Темперамент



бет5/9
Дата01.12.2022
өлшемі103 Kb.
#54048
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-Темперамент

Күшті, ұстамсыз тип. Күшті жүйке жүйесімен ерекшелене отырып, ол негізгі жүйке үрдістерінің ұстамсыздығымен — қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болуымен сипатталады.
Күшті, ұстамды, козғалғыш тип. Қозу және тежелу үрдістері күшті және ұстамды, бірақ олардың тездігі, қозғалғыштығы, жүйке үрдістерінің шапшаң өзгеріп отыруы жүйке байланыстарының жылдам ұйымдасуына және тұрақсыздығына алып келеді.
Күшті, ұстамды, сылбыр тип. Күшті және ұстамды жүйке үрдістері аз қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Бұл типтің өкілдері сырт қарағанда салмақты, орнықты, қиын қоздырғыш тип.
И.П.Павлов темпераментке былай деп анықтама береді: "Темперамент әрбір жеке адамның жалпы сипаттамасы болып табылады, оның жүйке жүйесінің негізгі сипаттамасы, әрбір индивидтің барлық іс-әрекетіне әсер қалдырады."1
Психологтар Б.И.Теплов және В.Д.Небылицын И.П.Павловтың зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Жүйке жүйесінің қасиеттерін зерттеуде өте нәзік инструменталды әдістерді қолдана отырып, жүйке жүйесінің қасиеттерін жоғары дәлдікпен сандық түрде көрсете отырып, адамның жүйке қызметінің кейбір дара ерекшеліктерінің өзара байланысын ғалымдар дәлелдеді. Жүйке үрдістері касиеттерінің И.П.Павлов ашқан 4 түрінің бірігіп келуінен басқа да түрлерін анықтады.
Темпераменттің жүйке жүйесінің типтеріне тәуелділігі көп мағыналы болып табылады. Бұл мынаны білдіреді, жүйке жүйесінің белгілі бір қасиетіне темпераменттің бірнеше әртүрлі қасиеттері байланысты және керісінше, темпераменттің бір қасиеті жүйке жүйесінің бірнеше әртүрлі қасиеттеріне тәуелді.


3. Темперамент туралы теориялар.


Гиппократ темперамент адамның анатомиялық — физиологиялық және психологиялық даралық ерекшеліктері деп түсінді.
Одан әрі темперамент туралы ілімнің дамуы төмендегі бағыттарда іске асты.
Бірте-бірте темпераменттің психологиялық сипаттамасы кеңейе түсті. Рим дәрігері Галеннің Гиппократтан айырмашылығы темперамент түрлерінің физиологиялық қасиеттерімен катар психологиялық және адамгершілік қасиеттерін сипаттады. Неміс философы И.Кант XVIII ғ. аяғында темпераменттің тек қана психикалық қасиеттерін сипаттады. Жаңа кезеңге дейін темпераменттің сипаты негізінен психологиялық бағытта қалыптасты. Осыған байланысты темпераменттің түрлері туралы ұғым өзгерді. Темпераменттің түрлері физиологиялық емес, психикалық касиеттердің пропорциясына байланысты сипатталады. Кант темпераментті әртүрлі сезімдердің және іс-әрекеттің әртүрлі деңгейдегі белсенділігінің арақатынасы ретінде қарастырды. Неміс психологі Вундт XIX ғ. аяғында — темпераментті жылдамдықтың және "жан қозғалыстарының" күштерінің арақатынасы деп білді. Ол темпераментті екі түрге бөлді:
1) эмоциясы күшті темпераменттер;
2) әлсіз эмоциялы темпераменттер.
Біріншісіне холерик және меланхолик темпераменттерін жатқызды.
Өйткені, холериктің эмоциясы күшті болады да және тез әрекет етеді, ал меланхоликтің жан дүниесінің ауысып отыруы өте шабан, баяу болып келеді. Эмоциясы әлсіз темпераменттерге сангвинник және флегматик жатады. Сангвиниктің қозулары, сезімдері күшті, әрекеттері жылдам болып отырды. Ал флегматиктің эмоциялары күшті, бірақ олардың әрекеті шабан келеді. Әрине, бұл теориялардың қай-қайсысы да біржақты, ғылыми негізсіз қате теориялар болып табылады.
Бұл теориялар Гиппократтың ілімін осы уақытқа дейін өзгертіп, қолданылып келеді.
XX ғасырда темперамент туралы пікір айтқандардың бірі және ерекше кеңінен таралған Э.Кречмердің (1888-1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921 ж. өзінің "Тән құрылысы және мінез" атты белгілі еңбегінде темперамент адамның тән құрылысының белгілі психикалық ерекшеліктерімен байланысты болатындығын дәлелдейді. Э.Кречмердің теориясы Еуропада кеңінен тарады.
Ерте кезден бастап, зерттеушілер темпераменттің әртүрлі типтері қалыптасқандығына тоқталды. Олардың ішінде ерекше қызығушылық туғызған теориялар темпераменттің қасиеттері тұқым арқылы берілген, туа біткен қасиет ретінде түсіндіріліп, дене бітімінің ерекшеліктеріндегі даралық айырмашылықтармен байланыстырылады.
Бұл теория дене бітімінің теориясы деп аталады. Ерекше кеңінен тараған теория Э.Кречмердің типологиясы. Бұл теорияның негізгі идеясы адамдардың дене бітімінің немесе құрылымының белгілі түріне қарай белгілі психикалық ерекшеліктері болатындығы. Ол адам денесінің бөліктеріне көптеген зерттеулер жүргізіп, осының нәтижесінде 4 дене бітімінің типін бөліп көрсетуге мүмкіншілік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет