Технологияны



Pdf көрінісі
бет10/56
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124756
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
CLIL

ізденіс оқылым
, баяу өтеді
себебі, білім алушылар ұзақ уақыт есте сақтау мүмкіндігіне ие бола тұра, 


24 
қайталап
оқуға, аударуға, жүгінеді, коммуникативтік жағдайдың мәніне терең 
үңіледі.
Ізденіс оқылымға табысты үйрету:

шектеусіз уақыт ішінен баяу оқу түрі;

жаңа тапсырмаларды шешу арқылы қайталап оқу;

барлық мәтінді немесе оның фрагменттерін ана тіліне аудару;

бастапқы жеңілдетілген мәтіндерді оқу, кейін күрделі (таныс емес 
материалға жақындаған кезде мұғалім ретінде);

сөздікпен байланысты өздігінен оқу.
Мәтіналды кезеңнің мақсаты оқылым себебін қалыптастыру және 
оқырманның тақырыпты, мәтін көрнекіліктерін падалану арқылы болжамдау
мәтіннің мазмұнын ілгері сезіну біліктілігін дамыту болып табылады.
Аталған кезең
бойынша тапсырмалар
үлгілері


мәтін тақырыбын оқу, оған берілген көрнекіліктерді (болған жағдайда) 
қарастыру және мәтіннің тақырыбы мен мазмұны туралы болжамдар айту;

мәтіннің тақырыбы
бойынша ассоциограммалар құрастыру;

сөздерді, сөйлемдерді ана тіліне аудару.
Кейін
мұғалім мәтінді оқып шығу, оның мазмұнын түсіну және өз 
болжамдарын тексеру міндетін қояды. Ол үшін:

білім алушылар өз болжамдарын тексеру мақсатында мәтінді алғаш рет 
өздігінен оқып шығады;

қайталап оқу барысында түрлі тапсырмаларды орындайды: мәтінді 
мағыналық бөліктерге бөледі; мәтіннің әр бөлігінің негізгі ойын анықтайды; әр 
бөліктегі кілтті сөздерді бөліп шығарады; өздеріне
ақпаратты белгілеп алып, 
жекелеген лексикалық бірліктердің мағынасын нақтылайды; мәтіннің жалпы 
мазмұны бойынша әңгімелеседі; мәтіннің жекелеген бөліктерін дауыстап оқып 
шығады.
Мәтіннен кейінгі кезең оқылған мәтінді мағына және түсінікті бақылау 
деңгейіндегі түсіну жетістігіне бағытталған. Оқылғанды түсінуді бақылау үшін 
білім алушыларды тілдік және тілдік емес белсенді шығармашылық қызметке 
белсенді араластыратын тапсырмалар берілуі мүмкін:

сурет салыңызы, сызыңыз...;

қайталап айтыңыз, айтыңыз ...;

жазыңыз, құрастырыңыз, аяқтаңыз
...; 


25 

аударыңыз, эквиваленттерді табыңыз, трансформациялаңыз ...;

оқылған мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, ұсынылған нұсқаларды 
қолдану арқылы сөйлемдерді аяқтаңыз.
Кіріспе оқу
барысында оқырманның
негізгі коммуникативтік міндеті 
барлық мәтінді жылдам оқу нәтижесінде (ағылшын тілі үшін минутынан 180 
сөзден кем емес) онда қамтылған негізгі ақпаратты алу болып табылады. Егер 
мәтіннің
қалған
25% мәтіннің мазмұнын
түсінуге қажетті ережелерді 
қамтымаса

мазмұнының 75% 
-
ын түсіну де жеткілікті.
Кіріспе оқуға үйретудің табыстылығы белгілі бір шарттардың сақталуына 
байланысты:

уақыттың жетіспеушілігі режимінде (жылдам қарқын) жүргізу;

ішінен оқуды бір ретті ұйымдастыру;

негізгі ақпаратты түсінуді тексеру;

ана тіліне аударуды алып тастау.
Тәжірибе үшін бұл оқылым түрінде 25
-
30% артық емес толық ақпаратты 
қамтитын, тілдік тұрғыдан жеңіл, салыстырмалы түрде ұзақ мәтіндер 
қолданады.
Мәтінмен жұмыс үш кезеңде жүзеге асырылады.
1. 
Мәтін алды кезеңі:

тек таныс тілдік материалдарға сүйене отырып, жылдам оқу;

мәтіндегі негізгі мағыналық кезеңдерді көрсету;

сұрақтарға жауап іздеу.
2. Мәтіндік кезең:

мәтіннің бірінші абзацын оқып және ондағы негізгі (басты) ақпаратты 
қамтитын сөйлемді табу;

мазмұнға сәйкес логикалық бірізділікпен мәтін сөйлемдерін 
орналастыру;

мәтінге сұрақтар қою;

мәтін тақырыбын түсіндіретін сөйлемдерді дауыстап оқып шығу;

мәтін идеясын қалыптастыру.
3. 
Мәтіннен кейінгі кезең:

Мәтіннен алынған төмендегі мәлімдемелермен келісетіндігін 
(келіспеушілігін) білдіру;


26 

мәтін мазмұнына сәйкес, төменде берілген сұрақтарды бірізділікпен 
бөлу;

оқылған мәтіннің жоспарын құрастыру;

оқыған мәтінге көзқарасын білдіру.
Көріп оқу
оқылып жатқан материал туралы жалпы түсініктеме алуды 
болжайды. Ол әдетте оқырманды қызықтырушы ақпараттың бар немесе 
жоқтығын анықтау мақсатында жарияланымның мазмұнынымен алғашқы 
танысу кезінде орын алады.
Сонымен қатар, мұғалім оқылымның аталған түрі оқырманнан оқырман 
ретінде жоғары біліктілікке және жеткілікті көлемде
тілдік материалға ие 
болуын талап ететіндігін ескеруі керек.
Көріп оқуды үйретудің үлгілік алгоритмі:
1. 
Мәтін тақырыбын мұқият оқып шығыңыз, оның мағынасын түсінуге 
тырысыңыз, мәтіннің басты идеясын анықтаңыз.
2. 
Мәтіннің бірінші сөйлемін оқып шығыңыз. Оның мазмұнын 
тақырыппен салыстырыңыз.
3. 
Бірінші абзацты оқыңыз. Мазмұнын өз түсінігіңіздегі мәтіннің негізгі 
ойымен салыстырыңыз.
4. 
Қалған абзацтардың барлығын қарап шығыңыз, абзацтардың бірінші 
сөйлемдерінің мазмұнына ерекше назар аудара және олардың мазмұнын негізгі 
ой түсінігімен салыстыра отырып.
5. «Мәтінде не туралы баяндалады?» 

деген, сұраққа жауап беру.
Інденіс оқылым
мәтіндегі
нақты ақпаратты іздеуге бағытталған. 
Оқырманға аталған кітапта, мақалада, энциклопедияда қандай ақпарат 
қамтылатындығы басқа ақпарат көздерінен белгілі. Сол себепті, осы 
мәтіндердің типтік құрылымынан шыға отырып, егжей
-
тегжейлі талдаусыз, 
ізденіс оқылымға итермелейтін нақты бөліктер мен бөлімдерге сілтеме 
жасайды.
Оқылымның аталған түріне үйретудің табыстылығын анықтайтын 
шарттар:

ізденістің негізгі мақсаты 

мазмұнды ақпарат;

уақыттың жетіспеушілігі жағдайында оқылымды өткізу (жылдам, өте 
жылдам қарқын);

ақпаратты мақсатты пайдалану туралы шешім қабылдау;


27 

мәтіндердің құрылымдық
-
композициялық ерекшеліктерін білу;

мәтіннің экстралингвистикалық және когнитивтік тіректерін пайдалану;

оқылымның аталған түрі үшін оқудың басталуы зерттелген мәтіндермен 
байланысты, яғни, таныстыру немесе зерттеу мақсатында оқылған мәтіндер;

ішінен оқу формасында көлемі бойынша
үлкен
мәтіндерді оқу.
Келесі үлгідегі тапсырмалар болуы мүмкін:
Тақырып бойынша (көрнекіліктер) мәтіннің тақырыбы мен мазмұны 
туралы болжам жасаңыз.
Сыртқы құрылым, мәтінді полиграфиялық рәсімдеу ерекшеліктері
бойынша мәтіннің түрін (сипатын) анықтаңыз

Кілтті сөздерді және басқа да сигналдарды іздеу арқылы, мәтіндегі 
қызықтыратын ақпараттарды бөліп алыңыз.
Алынған ақпаратты жалпылаңыз, оны алдағы уақытта
пайдаланудың 
өзектілігі мен келешегі тұрғысынан бағалаңыз.
Сізге ұсынылған мәтіндерді қарап шығыңыз және оның ішінен тақырыпқа 
қатысты фактілерді іріктеп алыңыз ... тезиске, пайымдауға көрнекілік ретінде 
қызмет ете алатын ... .
Мәтінде ........, сипаттамалар ...... туралы мәліметтер қамтылған (журналда 

мақалалар, кітапта 

тараулар, тарауда 

параграфтар), абзацтарды көрсетіңіз.
Мақаладан анықтаманы (қорытынды, мәселені тұжырымдау, термин, 
......мағына беретін) табыңыз және дауыстап оқыңыз.
Аннотацияда айтылған фактілерді (резюме)
мәтіннен
табыңыз.
Ұсынылған
сұрақтарға жауап беретін мәтіндегі
орындарды белгілеңіз.
Мәтінді түсіну деңгейі, Блум таксономиясына негізделген мәтінді түсіну 
деңгейін ескеретін

арнайы сұрақтар мен тапсырмалар көмегімен тексеріледі. 
Осы деңгейлерге сәйкес келетін біліктерді, сұрақтар мен тапсырмалардың 
сипаттамасы 2

кестеде көрсетілген.


28 
2 – 
кесте 
– 
Тапсырмалары бар мәтінді түсіну деңгейлерінің сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет