«Технологиялық процестерді моделдеу»



бет8/26
Дата06.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#11569
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
98a6ab5c-8428-11e3-9ea3-f6d299da70eeУММ

Екінші кезең – таңдалып алынған жүйелерге математикалық модельдер құру. Бұл кезеңде есепті формула түріне келтіру – математикалық тәуелділіктерді теңдеулер, теңсіздіктер түрінде құру жүргізіледі.

Алдағы уақытта есептердің математикалық формула түрінде жазылған өрнектерін есептің моделі деп атаймыз.



Үшінші кезең – құрылған модельге сәйкес есептің шешімін алу. Бұл кезеңнің негізгі есептерін қарастырайық. Біріншіден, модельге қажетті алғашқы ақпараттарды жинау, параметрлер мен сыртқы айнымалылардың сандық мәндерін анықтау қажет. Екіншіден, есептің шешімін алатын әдісті таңдап алу керек. Сандық экономикалық-математикалық әдістердің арасында кеңінен тарағандары симплекс әдісі және потенциал әдісі. Олар кӛптеген экономикалық есептерді шығаруға қолданылады. Бұл әдістермен шығаруға келмейтін есептер де кездеседі. Мұндай жағдайларда жүйелерді зерттеудің эвристикалық және имитациялық әдістері қолданылады.

Эвристика (грек сөзінен – табамын, ойлап табамын, ашамын) – зерттеушінің интуициясы мен жүргізген тәжірибесіне сәйкес шешілетін әдістердің жиынтығы.

Имитация – модельдеудің мүмкіндігін кеңейтетін жаңа бағыт болып табылады. Имитациялық модельдеуді нақты жүйелердің модельдеріне жүргізілген эксперимент ретінде түсінуге болады, ал жеке алғанда математикалық модельдеудің кӛмегімен алғашқы шарттарын ӛзгерте отырып жүргізілетін есептеу эксперименті.

Имитация (латынша - еліктеу) – жасанды құралдардың көмегімен бір нәрсені жаңадан ендіру немесе еске түсіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет