81
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, тұлғаның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Бүгінгі
білім беру кеңістігінде аса қажет жаңару келешек маманның қайтпас ізденуі
мен шығармашылығының жемісі арқылы келмек. Сол себепті әрбір болашақ
бастауыш сынып мұғалімінің қабілеттілігіне орай білім беру барысында,
дербестікке,
ізденімпаздылыққа,
шығармашылыққа
қарай
тәрбиелеп,
жаңартылған педагогикалық технологияларды меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуда. Себебі мемлекеттік білім стандартының деңгейіне орай оқу үрдісін
ұйымдастыру, жаңарылған педагогикалық технологияларды енгізуді міндет
етіп отыр.
Педагогикалық біліктілік, яғни шеберлік бір жағынан педагогикалық
мәдениеттің маңызды компоненті болса, екінші жағынан кәсіптік даму мен
жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Қазіргі педагогикалық білім беру
концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт
жасауды ұсынады.
Пәннің негізгі компоненттерін, кәсіби педагогикалық қызметтің мәнін,
оның құрылымын, педагогикалық қарым-қатынасты, педагогикалық техниканы,
педагог сӛзін жетілдіру жолдарын, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
коммуникативтік креативтілігін, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу құралдары мен әдістерін
меңгертуге бағытталады.
Педагогика мен профильдік пәндерді кіріктіруді, оқу материалы мазмұнын
мұқият таңдауды қажет етеді. Оқу материалы қай кәсіп саласы болмасын, сол
сала бойынша соңғы жетістіктерге бағытталған, ӛз кезегінде білім
алушылардың кәсіби қызығушылығына қатысты ғылыми жаңалықтарды
бейнелейтін, оларға кәсіби ӛсуге мүмкіндік беретіндей болуы шарт.
«Педагогикалық технология және инновация» пәні білім алушының
әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру заңдылықтары, фактілері және білім
беру процесінің әртүрлі жағдайларында педагогтың ұйымдастырып және
басқаратын оқу қызметінің субъекті ретінде қарастырылатын тұлғаның
интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейінде ӛзгеруді меңгеруін туғызуы
болып табылады. Білімді, икемділік пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын
және осы процестердегі жеке айырмашылықтарды зерттейді, білім алушының
ӛз бетімен шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтар-ын, бала
психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын ӛзгерістерді
зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: