Технологияны



Pdf көрінісі
бет7/56
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124756
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
CLIL

Бағыттар мен 
басымдылықтарды анықтау
.
CLIL 
тәсілі 
қолданылғанда оқу үдерісін даралау және дифференциациялау жүргізіледі. Бұл 
оқушылардың 
тілдік 
құзыреттіліктері 
мен 
қажеттіліктеріндегі 
айырмашылықтарын ескеріп, пән мазмұнының негізгі концептілерін 
оқушылардың түсінуіне жеңіл болатындай етіп оқытуды түрлендіру және оқу 
қажеттіліктерін анықтау үшін жасалады.
Пәнді оқытудың толыққанды тәжірибесін жасау
. Оқушылардың оқу 
процесіндегі эмоционалды жағын ана тілі/бірінші тілі емес, шетел тілі арқылы 
басқаруға талпыныстарын қолдап, оқу пәнінің мамұнын өзара белсенді 
талқылаулары үшін жұптық және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Бағалау. 
CLIL тәсілі қолданылғанда ең алдымен пән мазмұнын 
меңгеруге, содан кейін
мақсатты (шетел) тілде тілдік дағдыларды бағалауға 
бағытталып, күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттары нақты, анық 
белгіленуі тиіс. Мақсатты (шетел тілінде) тілді меңгеру нәтижелерін үш топқа 
бөліп қарастыруға болады: сөйлеу дағдылары, лингвистикалық білім, және 
мәдениетті түсіну (өз
мәдениетінің құндылылығын және мәдени алуандылық 
туралы түсінік қалыптастыру).
Зерттеу және бағалау.
CLIL тәсілін қолданатын оқытушының 
әріптестері және басқа да мүдделі тұлғалармен бірге, оның ішінде 
оқушылармен де, оқу іс
-
әрекетіне талдау жасап, таным психологиясы мен 
оқыту нәтижелілігінде CLIL мен мақсатты (шетел) тілді меңгеру және жалпы 
оқу үшін маңызды тұжырымдама жасап, зерттеу нәтижелері мен бағалауды сын 
тұрғысынан қарастырып, түсіндіруі тиіс.
Оқыту ресурстары мен оқу ортасы.
Оқу пәні мен тілді кіріктіре оқыту 
үшін арнайы ресурстардың және байытылған оқу ортасы болу керек. Арнайы 
оқыту ресурстарға оқу мақсаттарына бейімделіп жасалған емес,
мақсатты 
(шетел) тілде ана тілі ретінде сөйлейтіндердің оқыту тілінде ауызша және 
жазбаша дайындаған мәтіндер
жатқызылады. Толығымен оқу тілінде жазылған 
заң актілері мен нормативтік актілердің, баспададан шыққан және интернетте 
жарияланған мақалалардың мәтіндерімен қатар авторлардың мәтіндері 
өзгеріссіз берілген арнайы оқу құралдарындағы мәтіндерді, ғылыми және
публицистикалық дереккөздерден алынған мәтіндерді қолдануға болады.
CLIL басқару. Оқу пәні мен тілді кіріктіре оқыту бойынша сапалы 
әзірлеме 
– 
көптеген тұлғалардың, оның ішінде оқушылар, ата
-
аналар, CLIL 
оқытушылары, басқа пәндердің мұғалімдері мен администраторлардың


17 
қатысуымен дайындалатын үлкен кешен.
CLIL оқытушысы өзін
-
өзі кәсіби 
басқару принциптерін ұстанып, оқу үдерісінің ішкі және сыртқы 
қатысушыларымен CLIL 
– 
ға қатысты этникалық, оның ішінде гендерлік және 
басқа да инклюзивті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек.
Жалпы алсақ, CLIL оқытушыларының Европа стандарты CLIL

педагогті 
кәсіби дайындау бағдарламасын әзірлеу құралы болып табылады. 
Қазіргі
отандық әдіскерлер де осы әдістің қолданылуын қарастыруда. 
Берілген әдіс үш тілде оқыту
моделіне негізделген Кіріктірілген оқу 
бағдарламаларын енгізу барысында Назарбаев Зияткерлік мектептерімен кең 
қолданыс табуда.
Қазақстанның
үш тілде оқытуды енгізу және CLIL
-
әдістемені [12] 
пайдалану бойынша тәжірибесін сипаттайтын жұмыста, 2012 жылы
Назарбаев 
Зияткерлік мектептерінде
 
тіл маңыздылығын,
үш тілде оқытуды жүзеге асыруға 
мүдделі
тараптарды, педагогикалық принциптерді, құндылықтарды, 
мақсаттарды анықтайтын
негізгі шектік құжат болып табылатын
үш тілде 
оқыту саясаты әзірленгендігі атап өтілген. Сонымен қатар, Назарбаев 
Зияткерлік мектептерінде үш тілді оқытуды енгізу жоспары, топтық оқыту және 
тілдік енгізудің 
CLIL 
тәсілдерін пайдалану бойынша мұғалімдерге нұсқаулық 
(мазмұн мен тілдің интеграциялануы) әзірленген болатын.
Аталған стратегияның
басты бағыттары келесідей. Үш тілде оқыту 
бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тікелей оқыту, жекелеген 
пәндерді мақсатты тілдерде оқыту және сабақтан тыс іс
-
шаралар арқылы 
енгізілуде. Сондай
-
ақ, негізгі пәндермен қатар тілдік пәндерде функционалдық 
сауаттылықты, коммуникативтік дағдылар мен сыни ойлау қабілеттілігін 
дамытуға бағытталған. Тілдік сабақтар күнделікті өмірмен байланысты 
тақырыптарды қамтып, мұғалімдерге түрлі ресурстарды пайдалануға мүмкіндік 
береді. Тілдік пәндерде төрт түрлі дағдыларды дамытуға көңіл бөлінеді 
– 
оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым. Сонымен қатар, түрлі 
көзқарастар және перспективалар тарпынан зерттелінетін ортақ, пәнаралық 
тақырыптарда пайдаланылады.
Жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға барысында білім алушылардың
кең 
спектрлі дағдыларын дамытады. Мысалы, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», 
«География», «Қазақстан тарихы» сынды пәндер қазақ тілінде оқытылады. 
Информатика, Дүниежүзі тарихы
– 
орыс тілінде. Жоғары мектептегі техно
-
математикалық бағыттағы пәндер 
– 
ағылшын тілінде.


18 
Тәрбиелеу сипаты тілдерді сабақтан тыс зерттеуді
қамтиды 
– 
оқушылар 
ғылыми
-
зерттеу жобаларына, экспедицияларға, театр қойылымдарына, 
зияткерлік ойындарға қатысады.
Қазақстан
педагогтерінің қолданатын әдістемелері мен тәсілдеріің ішінде 
оқу пәні мен тілді кіріктіре оқыту, камандада сабақ беру және тілге ену 
тәсілдері бар. Кіріктіре оқыту сабақтарындағы тапсырмалар тіл ұстартуға 
бағытталған болады, яғни пән мұғалімі оқушының оқу пәнінің мазмұныны 
меңгеруіне ғана емес,
оның тілдік дағдыларының дамуына да жауапты болады.
Осылайша, пәндерді оқу арқылы оқушыда академиялық тіл қалыптасады.
Командада сабақ беру 
– 
әдістемеге соңғы енгізілген тәсілдердің бірі. Бір 
сыныпта екі мұғалім сабақ береді. Бірі 
– 
оқушылардың ана тілі 
– 
қазақ немесе 
орыс тілінде, екіншісі 
– 
ағылшын тілінде. Бұл сабақты бірлесіп жоспарлап
бірге өткізу дегенмен қатар, материалды қабылдауда қиындық туындаған 
оқушыларға көмек көрсету дегенді білдіреді.
Үш
тілде білім беру әзірлемелері халақаралық сарапшыларға ұсынылып, 
Канада, Бельгия, АҚШ, Ұлыбритания
кеңесшілерінен жоғары баға алды.
Қазіргі
кезде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі 
Қазақстанның бардық жалпы білім беру мектептеріне таратылуда. 
Қорыта
келгенде, талдау нәтижелері CLIL түрлі елдерде әртүрлі білім 
беру бағдарламаларында 

балабақшаның мектепке дейінгі жастағы балалар 
тобынан бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін қолданылатынын көрсетті. Бұл 
әдістемені қолдану әдістеменің тиімді екенін көрсетті, өйткені тілді белгілі бір 
сала арқылы үйренгенде, яғни
CLIL әдістемесі бойынша сабақ шетел тілі 
сабағы емес, оқу пәні шетел тілінде жүргізіледі. Тіл жалпы білім беру 
бағдарламасына кірігіп, тіл оқу пәнінің мазмұнын меңгеру құралы ретінде 
қолданылады. Сөйтіп, оқушылардың тақырыпқа деген қызуғышылығы 
туындап, бұл өз кезегінде тілді 
қолдануға ынталандырады. Білім алушы тілді 
мақсатты түрде үйрене бастайды, өйткені тіл нақты коммуникативтік 
міндеттерді шешуге қолданылады. 
Сонымен қатар оқу пәні мен тіл пәнін кіріктіре оқытудың нәтижелілігі 
көптеген факторларға, ең бастысы, мұғалімдердің тілдік және әдістемелік 
дайындықтарына байланысты болады.


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет