107
шынайы және үйлесімді қарым- қатынасқа бағдарланған жастар бойында
коммуникативтік креативтілік кӛрсеткіштерін қалыптастыру қиындық
тудырмайды. Ӛзге шкалалар бойынша кӛрсеткіштер екі топта да орташа
деңгейді кӛрсетеді. Білім алушылардың жалпы ӛзін-ӛзі ӛзектендіру орташа
балы – 57 тең болды. Орташа бал негізінде ӛзіндік ӛзектілік деңгейі үш
факторға негізделіп кӛрсетіледі: А факторы (жоғары) – 70 - 81 балды құрайды,
В факторы (орташа) – 60-70
балды құрады, С факторы (тӛмен) – 48-59 балды
құраған 17 кестеде беріледі.
Кесте 17 – Э. Шостромның ӛзін-ӛзі ӛзектендіру тестінің факторлары бойынша
кӛрсеткіші
Деңгейлері
Бақылау тобы
(50 білім алушы)
Тәжірибелік топ
(48 білім алушы)
А (Жоғары)
10 (17 %)
8 (13 %)
В (Орташа)
15 (26 %)
14 (30 %)
С (Тӛмен)
25 (57 %)
26 (57 %)
Кестеден кӛріп тұрғанымыздай білім алушылардың ӛзін-ӛзі ӛзектендіру
деңгейлерін үш факторға бӛліп кӛрсеттік, А жоғары факторы – бақылау
тобында 17 %, ал экспериметтік топта 13 %, В
орташа факторы – бақылау
тобында – 26 %, ал экспериметтік топта 30 %, С тӛмен факторы – бақылау
тобында 57 %, тәжірибелік топта 57 % құраған. Тестті ӛткізудің нәтижесінде
жоғары факторлы ӛзін – ӛзі ӛзектендіру деңгейіне ие тұлғалар белсенді, ӛз
мамандығын саналы түрде таңдаған, шығармашыл негізде ойлай алатын, білім,
білік,
дағды игеруге бейім, дарындылық қабілеті бар, ӛз ішкі әлеуетін ашуға
бейім, дамуға дайын. Ал тӛмен деңгейдегі ӛзін-ӛзі ӛзектендіру факторын
кӛрсеткен тұлғалар ӛзіндік пікірі дұрыс қалыптаспаған, ӛз мүмкіндіктерін
толық аша алмайтын, қоршаған орта ӛзгерістерін
дұрыс қабылдап бейімделе
алмайтын, мақсаттылығы тӛмен, ӛз іс-әрекетін дұрыс бағыттай алмайтын
жандар. Ӛзіндік таңдап алынған мамандығында, ӛмір іс- әрекетінде, оқу іс-
әрекетінде ӛзіндік ішкі әлеуетін толық негізде пайдалана алмайтын жастар,
болашақта ӛзіндік кәсіби бағытын дұрыс құра алмайды, сол себепті де болашақ
бастауыш
сынып
мұғалімдерінің
коммуникативтік
креативтілігін
қалыптастыруға деген
мотивациялық-құндылық қатыстың, танымдық,
әлеуметтік мотивтердің болуы аса маңызды.
Осы кезеңде біз әдістеме аясында жоғарыда аталып ӛткен шкалалар
бойынша пайыздық қатынастағы кӛрсеткіштерге диаграмма негізінде талдап 20
- сурет а р қ ы л ы с и п а т т а м а б е р д і к .
Сонымен қатар, жоғарыда берілген тесттермен қатар, біз зерттеу жұмысы
барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің коммуникативтік
креативтілігін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық, қарым-қатынасқа
бағдарланған коммуникативтік креативті тапсырмаларды
кеңінен қолдану
керек екендігіне кӛз жеткіздік.