Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет199/226
Дата20.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#44463
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   226
Портфолио - білім алушының оқу үдерісіне қалайша қатыса-тындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиім-ділігі деңгейін айғақтайды, оқу үдерісінің білім алушылар үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио білім алушылардың бірлесе жұмыс жасап, ұстаздармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол шәкірт-тердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына білім алушылардың өздері мен ұстаздың қатысуын талап етеді.
Қазіргі таңда портфолио студенттің мақсатты топтамасы ретінде қарастырылады. Портфолиода студенттің табыстары мен жетістікттері баяндалады. Топтама студенттің өзінің өлшемдерімен таңдалады. Осы кезде студенттің баға жетістіктерінің өлшемдері, өзіндік жұмыстары қарастырылады. Осылайша, студенттің үздік жобалары мен бастама-лары, сонымен қатар пәндерді меңгеру деңгейі сипатталады. Тұтас алғанда, портфолионың шығуы бағалау-бақылау әрекетін ұйымдасты-ру барысындағы инновациялық топтамадан шыққан болатын. Сондай-ақ, портфолио қазіргі замандағы үдерістердегі білім икемділігін, оқушының өзінің жетістіктерін түсіну үшін, білім жетістіктерінің мониторингін жасау үшін пайдалы.


12.6. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау - оқытудың осы немесе басқа кезеңдегі оқушылардың оқу әрекетінің нәтижелерін оқу бағдарламарындағы талаптармен, оқыту мақсаттарымен, мемлекеттік білім стандарттарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде (балл бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі. Тексеру мен бағалау - білім берудің мақсатынан тұрады, білім алудың әр кезеңіндегі нәтижелерінен; бақылау жұмыстарын тандаудан, мысал-дар мен тексерудің нәтижелерін көрсете білуден тұрады. Тексеру мен бағалау бөлімдері өте тығыз байланысты және бірлікте қаралуы керек.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылау.Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту мә-селелері іске асып жатыр .
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі міндеттері:

  • барлық деңгейдегі білім беру сапасын институтционалдық бағалауды іске асыру;

  • білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды іске асыру;

  • мұғалімдер мен оқытушылардың әрекеттерін бағалау, оқыту мен сабақ беру үдерісін жетілдіру;

  • білім беру ұйымдарының білім беру әрекетінің сапасына жүйелі және салыстырмалы талдау жасау, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;

- құқығын қамтамасыз ету үшін қажетті білім жүйесінің жағдай туралы объективтік ақпарат алу;

  • ашықтыққа жол жеткізу үшін қоғамға ақпарат беру;

  • білім берудің үздіксіз жүйесінің сатыларының арасында бағалау нәтижелерінің ұштастығын қамтамасыз ету;

  • ұлттық мемлекеттік жалпы міндетті стандарттармен салыс-тыру үшін халықаралық зерттеу шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жүргізу.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі объектілері:

  • меншік түріне және ведомствалық бағыныштылығына қара-мастан білім беру ұйымдарының қызметі;

  • білім беру ұйымдары жүргізетін тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және ұйымды басқару үдерістері ;

  • білім алушылардың оқыту үдерісі кезінде жеткен оқу жетіс-тіктерінің нәтижесі;

  • тұлғаның жеткен даму деңгейі.

Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі принциптері объективтілік, жариялық, ашықтық, әділдік, кезеңдік, сабақ-тастық, есептілік, үздіксіздік болып табылады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі рәсімдері білім беру қызметін лицензиялау, Біріңғай ұлттық тестілеу, мамандарды даярлау сапасын арттыру, оқушылардың аралық қорытынды емти-ханы, мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау, білім алушыларды қорытындымемлекеттік атестаттау және білім беру ұйымдарының рейтингі болып табылады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі аттестаттау, аккре-дитациялау, біріңғай ұлттық тестілеу, оқушылардың аралық қоры-тынды емтиханы рәсімдері арқылы бағалау;

  • білім алушылардың оқу жетістіктерін және олардың тұлғалық сапаларының даму деңгейлерін;

  • сыныптың, топтың, пән секциясының, бөлімнің, факультеттің, жеке мамандықтың, білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың, өлкенің және жалпы білім жүйесінің оқу жетістіктерін;

  • білім беру ұйымдарының әретін сыртқы бақылау арқылы білім сапасына тікелей мониторингтік зерттеу арқылы іске асырылады.

  • Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі көлемінде білім берудің барлық деңгейлердің сапасына бағалау мен мониторинг енгі-зілді іске асырылады, оларды жүйелі жетілдіріледі және халықаралық практикаға сәйкестендіреді, сонымен қатар өлкелік және мемлекеттік деңгейлерде білім беру ұйымдарының рейтінгі анықталады.

  • «Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жыл-дарға дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа нәтижелері ретінде білім алушылардың құзыреттіктерін қа-лыптастырудеп белгіленіп отыр. Сондай-ақ құзыреттілікке бағыт-талған Жалпы орта білім беру стандартында орта білім беру мақсаты – «білім алушылардың түйінді және пәндік құзыреттерін қалыптастыру арқылы олардың танымдық қабілеттерін, алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алуын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ету»,-деп сипатталған. Онда әр білім саласы бойынша түйінді және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына сәйкес пәна-ралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы қа-лыптасып, дамитыны»,- атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпарат-тық, коммуникативтік, проблемалардың шешімін табуқұзырет-теріжатады делінген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет