2.2 Бейтараптамаларды жерлендіру режімдері және жерге тұйықталудан қорғаныстың әрекет ету тәсілдерi
Бейтараптаманы жерлендiру режiмдерi БЖТ кезiндегi электрмагниттiк процесстердi, БЖТ түрлерiнiң қауiптiлiк дәрежесiн, олардың зардаптарынан келетiн залалдарды (кенеттен не алдын ала қарастырылған ажыратулар), жерге тұйықталу орнынан жақын жердегi адамдар мен жануарлар қауiпсiздiгiн, БЖТ-дан қорғаныс талаптарын, қорғанысты орындау қағидаларын және оның әрекет ету тәсiлдерiн ( белгiге (сигналға) не ажыратуға) сипаттайды.
Ресейде қабылданған нормаларға сәйкес қарастырылып отырған желiлердiң оқшауланған бейтараптамамен не БЖТ сыйымдылық токтарын қарымталау арқылы жұмыс iстеуi қамтылған. Блоктық электрстанцияларының өзiндiк мұқтаждық 6 кВ желiлерiнде бейтараптаманы резистор арқылы жерлендiру жұмыс режiмi рұқсат етiледi. Соңғы жылдары әртүрлi кеңестерде және баспасөздерде бiрнеше рет 6-10 кВ желiлер бейтараптамасын жерлендiру режiмiне байланысты электрмен жабдықтау сенiмдiлiгiн және адамдар мен жануарлар қауiпсiздiгiн арттыру проблемасының әртүрлi аспектiлерi талқыланды, қолданыстағы электрқондырғыларын орнату ережелерiнiң қағидалары бейтараптаманы жерлендiру режiмiн таңдау және оларды жетiлдiру бөлiгiнде сынамалы түрде бағаланды. Жоғарыда көрсетiлген жарияланымдардың көбiнде авторлар «жоғарыомды» немесе «төменомды» резисторлы бейтараптама жерлендiрулерiн жоғары бағалайды. қарастырлып отырған желiлердiң бейтараптамасын жерлендiру режiмдерiн жетiлдiруге ұсынылып отырған амалдарды бағаламай, БЖТ-дан қорғанысқа қойылатын жалпы талаптарды қалыптастыру мүмкiн емес.
6-10кВ орташа кернеулi электр желiлерi бейтараптамасын жерлендiрудiң ықтимал режiмдерiнiң барлық түрлерiн екi топқа бөлуге болады.
Бiрiншi топқа желiнiң БЖТ-мен жұмыс iстеуiне рұқсат етiлетiн режiм жатады. Бейтараптаманы жерлендiрудiң бұл амалы бiр фазаның жерге тұйықталуы тұтынушылар жұмысын анықтайтын фазааралық кернеулер үш бұрышына әсер етпейдi, сондықтан дереу ажыратудың қажетi жоқ деген негiзгi қағидаға сүйенедi. БЖТ-дан қорғаныс бейтараптама жерлендiру режiмi осындай желiлерде ережеге сай, сигналға әрекет ету арқылы орындалады. Бұл жағдайда бейтараптаманы жерлендiру режiмiне қойылатын негiзгi талап БЖТ болған желiнiң зақымдалған элементтi табуға және оны тұтынушыларды электрмен жабдықтауды бұзбай қолмен ажыратуға жеткiлiктi уақытқа сенiмдi қызмет етуiн қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау болып табылады. Бейтараптаманы жерлендiру режiмi мен БЖТ-дан қорғаныстың әрекет ету тәсiлiне қатысты бұл амал тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың кенеттен бұзылуын тоқтатуға мүмкiндiк бередi, ал кенеттен бұзылу көптеген өнеркәсiп салаларындағы зақымдалған элементтiң ажырауы салдарынан келтiрiлген залалдың негiзгi себебi болып табылады.
Екiншi топқа желiлердiң БЖТ-мен жұмыс iстеуiне рұқсат ететiлетiн режiмдер жатады. Бұл амал бiр фазасы жерге тұйықталған желiнiң жеткiлiктi түрде сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету қиын, өйткенi БЖТ тек зақымдалған элемент үшiн ғана емес, жалпы барлық электр желiсi үшiн қауiптi, яғни, зақымдалған элементтiң дереу ажыратылуын және электр желiсiн бейтараптама ығысуынсыз қалыпты жағдайға қайта келтiрудi талап ететiн, электрқондырғыдағы ақау болып табылады деген болжамға негiзделген. Бейтараптама режiмi мен БЖТ-дан қорғаныстың әрекет ету тәсiлiн таңдау бойынша бұл амалдың негiзгi кемшiлiгi зақымдалған элементтiң кенеттен ажырау және тұтынушыларды электрмен жабдықтау бұзылулары санының көбеюi болып табылады.
6-10 кВ желiлердiң бейтараптама жерлендiру режiмi амалын таңдау кезiнде келесiлердi ескеру қажет.
1. Тарату электрлiк желiлерiн, электрмен жабдықтау және технологиялық процесстер жүйелерiн резервтеу мен автоматтандыру деңгейiн арттыру көп жағдайларда БЖТ кезiнде зақымдалған элементтердi (желiлер, электрқозғалтқыштар және т.б.) жұмыс жағдайында сақтап қалу талабын төмендеттi. Осыған байланысты 6-10 кВ желiлерiнде ажырауға әрекет ететiн БЖТ-дан қорғанысты қолдану аясы елеулi түрде кеңеюi мүмкiн.
БЖТ-дан қорғаныстың ажырауға әрекет етуi бейтараптама жерлендiрудiң кез-келген режiмiнде келесi жағдайларда қажеттi немесе орынды деп табылады:
Кенеттен ажыратылуы тұтынушылардағы электрмен жабдықтау және технологиялық процесстердiң бұзылуына әкелiп соқтырмайтын барлық элементтерде ( мысалы, резерв болған жағдайда);
БЖТ ажырату элетрлiк қауiпсiздiк талаптары бойынша қажет электр қондырғыларында;
Генераторларда, қуатты электрқозғалтқыштарда және зақымдалған элементтiң ажырауынан болады деп күтiлген залал БЖТ тоғының ұзақ өтуi немесе тұйықталудың ҚТ (қысқа тұйықталу) ауысуы зардабынан келетiн залалдан аз болатын басқа жағдайлар (мысалы, доғалы бiр болып, бiр болмайтын БЖТ салдары нәтижесiндегi кабель туннельдерiндегi өрт, ұзақ уақыттық жөндеулер мен технологиялық жабдықтың тұрып қалуына әкелетiн генераторлар мен электрқозғалтқыштардың зақымданулары және басқалар).
Қалған барлық жағдайларда тәуiрi БЖТ-дан қорғаныстың сигналға (БЖТ селективтi сигналдау) әрекетi болып табылады. Ол белгiлi жағдайларда зақымдалған элементтi тауып, оны тұтынушылардың электрмен жабдықтауды бұзбай ажыратуға мүмкiндiк бередi.
2. Ажыратуға әрекет етететiн БЖТ-дан қорғанысты қолдану аясының кеңеюi БЖТ болған желiнiң ұзақ жұмыс iстеуiне жол бермейтiн, бiрақ БЖТ өтпелi режiмдерiндегi асқын кернеулердi шектеу, феррорезонанстық процесстердi болдырмау жағынан (мысалы, оқшауланған бейтараптама режiмiнiң не БЖТ сыйымдылық токтарын қарымталау режiмiнiң орнына бейтараптаманы төменомдық жерлендiру) бейтараптама жерлендiру режiмiн қолдану үшiн мүмкiндiк жасайды.
3. 6-10 кВ желiлерде БЖТ бар желiнiң шектелген уақыт iшiнде жұмыс iстеу мүмкiндiгiн және сәйкес сигналға әрекет етушi БЖТ-дан қорғанысты қамтамасыз ететiн бейтараптама жерлендiру режiмдерiнен бас тарту не олардың қолдану аясын елеулi түрде шектеу қазiргi уақытта және жақын болашақта келесi себептерге байланысты мүмкiн емес:
Тарату желiлерi деңгейiнде желiлердi қорғаныстан ажырату кәсiпорындар мен жекелеген аудандарды электрмен жабдықтаудың бұзылуына әкелiп соқтыруы мүмкiн; көп жағдайларда бұл деңгейде тұтынушыларды таңдап ажырату мүмкiндiгi едәуiр шектеулi, сондықтан электрмен жабдықтаудың кенеттен бұзылу факторы ажырату салдарынан болған залал шамасында елеулi орын алады;
Өнеркәсiптiк кәсiпорындарды электрмен жабдықтау жүйелерi деңгейiнде элементтердi (желiлердi, трансформаторларды, электрқозғалтқыштарды) қорғаныстан ажырату цехтарды, қондырғыларды ажырату қажеттiгiне және осының салдарынан технологиялық процесстiң тоқтауына не бұзылуына әкелiп соқтыруы мүмкiн; кенеттен ажырау өнеркәсiптiң көпшiлiк салаларында залал шамасы мен сипатына әсер ететiн негiзгi фактор болып табылады.
Сонымен, БЖТ-тан қорғаныстың ажыратуға әрекетi тұтынушылардағы электр желiсi, сондай-ақ технологиялық процесстер жеткiлiктi түрде жоғары дәрежеде автоматтандырылған және резервтелген жағдайда ғана оң нәтиже бередi. Осыны ескере отырып, желiнiң БЖТ-мен ұзақ уақыт жұмыс iстеуiне жол бермейтiн бейтараптама жерлендiру режiмдерiнiң (мысалы, бейтараптаманы резистор арқылы төменгiомды жерлендiру) қолданыс аясын кеңейткен жағдайда 6-10 кВ желiлердiң бейтараптамасын жерлендiрудiң негiзгi режiмдерi ретiнде жерге тұйықталуы бар желiнiң шектелген уақыт iшiнде жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн режiмдер және сәйкес БЖТ-тан қорғаныстың сигналға әрекетi сақталады деп болжауға болады.
Мұндай бейтараптама жерлендiру режiмдерiне мыналар жатады:
Оқшауланған бейтараптама (желiнiң қосынды сыйымдылықты токтың шектелген мәндерi жағдайында);
Бейтараптаманы резонанстық жерлендiру (БЖТ сыйымдылықтың тоғын қарымталау);
Бейтараптаманы резистор арқылы төменгiомды жерлендiру (толық активтi – сыйымдылықты токтың шектелген мәндерi жағдайында).
Ережеде сонымен қатар бейтараптама жерлендiрудiң құрама режiмi ұсынылады. Бұл резонанстық және жоғарыомды бейтараптама жердендiру режiмдерiнiң негiзгi артықшылықтарын үйлестiретiн режiм болып табылады.
Нақты бейтараптама жерлендiрудiң режiмiн таңдау көптеген алуан түрлi факторларды есепке алу нәтижесi болып табылады. Олардың iшiндегi маңыздылары: БЖТ бар электр желiсi жұмысының сенiмдiлiгi, БЖТ-дан қорғаныстың тиiмдi қызметi, БЖТ-дың зақымдану орнынан жақын жердегi адамдар мен жануарлар үшiн қауiпсiздiгi, зақымданған орындағы токтың ЭБЖ-не (электр берiлiс желiсi) ¸серi.
БЖТ кезiндегi электр желiсi жұмысының сенiмдiлiгiне әсер ететiн негiзгi факторлар зақымдану орнындағы тоқ мәнi, феррорезонанстық және резонанстық процесстердiң, орнықсыз доғалы тұйықталу жағдайында зақымдалған фазалар мен желi бейтараптамаларында асқын кернеудiң пайда болу мүмкiндiгi болып табылады.
Шектелген мәндерде БЖТ тоғы электр желiсi элементтерi үшiн тiкелей қауiптi емес. Соңынан шиналардағы ҚТ ауысатын, кернеу трансформаторлары (ҚТ) орамасының зақымдануына әкелiп соқтыратын феррорезонанстық процесстер iс жүзiнде тек оқшауланған бейтараптамалы желiлерде ғана және желi фазалары сыйымдылығы мен ҚТ-ның сызықты емес индуктивтiгi арасындағы белгiлi бiр қатынас жағдайында ғана пайда болуы мүмкiн. НАМИ-6, НАМИ-10 тұрпатты арнайы электррезонанстық ҚТ 6-10 кВ желiлерде қолдану желi фазаларының кез-келген жерге сыйымдылықтары жағдайында феррорезонанстық процесстердi болдырмайды. Мұндай жағдайларда БЖТ нәтижесiндегi апаттардың басты себебтерi көпшiлiгiнде жерге тұйықталудың өтпелi режiмдерiндегi зақымдалған фазалардағы асқын кернеу салдарынан осы БЖТ-ның екi және көпорынды тұйықталуларға ауысыуы болып табылады. Сондықтан орташа кернеулi электр желiлерiнiң бейтараптамасын жерлендiру режiмi туралы мәселе тарихи орнықсыз доғалы БЖТ жағдайындағы асқын кернеуге байланысты пайда болған.
Асқын кернеудiң максималды мәндерi жерге тұйықталу кезiндегi электрмагниттiк өтпелi процесстердiң өту шарттарына байланысты, яғни, БЖТ түрлерiне байланысты. Оқшауламаның бiрiншi тесiлуi кезiнде кез-келген бейтараптама жерлендiру режiмiнде жұмыс iстеп тұрған желiнiң зақымдалған фазасындағы максималды кернеу сәтiнде зақымдалған фазалардағы асқын кернеу 2,5 Uф,max мәнiнен аспайды. Доғалы үздiктi БЖТ жағдайында зақымдалған фазадағы кернеу Uном мәнiне жақындаған кезде доғаның қайта жануы үлкен уақыт аралықтарымен (0,1 с артық) өтедi. Сондықтан қайта тесiлу кезiндегi зақымдалмаған фазалардағы асқын кернеулердiң мәнi 2,5 Uф,max мәнiнен болмашы ғана ерекшленедi.
Желi үшiн ең қауiптi доғалы бiр болып бiр болмайтын тұйықталулар болып табылады. Бұл тұйықталулар кезiнде асқын кернеулер (3,5 – 3,6) Uф,max мәндерiнiң шегiне дейiн жетуi мүмкiн. Доғалы бiр болып бiр болмайтын БЖТ кезiндегi асқын кернеулер аса үлкен болмағанымен, бiрақ асқын кернеу жерге тұйықталу орнына қарамастан барлық электр желiсiн қамтитындықтан оқшауламасы әлсiреген элементтерде екiншi қайта тесiлулер (жиi электрқозғалтқыштарда) болуы және жерге тұйықталудың релелiк фазааралық ҚТ-дан қорғаныспен ажыратылатын екi не көпорынды зақымдануларға ауысыу ықтимал. Оған қоса доғалы бiр болып бiр болмайтын БЖТ кезiнде тоқтың әрекеттегi мәнi зақымдану орнында өтпелi токтың еркiн құрауыштарының әсерi есебiнен бiрнеше рет көбеюi мүмкiн.
Сонымен, зақымдану орнында БЖТ тогы шектелiп және электр желiлерiнiң феррорезонанстарға орнықтылығы қамтамасыз етiлген жағдайда оның жерге тұйықталған фазамен жұмысының сенiмдiлiгiн арттыру ең алдымен доғалы БЖТ кезiндегi максималды асқын кернеудiң шектелуiне, олардың пайда болу ықтималдығын азайтуға немесе толық болдырмауға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |