Жүк тасымалдау саласында әлемнің аса ірі әуе жайлары Жүк тасымалдау саласында әлемнің аса ірі әуе жайларына мыналар жатады: Мемфис (АҚШ ) – жүк айналымы шамамен 4 млн. тонна, Гонконг– шамамен 3 млн. тонна, Анкоридж ( Аляска, АҚШ) – 2 млн. тоннадан астам, Токио – 2 млн. тоннадан астам, Лос-Анджелес – шамамен 2 млн. тонна, Сеул, Ичхон – шамамен 2 млн. тонна, Сингапур – шамамен 2 млн.тонна, Тай-Пей (Тайвань) – шамамен 1,5 млн. тонна, Лондон, Хитроу – шамамен 1,5 млн. тонна, Амстердам – шамамен 1,5 млн.тонна, Чикаго – шамамен 1,5 млн. тонна.
Қазақстанның серпінді дамып келе жатқан экономикасы негізінен алғанда еліміздің жүк тасымалдау саласында көлік кешенінің қызметін тұрақтандырды.
Жүктерді тасымалдау тәртібі
Жүкқұжаты авиакомпания мен жөнелтуші арасында жүкті әуеде тасымалдау шартының жасалғанын куәландыратын, авиакомпанияның тасымалдау шарттары мен жүкті қабылдау құжаты болып табылады.
Жүкқұжатын жөнелтуші толтырады және қол қояды және авиакомпанияға жүкпен бiрге берiледi.
Жүкқұжатына тарифтер мен алымдарға қатысты деректердi авиакомпания енгізеді.
Авиакомпания жөнелтушiден немесе ол уәкілеттік берген адамнан, егер жөнелту бiр орыннан артық орынды алса, қосымша жүкқұжатын толтыруды талап ете алады.
Жөнелтушiнiң өтiнiшi бойынша авиакомпания жүкқұжатын өзi толтыра алады.
Жүкқұжаттағы жүктiң салмағы, өлшемi мен орамы, сондай-ақ орын саны туралы деректер, егер авиакомпания өзгеше дәлелдемесе, дұрыс деп есептеледi. Жүктiң мөлшерi, көлемi және жай-күйi туралы деректер, егер авиакомпания жөнелтушiнiң қатысуымен оларды тексерсе, ол туралы жүкқұжатында көрсетсе немесе егер осы деректер жүктi сыртқы түрiне қатысты болса, дұрыс деп есептеледi.
Егер жүктiң сыртқы түрi, орамы, жүктiң жай-күйi қанағаттандырғысыз болып табылса, жөнелтушi жүкқұжатында оның шын мәнiндегi сыртқы түрi мен жай-күйiн көрсетеді. Егер тасымалдауға тапсырылатын жүктiң ерекше қасиеттерi болса немесе ерекше жағдайда тасымалдауды қажет етсе, жөнелтушi мұны жүкқұжатында көрсетуге тиiс. Алайда, егер жөнелтушi мұндай нұсқауларды жасамаса, онда авиакомпания жүкқұжатында жүктiң нақты түрi мен жай-күйi, оның ерекше қасиеттерi мен тасымалдау шарттары туралы немесе бұрын жасалған белгiнi, өзiнiң қолымен және мөрiмен (мөртабанымен) енгiзген түзетулерiн куәландырып, анықтай алады.
Жөнелтушi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы, дұрыстығы, дәлдiгi үшiн авиакомпания алдында жауап бередi, оның iшiнде жүкқұжатты авиакомпания жөнелтушiнiң өтiнiшi бойынша толтырған жағдайда да болады.
Жөнелтушi көлiктiк құжаттардағы көрсетiлген мәліметтердің дұрыс еместiгі, дәлсiздiгі немесе толық еместiгі салдарынан авиакомпанияға келтірілген шығынның орнын толтырады.
Жүкқұжатының жоқ болуы, дұрыс еместiгi немесе жоғалуы тасымалдау шартының бар болуына, жарамдылығына әсер етпейдi.
Егер жүкқұжатына авиакомпания немесе оның агентiнен басқа адам түзетулер немесе өзгерiстер енгiзсе, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Жүк көлемін броньдау жүкті тасымалдаудың қажетті шарты болып табылады.
Жүкті тасымалдау үшін жүк көлемін алдын ала броньдау жүзеге асырылады. Алдын ала броньдамай, жүктi белгілі бір бағытта тасымалдау үшiн жүк авиакомпаниямен келiсiлген салмағы немесе көлемi бойынша қабылдануы мүмкiн.
Жүк көлемiн броньдау жүк көлемі броньдалған сол күні және сол рейспен және броньдау кезiнде авиакомпания мен жөнелтушi арасында келiсiлген пункттер арасында тасымалдауға құқық бередi. Жүк көлемін броньдау авиакомпания жөнелтушiге жүкқұжатын бермегенге дейiн алдын ала деп есептеледi.
Жөнелтушінің жүк көлемін броньдауға берген өтінімі мынадай мәлiметтерді қамтиды:
1) жүктiң атауы, орын саны, жалпы салмағы мен көлемi;
2) әрбiр орынның өлшемдерi;
3) маршруты, рейсі және жөнелту күнi;
4) тасымал төлеміне кепiлдік беретін құжаттың атауы мен нөмiрi;
5) тасымалдау мен сақтауда ерекше шарттар немесе сақтық шараларын талап ететiн жүктiң ерекше қасиеттерi.
Егер жөнелтушi сұраған маршрут авиакомпания үшiн қолайсыз болып табылса, онда соңғысының жөнелтушiмен келiсу арқылы өзiнiң ыңғайына қарай таңдайды.
Жөнелтушіні немесе броньдаудың жүргізілгені туралы өтінім ұсынған авиакомпанияны хабардар еткен сәттен бастап авиакомпания жүкті броньдау өтінімін қабылдады деп есептеледі.
Белгiлi бiр рейске броньдау мынадай жағдайларда жарамсыз болады, егер:
1) жөнелтушi авиакомпанияның актілерімен көзделген сомада және мерзімде авансты төлемесе;
2) жөнелтушiге жүкті тасымалдау үшін жүкқұжат берiлмесе.
Егер жөнелтушi жүктi белгiленген мерзiмде жеткiзбесе немесе оны дұрыс толтырылмаған құжаттармен жеткiзсе, немесе жүктi жөнелтуге дайындамаса, онда авиакомпания бұл үшiн осы әуежайдан бұрын жасалған броньдауды жоя алады.
Жүктi жеткiзуде мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн авиакомпания алушыға әрбiр мерзiмiн өткiзiп алған тасымал тәулiгi үшiн 5% мөлшерiнде айыппұл, бірақ тасымал үшін 50% артық емес мөлшерде төлейдi.
Авиакомпания жөнелтушiнiң өтiнiшi бойынша ұсынған, жүктi тасымалдау мен броньдауға қатысты байланыс шығындарын, алғашқы броньдауға қатысты байланыс шығындарын есепке алмағанда, жөнелтушi төлейдi.
Жүк мынадай шарттармен әуе тасымалына қабылданады:
1) жүктi әкету, әкелу немесе транзиті аумағына, аумағынан немесе аумағы арқылы тасымал жүзеге асырылатын елдiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылуға тиiс;
2) жүктiң габариттерi әуе кемесiнiң және оның бөліктерiнiң багаж-жүк бөлiмiнде еркiн тиелуiн және түсiрiлуiн, орналасуын қамтамасыз етуге тиiс;
3) рейстiк жолаушы әуе кемелерiнде тасымалдау кезінде жүктiң салмағы мен габариттерi авиакомпанияның ережелерінде белгiленген мөлшерден аспауға тиiс;
4) жүкке талап етiлетiн құжаттар қоса тiркелуге тиiс;
5) жүк әуе кемесi үшiн онда орналасқан адамдар мен мүлiкке қауіп-қатер жасамауы және өздерiнiң қасиеттерi бойынша жолаушыларға қолайсыздық жасамауы тиiс.
Салмағы мен габариттерi бойынша белгiленген мөлшерден асатын жүк авиакомпанияның келiсiмiмен ғана тасымалдауға қабылдануы мүмкiн.
Жүк қалыпты жағдайларда тасымалдағанда олардың сақталуы қамтамасыз етiлетiндей, сондай-ақ адамдарға зиян келтiрмейтiндей немесе басқа жүктiң немесе авиакомпанияның мүлкiне зақым тимейтiндей, оның ерекше қасиеттері ескеріле отырып, оралуы тиіс.
Тасымалға жарияланған құнымен тапсырылатын ыдысты немесе орынның оралуын жөнелтуші пломбалауы тиіс.
Пломбалар стандартты болып, оның цифрлық бедерлері және әрiп белгiлерi болу тиіс. Жүкқұжатында жүкке жасалған пломба туралы белгi қойылады және жөнелтуші пломбасының атауы көрсетiледi.
Тасымалданатын жүктiң әрбiр орнының жөнелту және көлiктiк белгiсi және/немесе жүктi тасымалдаудың ерекше жағдайларын бейнелейтiн арнайы белгiлерi болуы тиіс.
Таңбалау Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығының (ИАТА) стандарттары негiзiнде әзірленген авиакомпания ережесіне сәйкес орындалады және онда мынадай мәлiметтер болуы тиіс:
межелі және жөнелту әуежайларының атауы;
алушы мен жөнелтушiнiң нақты мекен-жайлары;
әрбiр орынның брутто массасы.
Жүктi тасымалдауға қабылдау шарттарын сақтамағаны үшiн жөнелтушi жауап бередi. Жөнелтушi авиакомпанияны жүктi әуеде тасымалдау шартынан туындайтын барлық мiндеттемелерден және тиiстi елдердiң қолданыстағы заңдарымен және ережелерiмен тасымалдауға тыйым салынатын заттарды жөнелтушi жүк жөнелтуге енгiзгенi салдарынан туындауы мүмкiн шығыстардан немесе жүк белгiсi, салмағы, орын саны, мекен-жайы, жүктiң сипаттамасы немесе орау сапасы, сондай-ақ кедендiк рұқсаттардың немесе басқа да талап етiлетiн құжаттардың болмауы, кешiгуi немесе дұрыс еместiгi салдарынан болуы мүмкiн шығыстардан босатады.
Авиакомпания, егер жүк осы Қағиданың 95-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, тасымалға қабылдаудан бас тарта алады.
Трансферлік жүкті тасымалдау барлық тасымалдау маршруты бойынша расталған жүк көлемі броньдалғанын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
Трансферлiк жүк жүктi бiр рейстен екiншi рейске беру жөнiндегi барлық рәсімдерді орындау үшін жеткілікті мерзiмде трансфер әуежайына келiп жетуі тиіс.
Халықаралық бағыттарға, iшкi әуежайларға ұшуға ашық Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жiберiлетiн трансферлiк жүктiң салмағы, габариттерi мен қасиеттерi iшкi желілерде пайдаланылатын әуе кемелерiндегi оларды тасымалдау мүмкiндiктерiне сәйкес келiп, авиакомпания ережесіне, сондай-ақ трансфер әуежайларында оларды сақтау шарттары мен мүмкiндiктерiне жауап беруi тиіс.
Авиакомпания, егер өзгесі жөнелтуші немесе алушымен келісілмесе межелі пунктті өзгертусіз жүкқұжатында көрсетілген маршрут тасымалын өзгертеді.
Егер жүкті жөнелту авиакомпанияға тәуелсіз себептерге байланысты қандай да бір пункте тасымалдың басталған немесе жүргізілу кезінде кешіктірілсе, онда ол жөнелтушіні жүкқұжатта көрсетілген мекен-жай бойынша хабардар етеді, жүкті қоймаға орналастырып, кедендік мекемеге тапсырады, сондай-ақ бұдан кейін жүкті алушының мекен-жайына тасымалдау үшін басқа көлік түріне береді.
Жөнелтушi жүктi әуеде тасымалдау шартынан туындайтын барлық мiндеттемелердi орындау және ережелерді сақтау жағдайында:
1) жүкті жөнелту немесе межелі пунктiнде қайтып алуға;
2) жүктi аралық пунктте ұстауға;
3) жүкқұжатында көрсетiлген алушыны өзгертуге;
4) жүктiң жөнелту пунктiне қайтарылуын талап етуге тиіс.
Тасымалды басқару құқығы авиакомпанияға жөнелтушіге берген жүкқұжатының бiр данасы көрсетiлгенде ғана жүзеге асырылады. Жүктi басқаруға байланысты барлық нұсқаулар жазбаша түрде ресімделеді.
Егер жүктi басқару салдарынан алушының аты-жөнi өзгерсе, онда жаңа алушы болып аты жүкқұжатында көрсетiлетiн адам саналады.
Осы тармақта көрсетiлген тасымал шартының кез келген талаптарының өзгеруi жүкқұжатына енгiзiлуi тиiс.
Егер тасымалдау өкімдерін орындау мүмкiн болмаса, авиакомпания бұл өкімді орындаудан бас тартады, ол жөнiнде дереу жөнелтушiні хабардар етеді.
Жүк межелі пунктке келiп жеткен сәттен бастап, алушы авиакомпаниядан, оған жүк пен жүкқұжатының берiлуiн талап ете алады.
Жөнелтушiнiң жүктi басқару құқығы жүк межелі пунктiне келiп, алушы жүктi алғаннан кейiн немесе жүктiң жеткiзiлуiн талап еткеннен кейiн, немесе оның жүктi қабылдағанын дәлелдейтiн өзге де іс қимылдар жасағаннан кейiн тоқтатылады.
Жүк жүкқұжатында көрсетілген алушыға немесе ол уәкілетті еткен тұлғаға беріледі.
Авиакомпания алушыға жүкті тек алғанын растайтын құжаты бойынша және жүкқұжаты мен осы Қағидада көрсетілген барлық шарттарды ол орындағаннан кейін ғана береді.
Алушының жоқ кезінде мемлекеттік органға жүкті беру авиакомпанияның осындай жүкті беруді растайтын құжаттарды жөнелтуші немесе алушыға беру шартымен, оны алушыға беруі болып саналады.
Жүктi адам одан әрi немесе қайта керi тасымалдау жағдайларынан басқа, өзге нұсқаулар жоқ болғанда жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алушыға, немесе жүкқұжатының тиiстi бағанында көрсетiлген адамға, әуе кемесi келгеннен бастап 12 сағат iшiнде, ал тез бұзылатын, қауiптi жүк немесе хайуанаттарға қатысты 3 сағат iшiнде берiлуi тиіс.
Хабарлама почта немесе басқа да байланыс құралдары арқылы жiберiледi.
Авиакомпания ондай хабарламаның алынбағаны немесе кешiккенi үшiн жауап бермейдi.
Егер жөнелтушi (алушы) мен авиакомпания арасында жүктi алушының мекен-жайына жеткiзу жөнiнде келiсiм болмаса, онда алушы адам жүктi межелі әуежайдан алуға тиiс.
Егер алушы межелі пунктке келген жүктi алудан бас тартса немесе ала алмаса, онда авиакомпания жүкқұжатында көрсетiлген немесе жүкті алушыға беру мүмкін еместігі туралы хабарланғаннан кейін алынған жөнелтушiнiң өкiмдерiн орындау үшiн барлық шараларды қабылдауға мiндеттi. Егер ондай өкiмдер болмаса немесе орындау мүмкiн болмаса, авиакомпания:
1) жөнелтушiге алушының жүктi алмағаны және жөнелтушiнiң, одан әрi өкiмiн күту жөнiнде хабарлама жiберуi;
2) жөнелтушiнiң өкiмi жоқ болған кезде 30 күндік сақтау мерзімі өткен соң жүк қайтарылуы тиіс.
Дүниежүзілік азаматтық авиация – бұл құрамына халқы әр түрлі тілдерде сөйлейтін 188 ел кіретін өте күрделі жүйе, 900-ден астам әуе компанияларын, 5000 пайдаланушыны, 16000 ұшақта ұшатын 150000 ұшқышты, 240000 техникалық қызметкерлерді, сондай-ақ 1350 ірі және 10000 шағын әуежайларды қамтиды.
Жаңа ғасырдың басталуы қарсаңында әлемде шамамен 37 млн.км дүниежүзілік көлік жолы қызмет етіп тұрды, соңғы онжылдықта оның жыл сайын өсуі 4,5 % деңгейінде тұрақтанды. Сарапшылардың бағалауынша, бұл үрдіс 2010 жылға дейін сақталады. Мұның өзінде әуе жолдарының ұзындығы барынша тез қарқынмен өседі. Ол 1970 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 2,1 есе артады.
Кез келген уақыт сәтінде ғаламшардың әуе кеңістігінде 10 мыңға жуық әуе кемелері ұшып жүреді. 2004 жылы бүкіл әлемдегі 3000 коммерциялық әуе компанияларында 2 миллионнан астам адам еңбек етті, олар әуе тасымалын басқару, жоспарлау, ұшу, маркетинг, сату ісімен және басқа қызмет түрлерімен айналысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының деректері бойынша дүниежүзілік әуе көлігі өнеркәсіптің авиациялық және сабақтас салаларын қоса алғанда 21 млн жұмыс орнын жұмыспен қамтамасыз етіп, дүниежүзілік жалпы өнімге шамамен 700 млрд АҚШ долларын қосады. 2004 ж. дүниежүзілік әуе тасымалының көлемі 460348 млн ткм болған.
Дүниежүзілік әуе тасымалында әзірше Солтүстік Америка басым болып отырғанына қарамастан, XXI ғасырдың екінші онжылдығында Азия-Тынық мұхит аймағы көшбасшылыққа шығатын болар. Азия-Тынық мұхит аймағы географиялық себептер бойынша бөлшектенбегендіктен және бөлшектенуі мүмкін болмайтындықтан, Батыстан Шығысқа қарай бұлайша ығысудың зор маңызы бар. Қытайды есептемегенде, Азия елдерінің көпшілігінде елге келетін бір ғана нүкте бар. АҚШ әуе компаниялары мұны асқан қиындықпен түсінді. Қазіргі уақытта АҚШ-тың екі әуе компаниясы – Northwest және United – ғана Тынық мұхит арқылы ұшады, оның екеуі де Токионы негізгі келу әуежайы ретінде пайдаланады. Бұл аймақты бөлшектеп пайдалануға тырысқан басқа американдық әуе компаниялары, жұмсартып айтқанда, одан ығыстырылып қалды.