ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану



бет5/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
V. «Шәкәрім» ордасында
Барған күні «Шәкәрім» университетінің студенттерімен кездесу болды. Ресми емес! Еркін. Шынайы. Жолдағы бар дайындығымыз зая кетпеді. «Бисмиллә» дегеннен қонақ кәдемізді ақтарып салдық. Жамбылдың сәлем жырымен басталып, Абайдың «Сегіз аяғына» ұласты. Мұндайда сақадай шиырылып атылуға әзір тұрған шайырлар шыдасын ба? Жас өртеңнің өзегінен үзіліп түскен шық тамшысындай мөлдір шумақтар шұрқырай жөнелді. Бұл алып орданың жастары да құр қалмастан ауылдың алты ауызын әуелетті. Халық ырза. Бізде ырзамыз.

Кездесу аяқталған соң университет мұражайын араладық. Жүз адамдық оркестрдің алдында тұрған дирижердей шырт киінген таныстырушы қолындағы таяқшасын көсіле сермеп, шабыттана сөйлейді. Керемет. Білім ордасының бүкіл тарихы мен атқарған жұмысын бір үлкен залға сидырыпты. Университет өмірімен танысамын деуші қонақтарға қолайластырылып жинақталған бұл музей бізге де ұнады. Қонақтардың да, қарсы алушылардың да көңілдерінде қуаныш. Әйтеуір мәз көңілмен тарқастық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет