Таулар күйіп, тас жанған



бет3/3
Дата23.09.2023
өлшемі24,12 Kb.
#109912
1   2   3
Жырдың құрылысы. «Қобыланды батырдың» жыр құрылысын сөз еткенде, ең алдымен, көзге түсетін бір ерекшелік - мұнда айтылатын оқиғалардың бір адамның (Қобыландының) айналасына құрылғандығында. Жырдың негізгі тірегі - Қобыланды, оның ерлік істері. Сондықтан да жыршы ақындар барлық әңгімені Қобыланды арқыла баяндауға мән береді.

Жырдың композициялық құрылысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі - оқиғаны дамытуында. Жырдағы оқиғалардың қисынын келтіре тізбектеп айту,бір оқиғадан екіншісін тудыра, өрістете жырлау, шегініс жасамай үдете түсу - бұл жырдың басты ерекшелігі болып табылады.



Өлең түрі.Тілі.Жыршы ақындардың қайсысы болса да әр алуан атыс-шабыс айқастарды, жекпе-жек күрестерді, шабуыл жорықтарды, шұғылынан жасалған қимыл-әрекеттерді өлеңнің әрі оралымды, әрі ұшқыр түрі жыр арқылы суреттейді. Жыршы ақындар халықтың тіл байлығын, сөздік қорын молынан пайдаланып, әдемі картиналар портреттер жасайды. Жыр оқиғасын әсерлі етіп баяндайды. Жыр тілінің байлығы неше түрлі әдемі теңеулер, метафоралар жасауымен, дыбыс қайталауларымен де көрініп отырады.

Қорыта айтқанда, «Қобыланды батыр» жыры халықтық сипаты мол, ертеден келе жатқан көркем жырдың бірі болып саналады.


Cұрақтар мен тапсырмалар:
1. «Қобыланды батыр» жырының зерттелуі туралы не білесің

2. Жырды айтқан жыраулар жайында айт.

3. Жырдың варианттары

4. Қобыланды образы қалай жасалған

5. Әйелдер образы.

6. Жырдың құрылысы мен тіліндегі ерекшеліктер туралы айт.



Әдебиеттер:
1. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алм. 1981.

2. Н.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алм. 1991



3. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том.

4. Батырлар жыры.1-том.Алматы 1986

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет