Технологиялар


Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата28.01.2017
өлшемі0,87 Mb.
#2872
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1. Қашықтықтан оқытудың қандай артықшылықтары бар? 
2. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты қандай? 
3. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары 
бар, сол туралы қандай мәлімет бере аласыз? 
4.  Кейс  технологияға  арналған    материалдардың  қандай  түрлерін 
білесіз? 
5.  «Қашықтықтан  оқытуға  арналған  кейстердің  сапалық  қасиеттері 
қандай? 
6. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі 
міндеті  қандай? 
7. Қашықтықтан оқыту артықшылықтары қандай? 
8.  Өндірісте  де  ынталандыруға  байланысты  менеджмент  ең  бағалы 
ресурсты  –  кадрларды  жетілдірудің  негізгі  құрамды  бөлігі  болып  табыла 
ма? 
9.  Кез  келген  қашықтықтан  оқыту  жүйесіне  қажетті,  аса  маңызды 
сипаттары қандай? 
10.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құру  қағидалары  неше  бөліктен 
тұрады? 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1. «Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі» тақырыбында 
баяндама жасаңыз. 
2. Оқытудың ұтымды қағидалары туралы конспект жасаңыз. 
3.  «Қашықтықтан  оқыту  жүйесінің  типтері»  тақырыбында  реферат 
дайындаңыз. 
 
 

95 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1. Кейс технологиясына анықтама беріңіз. 
А)  қағазды,  электронды,  өзге  де жеткізу түрінде және оларды өздік 
оқитын  білім  алушылар  үшін  жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік 
материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология 
Б)  электрондық  курстар  құру,  оқулықтар,  оқу  жүйесін  ақпараттық 
қамсыздындыру, педагогикалық технология  
С)  дәстүрлі  және  қашықтан  консультацияларды  ұйымдастыру 
кезінде    мәтіндік,  аудиовизуальды    және  мультимедиалық оқу-әдістемелік 
материалдарды жинау технологиясы 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру технолгиясы 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру технологиясы 
2. Желілік  технологияға анықтама беріңіз. 
А) 
білім  алушылардың  оқытушылармен  және  бір-бірімен 
интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін колдану 
негізінде  оқу  үрдісін  басқаруда  оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз 
ету технологиясы. 
Б)  электрондық  курстар  құру,  оқулықтар,  оқу  жүйесін  ақпараттық 
қамсыздындыру, педагогикалық технология  
С)  дәстүрлі  және  қашықтан  консультацияларды  ұйымдастыру 
кезінде    мәтіндік,  аудиовизуальды    және  мультимедиалық оқу-әдістемелік 
материалдарды жинау технологиясы 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастыру технолгиясы 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастыру технологиясы 
3.  Қашықтықтан  білім  беру  жүйесінің  жұмыстары  қай  жылы 
басталды? 
А) 2010 
Б) 2011 
С) 2012 
Д) 2013 
Е) 2014 
4. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты... 
А)  жеке  адамды  интеллектуалды  дамыту,  ақпаратпен  жұмыс  жасай 
білуге үйрету 
Б)  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру 
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу  
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау  
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру  
5. Кейс технологияға арналған  материалдардың неше түрі бар? 
А) бес 
Б) алты 
С) жеті 

96 
 
Д) сегіз  
Е) тоғыз 
6. Қашықтықтан оқыту... 
А)  оқытушымен  оқушының  оқыту  құралдары  арқылы  интерактивті 
қарым-қатынас  әрекет  үрдісін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа 
ақпараттық-педагогикалық технология 
Б)  компьютерлік  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру  технологиясы 
С)  компьютерлік  оқыту  арқылы  оқушыларды  шығармашылық 
жұмысқа баулу технололгиясы 
Д)  компьютерлік  оқыту  арқылы  оқушыларға  кез  келген  мазмұны 
сыни тұрғыдан қарау технологиясы 
Е)  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыру 
технологиясы  
7  Білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың  негізгі  бағытын  қалай 
түсінесіз? 
А)  XXI  ғасырдың  талаптарына  сәйкес  қоғамды дамытудың жоғары 
тиімділікті  технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу  
Б)  компьютерлік  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру   
С)  компьютерлік  оқыту  арқылы  оқушыларды  шығармашылық 
жұмысқа баулу  
Д)  компьютерлік  оқыту  арқылы  оқушыларға  кез  келген  мазмұны 
сыни тұрғыдан қарау  
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру 
8.  Кез  келген  қашықтан  оқыту  жүйесіне  қажетті,  аса  маңызды 
сипаттары нешеу? 
А) 16 
Б) 15 
С) 14 
Д) 13 
Е) 12 
9.  Қашықтықтан  оқыту  жүйесін  құру  үшін  қанша  қағида 
қарастырылады? 
А) он 
Б) тоғыз 
С) сегіз 
Д) жеті 
Е) алты 
10. Электрондық оқу-әдістемелік кешен қанша кезеңнен тұрады? 
А) сегіз 
Б) тоғыз 
С) он 
Д) онбір 
Е) онекі 
 

97 
 
7.  ҚАЗIРГI ӘЛЕМДЕГI БIЛIМНIҢ НЕГIЗГI  
ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
 
Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан  үшін  ең  негізгі  басымдықтың  бірі  - 
білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. 
Осы  уақыт  ішінде  елімізде  оң  өзгерістер,  табыстар  мен көптеген ғылыми 
жаңалықтар  өмірге  келді.  Жаңа  ғасырдың  жаңаша  ойлайтын  білімді  де 
білікті жастарының арқасында жаңа технологиялар өндіріске енгізіліп, қай 
салада  болмасын  әлемдік  озық  тәжірибе  өмірімізге еніп келеді. Білім беру 
мен  ғылымды  дамыту  мәселелерін  Елбасы  әрдайым  өзінің  басты 
назарында ұстайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының 
арқасында  Қазақстан  әлемдік  қауымдастықтың  ортасынан  лайықты  өз 
орынын  таба  білді.  Президентіміздің  «Біз  таяу  уақытта  дамыған  50  елдің 
қатарына  жетуіміз  керек»  деген  мақсатына  еліміз  биылғы  жылы  қол 
жеткізді.  Тәуелсіздік  алған  20  жылдың  ішінде  Кеңес  үкіметі  заманында 
даярланған  кадрлардың  орнын  заманауи  техниканы  меңгерген  білімді 
мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. 
Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық 
биология,  космосты  игеру  сынды  ғылым  салаларына  ілесіп  отыру  үшін 
біздің мамандарға үлкен ізденіс керек. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына 
арналған  жолдауында  «Біздің  жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, 
біздің  балаларымыз  бен  немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.  Бүкіл 
дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  қазіргі  кезде 
Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үрдіс  педагогика 
теориясы  мен  оқу  –  тәрбие  үрдісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен  қатар, 
елімізде  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша 
қарауды,  қол  жеткен  табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, 
жастардың  шығармашылық  әлеуетін  дамытудың,  мұғалім  іс-әрекетін 
жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды  талап  етеді»,  деп  атап  көрсеткен 
болатын. 
Осыған  байланысты  педагогикадағы жаңалықтарды жасаушыларды 
ерекше атап өту қажет. Себебі, инновациялық дамудың негізгі түсініктерін 
ашу  жаңалықтарды  іске  асырушы  адамдарсыз  мәнсіз  болып  табылады. 
Педагог  -  новатор  нақты  жаңалықты  жүзеге  асырушы  сонымен  бірге, 
жаңалықты жасаушы немесе үлгісін көрсетуші. 
Инновациялық  педагогикалық  іс-әрекет  белгілі  оқытудың,  тәрбие 
беру  мен  дамытудың  стереотипіне  қарама  -  қайшы,  ол  белгілі  межеден 
шығып,  жеке  шығармашыл,  өз  бағытымен  жұмыс  істей  алатын  мұғалім 
қалыптастыруға бағытталады. 
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана 
емес,  педагогикалық  үрдіс  элементтерінің  бірлігінің  немесе  жеке 
элементтерінің  білім  беру  мен  тәрбиелеудегі  белгілі  міндеттерді  тиімді 
шешу жолы. 

98 
 
Педагог  -  инноватор  -  субьект,  үнемі инновацияны жасаушы, өз іс-
әрекетін  өзгертуге,  жетілдіруге  ұмтылушы.  Инновациялық  іс-әрекет 
субьектісінің  басты  мінездемесі  -  саналы  түрде  әрекет  ете  білу  (өз 
инициативасының  субъективті  мүмкіндіктерімен  қоғамдық  тәжірибеге 
енгізу негіздерін өз әрекетінде көрсете білуі. 
Қазіргі  жағдайда  инновациялық  үрдістер,  жылдам  басқару мәселесі 
педагогикалық  инноватиканың  құрылымында  негізгі  түйіні  болып 
табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру 
мазмұнына көлемді тәжірибелік және теориялық материалды қосуды талап 
етеді.  Алайда,  мектепте  жоғары  оқу  орнында  оқыту  уақыты  шектеулі 
болғандықтан,  заман  талабынан  шығатын  маманды дайындауға жеткілікті 
білімді  саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде. 
Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен 
қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл 
әлемнің 
білім 
беру 
жүйесі 
дамуының 
негізгі 
және 
қажетті 
тенденцияларының бірі болып табылады. 
Педагогикалық  жаңалықтарды  жасау,  игеру  қолдауды  біріктіретін 
инновациялық  үрдістер  білім  беруді  және  мектептегі  оқу  үрдісін  жаңарта 
алатыны  сөзсіз.  Сондықтан  да,  инновациялық  үрдістерді  игеру,  жасау, 
қолдану  мәселелерін  талдау  және  жүзеге  асыру  білім  беру  жүйесінің  әр 
түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда. 
Еуропалық  білім  кеңістігіне  ену  -  қазіргі  кезеңнің  басты  шындығы, 
уақыт  талабы.  Жоғары  білім  беруде  біз  Болон  үрдісіне  ендік.  Жалпы 
еліміздегі  білім  жүйесі  батыстық  білім  беру  жүйесіне  бағытталып  отыр. 
Мамандар,  ғылыми  педагогикалық  қызметкер  даярлауда  үш  деңгейлі 
«бакалавр – магистр - доктор (философия докторы (Ph), бейінді доктор)» 
білім  беру жүйесіне көштік. Кредиттік оқыту жүйесі оң бағыт алды. 
Қоғамдық  даму  динамикасы  екпiндi  дамып  келеді.  Адамдардан 
меңгеру  және  жинақталған  тәжірибені  өз  тiршiлiк  әрекетiнің  шартына 
қолдану  қабілеттілігі  ғана  талап  етілмейді,  сонымен  қатар  қалыпсыз 
жағдайларда  әрекет  ету,  қатерге  дайын  болу  талап  етіледі.  «Бүгінгі  күні 
сәби  болу  және  есею  қиындап  келеді,  себебі  әлеуметтендіру  және  өмір 
сүру шарттары импульстi, тұрақсыз және шексiз болып келеді.». 
Қазiргi бiлiмнiң бағыттарын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң 
келесi негiзгi даму бағыттарын ерекшелеуге болады, олар: 
- «Білім - үйрену» парадигмасының «білім - қалыптасу» 
парадигмасына ауысуы. 
- Білімнің  негізгі қоғамдық капиталға айналуы. 
- Үздiксiз бiлiм  алу  тұжырымдамасының дамуы. 
- Үйренудi бiртiндеп жекелендіру. 
- Үйрену диверсификациясы. Диверсификация жаңа білім мекеме-
лерінің  ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм  беру 
функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен 
және жаңа пәндердің енгізілуімен  байланысты. Білім  алушыларды 

99 
 
қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм  алуды  
басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану 
тәртібі қайта ұйымдастырылады. 

Ғаламданудың  бүкiләлемдiк  үрдістерімен  сәйкес  бiлiмнiң 
ынтымақтастығы. 
Бiлiмнiң 
ынтымақтастығы, 
керiсiнше, 
ұлттық 
жүйелердiң  жақындауына,  оларда  ортақ  әмбебап  тұжырымдар  және 
компоненттердiң  табылу  және  дамыуына  бағытталған.  Ынтымақтастық 
құралы  ретінде    білімгерлермен,  оқытушылармен  және  зерттеушiлермен 
айырбас  жасау,  дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң 
жалпы стандарттарын құру болып табылады. 
Қазiргi  мектептегі  бiлiм  беруде,  қашықтан  оқытуды  дамытуда  жаңа 
технологияларды, интернет - технологияны қолдану үрдісін белсендендіру. 
Еуропа  кеңесi  қазiргi  өркениеттiң  кез  келген  өкiлi  меңгеруі  тиіс 
құзырлардың  бес  негізгі  топтарын  анықтады  (құзырлық  талаптарды  iске 
асырудағы Болон үрдісінің талаптары бойынша), олар: 
-  саяси  және  әлеуметтік:  (бiрлесіп  шешiм  қабылдауға  қатысу,өзіне 
жауапкершілік  алу ) 

көп 
мәдени 
қоғамдағы 
өмірге 
қатысты 
құзырлар 
(айырмашылықтарды  түсiну,  өзара  сыйласу,  мәдениеті,  тiлі,  дiні  басқа 
адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі) 
-  ауызша  және  жазбаша  қарым  -  қатынасты  меңгеруге  қатысты 
құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры 
-  ақпараттық  қоғамның  пайда  болуымен  байланысты  құзырлар, 
(электрондық құзырлар). 
-  өмір  бойы  оқи  білу  қабілеттілігі  -  кәсiби  дамуда,  сонымен  бірге 
жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі. 
Электрондық құзыреттілік, олар: 
- Болон үрдісімен талап етілетін   өзгерiстердiң қажеттi бiр бөлiктерi. 
- Оқытудың жаңа жолының мақсаты - электрондық технологияларды 
қолдануға  негiзделген  оқытушылар  мен  білімгерлерді  оқытудың 
инновациялық сценарийларына тарту (e-learning) 
21  ғасырдағы  білім  алу  үрдісіне  жасалған  ЮНЕСКО  болжамы 
төмендегідей мәселелерді көрсетеді: 
- күндізгі оқу  уақыттың 30 – 40 % алады 
- қашықтан оқыту  40% алады 
- қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады  
Бағдарламаларды құру құралдарына тоқталсақ, оларды төмендегідей 
түрде жіктеуге болады: 
-  Күнделікті  қолданылатын  құралдар:  Word,  PowerPoint;  Imaging  
т.с.с. 
-  Күнделікті  интернет  құралдар:  Websites/HTML,  Forum,  Chat, 
Muds/Moos (formerly), Newsgroups; Blogs, WIKIs, Podcasts т.с.с. 
- Web редакторлар: Hefs т.с.с. 
- Аннимация жасау: Flash, т.с.с. 

100 
 
-  CBT/WBT  Authoring  Tools(CBT  –  компьютерді  қоданып  оқыту, 
WBT - Web технологияны қолданып оқыту ): Director т.с.с. 
-  Арнайы  құралдар:  Adobe  Presenter,  Camtasia  for  Screen  -  and 
Podcasts  
- Кіріктірілген  оқытатын платформалар.  
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта 
білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби 
дайындығына  тікелей  қатысты.  Сол  себепті  педагогикалық  іс-әрекетте 
оқыту  технологияларын  кеңінен  қолдана  білу  іскерліктерінің  жоғары 
деңгейде  қалыптасуы  мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  дайындығына 
қойылатын талаптар қатарына енеді. 
Білім  саясатының  өзекті  мәселелері  –  кәсіптік  даярлаудың  сапасын 
жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін 
түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, 
ондағы  алдыңғы  қатарлы  оқу  -  тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның 
сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау, 
білімді  жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде  оның  рөлін 
арттыру  және  қазіргі  заман  техникасы  мен  технологиясын  жоғары 
деңгейде қолдана білу. 
Қоғам  дамуының  қазіргі  кезеңі  адам  қызметінің  басым  бөлігін 
ақпараттандырумен, 
компьютерлендірумен 
ерекшеленеді. 
Соған 
байланысты  мұғалімдердің  қызмет  аясы  кеңейіп,  ақпараттық  - 
компьютерлік  іс-әрекетінің  тәжірибелік  сұранысы  артуда.  Қоғамдық 
үрдістегі  жетістіктер  болашақ  ұрпақтың  білімі  мен  тәрбиесіндегі 
жетістіктерге,  ал  ол  өз  кезегінде  жаңа  формация  мұғалімінің  білік 
деңгейіне  байланысты.  Сондықтан  да  мұғалімдердің  инновациялық 
біліктілігі  мәселесі аса назар аударуды талап етеді. 
Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары 
 
1. Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі қандай бағыт? 
2. Инновациялық дамудың негізгі түсініктеріне тоқталыңыз. 
3. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет неге бағытталады? 
4. Педагогикалық жаңалықты қалай түсінесіз? 
5. Педагог - инноватор қандай қызмет атқаратын тұлға? 
6.  Инновациялық  үрдістерді  олардың  дамуындағы  тенденциялары 
мен қайшылықтарды қалай түсінесіз? 
7. Инновациялық үрдістер туралы не білесіз? 
8. Ғылыми педагогикалық қызметкер даярлауда қанша деңгей бар? 
9.  Қазiргi  бiлiмнiң  тенденцияларын  талдай  отырып,  қазiргi  әлемдегi 
бiлiмнiң  келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге бола ма? 
10. Электрондық құзыреттілік дегенді қалай түсінесіз? 
 
 
 

101 
 
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар  
 
1.  «21  ғасырдағы  білім  алу  үрдісіне  жасалған  ЮНЕСКО  болжамы» 
тақырыбында баяндама жасаңыз. 
2. Білім  саясатының өзекті мәселелері туралы конспект жасаңыз. 
3.  «Қоғамдық  үрдістегі  жетістіктер»  тақырыбында  реферат 
дайындаңыз. 
 
Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары 
 
1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірін 
атаңыз. 
А) білім 
Б) электрондық курстар  
С) оқу-әдістемелік материалдарды жинау технологиясы 
Д) ұйымдастыру технолгиясы 
Е) тәрбие 
2. Педагог – новатор... 
А)  нақты  жаңалықты  жүзеге  асырушы  сонымен  бірге,  жаңалықты 
жасаушы немесе үлгісін көрсетуші 
Б)  электрондық  курстар  құру,  оқулықтар,  оқу  жүйесін  ақпараттық 
қамсыздындырушы 
С) дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастырушы 
Д)  оқытушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасын  жүйелі 
ұйымдастырушы 
Е) оқушылардың білімін  жүйелі ұйымдастырушы 
3. Педагогикалық жаңалықты қалай түсінесі? 
А)  жаңа  идеялар,  әдістер,  технологиялар  ғана  емес,  педагогикалық 
үрдіс  элементтерінің  бірлігінің  немесе  жеке  элементтерінің  білім  беру  мен 
тәрбиелеудегі белгілі  міндеттерді тиімді  шешу жолы 
Б)  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру  немесе  жеке  элементтерінің  білім  беру  мен  тәрбиелеудегі 
белгілі  міндеттерді тиімді  шешу жолы 
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу  
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау  
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру  
4. Инновациялық іс-әрекет субьектісінің басты мінездемесі... 
А)  саналы  түрде  әрекет  ете  білу  (өз  инициативасының  субъективті 
мүмкіндіктерімен  қоғамдық  тәжірибеге  енгізу  негіздерін  өз  әрекетінде 
көрсете білуі 
Б)  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру 
С)  оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулу  негіздерін  өз 
әрекетінде көрсете білуі 

102 
 
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау негіздерін 
өз әрекетінде көрсете білуі 
Е)  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыру  негіздерін 
өз әрекетінде көрсете білуі 
5.  Ғылыми  педагогикалық  қызметкер  даярлау  неше  деңгейде 
жүргізіледі? 
А) үш 
Б) алты 
С) төрт 
Д) сегіз  
Е) бес  
6.  Еуропа  кеңесi  қазiргi  өркениеттiң  кез  келген  өкiлi  меңгеруі  тиіс 
құзырлардың негізгі неше тобы анықталды? 
А) бес 
Б) алты 
С) төрт 
Д) сегіз  
Е) үш  
7.  21  ғасырдағы  білім  алу  үрдісіне  жасалған  ЮНЕСКО  болжамы 
қандай мәселелерді көрсетеді? 
А)  күндізгі  оқу    уақыттың  30  –  40  %  алады,  қашықтан  оқыту  40% 
алады, қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады 
Б)  күндізгі  оқу    уақыттың  50  –  60  %  алады,  қашықтан  оқыту  50% 
алады, қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады 
С)  күндізгі  оқу    уақыттың  60  –  70  %  алады,  қашықтан  оқыту  60% 
алады, қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады 
Д)  күндізгі  оқу    уақыттың  70  –  80  %  алады,  қашықтан  оқыту  70% 
алады, қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады 
Е)  күндізгі  оқу    уақыттың  80  –  90  %  алады,  қашықтан  оқыту  80% 
алады, қалған уақытты e-learning  көмегімен өз бетімен білім алу алады 
8. 
Қашықтықтан  оқыту  технологиясы  бойынша  күнделікті 
қолданылатын құралдарға не жатады? 
А) Word, PowerPoint; Imaging  
Б) Adobe Presenter, Camtasia for Screen- and Podcasts 
С)  CBT/WBT  Authoring  Tools(CBT  –  компьютерді  қоданып  оқыту, 
WBT - Web технологияны қолданып оқыту ): Director т.с.с. 
Д) Анимация жасау: Flash, т.с.с. 
Е) Web редакторлар: Hefs т.с.с. 
9. Білім  саясатының өзекті мәселелері қандай? 
А)  кәсіптік  даярлаудың  сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз 
етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту 
Б)  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендіру  немесе  жеке  элементтерінің  білім  беру  мен  тәрбиелеудегі 
белгілі  міндеттерді тиімді  шешу  

103 
 
С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу  
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау  
Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру  
10. Қоғам дамуының қазіргі кезеңі немен ерекшеленеді? 
А) 
адам 
қызметінің 
басым 
бөлігін 
ақпараттандырумен, 
компьютерлендірумен 
Б)  деңгейлеп  оқыту  технологиясының  принциптері-оқытуды 
ізгілендірумен 
С)  оқушыларды  шығармашылық  жұмысқа  баулу  негіздерін  өз 
әрекетінде көрсете білуімен 
Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау негіздерін 
өз әрекетінде көрсете білуімен 
Е)  жаңа  буын  оқулықтарының  талаптарын  жүзеге  асыру  негіздерін 
өз әрекетінде көрсете білуімен 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

104 
 
8. ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІН 
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты  міндет- 
оқушылардың  шығармашылық  білім  дағдыларын  қалыптастыру.  Міне, өз 
ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш,  абзал  азамат  болып  өсуі  үшін 
сабақта 
жаңа 
технология 
элементтерін 
қолданудың 
мақсаты 
шығармашылықпен  оқу-тәрбие  үрдісіне  тиімді  пайдалану  әрбір  ұстаздың 
міндеті  болып  табылады.  Информатика  сабағында  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамыту  тұрғысынан  тиімділігін  арттыру  бүгінгі 
жоғары  және  орта  мектепте  информатика  оқыту  теориясы  мен 
әдістемесінің  педагогикалық мәселелерінің бірі.  
«Қазақстан-2030»  атты  еліміздің  стратегиялық  бағдарламасында  ең 
негізділерінің  бірі  -  жоғары  интелектуальды  жастарды  жан-жақтылыққа 
тәрбиелеу,  олардың  потенциалдық  деңгейінің  көтерілуіне  үлес  қосу. 
Сондықтан,  мұғалімдер  қауымының  алдына  өте  үлкен  міндет  жүктелді. 
Бүгінгі  таңда  жас  ұрпаққа  пәнді  тиімді  ұғындырудың  бірі  -  жаңа 
технология  негіздері  болып  табылады.  Сонымен  бірге  өскелең  ұрпақтың 
ақпарат  құралдарымен  жұмыс  жасай  білуіне  назар  аударған  жөн.  Оқушы 
қызметін  белсендіру  негізінде  педагогикалық  технологияларының  бірі  - 
деңгейлік  саралау  сондай  –  ақ  дамыта оқыту технологиясының элементін 
қолдану болып табылады. 
 
Деңгейлеп оқыту технологиясы. 
 Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты:  әрбір  оқушы  өзінің 
даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.  
1)  Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  пайдалана 
отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 
2)  Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балараға,  олармен 
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
3)  Деңгейлеп  -  саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  үш 
деңгейі  қарастырылады:  ең  төменгі  деңгей  (базалық),  бағдарламалық, 
күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.  
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін  
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,   
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне 
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын. 
Осы  деңгейлеп  оқытуда  қазіргі  білім  кеңістігінде   қолданып  сабақ 
өткізу  формаларын  және  түсіндіру  әдістерінің  жаңа  тәсілдерін  күнделікті 
сабаққа  қолдану  қажет.  Көбінесе  мына  жағдайларға  көңіл  бөлген  дұрыс 
болады:  
1) сабақтың мазмұны,  
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,  
3) сабақтың нәтижелігі.  

105 
 
Оқытудағы ұстаздың міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға 
тәрбиелеу,  үйрету,  шығармашылық  қабілетін  дамыту.  Тақырып  бойынша 
деңгейлік  тапсырма  жүйесі  дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, 
ол  оқушының  ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтауын  белсенділігін, 
дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.  
Сабақтың  ерекшелігі  және  оның  тиімділігін  арттырудың  негізгі 
тәсілдерінің  бірі  -  оқушыларға  деңгейлік  тапсырма  беру,  өзіндік    тест  
құру.  
         Оқушылардың  ойлау  қабілетін  дамытуда,  яғни  өз  бетінше  жұмыс 
жасауға  дағдыландыру  барысында  жаңа технологияларды қолдану керек. 
Соның  ішінде  Ж.Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту  әдісін  пайдаланған 
тиімді  болады.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  өзіндік  ықпалы  зор. 
Оқушыларға  өздік  жұмысын  ұйымдастырып  өткізуге  көмегін  тигізеді. 
Оқушылар  өздік  жұмыстарын  орындап,  білімдерін  мониторингтік  жүйе 
арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.  
Қараевтың  деңгейлеп,  саралап  оқыту  технологиясы  мынандай  4 
түрге бөлінген: 
 1)  Репродуктивтік  деңгей.  Жалпыға  бірдей  стандартты  білім 
негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы 
сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты болады. 
2) Алгоритмдік деңгей. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған 
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.  
3)  Эвристикалық  деңгей.  Оқушы  өзі  ізденіп,  қосымша  әдебиеттерді 
қолдана отырып жауап береді.  
4) 
Шығармашылық 
деңгей. 
Оқушының 
таза 
өзіндік 
шығармашылығын 
байқатады. 
Жаңа 
тақырыпты 
оқушылар 
шығармашылық  ізденіс  үстінде  өздігінен  меңгереді.  Деңгейлеп  оқыту  әр 
оқушының белсенділігін оятады.  
Дамыта  оқыту  технологиясы  -  оқушының  оқу,  білім  алу  үрдісінде 
жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.  
Дамыта  оқыту  идеясын  әдіскер  ғалым  В:В  Давыдов  ұсынған. Даму 
дегенде  оқушының  ойлауы,  табандылығы,  зейіні,  оқу  дағдысы  мен 
іскерлігі  тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз. 
Оқушының  ойлауы  дамуының  маңызды  шарты  –  оқушыда  ойлау 
мәдениетінің  болуы.  Сондықтан  оқу  үрдісі  оқушылардың  талдау, 
жинақтау,  себеп  –  салдар  байланыстарын  табу  ,  жалпылау,  қорытынды 
жасау,  түрлерге  бөлу,  салыстыру  –  сияқты интеллектуалдық дағдыларын 
дамытуы тиіс. 
Бұлардан  басқа  оқу  үрдісінде  оқушылардың  көптеген  ақыл  –  ол 
қабілеттері  жұмыс  істейді.  Олар  болжам  жасауға  қабілеттілік,  ойлаудың 
шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың 
икемділігі,  құбылыстардың  байқалуы  қиын  ұқсастықтарын  аңғару,  білуге 
құмарлық т.б. 
 

106 
 
Сызба – 1. Дамыта оқыту технологиясын сабақта қолдану. 
 
 
 
Дамыта  оқыту  технологиясы  сабақта  мәселе  қою  әдісін  және 
оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. 
Дамыта  оқыту  технологиясы  бойынша  өтілетін  сабақтар  қысқаша 
айтқанда  төменде  көрсетілген  сызба  бойынша  өткені  тиімді  болады. 
Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім 
басшылық,  бағыттау  жасап  отырады.    Дамыта  оқыту  оқушының  ойлау 
қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді. 
Төменде  дамыта  оқыту  технологиясын  сабақта қолдану мысалдары 
берілген. 
Сабақтың  тақырыбы:  Paint      графикалық    редакторының  
құралдары. 
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік:  Жалпыға  бірдей  стандартты  білімі  негізінде  тапсырма 
беріледі.  Мұндай  тапсырмалар  оқушылардың  алдыңғы  сабақтарда  алған 
білімдерін  қалай  меңгергенін  анықтау.  Оқушының  қабылдаған  ақпаратты 
пайдалана отырып тапсырманы орындауын  зерттеу және ізденіп, қосымша 
әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруін талап  ету. 
Дамытушылық:    өткен    сабақты    қайталау    арқылы    компьютерде 
илллюстрация    салуға,    жұмбақ    шешуге    баулу.  Пәнге  деген 
қызығушылықты дамыту. 
Тәрбиелік:  Оқушылар  компьютер  алдында  отырғанда  сабырлылық  
сақтауға,  ережені  қатаң  есте  ұстауға ,  өзара  қарым – қатынас  жасауға  
баулу. 
 Сабақтың  көрнекілігі:    электронды  есептеуіш  техникасы,  слайд, 
плакатта  салынған  Раіnt  редакторының    суреттік    көрінісі,    құралдары. 
Аққала,   моделдері,  иллюстрация  салуға  арналған қағаздар. 
Дамыта оқыту әдісі 
Ой қозғау 
Мағынаны 
таныту 
 Ой тастау 
    Іздену 
Бекіту,қоры-
тындылау, 
бағалау. 
Үй 
тапсырма- 
сын сұрау 
Жаңа 
сабақты 
түсіндіру 
Жаңа сабаққа 
байланыс 
ты тапсырма 
Деңгейлік 
тапсырма 
Нәтиже 

107 
 
Сабақтың түрі : топтық сабақ 
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту 
Сабақтың  пәнаралық  байланысы:  тарих  ,  қазақ  тілі,  орыс  тілі  , 
ағылшын 
Сабақтың барыcы: 
1.  Paint    редакторының  түсінігі,  құралдары,  Paint    редакторын    іске  
қосу.  Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері.   
2.  Paint      графикалық  редакторда    сурет  салу.  Пернетақтаның  
пернелерінің   қызметін  білу керек. 
 І Психологиялық дайындық 
А) Ұйымдастыру кезеңі 
Ұстанатын қағида: 
Білім    мен    тәрбиені  қатар    алып  жүріп,    еліміздің  саналы 
шығармашылық    бәсекеге  қабілетті,    озық  ойлы,    өзін-  өзі  басқаратын, 
мемлекет  дамуына  жауапкершілік  салмағын   сезінетін  дарынды  шәкірт  
тәрбиелеп шығару. 
ІІ Ой қозғау 
Paint    редакторының  түсінігі,  құралдары,  Paint    редакторын    іске  
қосу  нәтижесінде   алған  білімдерін бақылау. 
1. Paint  редакторының  қызметі  қандай. 
2. Paint  графикалық  редакторының  элементтерін  іске қосу.    
 
 
 
  
 
3.   Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет. 

108 
 
 
 
 
 
4.
 
Paint  графикалық  редакторының    құралдарының    аттарын 
атаңыз? 
 
                                      
 
 
ІІІ. Ой тастау. 
Бұл  кезеңде  оқушылар  кеспе  қағазында  берілген тапсырмаларды 
орындайды, тапсырмалар төменде берілген. 
1
 
тапсырма. 
Сызық ( линия)  құралын  пайдаланып,  өрмекші  торын салыңыз. 
2
 
тапсырма. 
Әртүрлі      типті    эллипс    құралдарын    пайдалана    отырып,  
бұлттардың  суретін салып боя. 
3
 
тапсырма. 
 
 
 
 
 
 

109 
 
Қисық  сызық  қолдану арқылы  дөңгелектің суретін салыңыз. 
4 тапсырма. 
Пішінін,  әртүрлі  түсі    мен    өлшемін    қылқалам    құралын  
пайдаланып,  суда жүзіп келе жатқан кеменің суретін салыңыз. 
5 тапсырма. 
Эллипс, тіктөртбұрыш  сызық  құралдарын  пайдаланып,   қалпақтың 
суретін салыңыз. 
6
 
тапсырма. 
Түзу  сызықты  пайдаланып,  ақша қардың суретін салыңыз. 
7 тапсырма. 
Эллипсті, өшіргішті,   пайдаланып гүлдің суретін салыңыз. 
Сабақты  қортындылау.  
 Оқушылар    өздері    салған    суреттерін    қағаз    бетіне    шығарып,  
салған  суреттерінің  нәтижесін  көрсету.  
 Мұндай  сабақтарда  оқушылардың  тапсырылған  жұмыстарға 
іскерлігі,  логикалық    ойлау  қабілетін    артырады,  қалыптасады.    Болашақ 
өмірінде белгілі  бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. 
Бағалау.  
Оқушылар өзін - өзі бағалау   
Үйге  тапсырма  беру.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет