Техналогиалық бөлім


Бейтараптама жерлендірудiң негiзгi режімдерiнiң сипаттамалары



бет9/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
2.3 Бейтараптама жерлендірудiң негiзгi режімдерiнiң сипаттамалары

Оқшауланған бейтараптама Ресейде қабылданған нормаларға сәйкес қолданылады:


Желiнiң қосынды сыйымдылықты тоғы Iс  10А жағдайында әуе желiлерiнде темiрбетонды және металл тiректерi бар 3 – 20 кВ желiлерде және барлық 35кВ желiлерде;
ЖВ (жоғарывольтты желiлер) темiрбетон және металл тiректерi жоқ желiлерде: Iс  30А жағдайында желiнiң номиналдық кернеуi Uном = 3 – 6кВ болғанда; Iс  20А жағдайында Uном = 10кВ; Iс  15А жағдайында Uном = 15 - 20кВ. Бейтараптама жерлендiрудiң берiлген режiмiнiң негiзгi сипаттамалары 6.1 таблицада келтiрiлген.
6 – 10 кВ желiлер бейтараптамаларын жерлендiру режiмiнiң тиiмдiлiгiн екi рет бiрге тұйықталуға (ЕБЗТ) не релелiк қорғаныспен ажыратылатын фазааралақ ҚТ-ға (ФАҚТ) ауыспаған БЖТ санының БЖТ жалпы санына қатынасымен бағалау қабылданған:

Э = 1 – NДЗЗ + NМКЗ/NОЗЗ = NДЗЗ + NМКЗ/(NДЗЗ + NМКЗ + NКЗЗ + NУЗЗ) (2.1)

мұндағы NДЗЗ – ЕБЗТ-ға ауысқан БЖТ саны;


NМКЗ – ФАҚТ-ға ауысқан БЖТ саны;
NОЗЗ – БЖТ жалпы саны;
NКЗЗ – қысқа мерзiмдi өздiгiнен жойылатын БЖТ;
NУЗЗ – орнықты БЖТ саны (доғалы өздiктiмен қоса).
NОЗЗ үлкен мәндерiнде (NДЗЗ + NМКЗ)/ NОЗЗ қатынасы зақымдалған элементтiң автоматты ажырауымен (қорғаныстан) бiрге жүретiн БЖТ–дың ФАҚТ-ға ауысу ықтималдығын сипаттайды. Сондықтан бейтараптама жерлендiру режiмiнiң тиiмдiлiк көрсеткiшi Э-ны фазасы жерге тұйықталған электр желiсiнiң сенiмдi жұмыс iстеуiн сипаттайтын жеке көрсеткiш деп қарастыруға болады.
Оқшауланған бейтараптамамен жұмыс iстейтiн 6-10 кВ электр желiлерiнiң бейтарптама жерлендiру режiмi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi Э көп жағдайларда 0,7 аспайды. Оқшауланған бейтараптамамен жұмыс iстейтiн әртүрлi бағыттағы 6-10 кВ кабельдiк желiлердi пайдалану тәжiрибесi бейтарптама жерлендiру режiмiнiң тиiмдiлiгi ережеге сай көрсетiлген деңгейден елеулi аз екендiгiн көрсетедi:
Iс  5 – 10А бар желiлерде;
Электрқозғалтқыш бар (басқа элементтермен салыстырғанда оқшаулану қоры аз) желiлерде;
Дұрыс пайдаланбау, желi элементтерi оқшауламасының тозуы, қоршаған ортаның әсер етуi, электржабдығының ауыр жұмыс жағдайы нәтижесiнде оқшаулама деңгейi төмен желiлерде.
Жоғарыда көрсетiлген, оқшауланған бейтараптамалы желiмен жұмыс iстеуге рұқсат ететiн, БЖТ тоғы доғасының өздiгiнен сөну шарттарынан анықталған Iс шектеулi мәндерi отызыншы жылдары қабылданған.
Жоғарыда айтылғандар оқшауланған бейтараптама көрсеткiштер жиынтығы бойынша бейтараптаманың ең тиiмсiз жұмыс режимi дегендi көрсетедi. Оқшауланған бейтараптама режiмi қолдануға болатын тиiмдiлiк көрсеткiштерiн негiзiнен оқшаулау бойынша үлкен қорлары бар 6 – 10кВ әуе желiлерiнде дұрыс пайдалану және феррорезонанстық процесстердi болдырмау шаралары қолданылған жағдайда қамтамасыз ете алады. Көпшiлiк мамандар оқшауланған бейтараптамамен жұмыс iстейтiн желiлерге арналған Iс шектеулi мәндерiн азайтуды не оқшауланған бейтараптама режiмiн ең алдымен 6 – 10кВ кабельдiк желiлерде пайдаланудан бас тартуды ұсынады.
Доға сөндiрушi реактор арқылы бейтараптаманы резонанстық жерлендiру (БЖТ сыйымдылықтың тоғын қарымталау) талаптарына сәйкес электрлiк желiнiң қосылған сыйымдылықтың тоғы Iс жоғарыда көрсетiлген оқшауланған бейтараптама режiмi үшiн шектелген мәндерден жоғары болатын барлық жағдайларда қолданылуға тиiс. Көптеген мамандардың пікiрi бойынша желi бейтараптамасын резонанстық жерлендiру БЖТ жағымсыз зардаптарымен зақымдалған элементтi дереу ажыратусыз күресудiң ең тиiмдi құралдарының бiрi болып табылады. Бейтараптаманы резонанстық жерлендiру негiзiнде бейтараптама жерлендiру режiмiнiң тиiмдiлiгiн 0,8 - 0,9 және одан жоғары мәндерге дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Дегенмен, бейтараптама резонанстық жерлендiрудiң осындай айқын артықшылықтарына қарамастан, пайдалану тәжiрибесi тиiмдiлiк көрсеткiштерi жоғары желiлермен қатар көптеген қарымталанған желiлердiң оқшауланған бейтараптамалы желiмен салыстыратындай не тiптi одан да төмен тиiмдiлiк көрсеткiштерiне ие екендiгiн көрсеттi. Қарымталанған желiлердегi осындай жағдайдың негiзгi себептерi келесiлер болып табылады:
Қарымталанған желiлерде қарымтаны автоматты баптау құрылғыларының болмауы не олардың жеткiлiксiз техникалық жетiлдiрiлуi, нәтижесiнде ДСР баптау резонанстықтан елеулi ерекшеленедi;
Өнеркәсiпте шығарылатын ДСР еткiлiксiз техникалық жетiлдiрiлуi мысалы, шекаралас тармақтар токтары айырмашылығының үлкендiгi, шағын тоқтарға ДСР жоқтығы және т.б.);
Желiлердiң фазалық жерге өткiзгiштiктер бойынша симметриялы еместiгi (ең басты әуелiк желiлер);
Ативтi құрауыш пен жоғары гармониканың қарымталанбайтын ДСР әсерiнен болатын Iс үлкен міндерiндегi (100 ампер) БЖТ орнындағы қалдық тоқ мәнiнiң үлкен болуы;
БЖТ қорғаныс құралдары мен селиктивтi сигнализациясының жеткiлiксiз техникалық жетiлдiрiлуi, мұның өзi талап етiлетiн орнықтылық пен олардың қызметiн қамтамасыз ету үшiн зақымдалған орындағы қалдық тоқты жасанды көбейту қажеттiгiне немесе зақымдалған элементтi iздеу уақытын ұлғайтуға әкелiп соқтырады.
ДСР резонанстық бапталуы жағдайында зақымдалған орындағы БЖТ қалдық тоғы тек қарымталанбайтын активтi құрауыш және жоғары гармоникалардан тұрады.
Қарымталанған желiлердегi активтi құрауыш әдетте Iс 5 –7 % құрайды. БЖТ қалдық тоғындағы жоғары гармоникалық құрауыштардың үлесi Iс бiрден 10 дейiн және одан жоғары процентiн құрауы мүмкiн. Желiнiң қосылған сыйымдылықтық тоғы Iс = 200  300 А және одан жоғары болған жағдайда БЖТ қалдық тоғы тiптi ДСР резонанстық бапталғанның өзiнде 20 – 30 А дейiн жетiп және одан жоғары болуы мүмкiн, мұның өзi тұйықталу тоғы доғасының өздiгiнен сөну шарттары бойынша шектiк мәннен асып кетедi. Сондықтан Iс үлкен мәндерiнде (100 ампер) БЖТ сыйымдылық тоғын қарымталау үнемi тиiмдi болмайды. Мұндай жағдайларда желiнi не электрлiк байланысты емес бөлiктерге бөлу қажет, не бейтараптама жерлендiрудiң басқа режiмiне көшу қажет.
Сонымен, БЖТ сыйымдылық тоғын қарымталау арқылы жұмыс iстейтiн желiлер бейтараптамасын жерлендiру режiмi тиiмдiлiгi жеткiлiксiздiгiнiң негiзгi себептерi оны қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерді шешудiң кешендi амалының жоқтығы немесе оны жобаланған тиiмдiлiктi бере алмайтындығы алдын ала белгiлi жағдайларда қолдану болып табылады.
Орташа кернеулi желiлерде бейтараптаманы резистор арқылы жерлендiру Францияда, Германияда және кейбiр басқа елдерде кеңiнен қолданылады. Бейтараптаманы резистор арқылы жерлендiру екi түрге бөлiнедi: жоғарыомды және төменомды. Бейтараптаманы жоғарыомды жерлендiру кезiнде жерлендiрушi резистордың кедергiсi R келесi шарттардан таңдалады:
R = (1  2) c (2.2)

мұндағы c = Uф,ном /I c - желiнiң қосылған сыйымдылықтың


кедергiсi

Жерлендiрушi резистордың кедергiсiн (2.2) шартынан таңдау кезiнде доғалы бiр болып бiр болмайтын БЖТ жағдайында желi фазаларындағы зарядтар жинақталу эффектiсi минимум болады және зақымдалмаған фазалардағы асқын кернеу доғаны қайта тұтандыру кезiнде (2,4 –2,5)Uф,ном мәндерiнен аспайды.


Егерде бейтараптаманы жоғарыомды жерлендiру жағдайында жерге тұйықталу тоғы оқшауланған бейтараптамалы желiлер үшiн қабылданған шектiк мәндерден аспауға тиiс деп қабылдасақ, онда R = с болғанда желiнiң қосылған сыйымдылық тоғы I c оқшауланған бейтараптамалы желiге арналғаннан рет аз болуға тиiс
Жерлендiрудiң жоғарыомды режiмiн қолдану аясы оқшауламаланған бейтараптама режiмiнiкiнен көбiрек шектеледi (Iс мәнi бойынша). Көпшiлiк мамандардың пiкiрi бойынша бейтараптама жерлендiрудiң жоғарыомды режiмiн ең алдымен Iс 5 – 10 А болғанда U = 6 – 10 кВ болатын желiлерде қолданған орынды. Мұндай желiлерге атап айтқанда 6 – 10 кВ әуе желiлерiнiң көпшiлiгi, ұзын емес кабельдiк шахталық, кенiштiк желiлер, шымтезек қазу орындарының желiлерi және басқалар жатады.
Бейтараптаманы резистор арқылы төменомды жерлендiру кезiнде БЖТ тоғының мәнi екi шартпен шектеледi:
БЖТ –дан нөлдiк реттiлiктегi қарапайым тоқтық қорғаныстық желiнiң барлық жұмыс режiмдерiнде орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Ең қауiптi доғалы бiр болып бiр болмайтын БЖТ пайда болуына мүлдем мүмкiндiк бермеу;
Электрлiк желiлердiң параметрлерiне байланысты нөлдiк реттiлiктегi тоқтық қорғаныстың орнықты жұмыс iстеу шарттары БЖТ тоғының оннан жүз амперге дейiнгi мәндерiнде қамтамасыз етiледi . Доғалы бiр болып бiр болмайтын БЖТ пайда болуына мүмкiндiк бермеу үшiн тұйықталу тоғының минималды мәндер мәлiметтерi бойынша 100 А-ден кем болмауға тиiс. БЖТ тоғының көрсетiлген мәндерiнде зақымданудың осындай түрлерiнен қорғаныс тек ажыратуға ғана әрекет етуi керек.
БЖТ тоғының максимал мәнi қорғаныстың әрекет ету уақыты iшiнде желi элементiнiң қатты зақымдануына жол бермеу шартымен шектеледi.
Төменомды жерлендiрудiң негiзгi кемшiлiгi қысқа мерзiмдi өздiгiнен жойылатын (бейтараптама жерлендiрудiң басқа режiмдерiнде) оқшаулама тесiлулерiнiң орнықты зақымдануларға ауысуы салдарынан болатын желi элементтерi ажыратылу санының елеулi көбеюi болып табылады.
Гефтинск өзiндiк мұқтаждық БЭТС 6 кВ желiсiнде бейтараптаманы төменомды жерлендiрудi қолдану тәжiрибесi бейтараптасы төменомды жерлендiрiлген секциялардағы электрқозғалтқыштардың ажырау саны оқшауланған бейтараптамамен не сыйымдылықты тоқты қарымталау арқылы жұмыс iстейтiн секциялардағыдан көп болғандығын көрсеттi. Электр желiлерi мен тұтынушылар технологиялық процесстерiнiң жеткiлiксiз автоматтандырылған және резервтелген жағдайында желi элементтерi ажырауы мөлшерiнiң көбеюi БЖТ – дан келетiн залалдық көбеюiне, яғни сенiмдiлiктiң төмендеуiне әкелiп соқтырады.
Төменомды жерлендiрiлген бейтараптамалы желiлердегi элементтердiң шамадан тыс ажыратуларын зақымдалған фазаны тез әрекет ететiн автоматты қысқамерзiмдi жерлендiрудi (ФАЖ) пайдалану арқылы азайтуға болады. Бұл көпшiлiк жағдайда оқшауламаның жерге тесiлулерi доғасының өздiгiнен тиiмдi сөнуiн қамтамасыз етедi . Бiрақ Ресейде сәйкес әзiрлемелердiң болуына қарамастан , тез әрекет етушi ФАЖ-ды жүзеге асыру үшiн қажеттi аппаратура өнеркәсiптен шығарылмайды.
Айтылғандарды ескере отырып, электрлiк және технологиялық резервтеу шарттарын, тарату желiлерiнiң, электрмен жабдықтау жйелерiнiң, технологиялық процесстердiң автоматтандырылу дәрежесiн ескере отырып) бейтараптаманы төменомды жерлендiрудi тек желiнiң кез-келген элементiн ажыратуға рұқсат етiлетiн желiлерде ғана қолданған орынды.
Ережеде ұсынылған бейтараптама жерлендiрудiң резонанстық және жоғарыомды режiмдерiн үйлестiру ДСР келесi шарттардан таңдалған резистормен шунттауды көздейдi:
(2.3)
мұндағы I3 = IДГР - IС – қарымтаны бұзу тоғы.
ДСР шунттайтын жоғарыомды резисторды қолдану тiптi қарымталаудың жеткiлiктi түрде үлкен бұзылуларының өзiнде доға сөнуiнен кейiн фазалардағы кернеу соғуларының тоқтауына әкелiп соқтырады, зақымдалмаған фазалардағы асқын кернеу еселiгiн 2,5 мәндерiне дейiн азайтады. Бұл жерлендiру режiмiнiң артықшылықтарына сондай-ақ фазалар сыйымдылығының жерге симметриялы еместiгi үлкен желi жұмыс режiмiнiң жақсаруын жатқызуға болады. Кемшiлiктерi зақымдану орнындағы тоқтың бiршама көбеюi және доғаның қайта тұтану ықтималдылығының өсуi болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет