Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет46/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

5.4. Өздігінен білім алу - қазіргі заман жагдайында мугалім-
нің кэсіби іс-әрекетінің нормасы.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің 
бірі - өскелең ұрпақты казіргі ғылыми білімдермен каруландыру, 
дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырып шығару. Осындай 
жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің 
білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезін- 
де жинактаған білімдері бір қалыпта сақгалып тұрмайды. Қоғамның 
дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толыктыры- 
лып отыруы керек, себебі коғамның экономикалык дамуына байланыс- 
ты жас ұрпакты элеуметтендірудін жаңа талаптары туындап отырады.
Мұғапімнің кәсіби жетілуі үздіксіз үрдіске айналуы тиіс. Оның 
кэсібн жетілуінің негізгі факторларының бірі - 
өздігінен білім алу
үрдісі. Өздігінен білім апу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі 
кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен 
қанағаттанбай, оны заманына сай толықгырып, жаңартып отыруын 
көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана каруланбайды, 
білім - үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. 
Егер адам білімін үнемі толыктырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби 
іс-әрекетке де жарамсыз болып калады.
Өздігінен білім алу үрдісінің өзектену себептері:
- акпараттық қоғамның эр тұлғаның дүниетанымына үлкен 
әсер етуі;
- казіргі қоғамда коммуникациялық катынастардың, ақпарат- 
тармен алмасу үрдісінің жылдамдығы;
- табиғи ресурстарға қарағанда білім ресурсыньщ шексізденуі;
- аукымды ақпарат ағымында негізгі білімді жүйелей алу 
қажеттілігі,
- ақпараттык технологиялар арқылы оп-ііпе оқыту түрлерінің 
жедел дамуы;
- ақпараттардың жылдам өзгеруіне байланысты білімнің тез 
ескіріп қалуы т.с.с.
Өздігінен білім алу -
тұлғаның озіндік мэдени, танымдық, 
ғылыми, кәсіби, білімдік деңгейін жоғарлатуға жэне өз ішкі әлеуетін 
толық ашуға, әлеуметтену кажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған 
еркін таңдауы бойынша жүргізілетін іс-эрекеті.
Өздігінен білім алу -
адамның білім беру мекемелеріндегі 
жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы аркылы білім алу үрдісі. Мұға- 
лімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін 
жогарлатудын негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педаго- 
гикалык тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылыкты жердегі 
баска кітапханалардағы эдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жос- 
парлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің
69


ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердін білікгіліктерін жетілдіру инс- 
титутгарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. 
Өздігінен білім алу барысында жас мұғапімдер қазіргі жаңа педаго- 
гикапык технологияпарды, білім берудің негізгі багыттарын зерттеп 
олардын практикалық маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың
атқаратын негізгі 
қызметтері
ретінде 
М.Князеванын мынандай топтамасын келтіруге болады (Князева М., 
1990):
1. 
Экстенсивтік -
жаңа білімдерді іздестіру, жинақгау.
2. Багдарлық -
мәдениет жэне коғам ішінде өз орнын анықтау.
3. 
Компенсаторлық
- мектептік білімнің олқылықгарын 
толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
4. 
Дамытушылық

өзіндік сананы, есте сақгау қабілетін, 
ойлау қабіпетін, шыгармашылык сапаларын дамыту.
5. 
Әдіснамалық
- кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру
дүниенін түтастығыи түсіне алу.
6. 
Коммуникативтік
- түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар 
арасындагы байланыстарды орната алу.
7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет