Тасова асел баймурзаевна бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін қалыптастыру


Бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік



Pdf көрінісі
бет18/56
Дата08.11.2022
өлшемі4,45 Mb.
#48595
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
1.2 Бoлaшaқ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік 
креативтілігінің мәні мен мазмұны 
Болашақ 
бастауыш 
сынып 
мұғалімдерінің 
коммуникативтілік 
креативтілігін қалыптастыру проблемасын зерттеуде коммуникативтік 
креативтілік ұғымының мәнін ашу маңызды. Ол үшін коммуникация мен 
кретивтіліктің 
өзара 
байланысын
коммуникативтік 
креативтіліктің 
құрылымын анықтау қажет.
T. Buzаn, А.J. Сrорlеу, N. Kаrstеn коммуникация мен креативтiлiктiң ӛзара 
байланысын кiшi топтардағы шығармашылық мәселелердi шешуде анықтап, 
коммуникативтiк креативтiлiктi дамытудың тиiмдi әдiстерi мен техникасын 
ұсынды (идеялық торлар, миға шабуыл, келiсу мен қарсылық бiлдiру және т.б.). 
Әрi аталған сапаның топтық ӛзара идея алмасу үдерiсiнде, яғни бiлiмгерлер 
қоршаған әлемге ашықтық, бастамашылдық, эмоционалдық тұрақтылық 
байқататын 
шығармашылық 
ойлауды 
белсендiруде 
дамитындығын 
тұжырымдады [133- 135] .
J.Sikоrа коммуникация мен креативтiлiк кiшi топтардағы шығармашы-лық 
мәселелердi шешудегi байланысын анықтаған, коммуникативтiк креативтiлiктi 
дамыту техникалары (идеялық торлар, миға шабуыл, келiсу, қарсылық бiлдiру 
және т.б.) мен ықпалды әдiстерiн жасақтаған.
Осы жұмыстар негiзiнде аталған сапа бiлiмгерлердiң әзiлге сезiмталдығы, 
қоршаған әлемге ашықтығы, сыншылдығы, бастамашылдығы, қуаттылығы, 
эмоционалдық тұрақтылығы бiрегейлiктiң кӛрiнетiн идеяларды топтық 
алмасуда шығармашыл ойларды белсендiруде дамиды деп тұжырымдайды 
[136].
Коммуникация мен креативтіліктің байланысын қарастыра келе, зерттеу 
мәселеміз болашақ бастауыш сынып мұғалімерінің коммуникативтік 
креативтілігін қалыптастыру болғандықтан педагогикалық креативтілік 
түсiнiгiнiң мәнiн анықтайық. Бұл тұлғаның педагог пен бiлiмгердiң бiрлескен 
iс-әрекетiнiң ықпалдылығын кӛтеруге мүмкiндiк беретiн педагогикалық 
жағдайлардың ӛзгерiсiне анықталған психикалық және психологиялық-
әлеуметтiк даярлығы. Педагогикалық креативтiлiк коммуникативтiк және 
дидактикалық креативтiлiктерден құралады [137]. 
Болашақ 
мұғалiмдердiң 
креативтiлiгiн 
қалыптастыруға 
қатысты 
психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялық зерттеулердi 


32 
мазмұнын талдауда креативтiлiктi дамыту бойынша теориялық және 
технологиялық тәсiлдер негiзге алынғандығын кӛрсеттi.
Алғашқы тәсiлдiң мәнi креативтiлiктiң дамуына психологиялық-
педагогикалық шарттарды құрумен тұжырымдалады. Осы тұрғыда жасалған 
бiрқатар зерттеулердi қарастырайық.
О.В.Сорокина креативтiлiктi болашақ психологтардың кәсiби-мәндi 
сапасы ретiнде қарастырса [138], И.А. Ледовских «Болашақ педагог-
психологтардың жоғары оқу орнында оқу арқылы креативті ойлауын дамыту» 
тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргiзiп, бiлiмгерлердiң креативтiк ойлауын 
дамыту шартында психологиялық-педагогикалық қалыптастырудың жолдарын 
ұсынған [139].
Е.Е.Щербакованың 
диссертациялық 
зерттеуінде 
педагогикалық 
креативтiлiктiң мәнi коммуникативтi және дидактикалық креативтiлiктердiң 
синтезi ретiнде негiзделген. Автор тарапынан бiлiмгерлердiң ӛздерiн 
шығармашылық сезiнулерiнiң және шығармашылық қабiлеттерiнiң тұлғалық 
кӛрсеткiштерiн 
педагогикалық 
креативтiлiктiң 
құраушылары 
ретiнде 
айқындауда жүйелiк тәсiл қолданылған [28, б. 45].
Ю.Р. Варлакова ӛзiнiң жоғары оқу орнында педагогикалық бiлiм берудегi 
болашақ бакалаврлардың креативтiлiгiн қалыптастыру туралы еңбегiнде 
креативтiлiктi: «бiртұтастықты, «ӛмiрлiк форматты», проблема-лылықты, 
контекстiлiктi және т.б. сипаттайтын практикалық бiлiмдердi iске қосу есебiнен 
ӛзiндiк ӛмiрлiк тәжiрибе есебiнен бiлiм беру мазмұнын байыту, бiлiмгерлердi 
кәсiби мiндеттердi шешу, бойынша iс-әрекеттерге тарту, таңдалған мамандық 
контекстiнде креативтiлiкке қатынас пен тәжiрибенi қайта қарастыру және т.б.; 
бiлiм беру процессiнiң проблемалық сипатын қамтамасыз ету» деп анықтайды. 
Аталған зерттеу жұмысында бiлiмгерлердiң оқытудың белсендi әдiстерiн 
пайдалану, ситуациялық тапсырмаларды орындауда топпен жұмыс жасау және 
оқудан тыс iс-әрекеттерi қарастырылған [140].
И.В.Шовгурова зерттеу жұмысында алғаш рет креативтiлiк болашақ 
мұғалiмнiң этномәдени дәстүрлер мен ӛзiнiң жеке мәдениетiн бiрiктiру 
контекстiнде оны кәсiби iс-әрекеттi орындауға бағдарлайтын негiзгi кәсiби 
қабiлеттiлiгi ретiнде қарастырылған. Сонымен қатар, аталған iс-әрекеттiң 
ерекшелiгi технология пәнi шеңберiнде кӛрсетiлген, этномәдени дәстүрлердiң 
шығармашылық компонентi анықталып, оны технология пәнi мұғалiмiнiң 
педагогикалық практикасында пайдалану мүмкiндiктерi кӛрсетiлген [141].
Қ.М.Нағымжанова «Инновациялық бiлiм беру ортасында педагогикалық 
креативтiктi қалыптастыру» атты монографиялық зерттеу жұмысында -
университеттiң инновациялық бiлiм беру ортасында студенттердiң педаго-
гикалық креативтiгiн қалыптастыруды бiлiм берудiң теориялық және 
әдiстемелiк мәселелерiн шешуге қатысты жүргiзiп, оның деңгейлерiнiң ӛзара
байланысын тәжiрибелiк-эксперименттiк зерттеу барысында дәлелдеген. 
Инновациялық бiлiм беру ортасында студенттердiң педагогикалық кре-
ативтiгiн қалыптастырудың педагогикалық жүйесiн жасаған [32, б. 78].
Сонымен қатар, «педагогикалық креативтiк – оқу-тәрбие мiндеттерiн
педагогтiң соны, жоғары тиiмдiлiкпен шешуi, тәрбие мен оқыту теориясы мен 


33 
тәжiрибесiн байытуы. Педагог еңбегi – ғылым, педагогикалық ӛнер,
таланттылық сияқты бiрлiктерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, 
дайындығы мен табиғаты әр түрлi студенттерге бiлiм мен тәрбие беруде 
белгiлiнi ӛзгертiп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлiк шығарма-
шылықтың белгiсi.
Ескiлiктi елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, бiрдейдi қабылдамау,
ойлап табу, тудыру, жасап кӛру – жаңашыл оқытушының күнделiктi кәсiби 
жағдайы. Креативтiк - барлық әрекеттiң сапа белгiсi, ал креативтi педагог -
барлық реформаның негiзгi кейiпкерi. Педагогикалық креативтiлік - мәселенi
белгiлi тәсiлдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл
қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешiм қабылдауға әкелетiн әрекет - әр
түрлi деңгейде, бiрнеше кезеңдерден тұратын күрделi психологиялық-
педагогикалық үдерiс» деп анықтаған. 
С.А.Нұржанова жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде болашақ 
мамандардың креативтi ойлауын қалыптастырудың педагогикалық- психоло-
гиялық негiздерiн зерттеп, креативтiк ойлауды қалыптастыруды iске асыру 
мәселесiн зерттеген [142]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет