1.Лептосоматик— нәзік дене құрылысымен, биік бойымен, тегіс келген омырауымен сипатталады (тар иықты, қол-аяқтары ұзын және жүдеу келеді).
2. Пикник — өте толық келген, орта және шағын бойымен, үлкен ішімен және қысқа мойынды дөнгелек басымен сипатталады. 3. Атлетик— күшті дамыған бұлшық етімен, мықты дене бітімімен, ұзын немесе орта бойлы, кең иықты, тар жамбасымен ерекшеленетін адамдар. 4. Диспластик - дене бітімі ешқандай түрсіз, дұрыс емес дене құрылымымен ерекшеленетін адамдар. Бұл типтегі адамдар дене бітімінің әртүрлі түрін өзгерту арқылы сипатталады (Мысалы, шамадан тыс бойы, пропорционал емес дене бітімі). Жоғарыда аталған дене құрылысының типтерімен катар Кречмер 3 темпераменттің түрін ерекше атады, оларды ол шизотимик, иксотимик және циклотимик. Шизотимик астеникалық дене бітімі бар, ол тұйық, сезімнің өзгеруіне бейім келетін қасарыспа, ұстанымы мен көзқарасын өзгертуге бейім емес, қоршаған ортаға өте қиын бейімделетін тип. Одан иксотимиктің айырмашылығы атлетикалық дене бітімімен ерекшеленеді. Бұл салмақты, көңіл-күйі аз өзгеретін, бет пішіні, дене қозғалысы ұстамды, ойлаудың икемділігімен ерекшеленетін адам. Циклотомик пикникалық дене бітімі бар, оның эмоциясы қуаныш пен қайғының арасында, ол адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды және көзқарасында реалистік бағыт басым. Темпераменттің психикалық қасиеттері мен жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеттері тығыз байланысты екенін аңғаруға болады. Шетел психологиясында (Кречмер, Шелдон) темперамент жүйке жүйесінің жалпы типінің физиологиялық негіздеріне, сонымен қатар ағзаның жалпы бітіміне, оның сыртқы көрінісі болып табылатын денесінің құрылымына, олардың бөліктерінің арақатынасына байланысты деген теория кең өріс алды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, дененің құрылысы, темпераменттің қасиеттері бір ғана жалпы себепке — ішкі секреция бездерінің қызметіндегі тұқым қуалау ерекшелігіне тәуелді болып табылады. Сондықтан да осындай теориялар темпераменттің гармоналдық теориялары деп аталады. Бұл теориялар темперамент мәселелерін бір жақты түсіндіреді. Гармоналдық теориялар біржақты ішкі секреция бездерінің ролін асыра бағалайды. И.П.Павлов жүйке жүйесінің жалпы типін генотип деп атады, демек, тұқым қуалайтын тип жүйке жүйесінің типі - бұл жүйке жүйесінің табиғи, туа біткен қасиеті, бірақ, өмір және іс-әрекет жағдайымен өзгеруі мүмкін. Жүйке жүйесінің типі адамның мінез-құлқына ерекшелік береді. Адамның барлық келбетіне өзінше із қалдырады. Темперамент негізіне жүйке жүйесінің тұкым арқылы берілген типі жатады. Темперамент типінің қалыптасуында тұқым қуалау негізгі рол атқарады. Осы қағида бірдей тұқым қуалау физиологиялық касиеттері, темпераменттің қасиеттері ұксастықтары бір жұмыртқалы егіздерде әртүрлі жұмыртқалы егіздерге қарағанда біршама артық, оларда бұл физиологиялық қасиеттер бірдей еместігі айқын дәлелденді. Сол сияқты, егер әртүрлі отбасы тәрбиеге алған бір жұмыртқалы (гомозиготтық) егіздердің темпераментін салыстырсақ, сондай заңдылық дәлелденеді. Бұл егіздердің әртүрлі өмір жағдайы мен тәрбиесіне қарамастан, темпераменттің қасиеттері бойынша олардың арасында көптеген жылдар бойы өзгешеліктер өте аз болғандығын көреміз.