Адвокаттың берілген тапсырманы орындауы үшін қажет болса және мемлекеттердің тиісті заңнамасына қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде де адвокаттық қызметпен айналысуға құқығы бар.
Адвокат өзіне көмек беруді өтінген адамға ол мұқтаж болып отырған кез келген заңдық көмекті көрсетуге құқылы.
Адвокат заңнама талаптарын сақтауға, адвокатураның ұйымдастырылу және қызмет көрсету қағидаттарын басшылыққа алуына, кәсіби мінез-құлық нормаларының талаптарын және адвокаттық құпияны сақтауға міндетті. Оның мәліметтерді өзінен көмек сұраған адамның келісімінсіз жария етуге құқы жоқ.
Адвокаттың қаралатын іс бойынша өзіне көмек сұрап жүгінген адамның жағдайын нашарлататын құқықтық көзқарасты ұстануына тыйым салынады.
Адвокаттың мемлекеттік қызметке тұруына, кәсіпкерлікпен айналысуына (оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтен басқа), өзге де ақы төленетін қызметпен шұғылдануына тыйым салынады.