Вегетативтік шартты, рефлекстергетамақтану, жүрек-тамыр, тынысалу, жыныс рефлекстері кіреді.
Вегетативтік шартты, рефлекстергетамақтану, жүрек-тамыр, тынысалу, жыныс рефлекстері кіреді.
Аспаптық шартты рефлекстербұлшықеттердің шартсыз қимыл әсеріленісі негізінде ұйымдастырылады (мәселен, цирктегі жануарлар көрсететін ойындар).
Шартты түрткінің тиімділігі қоршаған ортадағы әсерлердің жиынтығы мен жағдайына байланысты. Сонымен қатар, бұл үшін белгілі мотивация мен зерденің және тағы басқа заттардың қатысуы қажет.
Жануарлардың аспаптық әрекеті жүзеге асырылуы үшін, мидың маңдай бөлігінің қалыпты қызметі сақталуы керек. Егер мидың маңдай бөлігі екі жағынан да бұзылса, мұндай күрделі рефлекстер пайда болмайды. Сөйтіп олар жануарлардың аспаптық ісәрекетіне «теріс» әсер етеді.
Табиғи шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе түріне сілекей бөлінеді.
Табиғи шартты рефлекстер шартсыз тітіркендіргіштердің шын белгілеріне қалыптасады. Мәселен, тағамның иісіне немесе түріне сілекей бөлінеді.
Жануарлардың жаратылысында табиғи шартты рефлекстер ұрпақтан ұрпаққа, олардың тіршілік тәсілдеріне сәйкес қалыптасады. Табиғи жағдайда шартты рефлекстер ортаның бірнеше тітіркендіргіштеріне ұйымдастырылады.
Нақтылы рефлекстер шартты және шартсыз тітіркендіргш-тердің дәлме-дәл ұштастыру жағдайларында қалыптасады. Егер шартсыз нықталу шартты тітіркендіру әсеріне 1—3 с мерзімде қосылса, бұл дәлденген шартты рефлекс болады, ал нықталу 5—30 с арасында кешіктіріліп берілсе, бұл жылжытылған немесе кідіретін шартты рефлекс.

Кідіретін рефлекстің құрамында жігерлі (әрекетті) және енжар (әрекетсіз) екі кезі болады. Мұнда жүйке жасушаларында шартты тітіркендіруден тежелу үрдісі басталады. Содан кейін оның жекеленген әсері соңғы шартсыз тітіркендірумен дәл келген кезде барып шартты бейнеліс жасайды.
Ілеспелі рефлекстер нықтаушы тітіркендіргіш шартты сигналдың әсері аяқталғанда қосылса пайда болады. Сондықтан шартты тітіркендіргіш ретінде нақты сигналдың өзі емес, оның белгілі бір іздері жүйкеге әсер етеді.
Уақыттық шартты рефлекстерәртүрлі уақыт аралықтарында (бірнеше секунд, сағат, тәулік арасында) қалыптасады. Оны бағдарлайтын организмдегі көптеген ырғақты өтетін құбылыстар (тынысалу, жүректің соғуы, қимыл, асқорытудағы сөл бөліну үрдістері т.б.). Тірі организмде мұндай биологиялық ырғақтардың бірнеше толық жиынтығы болады.