Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқушылар портфолиосы.Оқыту нәтижелерін тексеру және



Pdf көрінісі
бет241/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Оқушылар портфолиосы.Оқыту нәтижелерін тексеру және 
багалау үдерісі.
Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау - оқытудың осы 
немесе басқа ке-зеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу 
бағдарламарын-дағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім 
стандарт-тарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде (балл 
бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі.
 


309 
Тексерудің әр түрлісін қолдану сыныптың пәнге деген кызығу-
шылығын оятып, уақытты және оқушы мен мұғалім күшін үнемдейді. 
Тексеру мен бағалаудың соңғы кезеңі - баға қою. Сандық бағалар балл 
түрінде, сапалық – мұғалімнің бағалау тұжырымдары 
мен қорытындыларынан тұрады. 
Бағалаудың басқа бір түрі - оқушылардың білімінің толықтығы мен 
тереңдігі, көлемі мен деңгейін салыстыруға болады.
Тәжірибеде мұғалім ылғи тоқсандық, жылдық және аттеста-циялық 
орта баға шығарады. Бірақ, ақырғы бағалар шешуші болып табылады, 
тақырыпты меңгерудің жоғары деңгейін көрсетеді. Жыл аяғында оқушы 
жақсы дайындала бастауы мүмкін, мысалы тақырыпты толық меңгеруі 
мүмкін; ал орташа баға бұл үрдісті көрсетпеуі ықтимал. 
Шешуші бағаны шығару үшін кешенді бағаны қолданған жөн. 
Шешуші баға әділ болып, оқушылардың жыл аяғында жақсы оқуға 
талпынысы оянады. Бірінші тоқсанда алынған төменбаға жыл аяғында 
жоғары баға алуға кедергі болмайды. 
12.5.Оқыту нәтижелерін тексеру мен бағалау формалары мен 
әдістері. 
Тапсырма көлемі, тексеруге арналған уақыт және оқу-шылар 
санына байланысты оқу үдерісінде тексеру мен бағалау былай-ша бөлінеді: 
ағымдық бақылау, яғни тексеру күнделікті сабақ үстінде жүргізіледі; 
кезендік бақылау, тақырыпты өткеннен кейін өткізілетін бақылау; 
қорытынды - тоқсан аяғында немесе жылсоңында өткізіледі. Соңғы кезде, 
әсіресе кеңінен тарап келе жатқан, оқушылардың білімін тексеру үшін 
тұрақты бақылау - мониторинг деп аталады. Бастауыш мектепте ағымдық 
бақылаудың маңызы зор, себебі оқушылардың жұмысын, оқуға деген 
ынтасын, жетілуін және т.б. бақылау үшін қолайлы.
 
Тұтас тексеру көлемі шағын тақырыпты тексеруде қолданы-лады және 
жауап беруші міндетті түрде тақырыпты меңгеруі тиіс. Тексеру және бағалау 
қайталаумен, бекітумен ұжымда оқытудың тиімділігін арттырады.
Тұтас тексерудің ерекше түрі кешенді тексеру – оқушы-лардың 
сабақтағы әр түрлі жұмыстарының нәтижелерін бағалауға не-гізделтен: 
мұғалімнің сұрағына жауап, басқа оқушылардың жауап-тарын толықтыру, 
жазбаша, графикалықжәне тәжірибелік тапсырмаларды орындау.
Оқушының оқу әрекетін бақылауды оқушы өзі де (өзін-өзі тек-серу), 
мұғалім де жүргізе алады және техникалық құралдар көмегі арқылы, соның 
ішінде компьютер арқылы да оқу әрекеті тексеріледі. Бақылау түрі мен 
тәсілдерін тандау оқытудың мақсатына тәуелді, оқу-шылардың жас және 
жеке басының ерекшеліктері, оқыту жүріп жатқан жағдайларға байланысты. 
Ауызша тексеру - ең қолайлы бақылау әдісі - оқытудың барлық 
деңгейлерінде қолданылады және оқушылармен қарым-қатынас ұстау-ға 
жеңіл, олардың ойлары мен іс-әрекеттерін бақылауға, жауаптарын түзетуге 
көмектеседі. 


310 
Жазбаша тексеру - оқушылардың дайындықтарын анықтауға 
мүмкіндік береді, жұмыс істеудің сипатымен жекеше ерекшеленеді, бірақ 
жұмыстарды тексеруге көп уақыт қажет етеді. Бұл тексерудің негізгі түріне 
сабақта жүргізілетін диктант, мазмұндама, шығарма, сұрақтарға жазбаша 
жауап беру және жазбаша бақылау жұмыстары жатады. 
 
Оқыту нәтижелерін тексерудің ықтимал әдісі. Ықтимал тексеру әдісін 
орындау үшін: тексеру мақсатын, тапсырма тізімін құрып, бүкіл білімді 
меңгеру сұрақтарына жауапты, әр сұрақ немесе сұрактар жүйесіне дұрыс 
жауаптарды анықтау, сұрақтардың диагностикалық салмағын анықтау, білім 
жүйесін диагностикалық сұрақтар арқылы анықтау керек. 
Білім тексерудегі сұрақтардың бірізділігінің нақтылануы қажет. 
Портфолио – білім алушының жыл (немесе тоқсан, семестр) бойы жасаған 
жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Порт-фолио білім 
алушының даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл үдерісті жан-жақты 
талдау мүмкіншілігін береді: білім алушылар өз оқуын бұрынғыдан да сәтті 
түрде ұйымдастырып, мақсаттарын те-реңірек түсініп, жұмыстарына 
өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетіс-тіктерін көреді. Портфолиода білім 
алушы өзінің жыл (тоқсан, се-местр) бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін 
сақтап, оқу мерзімі аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде 
портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет