Техналогиалық бөлім


Бiрфазалы жерге тұйықталу туралы қысқаша мәлiметтер



бет7/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Ахмет

2.1 Бiрфазалы жерге тұйықталу туралы қысқаша мәлiметтер

Бiрфазалы жерге тұйықталу 6-10 кВ (электрлiк зақымданулар жалпы санының 75-90%) орташа кернеулi электр желiлерiндегi зақымданулардың басым түрi болып табылады және жиi елеулi экономикалық залалдарға әкелетiн апаттардың басты себебi.


Қысқаша тұйықталулардың түрлерiнен (үшфазалы, екiфазалы және т.б.) айрықша БЖТ (бiрфазалы жерге тұйықталу) түрлерi осы зақымдану түрлерiнен қорғайтын өлшеу органдарына, демек, соңғының жұмыс iстеу шарттарына келтiрiлетiн электрлiк шамалардың түрпiшiнi және мәндерiмен ерекшеленедi. БЖТ барлық түрлерiн екi топқа бөлуге болады: орнықты және орнықсыз. Зақымдалған фазаның жермен сенiмдi гальваникалық байланыста (металлдық байланыс, өтпелi кедергi, тұрақты жанушы доға) болған жағдайда орын алатын орнықты БЖТ токтар мен кернеулерде тек өнеркәсiптiк жиiлiк пен жоғары гармоникалардың ерiксiз құрауыштарының болуымен сипатталады.
Орнықсыз доғалық тұйықталулар – БЖТ негiзгi түрi үздiктi тоқ түрiмен сипатталады, онда өту процессiнiң амплитудалары төмендегiлерге байланысты еркiтi құрауыштары басым: желiнiң қосынды сыйымдылық тоғына Iс, БЖТ нүктесiнiң шиналарадан қашықтығына, оқшаулама тесiлген сәттегi зақымдалған фазадағы кернеуге, электр желiсi сызықтарының параметрлерiне.
Барлық орнықсыз БЖТ шартты түрде екi түрге бөлуге болады: бiрреттiк өздiгiнен жойылатын оқшаулама тесiлуi және доғалы үздiктi тұйықталу - өздiгiнен жойылатын оқшаулама тесiлуiнiң реттiлiгi жалпы жағдайда периодты емес. Егерде доғаның жануы азғантай уақыт аралықтарында болатын болса (жобамен 0,1 с аспайтын), БЖТ фазаларда зарядтардың жиналуы және желi бейтараптамасының қосымша араласуы арқылы жүредi. БЖТ бұл түрiн доғалы бiр болып бiр болмайтын жерге тұйықталу деп аталады. Оқшауланған бейтараптамалы желiлерде доғалы бiрде болып бiрде болмайтын БЖТ жағдайында қайталанған оқшаулама тесiлулерi аралығындағы минималды тоқсыз үзiлiстер әдетте 40-50 мс аспайды, кейбiр жағдайларда доғаның сөнуi мен тұтануы әрбiр период немесе тiптi жартылайпериод сайын қайталанып отырыуы мүмкiн. Тоқсыз үзiлiстер аралығындағы доға жануының ұзақтығы әдетте 20-40 мс аспайды. Резонансты не доға сөндiргiш реакторлары (ДСР) оған жақын етiп бапталған, қарымталанған желiлерде қайталанған тесiлулер аралығындағы үзiлiстер 5 -10 периодтарға дейiн көбейедi. Мұндай жағдайларда доғаның қайта тұтануы кезiнде желi фазаларында зараядтар жинақталмайды және доға үздiктiк сипатқа ие болады, бiрақ бiр болып бiр болмайтын емес.
Бейтараптамасының жерлендiрiлуi «жоғарыомды» желiлердегi БЖТ да үздiктi доғалы сипатқа ие бола алады. Бiрреттiк өздiгiнен жойылатын оқшаулама тесiлулерi жағдайында доға жануының ұзақтығы бiрден бiрнеше ондаған миллисекундқа дейiнгi шектерде жатуы мүмкiн, мұның өзiнде БЖТ-дан қорғауға келтiрiлетiн тоқтар мен кернеулерде iс жүзiнде тек еркiн құрауыштар болады. Қысқа мерзiмдi БЖТ ережеге сай оқшауламаның толық тесiлуi алдында пайда болады да, доғалы үздiктi және орнықты БЖТ-ға ауыса отырып, ұдайы дамиды. Мәлiметтер бойынша кабельдердегi және машиналардағы БЖТ көпшiлiгi оқшаулама зақымдануының кем дегенде бiрнеше минутқа созылатын бастапқы сатысында доғалы үздiктiлiгiмен сипатталады, мұнда БЖТ орныққан тоғының әртүрлi құрауыштарын пайдалануға негiзделген, зақымданудың осы түрiнен қорғауға арналған қорғаныстың жұмыс iстеу тиiмдiлiгi елеулi түрде төмендейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет