Технологиялар


Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата28.01.2017
өлшемі0,87 Mb.
#2872
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1. Жаңа технологияны қолдану қандай кезеңдер арқылы іске асады? 
2.  Жаңа  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін  қандай  алғы  шарттар 
қажет болады? 
3.  Бүгінде  педагогикада  технология  ұғымы  қандай  мағынада 
қолданылуда? 
4. Оқыту технологиясының ерекшеліктері қандай? 
5.  Бүгінгі  танда  білім  беру  үрдісінде  қандай  дәстүрлі  әдістемелер 
қолданылады? 
6.  Педагогикалық  технологияда  алғаш  рет  анықтама  берген 
ғалымдарды атаңыз. 
7.  Қазақстандағы  қандай  ғалымдардың  оқыту  технологиялары  оқу 
үрдісінде белсенді түрде қолданылуда? 
8. Оқытудағы білім беру технологиясы қандай әрекеттерден тұрады? 
9.  Қазіргі  таңда  оқыту  үрдісінде  жеке  тұлғаға  бағдарланған  қандай 
білім  беру технологиялары жиі қолданылады? 
10.  Жас  ұрпаққа  білім  -  тәрбие  беретін  ұстаздары  қандай  болуы 
керек? 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1.  «Әлеуметтік  мектеп  технологиясы»  тақырыбында  баяндама 
жасаңыз. 
2.  Оқытуды  және  педагогикалық  қызметті  «технологияландыру» 
талпыныстары туралы конспект жасаңыз. 
3.  «Оқу  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді 
жүзеге асыру» тақырыбында реферат дайындаңыз. 
 
 
 

15 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1.  Технологиялық  тәсіл  білім  беру  жүйесінің  қандай  салаларында 
қолданылуы мүмкін? 
А) басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг 
Б) басқару, білім беру, қаржыландыру, заң 
С) қаржыландыру, мониторинг, заң, құқық 
Д) мониторинг, заң, құқық 
Е) басқару, білім беру, құқық 
2.  Жаңа  технологияны  қолдану  неше  кезең  арқылы  жүзеге 
асырылады? 
А) төрт 
Б) үш 
С) екі 
Д) бес 
Е) алты 
3.  «Педагогикалық  технологияны  тәжірибеде  іске  асатын  нақты 
педагогикалық жүйе, жоба», - деген тұжырымдаманы қай ғалым айтқан? 
А) В.П.Беспалько 
Б) В.В.Давыдов  
С) Д.Б.Эльконин 
Д) Л.В.Занков 
Е) С.И.Годник 
4.  Білім  алушылардың  өткен  материалды  бекітумен  қатар  оны 
меңгеруі қалай анықталады? 
А) тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу 
Б) тест, бақылау жұмыстары, құқық 
С) сұхбат, әңгімелесу,заң 
Д) сұхбат, әңгімелесу, кітап 
Е) бақылау жұмыстары, сұхбат, жасы 
5.  Т.Шамованың  классификациясы  бойынша  жеке  тұлғаға 
бағытталған білім беру технологиялары негізінен неше топқа бөлінеді? 
А) үш 
Б) төрт 
С) бес 
Д) алты 
Е) жеті 
6. Оқушының білім сапасы неге байланысты болады? 
А) оқытушының шеберлігіне 
Б) кітапқа 
С) жазылған дәрістерге 
Д) оқушының жеке басына 
Е) оқушының ата-анасына 

16 
 
7.  Жеке  тұлғаны  жаңа  жағдайларға  бейімдеудегі  қиындықтарды 
сезіну мүмкіндіктері  қай ғалымның зерттеулерінде көрсетілген? 
А) С.И.Годник 
Б) А. М. Яглом 
С) Б. В. Гнеденко 
Д) А. А. Боровков 
Е) В. М. Тихомиров 
8.  Оқу  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді 
жүзеге асыру қанша кезеңде жүргізіледі? 
А) бес 
Б) төрт 
С) алты 
Д) жеті 
Е) сегіз 
9. Оқытушыларға жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету үшін 
қандай міндеттер жүктеледі? 
А)  өз  тәжірибесін  демонстрациялау  және талдау жасау, нәтижелерін 
эксперименттік түрде тексеру 
Б) өз тәжірибесін демонстрациялау, тілді меңгеру 
С) өз тәжірибесін демонстрациялау, заңды білу 
Д) өз тәжірибесін демонстрациялау,құқығын білу  
Е) өз тәжірибесін демонстрациялау, әдебиеттерді оқу 
10.  Нақты  бір  мамандықтар  бойынша  біліктілік  сипаттамасының 
талаптарына жасалған талдау негізінде қандай жұмыстар атқарылады? 
А) оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу 
Б) оқу бағдарламаларын қайтадан жазу 
С) жаңа кітап жазу 
Д) дәрістер жинағын толықтыру 
Е) жұмыс жоспарын түзету, толықтыру 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

17 
 
2. ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ МӘНІ, ОНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
 
ЖӘНЕ 
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ 
 
Үздіксіз  жаңалық  енгізу  білім  беру  мекемелерінің  басты  факторы 
болып  отыр.  Инновацияның  мәні  неде  және  оның  қажеттілігі  қандай 
себептермен түсіндіріледі? 
Бірінші  кезекте  инновацияның  өмірге  енуі  оқу  орнының  өзінің 
жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. 
Білім  беру  мекемесінің  алға  қойған  мақсатына  жетуі  үшін басқаруға 
ықпал  жасайтын  (оқытушылар  мен  білім  алушылар)  және  өзінің 
басқарушы  ішкі  жүйесі  (әкімшілік,  педагогикалық  ұжым)  біртұтас  жүйе 
болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. 
Инновацияның  қажеттілігі  сыртқы  себептермен  де  анықталады,  ол 
мынадай  бірқатар  себептерге  байланысты:  адамдардың  мұқтаждылығын 
қамтамасыз  ету  қажеттілігі,  білім  алушылардың  білімге,  дағдыға, 
шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның 
дамуы.  Демек,  жаңалықтың  ену  қажеттілігі  білім  алуға  деген 
коньюктураның  (бір  нәрсеге  әсерін  тигізетін  жағдайлардың  кездесуі) 
мұқтаждығынан пайда болады. 
Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары 
жетістікке  жетуінің  негізгі факторы болып табылады. 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  қызметін  көрсетуде  бәсеке  күшейіп  отыр, 
тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде. 
Білім  беру  қоғамдық  іс  -  әрекет  ретінде  қоғамда  өзгеріс  ізін 
қалдырады.  Білім  беру  жүйесінің  даму  деңгейі  қоғамдық  дамудың белгілі 
дәрежесінің  нәтижесі  немесе  салдары  деп  айтуға  болады.  Дегенмен,  кері 
байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал 
етеді. 
Әрине  педагогикалық  инновацияның  бір  бөлігі  ғана  тек  белгілі 
қоғамдық  қатынастарда  нақты  ақиқат  дүниеге  айналады.  Мысалы, 
ізгілендіру  үрдісінің  дамуының  негізгі  шарты  қоғамдағы  саяси  қайта 
құрулар  және  оның  жұмыс  істеуі  экономикалық  механизмнің  өзгерісі 
болып  табылады.  Дегенмен,  білім  беру  үрдісінің  педагогикалық 
сұрыпталуының негізі осы саланың қызметкерлері арқылы қалыптасады. 
Американдық  зерттеуші  С.Погровтың  пайымдауы  бойынша, 
педагогикалық  қайта  құрушылықтың  тарихы  -  бұл  үздіксіз  сәтсіздік 
нәтижелерін  тәжірибеде  бекіту.  Д.Тиак  және  басқада  зерттеушілер 
педагогикалық  иновацияның  әдетте  өмірінің  қысқа  болатынына  көңіл 
аударады. 
«Инновация  және  кәсіпкерлік»  деген  кітабында  П.Друкер  негізгі 
шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің толық көрінісін 
суреттейді,  оның  ішінде  жаңа  идеялар  жемісті  және  ұзақ  мерзімдік 
инновация адам қызметінің кез келген саласында қарастырады.  

18 
 
Жаңа 
идеялардың 
тағдырына 
қатысты 
ол 
төмендегідей 
қорытындыларға келеді: 
-  идеялар  айқын  мақсатты  көздеген  және оларды жүзеге асыру мен 
тарату тәсілдері қалыптасқан жағдайда  ғана сәтті инновация бола алады; 
-  инновация  жемісті  болу  үшін  ол  аз  және  өте  нақты  нәрседен 
басталуы қажет; 
-  ақпаратқа  негізделген  өзгерістің  сәтті  болуы  екіталай,  алынып 
отырған  ақпарат  оңай  жолмен келсе немесе арзанға түссе ғана өз жемісін 
береді. 
Тұтас  педагогикалық  үрдістің  инновациялық  стратегиясына 
жаңашылдық  үрдістерді  тікелей  алға  апарушылар  ретінде  мектеп 
директоры,  мұғалімдер  мен  тәрбиелеушілердің  рөлі  арта  түсуде.  Оқыту 
үрдісінің  көптүрлілігіне  қарамастан  –  дидактикалық,  компьютерлік, 
мәселелік,  модулдық  және  басқа  –  жетекші  педагогикалық  қызметті  іске 
асыру  мұғалімнің  еншісінде  қалып  отыр.  Оқу  –  тәрбие  үрдісіне  қазіргі 
заманғы  технологиялардың  енгізілуіне  байланысты  мұғалім  мен  тәрбиеші 
кеңесінің,  ақылшының  және  тәрбиешінің  қызметін  одан  әрі  игеруде. 
Мұғалімнің  кәсіптік  қызметі  арнаулы,  пәндік білімдермен ғана шектелмей, 
педагогика  мен  психологияның,  оқыту  мен  тәрбие  технологиясы 
салаларының  қазіргі  заманғы  білімдерін  де  қамтитын  болғандықтан 
мұғаліммен  арнайы  психологилық  –  педагогикалық  дайындық  талап 
етіледі.  Осы  негізде  педагогикалық  инновацияны  қабылдау,  бағалау және 
іске асыруға дайындық қалыптасады. 
Инновация  –  жаңалық,  жаңашылдық,  өзгеріс  деген  ұғымды 
білідіреді.  Инновация  үрдіс  ретінде  әлде  бір  жаңалықты ендіру деген сөз. 
Педагогикалық  үрдісте  инновация  оқыту  ме  тәрбиенің  тәсілдері,  түрлері 
мақсаты  мен  мазмұнына,  мұғалім  мен  оқушының  бірлескен  қызметін 
ұйымдстыруға жаңалық енгізуді білдіреді. 
Білім  берудеге  инновациялық  үрдістердің  мәні  педагогиканың 
маңызды  екі  мәселесін  құрайды.  Олар  –  озық  педагогикалық  тәжірибені 
зерттеу,  жинақтау  мен  тарату  мәселесі  және  педагогикалық  – 
психологиялық  ғылымдардың  жетістігін  тәжірибесін  енгізу  мәселесі. 
Соған  сәйкес  инноватика  пәні,  инновациялық  үрдістердің  мазмұны  мен 
механизмі осы кезге дейін бір – бірінен оқшау қарастырылып келген өзара 
тығыз байланысты екі үрдістің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, 
яғни  инновациялық  үрдістің нәтижесі теориямен тәжірибенің тоғысуында 
пйда болатын теориялық және тәжірибелік  жаңалықтарды қолдану болады. 
Мұның  барлығы  педагогикалық  жаңалықты  –  жасау,  игеру  және 
пайдалануда  басқару  қызметінің  маңыздылығына  көз  жеткізе  түседі. 
Өйткені,  мұғалім  жаңа  педагогикалық  технологияның,  теория  мен 
тұжырымдаманың  авторы,  талдап  жасаушысы,  зерттеушісі,  тұтынушысы 
және насихатшысы қызметін атқарады. Осы үрдісті басқару мұғалімнің өз 
қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар мен 
әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал 

19 
 
педагогикалық  қызметте  инновациялық  бағыттылықты  қазіргі  заманғы 
білім  беру,  қоғамдық  және  мәдени  даму  жағдайында  педагогикалық 
қызметтің 
инновациялық 
бағыттылығының 
қажеттігі 
бірқатар 
жағдайлармен айқындалады. 
Біріншіден,  қоғамда  жүріп  жатқан  әлеуметтік  – экономикалық қайта 
құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының 
оқу  тәрбие  үрдістерін  ұйымдастырудың  технологиясын  түбірінен 
жаңартуды  талап  етуде.  Педагогикалық  жаңалықты  жасау,  игеру  және 
пайдалануға  негізделген  мұғалім  мен  тәрбиеші  қызметінің  инновациялық 
бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. 
Екіншіден,  білім  беру  мазмұнын  ізгілендірудің  күшеюі,  пәндерінің 
көлемі  мен  құрамының  үнемі  өзгеріске  ұшырауы,  жаңа  оқу  пәндерінің 
енгізілуі  жаңа  ұжымдық  формалар  мен  оқыту  технологиясын  үздіксіз 
іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық 
білімнің  рөлі мен беделі арта түсіп отыр. 
Үшіншіден,  мұғалімнің  педагогикалық  жаңалықты  игеру  және 
қолдануға  деген  қатынасы  сипатының  өзгеруі.  Оқу  -  тәрбие  үрдісінің 
мазмұнын  қатаң  тәртіпке  бағындырып  қойған  жағдайда  мұғалімнің  өз 
бетінше  бағдарлама  оқулық  таңдаудан  бұрын  педагогикалық  қызметінің 
жаңа  әдіс  тәсілдерін  пайдалануға  мүмкіншілігі  болмайды.  Егер  бұрынғы 
уақытта 
инновациялық 
қызмет  негізінен  жоғарыда  ұсынылған 
жаңалықтарды  тәжірибеде  қолданумен  шектелсе,  қазіргі  уақытта  ол 
барынша  баламалы,  зерттеушілік  сипат  ала  бастайды.  Сондықтан  да 
мектеп,  білім  беру  ұйымы  басшыларының  қызметіндегі  маңызды 
бағыттардың  бірі  мұғалімдердің  енгізген  инновациясына  талдау  жасап, 
баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс. 
Қазіргі  заманғы  мектепте  нақты  педагогикалық  қызметте  іске 
асыруға  болатын  орасан  зор  педагогикалық  тәжірибе  жинақталған,  бірақ 
олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен 
басшыларда  ол  тәжірибені  зерттеу  –және  қолдану  қажіттілігі 
қалыптаспаған,  сол  сияқты  ол  тәжірибелерді  талдау  мен  талдаудың 
дағдысы  және  іскерлігі  жетісе  бермейді. Мұғалімдер нақты іс  - әрекетінде 
өзінің,  сол  сияқты  әріптестерінің  де  педагогиклық  тәжірибесіне  талдау 
жасаудың қажеттілігіне  мән бермейді. 
Педагогикалық  тәжірибе  көпшілік  және  озық  болуы  мүмкін.  Озық 
педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. Өйткені әрбір жаңа 
кезеңде  мектептің  материалдық,  әдістемелік,  кадрлық  және  басқа  да 
мүмкіндіктерінің  кеңеюімен  педагогикалық  қызметтің  жаңа  талаптары 
пайда  болады.  Сонымен  бірге  озық  тәжірибе  педагогика  ғылымы  мен 
тәжірибесінің  қазынасын  үнемі  толықтырушы,  жаңартушы  қызмет 
атқарады.  Озық  педагогикалық  тәжірибені жасау және таратуа мұғалімнің 
ұстанымы  үлкен  рөл  атқарады,  сондықтан  нақты  тәжірибенің  жетекші 
ережелеріне  талдау  жасап,  оны  қолдануға  кіріскенде  субъективті 
факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық 

20 
 
ұжымға  кірігуіне  болжам  жасау  қажет.  Педагогикалық  тәжірибеде 
объективті және даралық құндылықтар бір – бірімен астасып жатады, бірақ 
педагогикалық  қызметтегі  даралық  ерекшеліктердің  бәрі  бірдей 
көпшіліктің  игілігі  бола  алмайды.  Тек  жеке  тұлғаның  жаңа  тәжірибе 
жасауға  ықпал  жасайтын  бірегей  және  қайталанбас  ерекшеліктері  ғана 
назарға  алынады.  Озық  педагогикалық  тәжірибе  бұқарылық  негізде 
қалыптаса  отырып,  объективті  педагогикалық  заңдылықтарды  игерудің 
деңгейін  де  танытады.  Озық  педагогикалық  тәжірибенің  бір  түрі  болып 
есептелетін  жаңашылдық  пен  зерттеушілік  педагогикалық  тәжірибе 
сезімдік тәжірибелерден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын 
басқыш сияқты.  
Инновациялық  бағыттылық  белгілі  бір  жаңа  енгізілімнің  баға 
беретіндей  нақты  критерийлерді  пайдалануды  қажет  етеді.  Педагогика 
бойынша  зерттеу  тәжірибелеріне  сүйене  отырып,  педагогикалық 
жаңалықтың  мынадай  критерийлері  жиынтығын  анықтауға  болады: 
жаңашылдық,  оптималдық,  жоғары  нәтижелік,  бұқаралық  тәжірибеде 
шығармашылық пен қолдану мүмкіндігі. 
Инновацияны  негізгі  критерийі  ғылыми  педагогикалық  тәжірибеге 
де  баға  беруде  басшылыққа  алынатын  жаңашылдық  деп  білеміз. 
Сондықтан инновациялық үрдіске араласқысы келетін мұғалім қолға алған 
жаңалығының мәнін, оның жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. 
Біреулер  үшін  жаңалық  болып  табылатын  құбылыс  екіншілер  үшін  олай 
болмуы  мүмкін.  Осыған байланысты мұғалімдерді инновациялық үрдіске 
тартқанда  олардың  еріктілігін,  тұлғалық  ерекшелігін,  дербестік  – 
психологиялық  мінездемелері  ескерілуі  тиіс.  Жаңашылдықтың  бірнеше 
деңгейін  бөліп  көрсетуге  болады.  Олар:  абсолютті,  локальді  –  абсолютті, 
шартты, субъективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша. 
Критерийлер  жүйесіндегі  оптималдық  нәтижеге  қол  жеткізуге 
мұғалім  мен  оқушының  жұмсаған  күшінің  шығыны  мен  қолданған 
тәсілінің  тиімділігін  айқындайды.  Әртүрлі  мұғалімдер  әртүрлі  еңбек 
жағдайымен  бөлек  оқушылар  ортасында  бірдей  жоғары  нәтижеге  қол 
жеткізеді.  Оқу  үрдісіне  педагогикалық  инновацияны  енгізіп,  барынша  аз 
дене,  ой  еңбегін  және  аз  уақыт  жұмсап  жоғары  нәтижеге  қол  жеткізуінің 
оптималдығын білдіреді. 
Нәтижелік инновацияның критерийі ретінде мұғалім қызметіндегі оң 
нәтижелердің 
барынша 
тұрақтылығын 
білдіреді. 
Өлшемдегі 
технологиялық,  нәтижені  бақылау  мен  белгілеудегі  түсіну  мен 
баяндаудағы тұтастық бұл критерийді, жаң әдістің маңыздылығын, оқыту 
мен тәрбиелеудің тәсілдерін бағалаудың басты құралына айналдырады. 
Инновациялық  бұқаралық  тәжірибеде  шығармашылық  пен  қолдану 
мүмкіндігі  педагогикалық  инновацияның  бағалаудың  критерийі  ретінде 
қарастырылады.  Шындығында,  құнды  педагогикалық  идея  немесе 
технология 
шартты 
ерекшеліктермен 
күрделі 
техникалық 
жарақтандыруымен  немесе  мұғалім  қызметінің  ерекшеліктерімен  тар 

21 
 
шеңберге  тығылып,  қолдану  мүмкіндігі  шектеулі  болса,  онда  біз 
педагогикалық жаңашылдық туралы айт алмас едік. 
Инновацияны  бұқаралық  педагогикалық  тәжірибеде  қолданудың 
бастапқы  кездегі  жекелеген  мұғалімдер  мен  тәрбиешілердің  қызметіне 
негізделгені  мен  олар  сыннан  өтіп  объективті  бағалаған  соң  жалпыға 
бірдей қолдануға енгізуге ұсынуы мүмкін. 
Жоғарыда  аталған  критерийлерді  біреу  және  педагогикалық 
инновацияны  бағалауда  қолдана  алу  педагогикалық  шығармашылыққа 
негіз қолайлы. 
Арнайы  әдебиеттерді  және  мектеп  қызметінің  тәжірибесін 
талдағанда  оқу  орынының  жұмысында  педагогикалық  жаңалықты 
тәжірибеде  қолдануға  белсенділіктің  төмен  екендігін  аңғарамыз.  Ал 
осындай  педагогикалық  инновациялардың  іске  асырылмай  қалуының  ең 
кем  деген  де  екі  себебін  атауға  болады.  Бірінші  себеп,  инновацияның 
қажетті  сараптама  мен  сыннан  өте  бермейтіндігі.  Екінші  себеп, 
педагогикалық  жаңалық  көбіне  ешқандай  алдын  ала  ұйымдық, 
техникалық,  ең  басты  тұлғалық,  психологиялық  қатынастар  тұрғысында 
дайындықсыз енгізіледі. 
Педагогтардың  идеясы  сияқты  кез  келген  инновациялық  қызметтің 
нәтижесі  оқу  орындары  мен  педагогика  ғылымының  қарқынды  дамуына 
ықпал етуі  керек. 
«Білім  берудегі  жаңартудың  мағынасы  қандай  да  бір  қоғамдық 
қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  бағытталған  жағдайға  ғана байланысты. 
Қоғамдық  қажеттіліктің  деңгейі  мен  оның  сипаты  ғана  жаңалықты  енгізу 
бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жетістігін анықтайды. 
Сондықтан  оларды  негіздеуге  тар  шеңберде  қолданылатын 
міндеттермен  шектеліп  қоймай,  әлеуметтік  -  педагогикалық  дамудың 
нақты бағыттары мен негізгі мақсаттарын ескеру қажет», - дейді А.Найн. 
Оқушылармен  жұмыс  істеудің  жаңа  үлгілері  мен  тәсілдерін  енгізу 
және қабылдау біздің оқу орындарының қажеттіліктерінен туындайды. 
Сондықтан  біз  білім  беруді  демократияландыру  мен  ізгілендіруді 
үздіксіз  дамып  отыратын  қоғамдық  үрдіс  ретінде  түсінеміз  және  ол 
инновацияға қысқа мерзімді , өткінші ғана құбылыс деп қарамайды. 
Білім беру жүйесі құрылымының өзін қоғамның өмір сүріп отырған 
деңгейінде сақтап қалу үшін, оның тамырының табиғатта, біздің қоғамның 
негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы 
әрбір  маңызды  өзгеріс  өзімен  бірге  білім  беру  жүйесін  де  жаңалыққа 
тартады. 
Осындай  жағдайда  білім  беру  жүйесі  қоғамдық  қызметтің  басқа 
салаларымен бірлесе отырып жұмыс жасағанда ғана аяғынан тұрып кетеді. 
Педагогикалық  инновациялар  білім  берудің  ішкі  жүйесіндегі  адамдар 
қызметінің нақты нәтижесі болып табылады. 
А.Колодин  мен  С.Смирновтың  пікірлерінше,  педагогикалық 
инновация  мемлекеттік  білім  ұйымдарының  жасап,  жүзеге  асырған 

22 
 
жаңалығы  емес,  білім  беру  және  ғылым  жүйесінің  ұйымдары  мен 
қызметкерлері жасаған жаңалықтар болып табылады. 
Сонымен  бірге  білім  беру  саласында  болып  жатқан  өзгерістердің 
барлығын  авторлар  педагогикалық  инновацияға  жатқыза  алмайды.  Бұл 
категорияға  олар  білім берудің қоғамдық жағдайларының өзгерісін, оның 
мәртебесінің  жоғарылауы  мен  қаржыландырудың    өсуі  сияқты 
мысалдарды жатқызады.  
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация 
болып  табылмайды,  -  бұл инновацияның компьютерлік техника саласына 
енуі, оқу құралдарының өндірілуі болып табылады. 
Білім  беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық 
инновация  деп  атауға  болмайды.  Бұл  дұрысында  білім  беруді  басқару 
саласындағы инновация болып табылады. 
Басқару  инновациясына  мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір 
жаңадан енгізілген  шараларды жатқызуға болады. 
XXI  ғасыр  білімділер  ғасыры  болмақ.  Білімділерді  баптап  өсірер 
тәрбие  керек.  Ұрпақ    тәрбиесі  -  ел  алдыңдағы  маңызы  зор  міндеттердің 
бірі.  
Еліміздің,  қоғамның  эқаномиканың  саяси  -  мәдени  дамуына  үлес 
қосатын,  әлемдік  инновацияға  көтерілетін  білімді  де,  мәдениетті, 
парасатты,  денсаулығы  мықты  азамат  тәрбиелеп  шығару  –  оқу 
орындарының, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.  
Адам ұрпағымен мың жасайды, - дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде 
де халықтык мәселе болған.  
Тарихтан  білетініміз:  дарындылар  мен  қабілетті  тұлғалар  әрқашанда 
аса  жоғары  бағаланған,  сондықтан    қазіргі  оқу  орындарының  алдыңда 
тұрған  аса  маңызды  міндет  —  талабы  таудай  жеке  тұлғаны  өсіріп, 
тәрбиелеп  шығару.  Ал  табиғатында  еш  нәрсеге  бейімділігі  жоқ,  қабілеті 
жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.  
Жеке  тұлға  қалыптастыруда  әр  оқушының  кабілетін  танып,  біліп, 
дамытып, шыңдап, жол сілтеп оның дәрежесін көтеру керек және жаңашыл 
жұмысқа  бет  бұру  қажет  болады,  ол  үшін  ұлттық  мәдениетті  көтеру, 
ұлттық  педагогиканы  және  халық  мұрасын  пайдалану  арқылы  намысты, 
иманды, ізгілікті, жат іс - әрекеттерге сын көзбен қарайтын, әр жағдайға өз 
бағасын  бере  білетін,  рухани  байлықты  қастерлейтін,  өз ошағын, Отанын 
қорғай білетін азамат тәрбиелеу.  
Сол  үшін  оқу  орындарында  білім  беруді  жаңаша  әдіс  -  тәсілмен 
жүргізуіміз  керек.  Бірақ,  оқу  орнының  атауын  өзгерткеннен  (гимназия, 
лицей, академия және т.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.  
Ондағы  оқыту  мазмұны,  білім  беру  технологиясы  білім  алушының 
талантына,  дарынына,  талап - тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт - дәстүр, 
бабалар  тарихын  негізге  ала  отырып,  жеке  тұлға  қалыптастыруға 
бағытталуы керек.  

23 
 
Қазіргі  таңда  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  білім 
беру  мазмұны  жақсарып,  жаңа  көзқарастар  пайда  болып,  білім  беру 
құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.  
Оқытудың  жаңа  технологияларын  алдымен  жете  меңгерген,  содан 
соң  оны  оқу  мазмұнына,  білім  алушылардың  жас  және  психологиялық 
ерскшеліктеріне  қарай  пайдаланудың  маңызы  зор.  Педагогикалық 
технология  ұғымы  іс  -  тәжірибемізде  жиірек  қолданылып,  тәжірибеге 
енуде.  
Ал  «технология»  түсіндірмесін  сөздікте  қандай  да  болсын 
жұмыстағы,  шеберліктегі,  өнердегі  амалдардың  жиынтығы,  ал 
педагогикалык  технология  —  педагогикалык  мақсатқа  қол  жеткізу 
жолындағы  қолданылатын  барлық  қисынды  ілім  амалдары  мен 
әдіснамалық  құралдарының  жүйелі  жиынтығы  және  жұмыс  істеу  реті, — 
деп  В.Кларин  айтып  өткендей,  педагогикалық  технология  тәжірибеде 
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы болып табылады. 
Ал  педагогикалық  жүйе  дара  тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, 
белгілі  -  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық  ықпалды 
ұйымдастыруға  қажеттті  өзара  байланысқан  әдістер  мен  құралдардың 
жиынтығы.  
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту 
үшін  оны  тәжірибеде  пайдалану  қажет.  Педагогикалық  технологияның 
негізі  -  саралап  оқыту.  Бұл  технология  бойынша  білім  алушының  білімді 
менгеру  деңгейін  төртке  бөлуге  болады.  Бірінші төменгі деңгей  - міндетті 
деңгей, ал қалғаны білім алушының қабілетіне  қарай игеріледі. 
Сонымен,  міндетті  деңгейді  мемлекеттік  өлшем  ретінде  алсақ,  онда 
білім  берудің  шығармашылық  сипаты  қалыптасады.  Былайша  айтқанда, 
педагогикалық  технология  –  ол  білім  алушының  шығармашылықтық 
тұрғыда терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту 
мен тәрбиенің тиімділігін  қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.  
Білім  берудің  бұрынға  құрылымы  мен  білімнін  жаңа  мазмұнының 
арасындағы  қарама-қайшылықты  жою  үшін  білім  беруді  жүйелі  түрде 
саралап, оның сан тараулы дамуын меңгеретін білім алушыға оның табиғи 
мүмкіндігі негізінде  дамыта тәрбиелеу қажет. 
Кез-келген  елдің  экономикалық  қуаты,  халқының  өмір  сүру 
деңгейінің  жоғарылығы,  дүниежүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен 
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.  
Жалпы  қоғам  дамуы  мен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалығы  осы 
елдегі  білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы 
ақпараттандыру деңгейіне келіп  тіреледі.  
Экономикалық  жағынан  дамыған  елдердің  тәжірибесі  экономика, 
ғылым  мен  мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін 
көрсетіп  отыр,  ендеше  қазіргі  заманның  ақпараттық  технологиясын 
меңгеруге міндетіміз. 

24 
 
Оқыту  технологиясы  -  бұл  оқытудың  тиіміділігін  арттыру  мақсаты 
мен  білім  беру  үрдісін  зерттеу  негізінде  оқу  үрдісін  жүзеге  асыру  және 
бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі  болып табылады.  
Педагогикалық  технология  -  оқыту  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру 
формасымен анықталады. 
Педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  -  қойылған 
мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және 
оны  жүзеге  асыру  арқылы  арнықталады.  Оқытылатын  пән  мазмұны, 
оқытушы  мен білім алушының өзара байланыс іс-әрекеті, білім алушының 
ішкі  даму  үрдісі  негізінде  анықталған  нақты  мақсат  қана  педагогикалық 
технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 
Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде қалыптасу барысында орта 
білім  берудің  жүйелі  түрде  реформалануы  қоғамдық  тұрғыдан  үлкен 
маңызға  ие.  Білім  беруді  реформалауды  жүзеге  асырудың  және  бір 
маңызды  сипаты  қазіргі  уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың 
қажеттілігінен  туып отыр.  
Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық 
технологиялары  жасалынып,  оқу  орындарының  өміріне  енгізілуде.  Олар: 
С.Н.Лысенкованың  алдына  ала  оқыту  технологиясы,  В.Шаталовтың 
қарқынды  оқыту  (тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы)  технологиясы, 
П.М.Эрдниевтің  ірі  блоктан  оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдістеме 
технологиясы және т.б. 
Ал  соңғы  жылдары  В.М.Монаховтың  модульдік  технологиясына, 
В.К.Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсіліне  сондай-ақ,  профессор 
Ж.Қараевтың  окытуды  дербестендіру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына 
негізделген компьютерлік технологияны еліміздің көптеген оқу орындары 
қолданып жүр. 
Оқу  орындарында  жүргізіліп  жатқан  қазіргі  тәжірибелік  -  сынақ 
жұмыстардың  басты  міндеті  жаңаша  оқытудың  педагогикалық 
технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. 
Мәселен,  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  бірлесе 
жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір - бірімен тығыз байланысты мынадай 
ұстанымдардан құралады:  
• Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту. 
• Теориялық білімнің жетекші  рөлі. 
• Оқу материалын жеделдете оқыту. 
• Оқу үрдісін оқушының сезінуі. 
• Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу 
Л.В.Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін  -  еркін  сезінеді, 
оның  әлеуметтік  мүмкіндігі  мен  дербестігінің  дамуына  жағдай  жасалады. 
Осы  жүйеде  білім  алушы  мен  оқытушының  арасындағы  жаңаша  қарым  - 
қатынастың іргесі қаланады.  
Оқытушы  берілетін  жаңа  тақырыпты  түсіндіруші  ғана  емес,  білім 
алушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. 

25 
 
Д.Б.Элъконин  мен  В.В.Давыдовтың  зерттеулері  оқу  әрекеті  мен 
оның  субъектісін  қалыптастыруға  бағытталған.  Оның  құрылымы 
төмендегідей: оқу - танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, 
оқу операциялары. 
Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  басты 
міндеті  жан  -  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан, 
жаңа  технология  бойынша  әдістемелік  жүйенің  басты  бөлігі  оқыту 
мақсаты болып қалады.  
Педагогикалық технологиялар төмендегі кластарға бөлінеді: 
-  Қолдану  деңгейіне  қарай  жалпы  педагогикалық,  жеке  әдістемелік, 
және модульдік технологиялар. 
-  Философиялық  негізі  бойынша:  материалистік  және  идеалистік, 
диалектикалық  және  метафизикалық,  ғылыми  және  діни  гуманистік, 
антигумандық,  антропософиялық,  және  теософиялық,  прагматикалық, 
экзистенциалистік, еркін тәрбие және мәжбүр ету т.б. 
-  Психикалық  дамудың  басты  факторлары  бойынша:  биогендік, 
социогендік,  психогендік  және  идеалистік  технологиялар  болып бөлінеді. 
Бүгінде  жеке  бас биогендік, социогендік және психогендік факторлардың 
әсерлер жиынтығының нәтижесі болып табылады, - деп қабылданған, бірақ 
нақты технология олардың бірін ғана ескереді немесе ұтыс жасайды және 
оны негізгі деп есептейді.  
-  Тәжірибелі  меңгерудің  ғылыми  тұжырымдамасы  бойынша: 
ассоциативті  -  рефлекторлық,  бихевиористік,  гештальт  технология, 
интериоризаторлық, дамыта оқыту.  
-  В.П.Беспальконың  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыру  және 
басқару  типі  бойынша:  оқытушының  оқушымен  өзара  әрекеті 
алшақталған,  циклдық,  шашыраңқы  немесе  бағытталған,  индивидуалдық 
және  автоматтандырылған  болып  бөлінеді,  яғни  оқу  құралдарының 
көмегімен  жүзеге  асырылады.  Осы  жоғарыда  аталған  белгілердің 
байланысы технологияның дидактикалық жүйесін анықтайды, олар: 
1. Классикалық дәстүрлі оқыту; 
2. Аудио - визуалды техникалық құралдар көмегімен оқыту. 
Тәжірибеде 
осы 
монодидактикалық 
жүйелердің 
әртүрлі 
комбинациясы қолданылады, олардың ішінде ең кең тарағаны:  
- Я.А.Коменскийдің дәстүрлі классикалық сынып - сабақтық жүйесі, 
мазмұндаудың  дәрістік  әдісі  мен  білім  алушының  кітаппен  өз  бетінше 
жұмыс істеу комбинациясынан тұрады.  
-  Қазіргі  дәстүрлі  оқыту  алдыңғыны  техникалық  құралдармен 
байланыстыра қолданады.  
-  Оқытудың  топтық  және  дифференциалдық  әдістері,  педагогтың 
барлық  топпен  ақпарат  алмастыруы,  сондай-ақ  жеке  оқушыларға 
репетитор ретінде көңіл аударады.  
- Бағдарламалап оқыту, барлық басқа түрлерді жеке қолдана отырып, 
басқарудың адаптивті бағдарламасына негізделеді.  

26 
 
-  Эзотерикалық  технологиялар  эзотерикалық  білім,  оған  апаратын 
ақиқат пен жолдар туралы оқуға негізделген.  
Педагогикалық үрдіс – ол хабарлама емес, қатынас емес, ол ақиқатқа 
қосылу болып табылады.  
Оқушылар  категориясы  бойынша  неғұрлым  маңызды  және 
түпнұсқалы түрлері төменде берілген, олар:  
- Дәстүрлі мектеп технологиясы, орташа оқушыға арналған; 
-  Қозғалыстағы  деңгей  технологиясы,  яғни  пәндерді  тереңдетіп 
оқыту гимназия, лицей, арнаулы білім және т.б оқу орындарына арналған.  
-  Орнын  толтыра  оқыту  технологиясы,  яғни  түзетулер  жасауға 
арналған. 
-  Әртүрлі  виктимологиялық  технологиялар  (сурдо-,  орто-,  тифло-, 
олигофренопедагогика); 
-  Жаппай  көпшілік  мектеп  төңірегінде  ауытқымалы,  қиын  немесе 
дарынды балалармен жұмыс жасауға арналған технологиялар. 
Сонымен  қазіргі  технологиялардың  басым  көпшілігінің  атаулары 
модернизация  және  модификация  мазмұнымен  анықталады,  оларда 
маңызды дәстүрлік жүйе кезедеседі.  
Педагогикалық 
қатынастардың 
гуманизациясы 
мен 
демократизациясы негізінде қалыптасқан педагогикалық технологиялар.  
Бұл технологиялардың іс жүргізу бағдары, жеке бас қатынастарының 
приоритеті,  индивидуалдық  жақындау,  қатаң  емес  демократиялық 
басқаруы  және  айқын  гуманистік  бағыттағы  мазмұны  болады.  Оларға 
ынтымақтастық  педагогикасы,  Ш.А.Амонашвилидің  гуманды  жеке  бас 
технологиясы,  Е.Н.Ильиннің  адамды  қалыптастыратын  пән  ретінде 
әдебиетті оқыту жүйесі және т.б. жатады. 
Оқу  материалын  әдістемелік  жетілдіру  және  дидактикалық  қайта 
құру негізіндегі педагогикалық технологиялар.  
Оған 
П.М.Эрдниевтің  дидактикалық  бірліктерді  ірілендіруі, 
В.С.Библер  мен  С.Ю.Кургановтың  «мәдениет  сұхбаты»  технологиясы, 
Л.В.Тарасовтың  «Экология  және  диалектика»  жүйесі,  М.Б.Воловичтің 
ақыл-ой  іс-әрекетін  кезеңдік  қалыптастыру  теориясын  жүзеге  асыру 
технологиясы және басқалары кіреді. 
Жаңа  технологияның  мақсаты  бойынша  «оқытуды  ізгілендіру» 
қажет.  Бұл  үшін  оқу  құралдары  білім  алушының  өздігінен  танымдық  іс-
әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. 
Әрбір  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға, 
оның  өзіндік  және  шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті 
іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  және  өзін-өзі  дамытуға 
қолайлы  жағдай  жасауға  қажетті  объективті  әдістемелік  мүмкіндіктерін 
қамтиды. 
Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық 
технологияның  негізіне  әрбір  оқушының  жеке  және  дара  ерекшеліктерін 
ескеру,  білім  алушылардың  қабілеттері  мен  шығармашылығын  арттыру, 

27 
 
білім  алушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу,  іздену  дағдыларын 
қалыптастыру жатады. 
Жаңа  педагогикалық  технологиялар  төменде  келтірілген,  олар: 
ынтымақтастық  педагогика  технологиясы,  білім  беруді  ізгілендіру 
технологиясы,  мәселелі  оқыту  технологиясы,  тірек  сигналдары  арқылы 
оқыту  технологиясы,  түсіндіру,  басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік 
саралап  оқыту  технологиясы,  міндетті  нәтижеге  негізделген  деңгейлеп 
саралап  оқыту  технологиясы,  модельдік  оқыту  технологиясы,  жобалап 
оқыту технологиясы. 
Ынтымақтастық  педагогика  технологиясының  негізгі  мақсаты  - 
талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу, балаға 
ізгілік  тұрғысынан  қарау,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  ажырамас  бірлігі. 
Ынтымақтастық  педагогикасының  ерекшелігі  –  оқытушы  -  білім  алушы, 
білім  алушы  -  оқытушы,  білім  алушы  -  білім  алушы,  білім  алушы  да 
субъект, оқытушы де субъект. 
Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  негізін  қалаған 
Ш.А.Амонашвили.  Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  мақсаты  - 
оқушыны  азамат  етіп  тәрбиелеу,  оқушының  танымдық  күшін 
қалыптастыру  және  дамыту,  оқушының  жаны  мен  жүрегіне  жылылық 
ұялату. 
Мәселелік  оқыту  технологиясының  негізгі  мақсаты  -  оқушыны  өз 
бетімен  ізденуге  үйрету,  олардың  танымдық  және  шығармашылық 
икемділіктерін  дамыту.  
Мәселелік  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  де  оқушының 
белсенділігін 
арттыру 
және 
оқу 
материалдарын 
оқушыны 
қызықтыратындай  құпиясы  бар  мәнге  жеткізу  болып  табылады.  Себебі, 
оқушы  материалдарды  сезім  мүшелері  арқылы  қабылдап  қана  қоймайды, 
білімге  деген қажеттілігін  қанағаттандыру мақсатында меңгереді. 
Тірек  белгілері  арқылы  оқыту  технологиясының  негізін  қалаған 
В.Ф.Шаталов,  оның  мақсаты  -  білімді,  білікті,  дағдыны  қалыптастыру, 
оқытуды жеделдету. 
Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының  ерекшеліктері  – 
оқу материалдарын үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау жүргізу, оқу 
үрдісінде  кездесетін  жоғары  деңгейдегі  қиыншылықтардың  болуы, 
берілетін  материалды  ірі  блокпен  оқыту,  оқыту  үрдісінде  тіректі қолдану, 
білім  алушыларға  жеке  бағдарлы  қарым  -  қатынас  ықпалының  болуы; 
білім  алушыларды еркімен оқыту. 
Түсіндіре  басқарып,  оза  отырып  оқыту  технологиясының  авторы 
жаңашыл  мұғалімдердің  бірі  С.Н.Лысенкова.  Бұл  технологияның  негізгі 
мақсаты  -  барлық  оқушыны  табысты  оқыту.  Ол  төмендегідей 
ерекшеліктерімен  сипатталады: 
- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі; 
- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; 

28 
 
- бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын 
тақырыптарды біртіндете оңайлату әдісін, яғни оза оқыту әдісін қолдану; 
-  сабақты  пысықтауға  әуелі  озаттар,  сосын  орташалар,  ең  соңында 
нашар оқушылар қатыстырылады; 
- бірте - бірте толық дербестілікке өту; 
-  сыныпта  қалыпты  жағдай  қалыптастыру;  түсінетін,  өзара  көмек, 
ынтымақтастық қарым - қатынас; 
- оқушының қателігін  ескерту, бірақ еш жазғырмау; 
-  үй  тапсырмасы  тек  әр  оқушының  мүмкіндігіне  қарай  (әркім  өзі 
орындай алатын жағдайда ғана) беріледі; 
- білім, білік,  дағдыны дамыта меңгеру; 
- түсіндіруді қабылдау. 
Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  негізіне  әр  оқушыны 
оның  қабілеті  мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарап  оқыту  мен  оқытуды 
оқушылардың  әртүрлі  топтардың  ерекшелігіне  сәйкес бейімдеу, ыңғайлау 
жатады. 
Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  ерекшеліктерін  атап 
айтар  болсақ,  күштілер  өздерінің  қабілеті  мен  икемділігін  одан  әрі  бекіте 
түседі  де,  ал  әлсіздер  өзін  -  өзі  сынап  қарауға  мүмкіндік  алып,  өзіне 
сенімсіздіктен  арылады;  әлсіз  топтарда  оқуға  деген  ынта  артады;  білім 
дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді. 
Міндетті  нәтижелерге  негізделген  деңгейлік  саралап  оқыту 
технологиясы  мынадай  ерекшеліктерімен  сипатталады,  олар:  білімнің 
базалық  деңгейінің  барлық  оқушылар  үшін  міндеттілігі,  оқушыларға 
берілген  тапсырманың  саралануы,  тапсырма  оқушының  күші  жететіндей 
және  қолайлы  болуы,  білімнің  базалық  деңгейі  оқытудың  жаңа 
технологиясының  механизмі  ретінде  оқушының  дамуына  мүмкіншілік 
жасауы, оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беруі, оқушы өз мүмкіндігіне 
орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігінің  болуы. 
Модульдік  технология  дамыта  оқыту  идеясына  негізделген,  оның 
мақсаты - оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу 
материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері  арқылы жұмыс істеуге үйрету. 
Модульдік оқытудың өзегі - оқу моделі. Оқу моделі - ақпараттардың 
аяқталған  блогынан,  оқытушының  нұсқауларынан,  білім  алушы  іс-
әрекетінің  мақсатты бағдарламасынан тұрады. 
Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді  игеру қарқыны, өз бетінше 
жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдісі  мен  тәсілдері  бойынша 
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 
Қазіргі  таңдағы  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  білім 
алушының  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын 
қолдануға ұмтылуы.  
Ал  жаңа  педагогикалық  технологиялар  білімнің  басымды 
мақсаттарымен  біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің,  оқу  -  тәрбие 
үрдісін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамасымен  байланысқан 

29 
 
міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің  күрделі  және 
ашық жүйелер жиынтығын қорғайды. 
Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  педагогикалық  бағыты  негізгі 
ой-тұжырымдарыды  пайдалана  отырып,  ақыл  -  ойды  дамытатын  оқуға 
көшу  және  білім  алушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан 
жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту болып табылады. 
Жаңа  технологияның  қағидалары  -  оқытуды  ізгілендіру,  өздігінен 
дамитын,  дұрыс  шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуші 
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Оқытушылардың  оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық 
кеңестер,  әдістемелік  бірлестіктер  арқылы  көмек  беріледі  және  олардың 
зерттеу жұмыстары мен шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады. 
Оқытудың жаңа технологиялары оқытушының алдына төмендегідей 
міндеттерді қояды: 
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселесін білу; 
- оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқауларын кұрастыру;  
- оқу модулін құрастыру; 
-  оқу  жобаларының  мазмұнын  анықтау,  әр  білім  алушыға  арналған 
тапсырмалар құрастыру; 
-  білім  алушылардың  жаңа  материаларды  меңгеруі  бойынша 
деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау; 
- оқу - әрекеттерінің материалдарьн іріктеп ала білу. 
Осы  аталған  оқыту  міндеттерін  оқытушы  меңгеруі  үшін,  ұстаздар 
қауымымен  төмендегідей  педагогикалық  жұмыстар  жүйесі  жүргізілуі 
керек: 
а) проблемалық - рөлдік ойын; 
б) рефлексивті - рөлдік ойын; 
в) панорамалық сабақтар; 
г) педагогикалық ринг; 
д) педагогикалық идеялар аукционы; 
е) ашық сабақтарға кіру, талдау және т.б. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  жаңа  педагогикалық 
технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  білгір  маман  болу 
мүмкін емес.  
Жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеру  оқытушының  зейін  - 
зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген 
ұстаздық  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  яғни  өзін  -  өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет