Байланысты: КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдағанда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар 1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелері пайдаланушысының сертификатыбар заңды тұлға; 2) агент - авиакомпанияны білдіретін, осы авиакомпанияның әуе кемесінің, экипаждың, жолаушылардың, багаждың, жүктің, почтаның және борттық қорлардың келуімен, жөнелтілуімен және ресімделуімен байланысты барлық рәсімдерді орындау ол тікелей немесе оған уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға; 3) багажды (PIR – Property Irregularity Report), жүкті (CIR – Cargo Irregularity Report) тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акт - жолаушының (алушы) қатысуымен бiр немесе бiрнеше авиакомпанияның әуе кемелерiмен тасымалданған багажға (жүкке) келтiрген зиян белгiлi болғанда авиакомпания тез арада ресімдейтін және авиакомпания мен жолаушы (алушы) қол қоятын құжат; 4) әуежай - әуе кемелерiн қабылдау мен жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осындай мақсаттар үшін әуеайлақ, аэровокзал, басқа да қажетті ғимараттары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi; 5) межелі әуежай (пункт) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы, багаж немесе жүк жеткiзiлетін әуежай (пункт); 6) жөнелту әуежайы (пунктi) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушыларды, багаж немесе жүктi тасымалдау басталатын әуежай (пункт); 7) трансфер әуежайы (пункті) - әуе тасымалы шартына сәйкес жолаушы ұшақты ауыстырып немесе жүктi тасымалдау бағыты бойынша бiр рейстен басқасына әрі қарай бет алу үшiн тасымалдайтын, билетте немесе жүкқұжатта көрсетiлген әуежай (пункт); 8) багаж - әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын жолаушылардың немесе экипаждың жеке заттары; 9) тiркелген багаж – авиакомпания сақталуын өз жауапкершілігіне алып, оған жүк түбiртегi мен жүк белгiсiн беріп, тасымалдауға қабылдаған жолаушының жүгi; 10) қате жөнелтілген жүк – авиакомпанияның кiнәсiмен межелі пунктке жiберiлмеген жүк; 11) талап етілмеген багаж - багаж белгiсiнде көрсетiлген межелі әуежайға (пунктке) келген, бірақ жолаушы алмаған багаж; 12) тiркелмеген багаж - жолаушының тіркелген багажынан басқа, Тасымалдаушының келісімімен әуе кемесінде тасымалданатын және оның жүк бөлімдері мен жолаушылар салонында орналасқан, «Қол жүгі» белгісімен куәландырылған жүгі. Әуе кемесiнiң бортына жолаушылардың өзi жеткiзедi. Тіркелмеген багаж жолаушының жауапкершiлiгiмен тасымалданады, тіркеу кезінде міндетті түрде өлшенуі тиіс және жүкті тегін тасымалдау нормасына кіреді; 13) билет - (жолаушы билетi және багаж түбiртегi) авиакомпания не оның агенттері беретін тасымалдау, жолаушыны әуеде тасымалдау талаптарымен шарт жасасу құжаты; 14) күнi белгіленбеген билет - жөнелту, межелі пунктi, авиакомпания, қызмет көрсету класы көрсетiлген, бiрақ рейстiң нөмiрi мен әуе кемесiнiң ұшу күнi, уақыты көрсетiлмеген билет; 15) броньдау (тапсырыс) – әуе кемесiнде жолаушыларды, сондай-ақ бірегей сандық әріптік код иеленген, жолаушы, багаж немесе жүктер туралы ұшу және өзге де ақпарат берілген, Авиакомпанияның броньдау жүйесінде электрондық жазбамен расталатын жүк көлемін тасымалдау үшін орындарды алдын-ала бөлу; 16) соманы қайтару - жолаушыға (жiберушiге) немесе оның өкiлiне ол бұрын төлеген, бiрақ пайдаланбаған тасымал немесе қызмет құнының бір бөлiгiн немесе толық құнын төлеу; 17) әуе тасымалы – жолаушыларды, багажды, жүктерді және почта жөнелтілімдерін әуе кемесінде тасымалдау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі; 18) халықаралық әуе тасымалы - орындалуы барысында жөнелту және межелі пункттері тасымалдау немесе жүкті қайта тиеу арасында үзілістің бар-жоғына қатыссыз: екi немесе одан да көп мемлекет аумағында; егер басқа мемлекеттiң аумағында аялдау көзделсе, бiр мемлекет аумағында орындалатын тасымал; 19) ұшақ – ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі; 20) әуе желісі - араларында тұрақты әуе тасымалдары жүргiзiлетiн пункттердi анықтайтын белгiленген желі; 21) Варшава конвенциясы - халықаралық әуе тасымалдарына қатысты кейбiр ережелердi сәйкестендіру үшiн 1929 жылғы қазанның 12-сiнде Варшавада қол қойылған конвенция; 22) жүк - почта, борттық қорлардан басқа әуе кемесiнiң бортында тасымалданатын кез келген мүлiк; 23) тез бұзылатын жүк - сақталуда және тасымалдауда ерекше жағдайларды талап ететiн өсiмдiк немесе жануар тектi заттар, олардан өңделу арқылы алынған өнiмдер, тiрi өсiмдiктер, балық өсiру материалы; 24) транзиттiк жүк - жүкқұжатқа сәйкес аралық пунктке жеткiзiлген рейспен әрi қарай тасымалданатын жүк; 25) трансферлiк жүк - жүкқұжатқа сәйкес трансфер әуежайына (пунктіне) бiр рейспен, ал әрi қарай сол немесе өзге авиакомпанияның басқа рейсiмен тасымалданатын жүк; 26) бағалы жүк - нақты құны Варшава конвенциясының 22-бабында белгiленген жүк. 27) жүққұжаты (Air Waybill) - әуе тасымалы, оның шарттары мен жүктi әуе желілері арқылы тасымалдауға қабылдау жөнiнде келiсiм жасалғанын растайтын әуе тасымалы құжаты; 28) қарап тексеру - қарап тексеруге құқығы бар тұлғалар жүргізетін тексеріп қарау; 29) ақылы багаж түбiртегi - мiндеттi түрде ақылы тасымалданатын заттар және белгiленген тегiн алып өтетiн заттардың нормасынан артық багажды тасымалдау төлемін растайтын, сондай-ақ жүктiң жарияланған құндылығы үшiн ұсталатын алымдарды растайтын құжат. 30) тасымалдау бағыты - белгiлi бiр тәртiппен билетте көрсетiлген (жүк тасымалдағанда жүк құжаттамасында) жөнелту, трансфер және межелі әуежайлар (пункттер); 31) жiберушi - жүктi жiберетiн заңды немесе жеке тұлға; 32) жолаушы - әуе тасымалы келiсiмi немесе өзге де заң негіздеріне сәйкес әуе кемесiнде тасымалданатын және экипаж құрамына кірмейтін жеке тұлға; 33) жолаушы купоны (Passenger Coupon) - жолаушы мен оның жүгiн әуеде тасымалдау келiсiмiн растайтын, электрондық-сандық жазба немесе қағаз тасығышта (БСО) ұсынылған билет бөлiгi; 34) ұшу купоны (Flight coupon) - жолаушыға билетте көрсетiлген пункттер арасында тасымалға құқық беретiн билеттiң бөлiгi; 35) багаждың, жүктiң зақымдануы - тасымалдау кезiнде багаждың, жүктiң немесе багаждың, жүктiң бір бөлiгiнiң өзiнiң бастапқы мақсатында толық пайдаланыла алмайтындай жарамсыз жағдайға келуi (өз құндылығын жоғалтады); 36) алушы - жүкқұжатта жүктi алушы ретiнде көрсетiлген заңды немесе жеке тұлға; 37) рейс - әуе кемесiнiң маршруттың бастапқы және соңғы пунктiне дейiн орындайтын бiр бағыттағы ұшуы (кесте бойынша немесе кестеден тыс); 38) тұрақты рейс - бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс; 39) алым - авиакомпания алатын және енгізетін және жолаушыларды, багажды, жүктi және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау құнына кiретiн әуежай және отын алымдары; 40) тариф - белгiлi бiр бағыт бойынша жөнелту пунктiнен межелі пунктке дейiн бiр жолаушыны не багаж немесе жүктiң салмақ немесе көлем бiрлiгiн тасымалдағаны үшiн авиакомпания өндіріп алатын төлем; 41) белгілі бір класқа қызмет көрсету тарифі - бiр жыл ішінде ешқандай шектеулерсiз қолданылатын, тиiстi қызмет көрсету класының тарифi (қолданыс мерзiмi тасымалдау маусымымен анықталатын маусымдық тарифтердi есепке алмағанда); 42) трансфер - әуе тасымалы келiсiмiне сәйкес ауысып отыру әуежайына дейiн бiр рейспен орындалатын тасымал, ал әрi қарай тасымал сол немесе өзге авиакомпанияның басқа рейсімен жүзеге асырылады; 43) электрондық билет - кәдімгі қағаз бланктің орнына ұсынылатын авиабилеттің электрондық формасы; 44) төлем құжаты - қолданыстағы заңнамағасәйкес ресімделген және тапсырыс төлемін растайтын фискалдық құжат (кассалық чек, төлем туралы түбіртек немесе банктің көшірмесі). Төлем құжаты әуе тасымалы шартына қолма-қол ақша қаражаттарын төлеу кезінде беру үшін Әуе тасымалы шартын жасауды растайтын тиісті құжат болып табылады; 45) қалыпты тариф – қолданыс мерзімі 1 (бір) жыл және шектеулері жоқ бірінші, бизнес немесе экономикалық/туристік класқа қызмет көрсету үшін белгіленген ең жоғарғы (толық) тариф;