ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану



бет4/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ІV. Сәлем саған сұлу төр!
Бір күндік жол жүріп, ақыры келіп жеттік шығыстың төріне. Семей... Қазақтың астана қаласы. Тарихтың тылсым сырларына тұнып тұрған көшелері мен ғимараттары бізді жадыраған жаз кейіппен қарсы алды. Бұл жақта да ыстық енді көтеріліп келеді екен. Шаһардың бір бұрышындағы вокзалға қаланың біраз бөлігін айнала шарлап бір-ақ жететін темір жол нән байтақ Ертістің үстімен де өтеді екен. Шалқып жатыр... алтын дария шалқып жатыр. Шіркін, осы бір қарт көпірдің белін қайыстырып, қаншама жүк тиеген алып керуен пойездар өтті екен бұл маңнан.

Қалаға кіргенде бірден көзге түскен орыстың шіркеуі болды. Алтын айқышы күнге шағылысқан көк күмбезді ғибадатхана расында-ақ мен мұндалап тұр. Ассалаумағалейкум! Вокзал алдындағы Қаракерей Қабанбайдың ескерткішін көргенде бірден осы сөз келді ойға. Іштей қайталап қойдық.

Бізді Семейліктер ыстық ықыласпен күтіп алды. «Шәкәрім» университетінің біз секілді тілші-әдебиетші студенттері мен оқытушылары. Жалдаған такси жүргізушілері де Жетісудан келген қонақтарға жылы шыраймен құрмет көрсетуде. Қарсы алушылар ебіл-дебіл. Баршамыз екі-үш темір тұлпарға бөліп отырдық та, жатақханаға ызғыта жөнелдік.

Сонымен, біз Семей шаһарындамыз. Сәлем саған сұлу төр!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет