Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:
Ескілер
Жаңалар
Оқушы
- білім мен дағдыны игереді;
- оларды мүмкіндігінше көп
көлемде игеру;
- материалдың көлеміне қарай
- өзін - өзі дамыту және өзін -
өзі жетілдіру;
-
білім
іс-әрекет түрінде
келешекте
жұмыспен
67
бағдарлау;
- таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- білім беру мен өмір сүрудің
мақсатын
дайын
түрде
қабылдау;
- бақылаудан құтылуға ұмтылу.
қамтамасыз
етілетіндей
игеріледі;
-
бағдарламаларды,
тіпті
пәндерді өз - өзінің жеке
мақсаттарының
қисынын
еркімен таңдау мүмкіндігінің
болуы;
- келтіру және оларға жету
тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі
бақылауға ұмтылу.
Оқу
үрдісі
- тәжірибе мен білімді беру;
- тұрақты білім негізінде оқыту;
- еске түсіру немесе елестету,
келтіру,
даярлық
әдістерін
қолдану;
-
білім
беру
және
оқу
бағдарламаларының қатаңдығы.
- оқушының жекелей дамуы,
жеке тұлғаның қалыптасуы,
өзін өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға
бейім,
логикалық
ойлау
негізінде оқыту;
-
өнімді іс-әрекет тәсілін
оқыту, білімді алу тәсілдерін
үйрену;
-
оқу
және
білім беру
бағдарламаларының
икемділігі.
Нәтиже
-
оқушыларды
болашақ
тынышты,
бір
қалыпты,
жоспарлы өмірге дайындау;
-
жоғарыдан
сирек
жаңа
кіріспелер.
-
қазіргі мектепте, қазіргі
ұжымда
жайлы
«өмірге»
жағдай жасау;
- өзін өзі жетілдіру және
қоршаған әлемді жетілдірудің
инновациялық қажеттіліктерін
қалыптастыру;
-
білім
беруші
бағдарламаларда,
әдістерде,
технологияларда, білім беру
үрдісінің
формаларында
тұрақты инновациялық үрдіс.
Сонымен сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің
көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп,
қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас
68
тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа
мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі
ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен
қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге
шақырамын.» деп атап өтті.
Қоғам мен білім беруді ақпараттандыру- жауапкершілік сезімі мол,
терең білімді, жаңа қоғамды жасаушы мамандар санының арта түсуін
талап етеді. Білім берудің пәндік құрамы да толықтырыла түсуде.
Информатика - іргелі және қолданбалы ғылым түрінде өндірістік күшті
дамытудың және жаңа ақпараттық технологияның базасы ретінде, адамзат
білімі жүйесіне өз үлесін қосып отыр және дербес меңгеруді талап етеді.
Ақпараттандыруда - білім беру жүйесі және онымен байланысты адамзат
әрекеттерінің түрлері де бірге қалыптасады, нақтырақ айтқанда ол
заманауи технологияның әсерімен маңызды өзгерістерді басынан өткере
отырып оларға ықпал етеді. Бұл мәселеде әсіресе жоғары кәсіби білім
беруді жетілдірудің алатын орны ерекше.
Ақпараттық технология – объектінің, үрдістің немесе құбылыстың
күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтер жинау, өңдеу, жеткізу
тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.
Компьютерлік технология – компьютерлік өңдеу базасындағы
ақпараттық технология.
Қоғамды ақпараттандыру келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:
-қоғам мүшелері әрекеттерінің тұрақты кеңейетін, баспа түрінде
жинақталған ғылыми, өндірістік интеллектуалдық потенциалын белсенді
пайдалану;
-қоғамдық өндірістің барлық салаларының дамуын іске асыратын
ғылыми және өндірістік ақпараттық технологияларды интеграциялау;
-пайдаланылатын
мәліметтердің
нақтылығын,
бейнеленетін
ақпараттардың визуалдылығын, қоғамның кез-келген мүшесінің сенімді
ақпарат көздерін пайдалануын, ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары
деңгейін қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерісінің басым бағыттарының бірі
білімді ақпараттандыру – білім беру саласын әдістемелік және техникалық
жабдықтармен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық мақсаттарына негізделген заманауи технологияларды
оңтайлы пайдалану болып табылады. Бұл үдеріс төмендегі әрекеттерді іске
асырады:
69
- білім беру жүйесін басқару механизмдерін автоматтандырылған
ғылыми-педагогикалық қорларды, коммуникациялық желілерді пайдалану
негізінде жетілдіру;
- қазіргі заманғы қоғамды ақпараттандыру шартында тұлғаны
дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің ұйымдастырылған
формаларын әдістерін, сұрыптау стратегиялары мен әдістемесін жетілдіру;
- оқушылардың интеллектуалдық дамуына, өз бетінше білім алу
дағдыларын
қалыптастыруға,
ақпараттық-оқу,
тәжірибелік-зерттеу
әрекеттерін іске асыруға, ақпараттарды өңдеу бойынша өзіндік
жұмыстардың әртүрлілігіне бағдарланған оқытудың әдістемелік жүйелерін
құру;
- оқушылардың білім деңгейін бағалау мен бақылауды айқындаушы
компьютерлік тестілік бағдарлама жасау әдістемесін құру және қолдану.
Жалпы
оқу
орындарында
ақпараттық-компьютерлік
технологияларды пайдаланудың негізгі бағыттарын төмендегідей етіп
бөлуге болады:
- әр сабақта автоматтандырылған оқу жүйесін қолдану;
- білім беруде ақпараттық білім ортасын мамандыққа байланысты
қолдану ерекшеліктерін пайдаланып оқыту;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық білім
ортасын қолдану.
1. Ақпараттық технологиялардың негізінде оқу-әрбие үдерісінің
барлық деңгейін қарқындату бағытында, яғни
- оқыту үдерісі сапасы мен тиімділігін көтеру;
- танымдық іс-әрекет белсенділігін көтеру;
- пәнаралық байланыстарды тереңдету;
- қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпаратық қоғам
жағдайындағы өмірге өзіндік дайындықтар, яғни
- түрлі ойлау қабілеттерін дамыту;
- байланыс жолдарына қажетті қабілеттілігін дамыту;
- күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну;
- компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын
пайдаланып, эстетикалық тәрбие беру;
- ақпаратты өңдеу және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру;
- жағдайды немесе мәселені моделдей білуді дамыту;
- тәжірибелі-зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни
- ақпаратты сауатты тұлғаны даярлау;
- тұтынушыны компьютер құралдарымен дайындау;
- информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге
асыру.
Компьютерлік оқыту жүйесі:
70
Компьютерлік оқыту жүйесі – қашықтықтан оқыту білім беру
үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық
құралдары және мынандай жағдайлар туғызады:
- оқыту үрдісін саралау және даралау;
- білім алушы қателерінің диагностикасымен және кері байланысын
тексеру;
- өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік
түзетулерді қамтамасыз ету;
- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер
есебінен оқыту мерзімін қысқарту;
- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау;
- құбылыстар мен үрдістерді үлгілеу және боямалау;
- эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды
виртуалды шындық жағдайында жүргізу;
- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту;
- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын
арттыру;
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу.
Аудио-бейне оқу материалдары және т.б.
Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда
жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе
CD-ROM
лазерлі
жинақ-дисктердің
көмегімен
берілуі
керек.
Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі
ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары.
Қашықтықтан оқытуда кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық
желі INTERNET болып табылады.
Педагогикалық әдебиеттерде өте көп кездесетін бұл түсініктің
анықтамаларын кең мағыналы талдау, оларды түсіндірудің екі негізгі
тәсілін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші тәсіл, оқытудың ақпараттық
технологиясын үйренушілердің таным деңгейінің заңдылықтарына сәйкес
және ақпараттық өнімдерді аз шығынмен құру, жіберу, сақтау және
бейнелеуді сипаттайтын мәліметтерді өңдеудің ең жаңа әдістері және
құрылғыларын оқыту жүйесіне енгізу жиынтығын қолдану арқылы
ұйымдастырылған дидактикалық үдеріс ретінде қарастыруды ұсынады.
Екінші тәсіл қолданыстағы ақпараттық құралдар негізгі орынға ие болатын
оқытудың белгілі бір техникалық ортасын құруды қарастырады.
Бірінші жағдайда технология - оқыту үдерісі ретінде қаралса,
екіншісінде - оқу үдерісінде ерекше бағдарламалық-техникалық
құралдарды қолдану жайлы сөз қозғалады.
Соңғы 10 жыл ішінде таратылған, білім беруді ақпараттандыру
мәселелеріне арналған ғылыми, ғылыми-танымдық және ғылыми -
әдістемелік әдебиеттерді талдау, бүгінгі күнде шартты түрде техногенді
деп атауға болатын екінші тәсілдің тиімді екенін айқындайды.
71
ХХ ғасырдың 80 - 90 жылдарында компьютерлік техника мен
бағдарламалық жасақтаманың қарқынды дамуы оларды білім беру
үдерісіне белсенді түрде енгізу қажеттілігіне алып келді. Бірақ оларды
меңгеру, әсіресе оларды педагогикалық тәжірибеде қолдану сол кездегі оқу
орындарының барлығына бірдей мүмкін болмады.
Сәйкес дайындық пен біліктілікке ие техникалық ғылым көшбасшы
қызметін атқарды. Бағдарламалауға келмейтін, пән саласы нашар
құрылымға ие болған гуманитарлық ғылымның бағыттары артта қалды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалыптасқан жағдайды
түбегейлі өзгерте алатын психологиялық - педагогикалық зерттеулер көп
өткізілсе де, мұның барлығы білім беруді ақпараттандырудың
дидактикалық-әдістемесін және теориялық - әдістемелік негіздерін жасап
шығарудың информатика саласындағы ғылыми - техникалық дағдарыстан
әлде қайда артта қалуына алып келіп отыр.
Гуманитарлық бағытта білім беруде компьютерлік технологияларды
қолдануға деген әртүрлі көзқарастар бар. Пікірлер шекті өлшемдерде, яғни
компьютерлік технологияларды материалды меңгеруде қолдануды толық
терістеу мен компьютерлік оқытудың мүмкіндіктерін толық қолдану
аралығында өзгеріп отыр. Алғашқы және басқа тәсілдерде өзінің оң және
кері әсерлеріне ие деген пікір туындауда. Осы екі әдістің нашар және
күшті жақтары бойынша сөз етуді тоқтатып, қазіргі білім берудің басты
мақсатына назар аудару қажет. Ал, ол білім беруді тәжірибеге
мүмкіндігінше көп жақындатудан құралады.
Оқытудың компьютерлік технологиясына өту, оларды жасап
шығаруға сынақтан өткізу мен енгізілуіне жағдай жасау, олардың дәстүрлі
әдістермен сәйкес келу тәсілдерін іздеу өте күрделі болып, олар көптеген
психологиялық - педагогикалық, оқу - әдістемелік және басқа да
мәселелерді шешуді талап етеді. Олардың ішіндегі негізгі бағыттар:
1. Білім беру үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу
мәселесіне қатысты бірыңғай ғылыми - әдістемелік тәсілді енгізу жолдары.
2. Тәжірибелікқ тұрғыда оқу үдерісінде компьютерлік технологияны
қолдану әдіс - тәсілдерін ұсыну.
3. Білім беру мекемесін материалдық - техникалық базасын
жабдықтау.
4. Қажетті әдістемелік құралдарды іздеу, өңдеу және жасап шығару.
Қазіргі оқыту үдерісінде компьютерлік технологияны қолдану -
заңды құбылыс. Бірақ оларды оқыту барысында қолданудың тиімділігі көп
жағдайда «оқытушы - оқушы» деген күрделі қарым - қатынас жүйесінен
туындайтын күрделі байланыс жиынтығындағы олардың алатын орнына
тәуелді
компьютерлік
технологиялар
оқушылардың
дағдыларын
қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды.
Бұрынғы кезде оқытушыларға әр бір оқушыны оқытудың жеке
тәсілін табу қиын болатын. Ал қазір, компьютерлік желілер мен онлайндық
72
құралдарды қолданудың арқасында жаңа ақпаратты әрбір оқушының жеке
сұранысына сай жеткізу мүмкіндігін алды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығынан келесідей қорытынды
шығаруға болады: білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың
өзектілігі келесі себептермен анықталады, олар:
- білім берудің жекешелендірудегі ақпараттың технологиялардың
көптеген мүмкіндіктері;
- ақпараттық технологияларды қолданғанда және білім берудің
сезімталдығын арттыру кезінде оқушылардың дағдысын жетілдіру;
- байланыстардың кең өрісін қамтамасыз ету;
- оқушылардың өз бетінше белсенді жұмыс атқаруына жағдай жасау;
- кез-келген адаммен оның кеңістіктегі орнына және уақыттың
айырмашылығына қарамастан интернет арқылы қарым - қатынас жасау;
-
оқу
материалын
сипаттаудағы,
әсіресе
динамикадағы
құрылыстарды моделдеудегі көрнекіліктің жоғарылығы;
- ақпараттық технологиялардың дамып келе жатқан барлық
интерактивті мүмкіндіктері;
-
оқушыға ыңғайлы кез - келген уақытта ақпараттық
технологиялардың қажеттілігі.
Қорыта айтқанда, білімді ақпараттандыру аясында білім беруде
ақпараттық
технологияларды
қолдану оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастырып, қабылданған білім құрылымының сапасын
қалыптастырады.
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген.
Модульдік оқытудағы негізгі мақсат - оқушының өз бетінше жұмыс істей
алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері
арқылы жұмыс істеуге үйрету.
Осыдан келіп оқытушының жұмысында және оқу үрдісінің
құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту
әдістемесінде оқытушының жұмысы мынадай жүйеде құрылады
(М.М.Жанпейісова бойынша):
Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
Топта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша
жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;
Оқытушының материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте
және т.б.);
Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;
Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін сұхбаттық
қарым - қатынас негізінде оқушының танымдық іс - әрекетін
ұйымдастыру;
Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу
материалын меңгерту;
73
Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы,
т.б.) жүргізу.
Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық
қабілеттерін және танымдық үрдістерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның
қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас,
ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрылымды
бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен түрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген
сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің
неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-
2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде
болады.
Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы
құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін
оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын
қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып
түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс топты 2-6 адамнан шағын
топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне
құрылған.
Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын
дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы
интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге
азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта
өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы
болап табылады. Сонымен бірге интерактивті құралғыларды сабақта
қолдану
оқушылардың
қызығушылықтарын,
белсенділіктерін,
дайындықтарын арттыра түседі.
Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны
интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық
кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан
өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған
технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.
Бұл технологияның ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және
жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы
кіріспеден, сұхбат (сөйлесу) және қорытынды бөлімнен тұрады.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың
аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін берілген
74
оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты
бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны , білімді игеру қарқыны, өз бетінше
жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Алға қойған келелі мәселе – оқытудың жаңа элементтерін пайдалану
арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау
қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде
білім алуына кепілдік береді.
Зер сала қарасақ, оқушынынң білімді меңгеру деңгейі талдаудан
бастап, жинақтау мен бағалауда жоғарылай түседі. Технологияның да
негізгі ерекшелігі осында. Оқушы бітімін шығармашылық деңгейде
жетелеуде мәселе қойып оқытудың алар орны да ерекше.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше
жұмыс істеу алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша
оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестету мен есте сақтау
қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына
көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде
білім алуына кепілдік береді.
Модельде 3 деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы,
шығармашылық жұмыс бойынша жұмыс жүргізіледі.
3 деңгей – мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар
орындауы, білуі міндетті. 2 деңгей – бұған қарағанда күрделірек, ал 1
деңгейді – өзіндік пікірін жеткізе алатын, өз ойын шығармашылықпен
дәлелдей алатын қабілетті, озат оқушылар ғана орындай алады. Бағалау: 3
деңгей – «3», 2 деңгей - «4», 1 деңгей – «5» деген бағаның тапсырмасы.
Тапсырманы орындау кезіндегі оқытушының ынтасы, жұмыс істеуге деген
құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізеді. Оқушылардың
тапсырманы өз бетімен орындауы – шығармашылық жұмыстың бастамасы.
Сонымен қатар, топ оқушыларының қай пәнге икемді екенін байқап, әрі
қарай дамытуға көп көмегін тигізеді. Оқушылар 1 деңгейді орындауға
еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын
болады.
Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу
моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге
асыру үшін берілген оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-
әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
75
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары
1. Дамыта оқыту жүйесінің қандай ереқшелігі бар?
2. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы неше бөлімнен тұрады?
3. В.Ф.Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі қандай?
4. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі неде?
5. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру технологиясының
мақсаты қандай?
6. Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі қандай?
7. Деңгейлік тапсырмаларға қандай талаптар қойылады?
8. Жинаған ұпайларын оқушылар 2-ші кестеде қалай белгілеп
отырады?
9. Сын тұрғысынан ойлау дегенімізді қалай түсінесіз?
10. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту барысында қандай міндеттерді анықталды?
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. «Оқытудың компьютерлік технологиясы» тақырыбында баяндама
жасаңыз.
2. Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» деген еңбегі
туралы конспект жасаңыз.
3. «Модульдік оқыту технологиясы» тақырыбында реферат
дайындаңыз.
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары
1. Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру
негізгі неше кезеңнен тұрады?
А) алты
Б) бес
С) жеті
Д) төрт
Е) сегіз
2. Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде
оқушылар не істейді?
А) ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды
Б) жаңа сабақты түсіндіреді
С) ауызша жауап береді
Д) дәріс жазады
Е) суретсалады
3. Нысаналы оқытудың ерекшелігі...
А) кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан
аяқ қайталанып отыруы
76
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі
ұйымдастыру
Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру
4. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз...
А) сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз
ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау
Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
5. компьютерлік технология дегеніміз...
А) компьютерлік өңдеу базасындағы ақпараттық технология
Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулу
Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны
сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
6. Модульдік оқытудың негізгі мақсаты қандай?
А) оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу
материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету
Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды
ізгілендіру
С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулу
Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны
сыни тұрғыдан қарау
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру
7. Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге
қанша сағат беріледі?
А) 1-2
Б) 2-3
С) 3-4
Д) 4-5
Е) 5-6
8. Модульдік оқытудың өзегі не болады?
А) оқу модулі
Б) оқулықты талдау
С) дәрістерді зерттеу
Д) кітапты жүйелеу
77
Е) дәптерді тексеру
9. «Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті,
өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық
мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен
әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы», - деген тұжырымдаманың
авторы кім?
А) В. Кларин
Б) А. М. Яглом
С) Б. В. Гнеденко
Д) А. А. Боровков
Е) В. М. Тихомиров
10. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту барысында қандай міндеттер анықталды?
А) мазмұнға байланысты міндеттер
Б) оқу бағдарламаларына байланысты міндеттер
С) жаңа кітап жазуға байланысты міндеттер
Д) дәрістер жинағына байланысты міндеттер
Е) жұмыс жоспарына байланысты міндеттер
|