Технологияны



Pdf көрінісі
бет14/56
Дата18.11.2023
өлшемі1,33 Mb.
#124756
түріМетодические рекомендации
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56
Даярлық жаттығулары 
жазбаша сөйлеу негізінде жатқан біліктер мен 
дағдыларды үйретеді: трансформациялау, сөйлемді қысқарту немесе кеңейту, 
түрлі сипаттары бойынша топтастыру, баламалы ауыстырым (лексикалық 
немес грамматикалық), сұрақ
-
жауап біліктері, таңдамалы аударма және т.б.
Сөздік жаттығулардың айқын сипаты болып назардың аталған қарым
-
қатынас формасына тән, түрлі қиындықтар кешенін қамтитын жазбаша сөйлеу 
мазмұнына бағдарлануы табылады.
Мәтінді жазбаша құрастыру механизмдері келесідей үлгіде жүзеге 
асырылады:
1) 
автордың сөйлеу ниетінің жазбаша мәтінінің болуы, яғни, не, кімге 
және қандай мақсатта жазылатындығы туралы түсінік;
2) 
коммуникативтік тапсырманы жүзеге
асыру
үшін тілдік құралдарды 
таңдау;
3) сөйлемнің мағыналық ұйымдастырылуының өзекті бөлігі ретінде 
баяндауышты бөліп алу;
4) саптық сөздерді сәйкес таңдау арқылы сөйлемдер арасындағы 
байланысты жүзеге асыру.
Сөйлеу жаттығуларын орындау нәтижесінде келесі жазылым біліктері 
қалыптасады


негізгі ойды жазбаша түрде беру;

негізгі ойды беру әдісін таңдау 

индуктивтік немесе дедуктивтік;

оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын беру;

мәтіндідұрыс (нормативтік және узуалды) рәсімдеу;

субъективті ақпаратты білдіру үшін графикалық белгілерді, емле мен 
пунктуацияны қолдану;

жазбаша сөйлеуде негізгі ойларды (абзацтарды), сондай
-
ақ бастамасын, 
ортасын және соңын белгілеу;

мазмұндау логикасын сақтау;

шет тіліндегі хат түріндегі сөйлеудің әлеуметтік
-
мәдени ерекшеліктерін 
есепке алу;


39 
Жазбаша сөйлеу жаттығулары
мазмұнның күрделілігін, мәтіннің 
көлемін, тіректердің сипатын және оларды орындаудағы шығармашылық
рөлін 
ескере отырып, шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:
1) 
формальдық тіректерді пайдалана отырып көбейту (кілтті
сөздерді, 
сөйлеу формулаларын, атауларды/тақырыпшаларды, оқулықтан алынған 
үлгілерді, кестелерді):

кілтті сөздер бойынша (сөйлеу формулалары) есту арқылы қабылданған, 
баспа мәтінді немесе мәтінді қайта жаңғырту;

мәтіннің атауына, тақырыпшасына және жоспарына сүйене отырып, 
мазмұнның жазбаша негізделген болжамы;

мәтінді логикалық түрде байланысқан сөйлемдер тізбегінің көмегімен 
құрастыру;
2) мәтінге сүйене отырып мазмұнды көбейту (репродукциялау):

мәтінге жазбаша сұрақтар;

жоспар құру (сұрақтар немесе номинациялар түрінде);

мәтінді толықтыру немесе қысқарту;

таңдалған атауды жазбаша негіздеу арқылы мәтіндге атау қою;

диалогті монологқа айналдыру;

диалогты түрленуі (жаңа әрекет етуші тұлғаны енгізу, қарым
-
қатынас 
жағдайын өзгерту);

әрекет етуші тұлғалардың біреуінің мінездемесі: мәтін қамтитын 
мәліметтерді пайдалану және т.б. көмегімен;
3) 
бейне көрнекіліктеріне сүйене отырып, продукциялау:

суреттің, 
ашықхаттардың, 
кино, 
диафильм 
фрагменттерінің 
сипаттамасы;

фильмнің суретіне/фрагментіне сүйене отырып, мазмұндама жазу;

мәтінге, суреттер сериясына және екі немесе үш проблемалық сұраққа 
сүйене отырып, шығарма жазу;

сурет мазмұны бойынша диалогті құрастыру және жазу (жұппен жұмыс 
істеу);

суреттің сипаттамасына бағытталған мәтінге жазбаша рецензия 
құрастыру және т.б.;
4) 
алдыңғы сөйлеу және өмірлік тәжірибеге сүйене отырып продукциялау 
өнім (бір
-
ақ рет көрілген немесе оқылған):


40 

зерттеу тақырыбымен байланысты
егжей
-
тегжейлі жоспарлар / 
сауалнамалар құрастыру (мәтінмен емес);

зерттелуші тақырыппен байланысты емес тыңдалған мәтіннің мазмұнын 
баяндау және ақпаратты бағалау;

сабақ барысында сыныптастардың бірі жасаған баяндаманың жазбаша 
бағасын беру;

курстық/жобалық жұмыстарды жазу (толықтай тілдік енгізілім бар 
мектептердегі оқытудың
жоғары кезеңдері);

курстық/жобалық жұмыстарға рецензия жазу;

мұғаліммен белгіленген тақырып бойынша шығарма;
Ресми және бейресми хат мәтінін жасау (хабарландыру мәтінін). Егер, 
сөйлеу жаттығуларының ең күрделі түрлерін өзара салыстырсақ, онда жалпы 
ұқсастықтармен
(қиындықтар кешені, мазмұнға назар аудару, ақпараттың 
жаңалығы) қатар, оларда да аздаған айырмашылықтар бар екендігін оңай 
аңғаруға болады.
Неғұрлым қиын жаттығулар формальді немесе мазмұнды тіректердің
жоқтығымен, сөздің мазмұнын жекелей
анықтаумен
байланысты. Жаттығудың 
бір түрі, мысалы, мазмұндама немесе шығарма, тілдік даярлық және 
тақырыптың күрделілік деңгейіне байланысты түрленуі мүмкін.
Жекелеген жаттығулар түрлерін неғұрлым егжей
-
тегжейлі талдауға 
тоқталайық.

жаттығу әзірлеу барысында, оның мақсатты (сипаттау, түсіндіру, 
оқыту), аудиторияны (журналдың немесе веб
-
сайттың оқырмандары) және 
мәтін жанрын (кітапша, веб
-
сайт парақшасы, электронды пошта) көрсететініне 
көз жеткізіңіз. Шет тілі мұғалімінен кеңес алыңыз. Өз материалдарыңызды 
қарап
шығыңыз және бірлесе отырып, жазбаша тапсырмаларды әзірлеңіз. Білім 
алушыларға түрлі жанрдағы мәтіндерді жазу тапсырмаларын беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет