Таусоғарова А


Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі



бет29/33
Дата21.09.2023
өлшемі0,57 Mb.
#109623
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
annotation18047

Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:



  1. Нарративтер – адамның күнделікті өміріндегі оқиғаның әңгімеленуі (Т.ван Дейк). Нарративтер басқа мәдениеттің трансляторы. Нарративтер тұлғаның я басқа мәдениет өкілінің интеллектуалдық ойлау ерекшелігін танытады, сондай-ақ оның ақпаратты қабылдауы барысында коммуниактивтік-танымдық қызмет атқарады.

Нарративке тән сипаттар: 1) темпоралдық қатынас – оқиғалар арасындағы уақыттық байланысты анықтауға қабілетті; 2) әлеуметтілік – белгілі бір қоғамдық ортадағы әлеуметтік механизмді анықтауға қабілетті; 3) аз сыйымдылығы – адам жадысында кейбір оқиғалардың немесе белгілі бір оқиғаның кейбір деталінің сақталып қалуы; 4) сенімділігі: тілдік еліктіру (манипуляция); 5) анықталған бір имиджді жасауға бағытталуы; 6) тыңдарманға экспрессивтік әсер етуі; 7) әңгімелесушілердің арасында өзара сенімнің орнауы.
2. Этномәдени стереотип – тіл мен мәдениеттің мазмұндық жағын құрайтын менталды стереотип, белгілі бір халықтың өзіне тән типтік қасиетін, мінезін тұжырымдайтын тілдік орам. Э.с. этностың я мәдениеті, я салт-дәстүрі, я мінез-құлық ерекшеліктері, сондай-ақ тарихта қалған аты бойынша оның нысанаға алынған басты қасиетін өзіне телиді де, стереотиптің басқа түрлері сияқты сол этносты танудағы когнитивтік механизм ретінде орын алады. Яғни, этнос туралы субъективтік тұрғыдағы сипаттамалық, бағалауыштық белгілерге ие танымдық құрылым. Э.с. тұтас бір халыққа және оның әр өкіліне тән қасиет ретінде қарастырылады да, тілде тұрақты тіркестер түрінде орын алады: неміс жинақылығы, қытай салтанаты, африкалық қызуқандылық т.б.. Бұл орайда қайсыбір анекдоттар да ұлттық мінезбен бірге, салт-дәстүр, мәдени ақпараттарды қамтитындықтан, этномәдени стереотиптер қатарында көріне алады. Мысалы, бір француз – нақсүйер, екі француз – дуэль, үш француз – буржуазиялық төңкеріс.

14 СЕМИНАР


Тақырып: Саяси дискурс: ұлттық тілдік сана және семантикалық гештальттар.

    1. Семантикалық гештальт туралы түсінік.

    2. Тілдік сана және тілдік сана өзегінің семантикалық гешатальттар.

    3. Тілдік сана өзегі гештальттарындағы семантикалық аймақтар.

    4. Ассоциативтік эксперимент тілдік сананы зерттеу әдісі ретінде.

Әдебиеттер:
1. Ахатова Б.А. Политический дискурс и языковое сознание: Монография. -Алматы: Экономика, 2006. 116 -125, 206 - 230 беттер.
14 СӨЖ. Қазақ тілдік санасындағы жалғыздық // жекелік концептілері.
15 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет