Технологиялар


Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата28.01.2017
өлшемі0,87 Mb.
#2872
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1.  Қазақстан  Республикасының  алдыңғы  қатарлы  дамыған  50  елдің 
қатарына қосылуы туралы алға қандай мақсат қойылып отыр? 
2.  «Тәлім  -  тәрбие  мен  оқыту  ісінің  нәтижесі  әрекеттерден  гөрі 
мұғалімдерге көбірек тәуелді», - деген тұжырымдаманың авторы кім? 
3.  Педагогикалық  шеберхана  технологиясы  оқытушыдан  нені  талап 
етеді? 
4. Шеберхананы құрушы шебер қағидасы қандай? 
5.  Жаңа  оқыту  технологияларының  ішінде  компьютермен  оқыту 
технологиясының орны қандай? 
6.  Компьютерді  оқу  барысында  оқушының  қолдануы  дегенімізді 
қалай түсінесіз? 

40 
 
7. Жас балаларға компьютердің қаншалықты қажеті бар? 
8.  Ю.Первин  және  оның  әріптестерінің  жеткіншектерге  ерте  жастан 
информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қалай түсінесіз? 
9.  В.Буцик  кіші  мектеп  жасындағыларға  бастауыш  компьютерлік 
сауат берудің қандай әдістемесін ұсынады? 
10. Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында қандай негіздерді енгізе 
отырып, әдістемелік жүйе ұсынады? 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1.  «Информатика  элементтерін  оқыту»  тақырыбында  баяндама 
жасаңыз. 
2.  Қазіргі  заман  талабы  бойынша  білім  беруді  ақпараттандырудың 
негізгі  талаптарының  бірі  -  оқу  үрдісіне  элекрондық  оқулықтарды  енгізу 
туралы конспект жасаңыз. 
3.  «Электрондық  оқулықтар  -  ғылыми  негізде  дайындалған 
педагогикалық ақпараттық өнім» тақырыбында реферат дайындаңыз. 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1.  Білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістерді  қалай 
жетілдіруге  болады? 
А) оқыту үрдісін озық технологиялармен 
Б) ішкі  себептермен 
С) қаржыландырумен 
Д) мониторингпен 
Е) білім  беру жүйесімен 
2. Шеберхананы құрушы шебер қағидасы неге негізделеді? 
А)  оқушы  әрекетінің  еркіндігіне,  оның  тұлғалық  ерекшелігіне;  ой 
талғамына құрметпен қарауға 
Б) оқушылардың біліміне, ой еркіндігіне құрметпен қарау 
С) оқулықтар арқылы 
Д) дәрістер жинағы арқылы жүргізілген сабақтарға құрметпен қарау 
Е) оқушылар арқылы жүргізілетін шараларға құрметпен қарау 
3. Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз...  
А)  оқушының  жеке  басына  көп  байланысты  болатын  ерекше 
психофизиологиялық үрдістің өтілуі 
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
С) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
4.  В.Буцик  кіші  мектеп  жасындағыларға  бастауыш  компьютерлік 
сауат берудің қандай әдістемесін ұсынады? 

41 
 
А)  бірінші  және  төртінші  сынып  аралығында  сызбалық  және 
мәтіндік  редакторлардың  көмегі  арқылы  орындалатын  тапсырмаларды 
біртіндеп күрделендіріп беру  
Б) оқу орындарында жүйелі сабақ беруді ұйымдастыру 
С)  дара  тұлғаны  қалыптастыруға бағытталған, белгілі - бір мақсатқа 
жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыру 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру 
5.  Қазіргі  уақытта  кіші  мектеп  жасындағыларды  оқыту  үшін 
компьютерді пайдалану жөнінде неше бағытты айтуға болады? 
А) төрт 
Б) бес 
С) алты 
Д) жеті 
Е) сегіз 
6. Электрондық оқулықтардың қанша тиімді қосымша мүмкіндіктері 
бар? 
А) екі 
Б) төрт 
С) үш 
Д) бес 
Е) бір 
7.  Электрондық  оқулықтардағы  белгілі  бір  тақырыпқа  қатысты 
материал қанша экрандық беттен артық болмауы керек? 
А) 2-3 экрандық беттен 
Б) 1-2 экрандық беттен 
С) 4-5 экрандық беттен 
Д) 6-7 экрандық беттен 
Е) 8-9 экрандық беттен 
8. Қолданбалы бағдарлама арқылы нені жасауға мүмкіндік бар? 
А) презентация 
Б) оқулық 
С) дәрістерді 
Д) кітапты 
Е) дәптерді 
9. Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі 
қандай бағдарлама болып табылады? 
А) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын Місrosof Power 
Point қолданбалы бағдарламасы 
Б)  MICROSOFT  OFFICE  кестесімен  бірге  қойылатын  Місrosof 
бағдарламасы 
С) MICROSOFT OFFICE кестесімен бірге қойылатын бағдарлама 

42 
 
Д)  MICROSOFT  OFFICE  кестесімен  бірге  қойылатын  кез-келген 
қолданбалы бағдарламасы 
Е)  MICROSOFT  OFFICE  кестесімен  бірге  қойылатын  Місrosof  ХР 
бағдарламасы. 
10. Слайдтар неден тұрады? 
А) әр текті нысаңдардан 
Б) оқу бағдарламаларынан 
С) жаңа кітап жазудан 
Д) дәрістер жинағынан 
Е) жұмыс жоспарынан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

43 
 
4. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН 
АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды 
ойлай білетін  осы заманғы оқытушыларсыз инновациялық экономика құра 
алмайтындығымыз  жайлы  еліміздің  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
Жолдауында  ерекше  аталып  өтіліп,  Қазақстанның  бәсекеге  қабілеттілігін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару 
қажеттіліктеріне  сай  білім  керектігіне  назар  аударылған  болатын.  Ал 
бәсекеге  қабілетті  елдің  әрбір  азаматы  бәсекеге  қабілетті  болуы  тиіс  деп 
есептеймін.  
Бүгінгі  таңдағы  оқу  орындарындағы  алдында  тұрған  мәселе  білім 
алушыларды  дамыта  оқыту,  яғни  білім  алушыны  оқу  әрекетіне 
қалыптастыру,  олардың  оқуға  ынтасын  ояту,  қызығушылығын  арттыру. 
Сондықтан,  оқытушының  алға  қойған  маңызды  міндетінің  бірі  –  талабы 
таудай  жеке  тұлғаны  іздеп  табу,  оны  өсіру.  Әр  білім  алушының қабілетін 
танып  біліп,  дамытып,  адам  дәрежесіне  жеткізу  үшін  жаңашыл  жұмысқа 
бет бұру керек. 
Қазіргі  педагогика  теориясына  елеулі  өзгерістер  еніп,  жаңа 
көзқарастар  пайда  болды.  Әрі  білім  беру  құрылымында жаңа технология 
өмірге келді. 
«Технология  дегеніміз  қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі 
адамдардың,  ал  педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  қол 
жетудегі  қолданылатын  барлық  қисында  ілім  амалдарымен  әдістемелік 
құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин. 
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық 
жүйенің жобасы. 
Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған 
белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық  ықпалды 
ұйымдастыруға  қажетті  өлшем,  байланысқан  әдістердің,  құралдардың 
жиынтығы.  Олай  болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны 
дамыту үшін, оны тәжірибеде пайдалану қажет болады. 
Педагогикалық  жүйенің  табысты  жүзеге  асуы  үшін  оны  құрайтын 
барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет. 
Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен іс - 
тәжірибе  жетістіктерінің  жиынтығынан,  бұрынғы  тәжірибенің  дәстүрлі 
түрлерін  қосатын  және  қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде 
пайда болған нәрселерден тұрады. 
Бірдей  технология  түрлі  орындаушының  қолында  әр  кезде  басқа 
болып көрінеді.  
Бұл  жерде  ұстаздың  педагогикалық  шеберлігіне  жеке  тұлғалық 
қасиеттеріне,  білім  алушылардың  ерекшеліктеріне,  олардың  жалпы  көңіл-
күйіне,  топтағы  психологиялық  ақуалға  көңіл  бөлу  керек.  Бір 

44 
 
технологияны  қолданған  әр  түрлі  педагогтардың  жеткен  нәтижесі  де 
әртүрлі  болады,  бірақ  осы  технология  көрсететін  орташа  көрсеткішке 
жақын болады. 
Яғни,  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  қасиеттерімен 
орташаланады,бірақ онымен анықталмайды. 
«Педагогикалық технология» деген түсінік «оқыту әдісінен» кеңірек 
болып табылады. 
Технология - оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне қалай жету 
керек деген сұраққа жауап береді. Технология – алдын  ала жоспарланған 
жүйені  тиімді  іске  асыруға  бағытталған  іс  -  әрекеттердің  барысы  және 
оның нәтижесіндегі көрсеткіші. 
Педагогикалық 
технологияны 
жоспарлау 
педагогикалық 
технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады.  
Ол 
тұлғаның  жеке  ерекшеліктерін  зерттеуді  және 
білім 
алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс - қимылды, сондай-ақ 
олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. 
Қазіргі  заман  талабына  сай  білім  беру  -  бұл  қоғам  мүшелерінің 
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және 
кәсіби  біліктілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  тәрбие  беру  мен 
оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. 
Осы  орайда  білім  алушылардың  танымдық  қабілетін  дамыту,  білім 
сапасын  арттырумен  қатар  ақыл  -  ой  шығармашылық  белсенділіктерін 
жетілдіру  үшін  жеке  пәндерді  оқытудың  тиімді  әдістері  мен  тәсілдерін 
іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі 
болып отыр. 
«Біз  өзіміздің  болашағымызды,  жеке  балаларымыздың  болшағын 
қандай  күйде  көргіміз  келеді  осыны айқындап алатын уақыт жетті», - деп 
көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық 
бағдарламасында.  Сондықтан  еліміздегі  ұлттық  қоғамды  кемелдендіру  ел 
болашағы  -  жас  ұрпақты  жаңа  инновациялық  әдісте  рухтық  тәлім  және 
білім  негіздерімен  қаруландырып,  қалыптастыру  қажет.  Білім  мен  тәрбие 
ажырамас егіз ұғым.  
Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң», - 
деген  сөзі  осынын  дәлелдесе керек. сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім - 
ғылым  нәрін берумен қатар, өз халқымыздың тағылым қағидаларын жеке 
тұрғыда  үйретіп,  игерудің  маңызы  зор.  Себебі,  бүгінгі  бала  ертеңгі  ата  - 
ана,  бала  тәрбиелеуші,  халық  өкілі,  ел  намысын  қорғаушы,  ата  - 
бабалардың  ісін  жалғастырушы  мәңгілік  күш,  сол  себепті  еліміздің  оқу 
орындарында  бұл  мәселені  жолға  қою,  яғни  егеменді  елімізге  қазақ 
қоғамын қалыптастыру – басты міндет болып табылады. 
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру 
жаңа  педагогикалық  технологияның  түрін,  қолдану  ерекшелігін  ендіруді 
міндеттеп  отыр.  Ал  инновация  дегеніміз  -  белгілі  бір  жүйедегі  ішкі 

45 
 
өзгерістер  болып  табылады.  Педагогикалық  инновация  дегеніміз- 
педагогикалық жүйедегі жаңашылдық. 
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - 
оқу  үрдісіндегі  шешуші  буын,  сондықтан ол - оқытуды жетілдіру, қажетті 
түрлендірулер  мен  мақсатты  нәтижеге  жетуді  ойластыратын  орталық, 
сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, 
даму  үстіндегі  сапалы  оқуды  іздестіретін  үрдіс.  Осыған  орай,  оқыту 
барысында  әр  түрлі  педагогикалық  технологиялары  жасалып,  мектеп 
тәжірибесіне енгізілуде,  олар: 
- Іскерлік ойын технологиясы; 
- Мәселелік  және интеграциялап оқыту; 
- Шаталовтың қарқынды оқытуы; 
- Дьяченконың ұжымдық технологиясы; 
- Эрдниевтің блоктап оқытуы; 
- Деңгейлеп оқыту; 
- Модульдеп оқыту; 
- Дамыта оқыту технологиясы  және т.б. 
Ал 
енді 
жоғарыда 
айтылған 
оқытудың 
педагогикалық 
технологияларын  оқу  -  тәрбие  үрдісіне  біртіндеп  енгізетін  болсақ,  онда 
білім  сапасын  арттыруға,  білім  алушылардың  дамуына  бақылау  жасауға, 
оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік болатыны 
дәлелденіп  отыр.  Сондықтан  да  бірқатар  мектептерде  жүргізіліп  жатқан 
тәжірибелердің басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық 
технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып отыр. 
Сабақта  қолданылатын  ойындар  -  топта  жүргізілетін  жұмыстардың 
ең  қызықтысы.  Ойынның  қандайда түрі болмасын өзіне тартады топтағы 
білім  алушылардың  ойлау  қабілеттері  бірдей  болмайды.  Сондықтан  да әр 
топтағы  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  және  білім 
деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету 
керек.  Бұған  білім  алушылардың  қызығушылығын  арттырудың  бір  -  көзі 
ойын  элементтерін  қолдану  болып  табылады.  Бұл  айтып  отырған  мәселе 
оқушылардың  ойлау  қабілеттерін  арттырады.  «Ойын  дегеніміз  ұшқын, 
білімге  құштарлық  пен  еліктеудің  маздап  жанар  оты»,  -  деп 
В.Ф.Сухомлинский  айтқанындай,  ойын  ақылды,  ойды,  тапқырды 
алғырлықты дамытады.  
Сабақта  ойын  элементтерін  пайдалану  білім  алушылардың  ой  - 
өрісін,  танымдылық  белсенділігін  арттырады.  Теорияны  тәжірибемен 
ұштастыруға  жол  ашады.  Алайда  ойынды  үнемі оқу  үрдісінде қолдануға, 
ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, 
сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс. 
Ж.Қараев  оқушылардың  оқу  материалын  меңгеру  деңгейін  4  түрге 
бөліп қарастырады: 
1.  Репродуктивті  деңгей.  Жалпыға  бірдей  стандартты  білім 
негізіндегі  тапсырмалар  беріледі.  Мұнда тапсырмалар білім алушылардың 

46 
 
алдыңғы  сабақта  алған  білімдеріне  және  оқулықта  бар  мәселелерге 
байланысты құрылады. 
2.  Алгоритмдік  деңгей.  Мұнда  білім  алушылар  оқытушылардың 
түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы 
орындайды. 
3.  Эвристикалық  деңгей.  Білім  алушы  өзі  ізденіп,  қосымша 
әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырманы орындауда 
білім  алушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 
4.  Шығармашылық  деңгей.  Білім  алушы  өзіндік  дағдысын,  білім 
сапасының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Білім  алушылар  жаңа  тақырыпты 
шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет. 
Бұл  әдісті  сабақта қайталау, қорытындылау, жинақтау сабақтарында 
тиімді  қолдануға  болады.  Әсіресе,  білім  алушының  сабаққа  деген 
қызығушылығын  арттырумен  құнды  деп  есептейміз.  Білім  алушылар 
тапсырмаларды  орындау  барысында  өзара  бәсекелесе  отырып  жұмыс 
істейді. 
Іс  -  әркеттің  ең  өнімдісі  -  3,  4  деңгей,  яғни  эвристикалық, 
шығармашылық сатылары. Бұл технология бойынша білім алушының осы 
шығармашылық  сатыға  жету  жолдары  тек  оқытушы  арқылы  емес,  білім 
алушының  өзі,  іс-әрекеті  арқылы  жүзеге  асырады.  Технологияның  негізі 
де, тиімділігі  де осында. 
Білім  алушының білімін оқушы деңгейінен шығармашылық деңгейге 
жетелеуде дамыта оқыту мен мәселелік  оқытудың орны да ерекше. Дамыта 
оқыту технологиясын қарастыратын болсақ, ол ең алдымен «Нені дамыту 
керек?» деген сұрақтарға жауап іздестіруіміз керек. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  артықшылықтарына  мына 
төмендегілерді жатқызуға болады: 
1. Оқу мазмұнының, мақсатының алдын - ала қойылуы, нақтылануы 
оқу нәтижесін бағалаудың обьективтілігін  арттырады; 
2.  Білім алушының пәндер бойынша барық топтағы оқу - танымдық 
қызметінің  мазмұны  мен  құрылымын  анықтайтын  оқу  үрдісінің  жобасы 
жасалады; 
3. Дидактикалық үрдістің бүтіндей берілуі іске асырылады; 
4. Педагогикалық қызметтегі оқытушы мен білім алушының қарым - 
қатынасынының,  өзара  түсіністігінің  жаңа  жүйесі  қалыптасып, 
интерактивтік әдістеме жүзеге асырылады; 
5.  Инновациялық  қызметтің  ұйымдастырылуының  жаңа  формасы 
мен оның негізгі принциптері жасалады; 
6.  Бұл  жүйе  білім  алушылардың  білім  алуға  деген  қызығушылығын 
арттырып, білім сапасын тұрақтандыруы, тіпті оны көтеруі де мүмкін; 
7.  Оқу  пәнін  танып  -  білу,  білім  алушылардың  танымдық  - 
шығармашылық  қызметінің  белсенділігін  арттыратын  дидактикалық 
модуль жасалады; 

47 
 
8.  Оқытушы  -  шығармашылық  жұмысқа  -  ақпараттық  дамытушы 
модуль жасауға төселеді. 
Ахмет  Байтұрсынұлы  өзінің  «Мектеп  керектері»  деген  еңбегінде 
былай деп жазған: «...мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. 
Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол 
мектептен балалар көбірек білім біліп шығады. Солай болған соң, ең әуелі, 
мектепке  керегі  -  білімді педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін 
мұғалім ». 
Қазіргі білім орасына оқыту мен тәрбиенің соңғы тәсілдерін игерген, 
нақты  тәжірибелік  іс  -  әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді, 
шығармашыл  педагог  -  зерттеуші,  сондай  -  ақ  интегративті  ойлауға 
қабілетті  ойшыл оқытушы қажет. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  мемлекетіміздің    болашақ  дамуына  арналған 
«Қазақстан  -  2030»  бағдарламасында  жоғары  білімнің  сапалылығы, 
адамсүйгіштігі  және  ғаламдануы  арқылы  мәдениет  жасауға,  интеграцияға 
ерекше  мән  бергені  белгілі.  Интеграциялық  оқытуды  жүзеге асыру, оның 
ғылыми деңгейін арттыру, тұтастылығында білім алушылардың танымдық 
әрекетіне  тән  дағдыларды  қалыптастыру  міндеті,  қазіргі  кезде  алдымызға 
қойылған мәселелердің бірі болып табылады. 
Интеграциялық  оқытуды  жүзеге  асыру  білім  алушылардың 
танымдық  қызығуы  мен  білім  сапасын  арттырумен  қатар,  бір  сабаққа 
бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл әр пәндік 
мазмұнды  қосып  біріктіріп  жіберу  немесе  бірнеше  пәнді  бір  пәнмен 
алмастыру  емес,  әрі  пәндік  құрылымды  жоққа  шығармайды,  керісінше, 
оған қондырғы ретінде қызмет етеді. 
Жалпы қарастыратын болсақ интеграция дегеніміз - пәндердің өзара 
байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру болып табылады. 
Интеграция  тұтастықты  қалыптастырып,  білімді  жүйелеу  мен жинақтауда 
әр  түрлі  ғылымдарды  біріктіреді.  Пәндердің  өзара байланыс деңгейі  білім 
алушылардың  білімін  зерттеу,  талдау,  жүйелеу  сияқты  негізгі 
дидактикалық  міндеттер  арқылы  шешіледі.  Оқушылардың  тәжірибесінде 
жиі  кездесетін  интеграцияны  жүзеге  асырудың  жолы  -  сабақтарды  бір 
оқытушы  арқылы  жүргізіп,  бірнеше  пәндер  бойынша  біріккен 
сабақтарболып  табылады,яғни  білімнің  жинақталуы,  білім  алушылардың 
әр түрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу. 
Демек,  бүгінгі  оқу  орындарының  мақсаты  мен  міндеті  әр  білім 
алушының  жеке  тұлғалық  қадамына  жол  ашу  болып  отыр.  Мұндағы  бар 
салмақ оқу орнының айнасы болып есептелетін оқытушы иығына түспек.  
Білім  алушыны  дарынды,  бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне 
сендіру  ұстаз  бойындағы  құдіретті  күш.  Өйткені,  сенім  үлкен  жеңіске 
жетелейді.  Терең  біліммен  қоса  сапалы  тәрбие  беру  -  әрбір  ұстаздың 
абыройлы борышы. 
Білім  алу,  шеберлікке,  іс  -  әрекет  дағдыларына  үйрету  мен  меңгеру 
барысы  және  адамды  өмір  мен  еңбекке  бейімді  етіп  даярлаудың  негізгі 

48 
 
құралы  –  оқыту.  Оқыту  барысының  нәтижесінде  білім  беру  мен  тәрбие 
мақсаттары жүзеге асырылады. 
Түрлі оқу орнындағы оқыту - білім берудің басты жолы, сол сияқты 
оқу  отбасында,  өндірісте,  жұмыста  т.б.  күнделікті  адамның  тіршілік және 
қызмет барысындағы жағдайларда іске асып отырады. 
Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени 
даму дәрежесіне сай белгіленді. 
Оқудың  мақсаты  мен  мазмұны,  оны  ұйымдастырудың  түрлері  мен 
әдістері  адамзат  қоғамының  даму  кезеңдеріндегі  қоғамдық  қатынастар 
негізінде,  жалпы  білімге,  адамдардың  даярлығы  негізінде  қойылатын 
талаптардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай 
өзгеріп отырады. 
«Дәстүрлі  оқыту»  ұғымы  XVІІ  -  ғасырда  Я.А.Коменскийдің  «Ұлы 
дидактика»  еңбегінің  негізінде  қалыптасты,  күні  бүгінге  дейін  әлем 
мектептерінде қолданылатын сынып – сабақты, оқытуды ұйымдастыру деп 
түсіндіріледі. 
Дәстүрлі - сабақ технологиясының ерекшеліктері мыналар: 
-  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  бір  деңгейде  болады  және 
дайындық  көлеміне  қарай  сыныпты  құрайды.  Бұл  құрам  негізінен 
мектептегі  кезеңде еш өзгеріссіз сақталады; 
-  сынып  біріңғай  жылдық  жоспармен  және  бағдарламаға  сай  сабақ 
кестесімен жұмыс істейді. Осыған сәйкес оқушылар мектепке бір мезгілде 
және алдын ала белгіленген уақытта келулері  тиіс; 
- оқудың негізгі бірлігі - сабақ; 
- сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары 
бір материалмен жұмыс жасайды; 
- сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді. Ол жеке пәндер 
бойынша  әр  оқушының  білімін  жеке  -  жеке  бағалап,  жыл  соңында 
сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді; 
- оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет; 
-  оқу  жылы,  оқу  күні,  сабақ  кестесі,  оқу  демалыстары,  үзілістер, 
сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақ жүйесінің 
атрибуттары. 
Оқытудың  мақсаты  –  қозғалушы  категория,  ол  былайша  құрылған 
еді: 
- білім  жүйесін құру, ғылым негізін үйрену; 
- ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру; 
- әрбір оқушының жан - жақты, үйлесімді дамуы; 
- адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу; 
-  ой  еңбегіне,  сондай  -  ақ  дене  еңбегіне  қабілетті,  жоғары  білімді 
ақыл - ойлы адамдарды тәрбиелеу; 
Сонымен, оқыту технологиясының мақсаты - бұл берілген қасиеттері 
бар тұлғаны тәрбиелеу. 

49 
 
Оқыту  технологиясы  тұлғаның  дамуына  емес,  білімді,  шеберлікті, 
дағдыны меңгеруге бағытталған. 
Қазіргі  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарында  мақсаттар  біршама 
өзгертілді  -  идеологизация  жойылды,  жан  -  жақты  үйлесімді  дамудың 
үндеулері  алынып  тасталынды,  өнегелі  тәрбие  үлгісі  өзгертілді,  бірақ 
негізгі  мақсаттардың  міндеті,  алдын  ала  жоспарланған  сапалы  білім  алу 
стандарттары сол күйінде қалды. 
Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып 
саналады.  Қазіргі  ғылыми  техникалық  үрдістің  жағдайында  жаңа 
әлеуметтік  талаптарға,  оқушылардың  жеке басының даму мүмкіндіктеріне 
сай  оқудың  мазмұны  мен  әдістерін  жетілдіріп,  оқу  құралдарының  жаңа 
түрлерін жасау қажеттілігі  туды. 
Оқытудың  мазмұнында  ғылымның  соңғы  табыстарына  сай 
теориялық  материал  көлемінің  артуы,  оқытудың  дамып  келе  жатқан 
саласына  оқушылардың  танымдық  дарыны  мен  қабілеттілігін  жетілдіруге 
баса  назар  аударылуы.  Қазіргі  педагогикалық  технологияны  обьективті 
қажеттілік  тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді. 
«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика 
көпшілік  мақұлдаған түсінікке жатпайды. 
Бір  жағынан,  оқыту  технологиясы  –  ол  ақпаратты  өңдеудің, 
ұсынудың,  өзгертудің  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиынтығы,  ал  екінші 
жағынан,  оқыту  үрдісінде  оқытушының  қажетті  техникалық,  ақпараттық 
тәсілдерді  қолдана  отырып,  оқушыға  әсер  ету  құралдары  жайлы  ғылым. 
Оқыту  технологиясында  оқу  мағынасы,  әдіс  -  тәсілдері  өзара  тығыз 
байланыста болады. 
Оқытушының педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары 
мен  бағдарламасына  сәйкес  оқыту  тәсілдерінің,  әдістерінің  ең  оңтайлы, 
қажет мағынасын таңдай білуде. Оқыту технологиясы жүйелі ұғым. Оның 
құрылымына мыналар кіреді: 
- оқыту мақсаты; 
- оқыту мағынасы; 
- педагогикалық өзара қатынас құралдары; 
- оқу үрдісін ұйымдастыру; 
- оқушы, оқытушы ; 
- іс - қимыл нәтижесі. 
Педагогикалық  технологияның  мәні  жайлы  соңғы  онжылдықта 
белгілі  болып  келген  көптеген  анықтамалар  бар.  Соның  бірнешеуін 
қарастырайық. 
Технологияны  –  қандай  да  болсын  істе,  өнерде  қолданылатын 
тәсілдердің жиынтығы (орыс тілінің түсіндірме сөздігінен алынған). 
Технология  –  бұл  өнер,  шеберлік,  ептілік,  өңдеу  тәсілдерінің 
жиынтығы, қалыпты өзгерту (В.М.Шепель). 
Оқыту  технологиясы  -  дидактикалық  жүйесінің  құрамдас  бөлігі 
(М.Чашанов). 

50 
 
Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың түрлерін, 
әдістерін,  құралдарын,  тәсілдерін  үйлестіретін,  тәрбиелеу  амлдарын 
анықтайтын психологиялық - педагогикалық құрылымдардың жиынтығы, 
яғни ол педагогикалық үрдістің құралы болып табылады (Б.Т.Лихачев). 
Педагогикалық  технология  -  оқу  үрдісін  іске  асырудың  мағыналы 
технологиясы (В.П.Беспалко). 
Педагогикалық  технология  –  оқытудың  жоспарлы  нәтижесі  үрдісін 
суреттеу (И.П.Волков). 
Педагогикалық  технология  –  оқушы  мен  оқытушының  толық 
жабдықталған  шарттарын  қамтамасыз  ететін  оқу  үрдісін  жобалау, 
ұйымдастыру  және  өткізу,  сондай-ақ  бірлескен  педагогикалық  іс-
қимылдарының жан - жақты ойластырылған моделі (В.М.Монфосьев). 
Педагогикалы  технология  -  білім  беру  түрлерін  оңтайландыруды 
өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын техникалық қорларын және адам 
факторын  есепке  ала  отырып,  өзара  бірлескен  білімді  меңгеру  мен 
оқытудың барлық үрдісін анықтау, қолдану, құру тәсілдерінің жүйесі. 
Педагогикалық  технология  –  педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін 
қолданылатын  барлық  жеке  тұлғалық,  құралдық,  әдістемелік  тәсілдердің 
жүйелі жиынтығы және ретті жұмыс істеуі (М.В.Кларин). 
Педагогикалық  технология  -  алдыңғы  авторлардың  барлық 
анықтамаларының  мағынасын  бойына  сіңірген  мағыналы  қортынды 
(Г.К.Селевко). 
«Педагогикалық  технология»  түсінігі  үш  түрлі  құбылыс  ретінде 
ұсынылады: 
- ғылыми; 
- іс жүргізу, суреттеу; 
- ықпалды іс жүргізу. 
Сонымен,  педагогикалық  технология  оқытудың  ұтымды  жолдарын 
зерттейтін  ғылым  ретінде  жұмыс  істейді  және  оқуда  қолданылатын 
тәсілдер  жүйесі  ретінде,  оқытудың  шынайы  үрдісі  ретінде  де 
қарастырылады. 
Педагогикалық  технологияның  негізі  болып  педагогикалық, 
психологиялық  және  әлеуметтік  ғылым  жетістіктері,  сонымен  қатар 
алдыңғы  қатарлы  педагогикалы  тәжірибеде,  халықтық  педагогикада, 
отандық  және  шетелдік  педагогиканың  озық  тәжірибесінің жиыны болып 
табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет