Тауарларын тану



Pdf көрінісі
бет67/73
Дата22.05.2022
өлшемі0,81 Mb.
#35312
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
87


4 тапсырма. Біздің атақты саяхатшы Прежевальский Гималай тауларынан 
өтіп бара жатып, тау бөктерінде бидайды егіп өсіріп жатқанына таң қалған. Ең 
соңғы егіндік алқаптары теңіз деңгейінен 5 мың метр биіктікте өсіп тұрғанын 
байқаған. Жергілікті тұрғындардың жегені ерекше нан еді. Ол нан қатқылдау
тəттілеу, кепсе үгітілетін жəне тез кебетін болған. Табиғат дəнді-дақылдардың 
əлемдік жарысын ұйымдастырғандай: қайсыбірі алып биіктікте өсе алар ма екен, 
тірі қалып дегендей. Солардың ішінен біреуі жеңіп қана қоймай, тез өсетін болып 
шықты. Кейбір дақылдардың пісуіне бар-жоғы 48 күн жетеді, яғни 1,5 айдан сəл-
ақ көбірек (тау бөктерінде жаз мезгілі дəл сонша уакытқа созылады). Бұл қандай 
дақыл?
Жауабы: Әліпбиге жүгінер болсақ барлық дақылдарды еске түсіріп, ең 
алғашқы «а» əрпіне тоқталамыз яғни - арпа. 
5 тапсырма. Құпия зат. Екі элементті жеке-жеке алғанда адам ағзасына 
өте зиян заттар, ал екеуінің қосындысы негізінде туындаған затсыз адам өмірін 
көзге елестету мүмкін емес. Ол қан қысымының қалыпты айналымына жəне 
қызыл денелер эритроцитттердің түзілуіне жағдай жасайды. Сондай-ақ тамақтың 
сіңуі мен қорытылуына өте қажет. Бұл заттың қоры жерде шексіз. Ал оны күнде 
планетаның тұрғындары қолданады, тіпті жабайы жəне үй жануарларына дейін 
мұқтаж. Шамамен бір адамға керекті «тəуліктік қажет мөлшері» мына қалташада 
тұр. Оны ашпас бұрын дұрыс жауабын беріңіз. Жауаптың дұрыстығына көз жеткізу 
үшін бұл затты иіскеп, қолмен ұстап, дəмін көрулеріңізге болады.
Жауабы: біреуі –натрий, екіншісі-хлор. Бұл – ас тұзы.
6 тапсырма. «Жұмбақ өсімдік». Баяғы заманда адам өзін «табиғат 
падишасы» сезінген уақытта осы өсімдікке аңыз шығарып, өлең арнаған. Біздің 
заманға жеткен мынадай бір оқиға бар. Махаббат құдайы Афродита, өз сүйіктісі 
Адонистің аңшылық кезінде қайтыс болғанын естіп , сол хабарды жеткізген жаушы 
артынан тұра жүгіреді. Тікенек бұталар оның терісін сыпырды. Қан тамшылары 
бұтақтарға тамып, алқызыл гүл түйнегіне айналып, таңертең олар гүл болып 
ашылатын. Халық даналығы бұл өсімдікті жеті дəрігерден де артық деп білген. 
ХVІ ғасырда сұсты Иван Грозный патшаның заманында, осы өсімдіктің жемісін 
жинауға арнайы жасақ дайындапты. Жемісті соғысқа ала кететін болған. Өсімдік 
жемісі бархыт, парша, құндыз терісімен бағаланатын. Ертеректе оттегі тотығы да, 
йод та болмаған. Сондықтан жараланған жерді тазалап, іріңді қанды тоқтату үшін, 
осы жеміс тұнбасымен жуған. Теңізшілер ұзақ сапарға шығарда осы жемісті ала 
кететін болған. Сондықтан болар, бұл жеміс ағылшындардың ұлттық символына 
айналды. Біздің қысқа, бірақ өте нақты берілген ақпараттан, бұл өсімдікті бірден 
табуға болады. Дегенмен, 60 секунд ішінде осы аталғандарды əбден салмақтай 
отырып, өсімдік атауын атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет