17
ӛткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер
бойынша қолданылады. Бағдарлама оқушының тӛрт тілдік дағдысын:
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл тӛрт
дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –
бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып
отырады және сынып ӛскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайының болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің коммуникативтік креативтілігін дамыту қажеттілігіне негіз
болатын ерекшеліктері қатарында мыналарды атауға болады:
1) Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
2) Бір білім беру аясындағы және пән аралық байланыстарды жүзеге асыру
мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі;
3) Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарлар арқылы
ұйымдастыру;
4) Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани
қасиеттерін қалыптастыру;
5) Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге
мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
6) Бӛлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына
сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға
назар аударылуы;
7) Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне
белсенді қатысу) [100].
Білім берудің мазмұнының жаңаруы, жаңаша кӛзқарасқа ие мұғалімдер
кәсіңби даярлығында коммуникативтік креативтілік құрамының қалыпта-суын
қажет етеді. Олардан оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыруды және
жаңа технологияларды меңгеруді, оны тиімді қолдана білуді талап етеді.
Оған қоса қазіргі болашақ мамандардың бойында болуға қажетті бәсекеге
қабілеттілік негіздерінің бірі олардың парасаттылығымен анықталады,
сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.
Оқушыларды заманауи әдіс - тәсілдермен оқытып, ой - ӛрісі кең, саналы, еркін
азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған
білім беру мазмұны жағдайында оқушы ӛзінің мектеп қабырғасында алған
білімін ӛмірінде қажетке асыра білуі керек. Ал бұл болса, болашақ мұғалімінің
бойында коммуникативтік креативтіліктің қалыптасуы қажеттілігін арттыра
түседі.
Осы орайда шетелдік ғалымдар еңбегін атамағанда
қазақстандық педагог
ғалымдардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселесі
жан-жақты
қарастырылған.
Бастауыш
білім
берудің
әдіснамалық,
технологиялық, әдістемелік негіздерін Қ.Аймағамбетова [83], Б.А.Тұрғынбаева
[84], Ш.Х.Құрманалина [85], Ә.С.Әмірова [86], С.Н.Жиенбаева [87], Б.Т.Барсай
[88], Қ.А.Сарбасова [89], С.Қ.Абильдина [90] және т.б. зерттесе, бастауыш
сынып мұғалімін даярлаудың тарихы мен дамуын Р.К.Бекмағамбетова [91],
Қ.Т.Ыбыраимжанов [92], Б.М.Қосанов [93] және т.б. кезеңдермен талдап,
зерделеген, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниетанымдық
тәрбиесі Ә.М.Мұханбетжанова [94], А.Х.Аренова [95] және т.б еңбектерінде
18
кӛрініс тапқан. Б.Т.Барсай [88] ӛзінің іргелі ғылыми зерттеу еңбегінде отандық
ғалымдардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығына
арналған диссертациялық зерттеулерді мазмұнына қарай топтастырып, жан-
жақты сипаттауға зерттеуінің
бір параграфын арнаса, Б.Баймұхамбетов [97, б.
15] PhD докторлық диссертациясында 2000-2014 жылдар аралығындағы
бастауыш мектеп саласындағы проблемаларға арналған зерттеулерді жүйелеп,
кестеге түсірген.
Сол себепті біз ӛз зерттеуімізде оның барлығын қайталап айтып жатуды
жӛн кӛрмедік. Алайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау
мәселесінің зерттелу жағдайын талдау барысында екі бағытқа мән бердік:
1) диссертацияда
2014-2018
жылдар
аралығындағы
қорғаған
диссертациялық жұмыстарды жүйелеп кӛрсету (кесте 1);
2) біздің зерттеуімізге жақын келетін еңбектердің мазмұнына қысқаша
сипаттама беру.
Кесте 1 - Қазақстанда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби даярлау
мәселесінің зерттелуі (2014 - 2018жж.)
Зерттеуші аты-жӛні Зерттеу бағыты
Жылы
Баймұхамбетов Б.М. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
лидерлік сапасын қалыптастыру
2014 ж
Құралбаева А.А.
Бастауыш сынып
пәндерін интеграциялау
негізінде білім сапасын арттыру
2014 ж
Тұралбаева А.
Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы
жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеу.
2014 ж
Жунусбекова А.
Подготовка будущих учителей начальных
классов к управленческой деятельности.
2015 ж
Касенова С.А.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
тұлғалық - бағдарлы технологиялар негізінде
рухани - адамгершілікке тәрбиелеу
2016 ж
Аданов К.Б.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
кәсіби дайындау кезінде басқару мәдениетін
қалыптастыру
2017 ж
Оралбекова А.К.
Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ
бастауыш сынып
мұғалімдерін ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды
қолдануға даярлау
2017 ж
Умирбекова А.Н.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің
әлеуметтік зияттығын дамыту
2018ж
Осы кестеде берілген еңбектерді зерттеу пәніне қарай келесідей
топтастыруға болады:
19
1) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің басқарушылық сапаларын,
мәдениетін,
басқару
іс-әрекетіне
даярлығын
қалыптастыру
(Б.М.Баймұхамбетов, К. Б. Аданов, А.Джунисбекова );
2) болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің зияттығын дамыту
(А.Умирбекова);
3) болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік мәдениетін,
ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту, ақпараттық-коммуника-
циялық
технологияларды
қолдануға
даярлау
(Э.Уайдуллақызы,
А.К. Оралбекова);
4) болашақ бастауыш сынып
оқушыларының шығармашылық, басқару-
шылық іс-әрекеттерін дамыту [101].
Осы топтастырылған зерттеу еңбектерінің барлығының да біздің зерттеу
пәнімізге қатысы бар. Ӛйткені бұл еңбектер тікелей коммуникативтік
креативтілікке арналмағанымен оның құраушылары болып табылатын
коммуникативтік дағдыларды, зияткерлік білімдерді, шығармашылық ойлауды,
коммуникативтік құзыреттілікті, зерттеушілік мәдениетті, тұлғалық сапаларды
қалыптастыруды кӛздейді.
Мәселен Ұ.М.Әбдіғапбарова, Б.М.Баймұхамбетов мұғалім лидердің
құраушыларының бірі болып кәсіби-дидактикалық сапалар жататындығын
кӛрсетеді. Осы сапалар интеллектуалдық білім, дидактикалық біліктер,
коммуникативтік іскерліктерден құралатындығын негіздейді: «Оларды ашып
түсіндіретін болсақ
интеллектуалдық білімге білімділік, білімге құштарлық,
ӛнерге құштарлық, парасаттылық, жадында сақтаушылық, біліктілік,
зияткерлік, әлеуетін дамытушылық, ізденімпаздық және т.б. ендірсек,
Достарыңызбен бөлісу: