Сабақ барысында мұғалімдердің өзара әрекеттесуі
Шет тілі мұғалімі:
-
тілге байланысты туындаған қиындықтар болған жағдайда білім
алушыларға көмектесу;
20
-
кері байланысты қамтамасыз ету және тілдерді қолданудың нәтижелі
мысалдарын талқылау;
-
типтік қателіктер бойынша жұмыс;
-
өз сабақтарында жұмыс істеу үшін тілмен байланысты проблемаларды
белгілеу
;
-
шет тілін үйретудің нақты стратегияларын қолданудың маңыздылығын
түсіндіру немесе еске түсіру;
-
оқушыларға өздерінің ойларын білдіруге қажетті сөз тіркестерін және
сөйлемдерді еске түсіру арқылы көмектесу;
-
студенттердің жазбаша жұмыстарын жинау немесе олардың
мәлімдемесінің жазылған бейне/аудио мысалдарын жинау
.
Пән мұғалімдері өздерінің
пәндеріне
қатысты сұрақтар бойынша көмек
көрсете алады немесе кері байланыс өткізеді
.
Педагогтердің
сабақтан кейінгі өзара әрекеті
Шет
тілі мұғалімдері:
-
шұғыл араласуды қажет ететін қателіктерге кері байланыс немесе
қатемен
жұмыс істеу
;
-
қателіктермен жұмысты
пәндік сабақ кезінде жасаған қателіктерді
тақтаға жазу арқылы жасау;
-
грамматика, лексика, айтылым
бойынша қосымша жаттығулар жасау;
-
оқушыларды тақырыпты оқып
-
үйренуге қажетті айтылым
дағдыларды
дамытуға (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу) қосымша жаттығуды ұсыну;
-
оқушының
бір үлгідегі қателіктерін
анықтау үшін сабақ барысында
алынған жазбаша жұмыстар, бейне және аудио жазбаларды қарау;
-
тақырып бойынша материалдарды сабақтарда пайдалану
.
Тілдік
және тілдік емес пән мұғалімдері білім
алушылардың
жұмысын
бірлесіп бағалай алады.
CLIL
мәнмәтінніндегі
тілдік және тілдік
емес пәндердің мұғалімдерінің
ынтымақтастық бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша өзара әрекеттесуді
болжайды:
1. Шетел (ағылшын) тілінде пәндерді кешенді оқытудың оқу жоспарын
бірлесіп әзірлеу.
2. Сабақ жоспарлау және оқу
-
әдістемелік құралдарды, ресурстарды және
материалдарды пайдалану.
21
3. Оқу үдерісін басқару, сабақты өткізу.
4.
Критериалды бағалаудың түрлері, формалары.
5.
Пән
мен тілді
оқытудың кіріктірілен
әдіснамасын меңгеру [13].
PISA зерттеуінде оқу сауаттылығы келесі деңгейлерге бөлінеді:
-
қарапайым критерий бойынша мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу (ең
төменгі деңгей);
-
көптеген критерийлер бойынша мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу;
-
мәтіннен қажетті ақпаратты іздеу,
ақпарат үзінділері арасындағы
байланысты тану, белгілі, бірақ қайшы ақпаратпен жұмыс жасау;
-
жасырын ақпаратты қамтитын үзінділердің бірізділігін немесе қисынын
іздестіру және белгілеу, тапсырманы орындау үшін мәтіндегі қандай ақпарат
қажет болатындығы туралы қорытынды шығару біліктілігі;
-
мәтіннің мазмұнына қатысты түйін және болжам құрастыру, күрделі
мәтіндерді түсіну және оларды түсіндіру.
Мұғалімнің міндеті
-
оқушыны ұғынып оқуға және тыңдау арқылы
қабылдауға, сондай
-
ақ, түрлі типтегі мәтіндер құрастыру, әртүрлі
дереккөздерден ақпарат алу, дереккөздерді пайдалану және оларға сілтеме
жасау, кестелерді, диаграммаларды, сызбаларды, шартты белгілерді оқып және
өз мәтіндерін дайындау барысында қолдану, мәтінмен жұмыс кезінде түрлі оқу
стратегияларын жүзеге
асыру.
Заманауи әлемде баспа кітаптарымен қатар, адамдар электрондық
кітаптарды да оқи алады, аудиокітаптар бүгінгі күні үлкен сұранысқа ие,
сондықтан, мектеп оқушыларды түрлі мәтіндермен жұмыс істеуге үйрету
қажет: «қағаз», электрондық және дыбыстық.
Мәтіндерді нақты санаттарға немесе критерийлерге бөлу мүмкін емес,
себебі, бір мәтін,
әдетте, түрлі сипаттамаларға ие және бірнеше топқа жатуы
мүмкін. Әдістемелік мақсаттарда PISA тест құрастырушылары әзірлеген
мәтіндерді жіктеуді пайдалану ыңғайлы. Олар мәтіндерді тұтас және тұтас емес
деп бөледі.
Тұтас мәтіндерге, оқушылар күнделікті өмірде, оның ішінде мектепте
оқитын мәтіндер
жатады:
-
сипаттама (әңгімеден үзінді, өлең, адам, орын, зат сипаттамасы және
т.б.);
22
-
баяндау (әңгіме, өлең, хикаят, мысал, хат, газет немесе журналдардағы
мақала, оқулықтағы мақала, нұсқаулық, жарнама, фильмнің, қойылымның
қысқаша мазмұны, блог посты, түрлі сайттардағы материалдар);
-
ой жүгірту (шығарма
-
ойлау, пікір, өз пікірін дәлелдеу).
Тұтас емес мәтіндерге графиктер, диаграммалар, сызбалар (кластерлер),
кестелер, географиялық және жер карталары, үй
-
жай, жер, құрылыс жоспары,
кіру билеттері, көлік қозғалысының кестесі, сайт картасы жатады. Жұмыс
мазмұндылығын қамтамасыз ету мақсатында, мұғалім оқу мәтінін таңдау
барысында ақпараттық тартымды мәтіндерге ден қоюы керек. Олар оқушы
үшін өзекті ақпаратты қамтуы және оның тікелей қажеттіліктеріне сәйкес
болуы қажет. Мәтіндер оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес болып
,
пәнаралық байланыстарды көрсетуі керек.
Материалды іріктеуде
мұғалім объективті түрде төмендегілерді бағалауы
қажет:
-
Мәтіннің ақпараттық жеткіліктілігін;
-
Мәтінде келтірілген мәліметтердің нақтылығын;
-
мәтіннің тілдік дұрыстылығын;
-
белгілі бір жеке немесе нормативтік емес лингвистикалық бірліктерді
белгілі бір жағдайда пайдаланудың стильдік тұрғыдан дұрыстылығы
мен
негіздемесін
;
-
мазмұнның білім алушылардың жасына сәйкестігін.
Жұмыс үшін мәтінді іріктеу және дайындау процесінде, коммуникативтік
толық мәтін параметрлерін есепке алу және оның функционалдық
-
стильдік
қатыстылығынан шығуы тиіс. Аталған мәтінде тиісті тілдік құралдар
пайдаланылады; ақпараттық
-
мазмұндық, логикалық
-
композициялық, тілдік
және автор мақсаттарына сәйкес эстетикалық (стилистикалық) мәтін
элементтері, автор атаулары оқырмандардың түсініктері және қиялдарымен
сәйкес келеді, мәтін мақсатына сәйкес тура тілдік формулалар пайдаланылған,
классикалық үш бөлікті құрылым, коммуникативтік артық фрагменттер жоқ:
кіріспе,
негізгі
бөлім,
қорытынды,
композициялық
бөлімдердің
пропорционалдылығы сақталады; материал логикалық бірізділікте ұсынылған.
Сөйлеу түрлерінің бір немесе бірнеше үйлесімділігі ұсынылған
мәтіндерге артықшылық беру ұсынылады: талқылау, баяндау, сипаттау
.
Мәтіндегі сөйлеу түрлерінің әртүрлілігі тек оқушылардың назарын белсенді
23
етіп қана қоймай, сонымен қатар, мұғалімнің тапсырмаларды құрастыруын
жеңілдетеді.
Оқылым дағдыларын қалыптастыру үшін жаратылыстану
-
ғылыми және
физика
-
математикалық мазмұндағы мәтіндерге келетін болсақ, оларға
қойылатын талаптар мына
негізде көрініс тапқан:
1. Аталған сала үшін
мәтіндер әдеттегі құрылымға
ие болуы керек.
2. Ғылыми
-
көпшілік мәтіндерден оқу
-
ғылыми мәтіндерге біртіндеп көшу
қажет.
3. Мәтіндер жиі кездесетін сөздер мен сөйлемдерді қамтуы, сөздерге тән
лексикалық үйлесімділікті иллюстрациялауы қажет.
4. Мәтіндер білім алушылардың қызығушылығын тудыратын белгілі бір
ақпарат бірліктерінің көлемін қамтуы керек.
5. Мәтіндер жасқа ерекшеліктеріне сәйкес болуы қажет, яғни, аталған
жастағы балалардың мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруы.
6. Мәтіндер коммуникативтік маңызды болуы керек, яғни, ауызша сөйлеу
қызметінде жаңа сөздік қорды белсенділендіруге мүмкіндік беру арқылы,
сыныптағы қарым
-
қатынастың көзі ретінде қызмет жасауы қажет.
Пайдаланылушы тіл келесі мақсаттар бойынша оқи алады:
-
мәтіннің мағынасын түсіну;
-
нақты ақпарат алу;
-
бірдеңені егжей
-
тегжейлі түсіну;
-
мәтіннің астарын түсіну және т.б.
Мақсатты бағытқа байланысты оқылым, ізденіс, танысу және көріп және
зерттеу болып бөлінеді [17].
Әрбір
оқылым түрін үйрету технологияларын толығырақ қарастырайық
.
Ең алдымен, кез келген мәтінмен жұмыс барысында, үш негізгі кезең
бөліп алынады: мәтін алды, мәтіндік және мәтін соңы. Мәтін соңы кезеңі, мәтін
оқылым біліктілігін қалыптастыру құралы ретінде емес, продуктивті ауызша
немесе жазбаша сөйлеу біліктілігін дамыту үшін ғана пайдаланылған жағдайда
ғана қатынасады.
Мәтіндегі негізгі және екінші кезектегі ақпараттарды егжей
-
тегжейлі
(толық) және нақты түсіну деңгейін көздейтін
Достарыңызбен бөлісу: |