2.4 Қорғаушы құрылмы үшiн негiзгi техникалық параметрлердi таңдау
Қорғаушы құрылмы үшiн негiзгi техникалық параметрлердi таңдау кезiнде негiзгi есте сақтайтын нәрсе, ол жерге тұйықталу қорғаушысының толық сөндiру уақыты, қорғау релесiнiң iске қосылу уақытындағы және вакуумды ажыратқыштардың сөндiру уақытындағы құраушылар. Вакуумды ажыратқыштар үшiн сөндiру уақыты 0,025-0,030 сек болады.
Кенiштiк тораптардағы РТЗ-51, РЗН-3, ЗЗП-1, РТ-40 және т.б қорғау релесi үшiн iске қосылу уақыты 30-100 мс аралығында болады. Кенiштiк бөлу тораптарында кернеуi 6-10 кВ болса бұл уақытты 40-50 мс аралығында деп қабылдайды.
Кенiштiң түтiктi зарядсыздандырғышы бар ауалық байланыс жолына қорғауды орналастырған кезде электр қондырғыларының ережесiне сәйкес ұстап тұру уақыты зарядсыздандырғыштың қалыпты жұмыс режимiне байланысты.
Минималды тоққа байланысты қосылуың іске ала отырып таңдасақ онда өлшеушi органның iске қосылуын, сезiмталдық қасиетiн есептеп, жерге тұйыұталудағы табиғи тоғының мәнiн ескерiп отырған жөн.
Кенiште бiр фазалы жерге тұйықталудың максималды тоғы 30 А дейiн деп қабылданады. Осыған сәйкес, егер бiр фазалы жерге тұйықталуның ең аз тоғының шамасын 0,2 А деп қабылдасақ, онда сезiмталдық коэффициентiн 1,5 деп алып, қорғаушының минималды iске қосылу тоғы 0,134 А болады.
Қорғаушының таңдаған уақытта көптеген техникалық шарттарды еске ала отыру керек.
Олар:
орналасу орны; (қосалқы станция, қосып сөндiрушi бекет, бөлу құрылғысы)
резервтелiнген болу керек,
қоршаған ортасының жағдайы;
апат кезiнде тиiмдi жұмыс iстеуi;
бөлшектердiң неғұрлым аз болуы;
жаңа технологиялысын табу;
адамдарды электр тоғынан қорғау шараларын еске алу керек.
Климаттық жағдайды еске алған кезде МЕМСТ-15150-69 және МЕМСТ-15543-70 мемлектеттiк стандарттардағы шарттарға сәйкес орныдалуы керек. Қорғаушы ашық кенiште орналасқандықтан суық климатқа арналған және теңiз деңгейiнен 1000 м жоғарыда болуы керек.
МЕМСТ-14254-80 мемлекттiк стандартқа сәйкес оның оқшауламалары шаңға, түтiнге төзiмдi болатындай етiп таңдалуы керек.
МЕМСТ-17516-72 және МЕМСТ-16962-71 мемлекттiк стандарттарға сәйкес қорғаушы механикалық соққыларға төзiмдi (дiрiлдеу, соққылар ж¸не т.б) болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |