Техналогиалық бөлім



бет17/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
4.5 Өндіріс шаңы

Шаңның қасиеттері. Өндіріс шаңы (тозаңы) деп әртүрлі үдерістерде пайда болып, ауаға көтеріліп, қалқып жүрген қатты заттардың өте ұсақ бөлшектерін айтады. Ауамен араласып, қалқып жүрген шаңды аэрозоль деп атайды, ал ауадан түнып отырған шаңды аэрогель дейді.


Өндірісте көптеген технологиялың операциялар жүргізілу барысында шаң шығу процессімен байланысты болады, мысалы, материалдарды үсату, іріктеу, тасымалдау, аудару, өндеу тағы басқа әрекеттөр; пісіру, дәнекерлеу жұмыстары; химиялық, термиялық процестер тағы басқалар.
Шаң (тозаң) пайда болу тегі жағынан органикалың және органикалық емес болып белінеді. Органикалық шаңдарға жататындар: өсімдік текті шандар (ағаш, мақта, ұн, қант т.б.), жануарлар текті шаңдар (жүн, сүйек, тері, мүйіз т.б.), химиялық текті шаңдар (пластмасс т.б.). Органикалық емес шаңдарға жатады: металл шаңдары (темір, чугун, мыс т.б.), минерал шаңдары (цемент, тас, кварц т.б.).
Шаң бөлшектері ірілігі (өлшемі) жағынан мынандай топтарға бөлінеді:
1. Ірі шаң - бөлшектерінін өлшемі 500-100 мкм, ауада қалмай тез отырады, жай көзбен көруте болады.
2. Ұсақ шаң - бөлшектерінің өлшемі 100-10 мкм, ауада көп болмай отырады, жай көзбен көруге болады.
3. Майда (күлдей) шаң - бөлшектерінін өлшемі 10-0,1 мкм, ауада қалқып, көп уақыт бойы сақталады, жай көзге көрінбейді, микроскоппен көруге болады.
4. Өте майда (күлдей) шаң - бөлшектерінің өлшемі 0,1 мкм кіші, ешқашанда ауадан отырмай қалқып жүреді, тек электрон микроскопымен ғана көруге болады.
Шаңдар зәрлілік жағынан улы (қорғасын, мышьяк, цинк, мыс т.б.) және усыз (цемент, темір, ағаш, көмір т.б.) болады. Олар адам организміне көп мөлшерде кіріп улану қауіпін туғызуы мүмкін.
Шаңдар жаңу қабілеттілігі жағынан жанғыш (ағаш, ұн, пластмасс т.б.), жанбайтын (цемент, тас, кварц т.б.) және жарылғыш болып бөлінеді. Кейбір әншейінде жанбайтын немесе нашар жанатын затт шаң түрінде жарылғыш болып кетеді.
Өндірістік жағдайларда ауада шаңның бір түрі ғана болмай те бірнеше шандар қосылып, аралас шаңдар болады.
Ауадағы шаннын мөлшері (шаңдылық) мг/м3 есебімен өлшенеді.
4.5.1 Шаңның зияндылығы. Өндіріс шаңы кәсіби зияндылық болып есептеледі. Ол адамнан тыныс жолдарына, өкпеге, денеге, кезге, ас қорыту органдарына зиды әсерін тигізеді. Ауада негізінде бөлшектері 10 мкм кіші шаң ғана көп уақыт бола алады. Осындай шандалған ауамен дем алғанда шаң жұтқан ауанен бірге адамның тыныс органдарына кіреді, 5 мкм ден үлкен шан бөлшектері жоғаргы тыныс жолдарына тоқтап, онда әр түрлі зақымдар келтіреді: жөтел, қабыну, астма т.б.
Шаңның 5 мкм ден кіші бөлшектері тыныс жолдарымен одан әр теренге өтеді, ал 1-2 мкм ден кем бөлшектер өкпеге дейін жетіп; сонда отырады. Шан өкпеде жиналып, біраз уақыт өткеннен кейін өз де паталогиялық процесс туғызып, адамды ауруга шалдықтырады. Жәнқан шаңнын әсерінен пайда болатын өкпе ауруын пневмокониоз деп аталады.
Әр шаңнын шыңқан тегіне қарак пневмокониоздың бірнеше түрлері болады:
1. Силикоз – кварц SiO2 (кремнезем) тозанынан.
2. Антракоз - тас көмір тозанынан.
3. Сидероз - темір рудалар тозанынан,
4. Алюминоз - алюниний тозанынан пайда болады т.с.с.
Осы аурулардын ішінде ең көп тарағаны және қауіптісі силикоз болып есептеледі. Силикоз құрамында кремниудін қос тотығы (SiO2 - кремнезем) бар шаңды жұтқаннан пайда болады. Бұл кәсі ауру тау-кен жұмыскерлерінің арасында көп кездеседі.
Силикоз ауруының пайда болу мәнісі мынада: өкпеде жиналған кремнезем сұйық заттардың әсерінен коллоид ерітіндісіне, яғни кремний қышқылына айналады (SiO2→H2SiO3). Бұл қышқыл өкпенін нәзік етін бүлдіріп, оны қатқыл (дөрекі) тканға айналдырады (фиброз процессі), осыдан силикоз ауруы басталады. Өкпенің дем алатын ұсақ тесіктерінін жалпы беті (газ алмасу беті, бір адамның өкпесіңде 50 м2 дейін болады) істен шығып, кемігендіктен жұтқан ауаның оттегі толық пайдаланылмай, "оттек ашығуы" туып, дәмікпе пайда болады.
Силикоз аурун шаңды ауада 5-10 жыл бойы жұмыс істеген кезде пайда болады. Бұл ауруды 3 стадияға (сатыға) бөледі, ең ауыры 3 - стадия болады. Бұл жағдайда тыныш қалыптын өзінде ауыр демікпе, қатты жөтел, кеуде қатты ауыру, қан түкіру, қан айналысы нашарлау тағы басқа зардаптар болады. Силикоз түбінде туберкулезбен асқынуы мүмкін. Силикоз жазылмайтын ауру болып табылады, одан тікөле емделетін әдістер әзірше жоқ. Сондықтан силикоз ауруын болдырмау мәселесіне көп назар аудару керек.
Шандар тек өкпеге ғана емес басқа дене мүшелерінеде зиянды әсерін тигізуі мүмкін: көзге, теріге, ас қорыту органдарына. Зиянды шан денеде язва, экзема, дерматит, ісік; кезде қабыну; тамақта бронхит, астма туғызады. Улы заттардың шаңдары денеге кіріп, адамды уландыруы мүмкін. Сонымен шандар зиянды әсерін бардық организмге тигізеді.
Санитарлық нормага сәйкес жұмыс зонасынын ауасында шандардың ақырғы шекті концентрациясы (АШК) белгіленген (мг/м3).

ҚОРЫТЫНДЫ


Негізгі бөлімде кернеуi 6 кВ болатын электр қондырғыларына есептеулер жүргiзiлген. Кәсіпорынның электр жүктемелерінің негізгі мінездемелері, бас төмендеткіш қосалқы станция трансформаторлары таңдалған. Қысқаша тұйықталу тоқтары есептеліп, әуе және кабель желілері, басқару және қорғау аппаратуралары, тоқөткізгіш бөлшектер таңдалған. Аз майлы ажыратқыштардың орнына вакуумдық ажыратқыштар таңдалған. Бас төмендеткіш қосалқы станция трансформаторының, секциялы ажыратқыш және жеолестіру жағдайы қарастырылды.


Арнайы бөлімде бірфазалы жерге тұйықталу туралы мәліметтер бейтараптамаларды жерлендірудің негізгі режімдері, жерге аз тоқты тұйықталуы 6 кВ карьерлік тарату желілеріндегі бірфазалық жерге тұйықталғандағы бағытталмаған қорғаныстың орындалуы және нөлдік тізбектегі тоқтық қорғаныстың орындалу параметрін таңдау. Бірфазалық жерге тұйықталу қорғанысының талғамдығын жоғарлату үшін әдістер қолданған.
Экономика бөлімінде желі қондырғыларын жетілдіруге кететін капиталды шығындар және электр энергиясының шығындары, тиімділіктері қарастырылды.
Техника қауіпсіздігі бөлімінде өндірістік санитарлық және жеке тазалықтың негізгі талаптары, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғаушаралары және өндіріс шаңы қарастырылған.
Дипломдық жоба мемлекеттік стандартқа сәйкес орындалған.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Анчарова, Т.В. Электроснабжение и электрооборудование зданий и сооружений: Учебник / Т.В. Анчарова, М.А. Рашевская, Е.Д. Стебунова. - М.: Форум,2018.
2. Анчарова, Т.В. Электроснабжение и электрооборудование.: Учебник / Т.В. Анчарова, М.А. Рашевская, Е.Д. Стебунова. - М.: Форум, 2015
3. Анчарова, Т.В. Электроснабжение и электрооборудование зданий и сооружений / Т.В. Анчарова, Е.Д. Стебунова, М.А. Рашевская. - Вологда: Инфра-Инженерия,2016.
4. Кашкаров, А.П. Автономное электроснабжение частного дома / А.П. Кашкаров.-РнД:Феникс,2015..
5. Кашкаров, А.П. Автономное электроснабжение частного дома своими руками/А.П.Кашкаров.-Рн/Д:Феникс,2019.
6. Киреева, Э.А. Электроснабжение и электрооборудование организаций и учреждений (для бакалавров). Учебное пособие / Э.А. Киреева. - М.: КноРус, 2017.
7.Киреева, Э.А. Электроснабжение и электрооборудование цехов промышленных предприятий (для бакалавров) / Э.А. Киреева. - М.: КноРус, 2015.
8. Кудрин, Б.И. Электроснабжение: Учебник / Б.И. Кудрин. - М.: Academia, 2016.
9. Кудрин, Б.И. Электроснабжение: Учебник / Б.И. Кудрин, Б.В. Жилин, М.Г. Ошурков. - Рн/Д: Феникс, 2017.
10. Кудрин, Б.И. Электроснабжение: учебник / Б.И. Кудрин. - РнД: Феникс, 2018.
11. Мамошин, Р.Р. Электроснабжение электрифицированных железных дорог: учебник/Р.Р.Мамошин,А.Н.Зимакова.-М.:Альянс,2016.
12. Никитенко, Г.В. Электрооборудование, электротехнологии и электроснабжение сельского хозяйства. Дипломное проектирование: Учебное пособие / Г.В. Никитенко, Е.В. Коноплев. - СПб.: Лань, 2018.
13. Ополева, Г.Н. Электроснабжение промыш.предприятий и городов: Учебное пособие / Г.Н. Ополева. - М.: Форум, 2018.



Ф ЖИГК 703-63-20 Дипломдық жоба.Үшінші басылым
Ф ЖИГК 703-63-20 Дипломный проект.Издание третье


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет