ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану



бет14/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ХІV. Ертіс ерлеріне хат
Ассалаумағалейкум, аспанның астын алапат дүбірге бөлеген көкжал бабалардың оғлан ұлдары. Бір шыңнан бір шыңға қарғып өтіп, мүйізі көкте күнмен шағалысқан Алтайдың алып құлжаларындай ойнақ салып, Ертістің ерке сазанындай ақ тарлан ағысқа қарсы жүзген қайсар бабалардың батыр ұлдары, армысыңдар! Сіздер мен біздер бір атаның балалары екеніміз рас болса, алыстағы бір ағайының болып сәлем жолдаймыз. Жетісу да, Бетпақдала да, Сыр да, Маңғыстау да, Ақжайық та, Арқа да, бәрі-бәрі сендер түрген түңлікпен оянады емес пе әр таңда. Күллі қазақ даласы ояна алмай маужырап жатқандакүн сәулесін ең алғаш көретін сендер емессіңдер ме? Ендеше сендер өлмеңдер.

Берекелі Ертістің емшегін құмарлана емген шырайлы шығыстың ерлері. Аналарыңның қартаймауын тілеңдер мәңгіге. Ол қартайса түгел шығыстың жағдайы әдірам қалмақ екенін білесіздер. Ал ананы қартайтпау үшін не істеу керек? Оның мейірім-шапағатына лайықты перзент болу керек, қарызын өтеу керек, қорғау керек (!), аялау керек.

Қабанбайды, Абайды тудырған өлке, Мұхтарды тудырған өлке, Әсетті тудырған өлке. Соңғы ғасырларда алты Алашқа орда болған, ел серкелерін біріктіріп, өз құшағына алған киелі қара шаңырақ. Енді сен кімді тудырмақсың? Жауды көріп қуанар жүрек жұтқан ерлерді ме, ебелектен өткен ебелек ездерді ме? Телегей тебіреністерден маржан-маржан ой сүзіп, халқы үшін Темірқазық боларАбайдай ақылмандарды ма, әлде сол ақылмандарға дойыр қамшымен тап берер озбыр Оразбайларды ма? Алакеуім арпалыс заман кім-кімді де аямақ емес. Ел осындайой-шұқыры белгісіз бұлдыр болашаққа бет алғалы тұрған шешуші кезеңдерде, ей, Ертістің ерлері, бірің Абай, бірің Шәкәрім, бірің Әлихан, бірің Ахмет, бірің Мағжан, бірің Міржақып болып қайта тірілгейсіңдер.

Сіздердің елде болып қайтқан сапар сөзбен айтып жеткісіз әсерлер қалдырды. Қайта жол түсер болса, бас тартпастан бірден аттанар едім. «Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын» дейді ғой қазақ. Ұлы перзентін ұлықтап, артына қалдырған мұрасын ұрпақпен қауыштыруда аянбай қызмет етіп, ақын үйінің отын өшірмей келе жатқан сіздерге алғыс. Тек игілік пен ізгіліктің жүзінде тағы да жүздескенше...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет