасымалы – төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүктерді немесе поштаны тасымалдайтын әуе кемесінің ұшуы.
Халықаралық әуежай – уағдаласушы мемлекеттің кедендік, иммиграциялық, санитарлық, карантиндік (жануарлар мен өсімдіктер тасымалдауда) және осыларға ұқсас ресімдер жүзеге асырылатын халықаралық әуе тасымалын жүргізетін әуе кемелерін қабылдау мен жөнелту үшін өз аумағында бөлетін кез келген әуежайы.
Тасымалдаушы – бұл төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау қызметін көрсететін және бұған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар, меншік құқығы ретінде немесе өзге де заңды негіздермен көлік құралын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.
Перрон – азаматтық авиация аэродромының жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүк пен поштаны тиеу және түсіру мақсатында әуе кемелері тұруына арналған ұшу кеңістігіндегі алаң.
Әуе кемесінің ұшуы – әуе кемелерінің ұшып көтерілуі, әуе кеңістігінде самғауы және қонуы барысында жүзеге асыратын операциялар жиынтығы.
Ұшақ – күш қондырғысының көмегімен қозғалысқа келтірілетін ауадан ауыр әуе кемесі.
Рейс – әуе кемесінің кесте бойынша немесе кестеден тыс маршруттың бастапқы пунктінен ақырғы пунктке дейін бір бағытта ұшуы.
Жүйелі рейс – әуе кемесінің белгіленген кестеге сәйкес маршрут бойынша атқаратын рейсі.
Қосымша рейс – әуе кемесінің жүйелі рейстерді орындайтын маршрут бойынша кестеге қосымша атқаратын рейсі.
Кеме жалдау рейсі – әуе кемесінің оны жалдау шартына сәйкес атқаратын рейсі.
Жүйелі қызмет көрсету – жарияланған кестеге сәйкес сыйақы үшін жоспарланып, атқарылатын жолаушылар немесе жүк рейстері, олардың жүйелі немесе жиі атқарылатыны соншама, бүкіл халыққа қызмет көрсетуге ашық тұратын белгілі бір жүйелі ұшу сериялары болып табылады.
Стандарт – физикалық сипаттамаларға, пішін үйлесіміне, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, қызметкерлер мен ережелерге қойылатын кез келген талап. Оны біркелкі қолдану халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз ету үшін қажет болады және оны Чикаго Конвенциясына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер бұлжытпай сақтайды деп танылады.Стандартты сақтау мүмкін болмайтын жағдайда конвенцияның 38-бабына сәйкес Кеңеске міндетті түрде хабарлама жіберіледі.
Трансфер – әуе тасымалы шартына сәйкес көлікке ауысып отыратын әуежайға дейін бір рейспен атқарылатын тасымалдау жұмысы, ал әрі қарай тасымалдауды сол немесе өзге Тасымалдаушының басқа рейсі жүргізеді.
Уәкілетті агент пайдаланушының атынан әрекет ететін жауапты адам, ол осы пайдаланушының, экипаждың, жолаушылардың, жүктің, поштаның, қол жүгінің, борт жабдықтарының келуіне, жөнелтілумен ресімделуіне байланысты барлық заңдылықтарды жүзеге асыруда оның атынан әрекет етуге уәкілетті.
Қазір көптеген әуе компанияларының бірінші және бизнес-класында орнатылған орынтақтар жайылып төсекке айналады, мұның ұзақ ұшу сапарында пайдасы зор.
Қызмет көрсету кластары арасындағы мәнді айырмашылықтардың бірі – бұл тегін тасымалданатын жүк нормасы. Эконом-кластың жолаушыларына тегін тасымалданатын жүк нормасы, әдетте, 20 кг, бизнес-класта - 30 кг, бірінші класта - 40 кг болып белгіленеді.
Қазіргі уақытта әуе билетін сатып алу әдісі алуан түрлі. Әуе билетін әуе агенттіктерінен, әуежайлардан, интернет бойынша, дүкеннен, санаторийден, туристік агенттіктерден және т.с.с. сатып алуға болады.
Әуе билеттері алуан түрлі болуы мүмкін: көзбен шолып байқайтын, автомат оқи алатын магнит жолақты және электрондық. Қазіргі кезде әлемде бланкінің үш түрі кең таралған: автоматты көшірілетін билет, отырғызу талоны бар автоматты купонды билет және қол бланкі. Электрондық билет – бұл ерекше жағдай. Қандай да бір бланкіні керек етпейтіндіктен, электрондық билет барған сайын кең таралуда. Бұл билет әуе компаниясының компьютерінде сақталатын әлдебір электрондық жазба болып табылады, мұнда дәстүрлі купондар электрондық баламамен алмастырылған. Ешқандай агенттік, ешқандай басқа әуе компаниясы толығымен бұл “жазбаны” көре алмайтындықтан, мұндай билет егер бүкіл ұшу сапарын бір әуе компаниясы атқаратын жағдайда ғана берілуі мүмкін.
Бұл жаңалықтың негізгі артықшылығы – мұндай «есті» билетті үйде ұмтылып қалдыру немесе жоғалту мүмкін емес, ол үшін агенттікке барудың қажеті жоқ. Электрондық тіркеу жүйесінің арқасында тапсырыс берген билетіңізді тікелей әуежайдағы әуе компаниясының арнайы бөлімінен алуыңызға болады. Сонымен қатар, электрондық билетті соңғы сәтте, ұшатын күні алуға және тіпті агенттікпен сөйлесетін уақытты үнемдеп, ұшып көтерілу уақытында ауыстыруыңызға да болады. Өзгерістер енгізетін жағдайда жаңа билет алудың керегі жоқ, жолаушының әуежайда көрсететін жалғыз құжаты – бұл шетелдік төлқұжаты.
ИАТА-ның шешіміне сәйкес 2007 жылдың соңына қарай әуе компаниялары – осы ұйымның мүшелері дәстүрлі әуе билеттерін пайдаланудан толығымен бас тартып, электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу жүйесін енгізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет