Тасымалдауды ұйымдастыру және


Ішкі және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшеліктері.Тұрақты және чартерлі, халықаралық және ішкі тасмалдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет29/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45
Ішкі және аймақтық жолаушы тасымалдарының ерекшеліктері.Тұрақты және чартерлі, халықаралық және ішкі тасмалдарды ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Көпшілік туристік саяхат ұйымдастыруда туристерді әуе чартер бойынша тасымалдау кең таралуда. Олар туристер мен әуе компанияларға топтамалық маршруттар кезінде қолайлы болып табылады. Чартер ағылшын тілінен аударғанда кеме иесі және арендаға алушы арасында, бүкіл кемені немесе оның бөліктерін белгіленген рейс немесе мерзімге алу келісімі дегенді білдіреді. Чартерлік рейстер әуе компаниялар мен тур фирмалардың келісімінің салдарынан пайда болады, әуе компаниялар өзінің тұрып қалған ұшақтарын пайдалану, ал турфирмалар билеттерді арзанырақ сатып алу мақсатымен көзделеді.
Чартерлік рейстің тұрақты рейске қарағанда бірнеше ерек­шелігі бар:
– тұрақты ұшулардың кестелерінде оның жоқ болуы;
– маршрутты әуе компания емес, тапсырыс беруші тағайын­дайды;
– тұрақты рейске қарағанда арзанырақ болып табылады.
Барлық чартерлік рейске билет сатып алған жолаушының тұрақты рейске қарағанда, бару пунктіне уақытында бармау мүмкіндіктері жоғары. Чартерлік рейстер ішкі және халықаралық байланыстарда, тұрақты жасалған және жаңа енгізілген маршрут­тар арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Чартерлік әуе маршрутты ұйымдастыру – ол қиын процесс, ол есептеуді көп қажет етеді. Әуе компанияға рейс нөмірін білу, «әуе коридорын» дайындау, ұшақтың тоқтау жерлерін, тоқтаудың бағасын және т.б. анықтау керек.
Чартерлік рейстер түрлері. Чартерлік тасымалдау кезінде тапсырыс берушінің рөлінде әрбір ұйым болу мүмкін: ірі іскерлік құрылым, туристік фирма, өнеркәсіп мекемелері, оқу орны, қоғамдық-саяси партия, т.б. Осы ұйымдар әуе кемелерді келесі мақсаттармен жалға алады:
– өздерінің қызметкерлерін іскерлік немесе басқа мақсаттармен тасымалдау үшін, туристерді демалу орнына жеткізу үшін;
– жанкүйерлерді – спорттық шаралар өткізілетін орындарына;
– діни адамдарды – табыну орталықтарына;
– конгрессмендерді – конференциялар, съездер, т.б. өткізу орындарына жеткізу.
Осыған орай, әлемдік тәжірибеде чартерлердің коммерциялық түрлерінің бірқатарын ажыратады.
Жабық чартер. Оның ерекшелігі: өзінің қызметкерлерін тасымалдау үшін мекеме толық төлейді. Ереже бойынша, осындай тасымалдаудың маршруттары тұрақты әуе жолдарына кірмейді. Жабық чартер чартерлік рейстердің жалпы көлемінде аз ғана пайызды алады.
Мақсатты чартер. Ол бір мақсатпен жиналған (футбол жанкүйерлері, спортшылар, т.б.) жолаушылардың арнайы топтарын тасымалдау. Чартерге тапсырыс беруші, мүшелеріне тасымалдауды жартылай төлейтін ұйымдар болып табылады.
Инклюзив-тур чартер. Ереже бойынша, ол негізінен туристік фирма төлеген және ұйымдастырған, туристерді тасымалдау. Осындай жағдайда туристерге ұшу арзан болып келеді, себебі әуе чартер кезінде әуе билет саны, ең арзан жеңілдік тарифтермен салыстырғанда 30-50%-ке төмен. Инклюзив-тур чартер және мақсатты чартерлерге қарағанда чартерлік нарықтағы әуе тасымалдаулардың ең кең тараған түрі.
Блок чартер. Осындай вариант тапсырыс берушінің тұрақты рейс ұшағында тек қана коммерциялық бөлігін сатып алу (20-30 орын) кезінде жасалады. Мұндай жағдайда төлем барлық орындар блогына жасалады. Оған сатып алынған орындардың барлығы немесе барлығы емес толтырылғанына тәуелсіз. Блок-чартер, негізінен, турфирмаларда ұшақты арендаға алу үшін туристердің қажетті саны болмаған жағдайда жасалады. Блок-чартер әуе компанияларға кейбір уақытта пайдасыз болып табылады, себебі әуе билеттерді төмен бағамен сату жасалады. Бірақ маусымның шыңында, билетке деген сұраныс жоғары болғанда тасымал­даушылар туристік фирмаларға осындай қызмет көрсетуден бас тартпайды.
Мақсатты емес чартер. Әуе жолаушылардың тобы саяхаттық мақсатына тәуелсіз, таңдалатын тасымалдау түрі. Осындай тасымалдау түрінің ұйымдастырушысы көлік компаниясы болуы мүмкін.
Сплит чартер. Жолаушыларды тасымалдаудың ең қиын түріне жатады. Олар маршруттың әртүрлі аумақтарында тұрақты немесе тұрақты емес рейстермен жасалады. Осыған қоса жасақталған топ ішіне әртүрлі пунктке баратын жолаушылар кіруі мүмкін.
Ұшақты пайдалану жағдайына байланысты чартерлерді бірнеше түрге бөлуге болады: бір реттік чартер, тайм-чартер және чартерлік тізбек.
Бір реттік чартер. Ұшақ туристерді бару пунктіне дейін жеткізіп, қайта оралады. Егер рейс «Сол жаққа және қайта келуге» жоспарланса, онда біраз уақыттан кейін, ұшақ туристерді қайтару үшін келу керек. Осындай тасымалдау кезінде әуе кемені жалға алушы ұшуларды белгіленген мерзімге тапсырыс береді және осы берілген уақыттарда әуе компания чартерлік рейсті орындау үшін әуе кемені беру керек. Басқа уақытта тасымалдаушы осы ұшақты өзінің жоспарымен байланысты пайдаланылады. Бір реттік чартерлер сирек қолданылады, себебі олар отынға көп шығынды қажет етеді.
Тайм-чартер. Әуе кемені уақыттың белгіленген мерзімінде жалға алу. Осы жағдайда жолаушыларды жеткізген ұшақ қайта оралмайды; ол келген әуежайда туристердің қайта ұшуын күтеді. Кейде тайм-чартерді «тұрып қалған бір реттік чартер» деп айтады. Егер туристердің болу мерзімі ұзақ болмаса, тайм-чартер тапсырыс берушіге ыңғайлы. Осы жағдайда тапсырыс беруші ұшақты пайдалану уақыты үшін, әуежайда ұшақтың тұруына байланысты қосымша шығындарды, экипажды орналастыру мен тұру шығындарын, ал кей уақытта кемені тұрақты рейстер алғаны үшін тасымалдаушының шығындарын өтеу үшін төлейді.
Чартерлік тізбек. Ол «Сол жаққа және қайта оралу» схемасы бойынша чартерлік тасымалдауды тұрақты кезеңділікпен жасайтын чартер түрі. Ол бір туристік топты әкетеді де, келесі топты алып келеді. Олар тұрақты тасымалдауларға өте ұқсас болып келеді. Чартерлік тізбек, негізінен, төрт-бес ай уақыт мерзімінде, аптасына бір-екі реттік рейстер ұйымдастырылады. Әрбір чартерлік тізбектің рейсі біткеннен соң әуе кемесі әуе компаниясымен өз келісімі бойынша пайдаланылады, бірақ жаңа ұшу мезетіне ол тапсырыс берушіні баратын әуежайға әкелу керек. Чартерлік рейс басталатын пунктке ұшақты уақытында жеткізу үшін жауапкершілікті тасымалдаушы өзіне алады. Туристік фирма әуе кемелерін тасымалдау басталатын пунктке жеткізу үшін ақы төлемейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет