Темперамент


Темпераменттің түрлері және оның сипаттамасы



бет7/9
Дата01.12.2022
өлшемі103 Kb.
#54048
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4. Темпераменттің түрлері және оның сипаттамасы.


Темпераменттің бір түрін жағымды, екінші түрін жағымсыз деп бағалау дұрыс болмайды. Әрбір темпераменттің өзінің жағымды жақтарымен катар жағымсыз жақтары да болады. Таза күйінде темперамент өте сирек кездеседі. Адамда темпераменттің белгілі бір түрінің қасиеті басым келеді, бірақ бұл жағдайда, басқа темпераментке тән жекелеген белгілер байқалуы мүмкін. Оқыту және тәрбие үрдісінде шәкірттерге дара әсер ету үшін, демек, практикалық қажеттіліктер үшін темпераменттің негізгі сипаттамасын бағдарлай отырып, қарастырған жөн.
Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысына психологиялық сипаттама беретін болсақ:
Сангвиникалық темперамент өкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвинниктер негізінен көңілді тип. Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тез беріледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады, кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі, ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиникалық типтегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерешеленеді. Сангвиниктердің көңіл-күйі тез өзгеріп отырады. Бұл типтегі балалар қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Ондай балалар әртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қаддырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуі оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Холерикалық темперамент өкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Холериктер күйіп-пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі.
Бұл типтегі балалар өте белсенді. Холерикалық типтегі қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды, кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледі. Ұжымда эмоциялық ұстамсыздық аңғартады және осының негізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары — белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары — ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет