Тенденциялары


«Абылай»,  «Қабанбай  асында  туған  ой»,  «Сырым



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«Абылай»,  «Қабанбай  асында  туған  ой»,  «Сырым 
Датұлы»,  «Еменге  біткен  иір  бұтақ»,  «Амангелді», 
«Мәншүк»  сияқты  шығармаларында  ол  арғы-бергі 
қаһармандардың 
ерлік 
бейнесін 
шабытты 
жыр 
ҿрнектерімен сомдайды. 
XIX  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінің  алыптары  Абайға 
(«Күні  келген  кемеңгер»),  Шоқанға  («Шоқан»),  Ыбырайға 
(«Ыбырай»),  яки  XX  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетінің 
классиктері  Ахметке  («Ахмет  Байтұрсынұлы»),  Мұхтарға 
(«Мұхтар  Ҽуезов»),  Ғабитке  («Қара  шал»)  арнаған 
Қадырдың 
ҿлеңдері 
қазақ 
поэзиясындағы 
арнау 
ҿлеңдерінің  жақсы  үлгілерінің  қатарын  толықтыра  түседі. 
Ақын бұл шығармаларымен де ұлттық поэзияға тың серпін, 
жаңа үн, соны кҿркемдік бояулар ҽкелді. 
«Құрманғазы»,  «Сегіз  сері  Баһрамұлы»,  «Мұхит», 
«Тҽттімбет»,  «Қобыз  кесене»  т.б.  ақын  ҿлеңдерінде  ҿнер 
жұлдыздарының  кемеліне  келіп  тұрған  жарқын  бейнелері 
бар. 
Қазақ ҽдебиетінің ҿркендеп ҿскен бір саласы - табиғат 
лирикасын  молықтыруға  да  Қадыр  ақын  едҽуір  еңбек 
сіңірді.  Оның  жаз  («Жаңбырлы  жаз»),  күз  («ішіп-жеп, 

 169 
 
 
ойнап  күліп  бір  тыналық»),  қыс  («Қыс  қамын  ерте  баста 
жабыла  ойлап»,  «Қаңтардың  үскірігі  ғаламат  та!»)  туралы 
ҿлеңдері,  сондай-ақ  «Жаңбыр»,  «аптап»,  «Туды  деме  сен 
мені осы кімнен», «Кҿк тоғай»), т.б. жырлары туған елінің 
табиғатын  үлкен  ақындық  шеберлікпен  суреттеген 
туындылар. 
Бұлардың 
қай-қайсысында 
да 
ҿлке 
табиғатының  ҽр  алуан  қыр-сыры  байқағыштықпен  тап-
басып, дҽлме-дҽл бейнеленеді. Ақынның табиғат жырлары-
оқырманның  эстетикалық  сезімін  байыптайтын,  туған 
жердің  табиғатына  деген  сүйіспеншілікті  арттыра  түсетін 
еңбектер. 
Ақынның табиғат туралы барлық жырларында да оның 
туған  Жерге,  ел-жүртына  деген  үлкен  сүйіспеншілігі, 
перзенттік сезімі кҿріңеді. «Ұлы дала» атты ҿлеңі. 
Ҿзіне  дейінгі  табиғат  жырларының  шиырына  түсіп 
кетпей, ақын табиғат лирикасының қай-қайсысында да тың 
бейнелеу құралдарын қолдануға ұмтылады. 
Ҽдебиеттің 
барлық 
ҿкілі 
жабыла 
жырлаған 
махаббатты  да  Қадыр  ақын  айналып  ҿткен  жоқ.  Оның, 
ҽрине,  ҿзге  ақындар  шарлап  ҿткен  шиырлардан  бойын 
аулақ ұстап, ҿзінше тың пікірлер айтуға, қасиетті, сиқырлы 
сезімнің  жаңа  бір  қырларын  ашпақ  болған  талпынысы  да 
табыссыз емес. Кірпіктері күн нұрына суарылған сұлуларға 
елжіреп табынған ақын: 
Батырларды матап-байлап тастауға 
Жетіп жатыр қара шаштың бір талы. 
Қайран сұлу Күн келбетті, Ай мүсін! 
Кҿзін сүзбей қалады оған қай кісі?! 
Бір адамның, бір адамның бақыты ол,  
Мың  адамның,  мың  адамның  қайғысы!  -  дей  келіп, 
«Махаббат - ғашықтың пернесі» атты цикл ҿлеңдерін  
Қадыр  ҿлеңді  кҿп  жазған  ақын.  Қадыр  -  ҿзіне  дейінгі 
аса  ірі  ақындардай,  сҿздері  мірдің  оғындай  жыр  дүлділі. 

 170 
 
 
Оның  жоғарыда  айтылғандай,  кҿп  шығармаларының 
ішінде қанатты сӛздер, афоризмдері де жиі ұшырайды.  
Қазақ боп Туғаныңа ҿкінбе, 
Қазақ боп Жарыта алмағаныңа ҿкіп! 
 
Бас шұлғитын - тұлпарлар, 
Басқаратын - есектер. 
 
Орманда балта қажет, 
Қалада қалта қажет. 
 
Түйме ұрлаған адам түйені де ұрлай алады. 
 
Есірткі еліртеді, 
Билік семіртеді. 
 
Мансапқорға ем жоқ, 
Оны тоқтататын шен жоқ. 
 
Парақордың ақылы кем, 
Кҿлемі кең. 
Қадырдың  қанатты  сҿздері  ел  арасына  кең  тарап, 
халықтың рухани игілігіне айналған. 
Қадыр Мырза Ҽли - XX ғасырдағы қазақ поэзиясының 
жан-жақты  ҿсіп,  ҿркендеуіне,  кемелденуіне  зор  еңбек 
сіңірген  үлкен  ақын.  Оның  ҿлеңдері  ешқашан,  Абай 
айтқандай,  бҿтен  сҿзбен  былғанған  емес.  Қайта  ол 
«қиыннан  қиысып,  тілге  жеңіл,  жүрекке  жылы  тиетін, 
айналасы теп-тегіс, жұмыр» боп келеді.  
Қадырдың  «Ақ  отау»,  «Бұлбұл  бағы»,  «Ой  орманы», 
«Дала  дидары»,  «Домбыра»,  «Жерұйық»,  «Кҿкпар», 
«Алақан»,  «Қорамсақ»,  «Қызыл  кітап»  жыр  жинақтары 
бар. 

 171 
 
 
Ҿлеңдерінің  тақырыбы  –  адам,  адамға  тҽн  сезімдер, 
табиғат,  махаббат,  туған  жер  т.б.  Қадырдың  поэзиясына 
ҿзек  болып  тартылған  бір  күрделі  образ  бар.  Ол  –  қазақ 
даласының образы. «Дала дидары» жинағы осы тақырыпты 
сҿз ҿтеді.  
«Кҿне заман кҿріністері» деп аталатын бҿлімінде туған 
ел,  атамекен  суретін  бар  болмысымен  кҿрсеткен.  «Жар-
жар»,  «Бесік  жыры»,  «Бҽйге»,  «Қыз  қуу»,  «Ҽн»,  «Бата», 
«Ауыл  түні»,  «Кҿш»  -  қазақ  даласының  бейнесі  бар.  Бір 
ҿлеңі – атамекен даланың күлкісі мен қуанышы болса, енді 
бірі - қайғысы мен кҿз жасы, енді бірі - ҽні мен назы.Ақын 
бойындағы  биік  рух  –  Бабалар  жеріне  деген  ұлы  сезім. 
«Түркістан», 
«Торғай», 
«Сарысу-Талас» 
ҿлеңдері, 
«Алатау», 
«Алтай», 
«Кҿкшетау», 
«Баянауыл», 
«Қарқаралы»  ҿлеңдері  «Жерұйық»  циклінен  алынған. 
Оның ҽрқайсысында қазақ даласының тарихы жатыр, Дала 
тарихын  поэзиямен  ҿрген  ақын  туындылары  –  қазақ 
поэзиясының шырқау биігі. 
«Жерұйық»  циклі  үш  бҿлімнен  тұрады.  Сол  үш 
бҿлімде  тұтас  Қазақ  даласының  тауы  мен  белі,  кҿлі  мен 
ҿзені,  данасы  мен  данышпанын  жырлап,  жинақы  ғана 
поэзия кестесіндегі дала тарихының образын жасаған. Дала 
образы – асқақ, биік. 
Кҿптеу болып жанғанынан ҿшкені, 
Кҿздің жасы – бүкіл елдің кешкені. 
Бұл дала ма? Бұл далада болыпты-ау, 
Бақыт пенен қасірет те кҿшпелі. 
Дала  табиғаты  ұлттық  мінезді  тудырған.  Ақын  туған 
елін жалаң мақтап, мадақтаудан аулақ. Ҽр ҿлеңінде ой мен 
сезім үндесе келе, ҽдемі образ туған. 
Дала-кең, кеңдік те бір ұлылық қой
Ұлылық жатады ҿстіп игерілмей, – дей келе, 
О, туған жер, берер ем жүректі де,  

 172 
 
 
Керек десе ол ҿзіңді сүю үшін! – деп, туған елге деген 
махаббат еш бүкпесіз жеткізеді. 
Ақын  тілінде  шешендік  басым.  Қарапайым  сҿйлеп 
отырып-ақ, үлкен шындыққа қол созады. Ҿлеңдері  - арзан  
дидактика    емес,    шешендік    стильмен    ҿрілген  дүниелер.  
Бір  қарағанда,  қарапайым  ғана  болып  кҿрінеді.  Күнде 
ҿзіміз  куҽ  болып  жүрген  құбылыстан  терең  ой  түйеді. 
Қадырдың  «қарапайымдылығының»  тасасында  философия 
бар. 
Мүмкін емес тыңдауың елжіремей, балқымай, 
Сҿзбен жазбай тарихын, күймен жазған халқым-ай! 
Мынау шешен шектерден сыр таптым-ау мен бҿлек, 
Бүкіл далам келеді кҿз алдыма дҿңгелеп. 
Бейнелілік  пен  шешендік  бір-бірімен  байланысқан. 
Ақын  сезімі,  күйі  басым  болғандықтан  лирикалық  сипат 
басым.  Күй  –  негізгі  фактор  болса  да,  оған  түрткі,  сезімді 
күшейткен  фактор  –  туған  жерге  деген  ақынның 
махаббаты.  Күй  ҿнері  туған  жер  атты  киелі  ұғыммен  тең 
алынған. Ақын сезім динамикасын дҽл бейнелеген. 
«Боз дала» ҿлеңіндегі «боз жусан», «боз бел», «боз үй» 
т.б.  ұғымдар  ұлттық  санамызға  жақын  болғандықтан  да 
сезімімізге ҽсері мол. 
Боласың боза ішкендей ауа жұтып, 
Боз жусан, боз кҿделі боз даладан. 
«Боз» эпитеті ҿлеңге ҽр беріп тұр. 
Табиғат  жҽне  туған  жерге  байланысты  туған  Қадыр 
ҿлеңдерінде құштарлық пен құмарлық айрықша кҿрінеді. 
Киіз үйді, жайлауды даланы ұқпай
Ұқпайсың  ғой,  ұқпайсың,  мені,  балам,-  деген  ҿлең 
жолдарында  қала  мен  даланы  қарсы  қою  ниеті  жоқ, 
керісінше,  цивилизацияның  бітпес  сары  уайымы  емес, 
халқының  қасиетін  бағалау.  Мынау  зымыраған  уақыттан, 
дулы ҿмірден бір сҽт тыныстауға бет алған ақынды кҿресіз. 

 173 
 
 
Ақынның  туған  жер  тақырыбындағы  ҿлеңдері 
«Жерұйық»,  «Дала  дидары»  жинақтарында  топтасқан. 
Мұнда  автордың  «Саяхат»  жырлары  (поэзия  очерктері) 
енген. Ҿлеңдерінде айшықты афоризм бар екен сезіледі. 
Ердің исі шығады ер тоқымнан, 
Тарих исі шығады шаңырақтан
Таң самалы тасыған гүл исіндей 
Жырдың исі шығады ауасынан 
                                  (Қарқаралы). 
Қадыр  ҿлеңдері  драмалық  ситуацияларға  құрылған 
диалог,  монолог  элементтерін  жетілдірді.  Лирикасының 
кейде  философиялық,  психологиялық  трактатқа  айналып 
кететін кездері болады.  
2.  Поэмаларындағы  қоғам  және  адам,  табиғат.  Ол 
ХХ  ғасырдағы  қазақ  ҽдебиетіндегі  поэма  жанрының  ҿсіп 
жетілуіне  кҿп  еңбек  сіңірді.  Оның  поэмаларының  кҿбі 
лирика-публицистикалық  сипатта  жазылған.  Мҽселен, 
оның  «Қызыл  кітап»  (1986)  поэмасы  –  ой-толғамы 
ауқымды,  бүкіл  адамзатты  ойландырар  пікір-тұжырымға 
бай,  философиялық  туынды.  Адамзат  тарихына  шолу 
жасап,  жер  бетіндегі  адамдардың  ҿзіне  кҿп  зиян 
келтіргенін  ақын  ҿкінішпен  жырлайды.  Жер  үстіндегі 
кҿптеген  жан-жануарларды  (аң-құс)  қырып-жойып,  аяулы 
жер-ананы  жесір  қалдырған,  планета  экологиялық  апатқа 
ұшыратқан  адамдардың  зұлымдық  іс-ҽрекетіне  қарғыс 
айтады.  Адамдардың  осы  зиянды  істерінің  түбі  неге 
соғарында  абайлап,  ақынның  жер  бетіндегі  бүкіл 
адамдарды,  замандастарын  ойлануға  үндеуі  –  поэманың 
мағыналы, мҽнді идеялық түйіні десе де болғандай.  
Ақын  «Заман-ай»  поэмасында  (1997)  Қазақстанның 
Кеңес  ҿкіметі  жылдарындағы  тарихына  бүгінгі  биіктен 
жаңаша кҿзқараспен қарап, шымырқана толғанады. 70 жыл 
ішінде  қазақ  халқы  бастан  кешкен  адам  небір 
қиындықтарды  нақты  кҿркемдік  ойлармен  жинақтап, 

 174 
 
 
ҽсерлі  бейнелеген.  Поэманың  «Бұқара  мен  партократия» 
деген  тарауында  ұзақ  жылдар  бойы  Коммунистік 
партияның  жауыздық,  жҽдігҿйлік,  арамзалық  саясатынан 
қалың 
жұрттың 
ҿлердей 
жапа 
шеккенін 
автор 
шыншылдықпен тебірене жыр еткен.  
Қ.Мырзалиевтің  «Бес  жыл  ӛткен  соң»  поэмасынан 
(1997)  нарықтық  экономикаға  кҿшкен  дертті  қоғам 
тұсындағы  қазақ  халқының  ұсқынсыз,  аянышты,  жүдеу 
кейпін  кҿреміз.  Поэмада  ол  қазіргі  жалғанды  жалпағынан 
басып  жүрген  алаяқтардың  қулық-сұмдықпен  жинаған 
арам  байлығын  шымбайына  батыра  ҽшкерелей  отырып, 
бұқара халықтың күйзелген күйкі тірлігін, күйбең ҿмірін ет 
жүрегі елжірей, зарлана толғайды. Поэмада сапырылысқан 
шетел  машиналарынан  аяқ  алып  жүргісіз  Алматы 
қаласының бүгінгі алабажақ бейнесіне де, «Ҿгіз арба» мен 
«Жорға  шанаға»  қарап  қалған  қазіргі  қазақ  ауылының 
сұрықсыз келбеті де елес береді.  
«Заман-ай»,  «Бес  жыл  ҿткен  соң»  поэмалары  –  қазақ 
халқының  ХХ  ғасырдағы  кҿркемдік  тарихын  оқырман 
санасына  толық  жеткізетін  кҿрнекті  эпикалық  туындылар. 
«Ӛткелдер»,  «Махаббат»,  «Пайғамбар  жасы»,  «Дерт», 
«Парламент»,  «Күдік»  атты  поэмалар  осы  циклді 
толықтырады.  
Ал  «Ақырзаман»,  «Кӛкейкесті»,  «Ғадауат  ғасыр» 
сияқты  ақындық  терең  тебіреніспен,  шалқыған  жүрек 
жаланымен 
жазылған 
поэмалары 
таңдамалы 
туындыларының кҿптомдығының 9 томында (2001) жарық 
кҿрді.  Бұл  поэмаларда  ол  халықтың  ҿткен  тарихына 
кҿркемдік  шолу  жасаған.  Алайда,  Қадыр  ҿзіне  дейінгі 
ақындарды  мүлде  қайталамай,  ҿз  тарапынан  тың  ақындық 
сҿз, ҿткір идеялық пікірлер айтқан. Мҽселен, «Ақырзаман» 
поэмасында  қазақ  халқының  орыс  мемлекетіне  отар 
болудан  шеккен  адам  айтқысыз  зардаптарын  ақын  батыл-
батыл  жыр  жолдарымен  жеткізе  суреттейді.  «Ғадауат 

 175 
 
 
ғасыры»  поэмасында  ХХ  ғасырдағы  бүкіл  адамзаттың 
шеккен шексіз азабы мен кҿрген қорлығына (дүние жүзілік 
қырғын  соғыстар,  Муссолини,  Гитлер,  Сталиндердің 
жендеттік істері, т.б.) үлкен ақындық биіктен кҿз тастайды. 
«Зҽлім  ғасыр»,  «Қиянатшыл  ғасыр»,  «Қатал  ғасыр»,  «Қу 
ғасыр»,  «Жебір  ғасыр»,  «Қомағай  ғасыр»,  «Обыр  ғасыр», 
«Керең  ғасыр»,  «Күнҽлі  ғасыр»  -  деп  бүкіл  эпитет 
атаулыны  үйіп-тҿгіп,  ҿтіп  кеткен  жиырмасыншы  ғасырға 
қаһарлы қарғыс сҿздерін қолданады. Дегенмен де, адамзат 
басынан  кешкен  сол  жүз  жылдықтан  ешқандай  ұнамды 
жағдайды  ақынның  мүлде  кҿре  алмауын  тұтастай 
мақылдау  орынды  бола  қоймас.  Қазақ  халқының  тарихта 
тұңғыш  рет  дербес  мемлекет  болып,  тҽуелсіздік  алуы  сол 
ХХ ғасырдың ұлы сыйы, ғажайып тарту емес пе?! Алдағы 
мезгілге үлкен үміттен қарайды. Сүйтіп, трагедиялық қара 
бояуы  басым  поэмасын  жарқын  оптимистік  сезіммен 
аяқтайды.  
Қадыр  Мырза  Ҽли  -  эпик  ақын.  Ол  XX  ғасырдағы 
қазақ  ҽдебиетіндегі  поэма  жанрының  ҿсіп  жетілуіне  кҿп 
еңбек  сіңірді.  Оның  поэмаларының  кҿбі  лирика-
публицистикалық сипатта жазылған. 
Поэманың  бұл  түрлерінің  арғы  тегі  қазақтың  ежелгі 
жыр,  толғауларымен  тығыз  тамырлас  екені  мҽлім. 
Жиырмасыншы 
ғасырда 
қазақтың 
лирико-
публицистикалық 
поэмасы 
қатты 
дамыды. 
С.Торайғыровтың 
«Адасқан 
ҿмір», 
«Кедей», 
І.Жансүгіровтің  «Дала»,  Ж.Молдағалиевтің  «Мен  - 
қазақпын»  сияқты  лирико-публицистикалық  поэманың 
классикалық  түрлері  туды.  Сол  ҽдебиет  алыптарының 
жасап кеткен ізгі дҽстүрін жалғастырып, поэманың осы бір 
саласына  жаңа  ҿрнек,  тың  сарын  ҽкелген  қазақ 
ақындарының  бірі  -  Қадыр  Мырза  Ҽли.  Ол  эпикалық  кең 
құлашпен, терең лирикалық тебіреніспен, берілген толғау - 

 176 
 
 
сырлар  арқылы  туған  елі  -  Қазақстанның,  тұтас  бір 
ұрпақтың, дҽуірдің бет-бейнесін таныта білді. 
Тұтастай  алғанда,  Қадыр  поэмалары  бұрын-соңды 
ешкім  айтпаған,  айта  алмаған  жаңа  ой-пікірлерге  толы. 
Кҿркемдік  бояулары  қалың  да  жарқын  оның  поэмалары 
қазақ  поэзиясына  жаңа  үн,  соны  серпін  ҽкелді.  Ұлттық 
эпиканың ҿрісін кеңейтті. 
3. Қ.Мырзалиевтің драмаларындағы тарихи сюжет 
және  тартыс.  Қадыр  Мырза  Ҽли  -  драма  жанрына  да 
белсене  араласқан  ақын.  Оның  «Әмір  Темір»,  «Жаралы 
жолбарыс»  атты  драмасы,  «Мың  бір  мүң»  атты 
трагедиясы, «Сақал саудасы», «Түрт, сайтаным, түрт!» 
атты  комедиялары,  «Отырар  ойраны»  (Ҽ.Хасеновпен 
бірлесіп  жазылған),  «Тӛле  би»  (Ҽ.Таразимен  бірлесіп 
жазьшған)  атты  либреттолары  қазақ  драматургиясына 
елеулі кҿркемдік үлес болып қосылған туындылар. 
Қадыр  Мырза  Ҽлидің  драмалық  шығармаларының 
кҿркемдік  жағынан  кҿрнектісі  -  «Жаралы  жолбарыс». 
Шығарманың  бас  кейіпкері  -  ақын,  батыр,  XIX  ғасырдағы 
Ресей  патшалығының отаршылығына,  Жҽңгір  ханға қарсы 
қазақ  халқы  кҿтерілісінің  (1836-37)  басшыларының  бірі 
Махамбет 
Ҿтемісұлы. 
Драмада 
Қадырдың 
үлкен 
жазушылық  шеберлігімен  сомдалған  Махамбеттің  ҽдеби 
образы  жасалған.  Автор  пьесасында  тарихи  шындыққа 
арқа  сүйей  отырып,  Махамбеттің  ҿз  шығармаларын  да 
пайдаланған. 
Драмадағы  негізгі  тартыс  екі  кейіпкердің:  Махамбет 
пен  Баймағамбет  сұлтанның  арасында  ҿрбіп  барып, 
шиеленісе түседі. Тартыстың шарықтау шегі - Махамбеттің 
жау  қолынан  қаза  табуы.  «Дұшпанның  ең  жаманы  достан 
шығар»  деп  ақын  айтқандай,  драмада  Махамбеттің  ең 
жақын досы Ықылас атты кейіпкердің сатқыңдық ҽрекетін 
автордың  сатиралық  сҿз  жебесімен  түйрей  түскені 
кҿркемдік нысанаға дҽл тиіп түр. 

 177 
 
 
Махамбеттің  ерлік  тұлғасы  негізінен  драмадағы  оның 
сҿздерінен  айқын  танылады.  Махамбет  аузынан  айтылған 
ҿткір  де  жалынды  монологтер  сол  XIX  ғасырдағы  қазақ 
халқының  басынан  кешкен  тарихи,  қоғамдық  ахуалды 
кҿзге  елестетіп,  кҿрермен  санасына  сіңіре  түседі.  Ҽсіресе, 
қазақ  даласындағы  отаршылықты  іске  асырудағы  Ресей 
патшалығының жауыздығы, ҽрқилы зымияндық ҽрекеттері 
Махамбет сҿздері арқылы жарқын суреттеледі. 
Махамбет 
ақынның 
ҿз 
шығармаларын 
шығармашылықпен  пайдаланумен  қатар,  автордың  ҿз 
тарапынан Махамбетке айтқызатын ҿткір де шешен сҿздері 
оның  ҽдеби  бейнесін  жасауға  толық  қызмет  атқарғаны 
анық байқалады. 
Драманың  соңғы,  алтыншы  кҿрінісінде  автордың 
Махамбетті  қайта  тірілтіп  ҽкеліп,  Баймағамбет  сұлтанмен 
беттестіріп  сҿйлетуі  кҿркемдік  жағынан  ұтымды  шыққан 
эпизод.  Бұл  тұста  Махамбеттің  тұлғасы  іріленіп,  биіктей 
береді. 
Қателеспес, Нарқоспақтың баласы! 
Бітпек емес хан мен халық таласы. 
Мен ҿлгем жоқ! 
Басым шауып алғанмен, 
Қайта туар мені қазақ даласы! 
Бүгін сенің, 
Ажыратып мені елден, 
Күнің шығар қуанышқа кенелген. 
Басым менің бҿлінгенмен кеудемнен, 
Мен емеспін! 
Мен емеспін! 
Сен  -  ҿлген!  -  деген  Махамбет  монологі  оның 
Баймағамбет,  Жҽңгір  сияқты  ежелгі  дұшпандарынан 
жеңілмегенін, батырдың ғасырлар бойы жасайтын мҽңгілік 
бейнесін аша түскен. 

 178 
 
 
Драмалық 
шығарманы 
жандандырып, 
ҿміршең 
жасайтын  ең  басты  компонент  оның  тілі  ғой.  «Жаралы 
жолбарыстың» тілі де үлкен шебердің қолынан шыққанын 
байқатады. Ҽр кейіпкердің тұлға-бітіміне лайық сҿз саптау 
мҽнерін автор дұрыс таба білген. Драманың тілі ҽрі шешен, 
кҿрікті, ҽсерлі. 
Аса  маңызды  тарихи  тақырыпқа  арналған  ақын 
драмаларының  бірі  -  «Әмір-Темір».  Алтын  Ордаға, 
Иранға,  Кавказ  елдеріне,  Түркияға,  Индияға,  Кіші  Азияға 
жасаған  Ақсақ  Темірдің  шапқыншылық,  тонаушылық 
жорықтары  драмада  айқын  елес  береді.  Шығармада 
Темірдің  ҽскери  күш-қуаты,  дүниеде  жүзін  жауламақ 
болған  зұлымдығы,  қаталдығы,  қанағат  деген  сезімнен 
жүрдай 
ашқарақтығы, 
тойымсыздығы 
реалистік 
бояулармен  шынайы  бейнеленген.  Ҽсіресе,  оның  Қытай 
елін басып алуға даярлығы, бірақ ол шапқыншылық мұрат-
мақсатына  жете  алмай  күйреуі  драмада  нанымды  кҿрініс 
тапқан. 
Қазақ  поэзиясының  дамуына  кҿп  еңбек  сіңіріп,  зор 
кҿркемдік үлес қосқан Қадыр Мырза Ҽлидің ұзақ жылдарға 
созылған шығармашылығы ҽдебиет ғылымы мен сынының 
ҽрдайым  назарында  болып,  жоғары  бағаланып  келеді. 
Ақынның  шығармаларының  лайықты  бағасын  берген 
академик Зейнолла Қабдолов:  «Қадыр Мырзалиев  -  сҿздің 
сҽйгүлігі, ойдың озарманы. Ол жеке бастың дара мұңынан 
бастап,  қым-қиғаш  халықаралық  қайшылықтарға  шейін 
қысылмай,  қымтырьшмай  еркін  жырлай  алады.  Демек, 
қазіргі қазақ поэзиясын кҿп дауысты, қуатты оркестр десек, 
мұның құрамыңдағы Қадыр музасының қайталанбас ҿз үні, 
машығы  мен  мҽнері,  айшығы  мен  ҿрнегі  бар;  Қадыр 
лирикасының  сыңғыры  бҿлек,  сыры  терең»,  -  десе, 
академик  Серік  Қирабаев:  «Қадыр  Мырза  Ҽли  ұлт 
тарихын,  мінез-құлқын,  ойлы  кҿзбен  ҿлшеп  суреттейді. 
Онда,  терең  идеялық  мағына  бар»,  -  деп  ақынның  ҿзіндік 

 179 
 
 
бет-бейнесін,  шығармашьшық  келбетін  дҽл  айқындап 
берді.  Ол  -  ҿзінің  кҿркемдік  дҽрежесі  биік,  тілі  нҽрлі, 
ғибраты  мол,  идеялық  мазмұны  терең  шығармаларымен 
қазақ  сҿз  ҿнеріне  зор  үлес  қосқан  ірі  суреткер,  кҿркем 
сҿздің  шебері.  Ақын  қазақ  ҽдебиетінің  кҿркемдік 
арсеналын 
толықтыра, 
молықтыра 
отырып, 
оның 
мҽртебесінің  биіктеп,  абыройы  асқақтай  түсуіне  қыруар 
еңбек  сіңірді.  Сондықтан  да,  Қадыр  Мырза  Ҽли  -  жан-
жақты  ҿсіп  ҿркендеген,  кемелденген  қазіргі  қазақ 
ҽдебиетінің кҿрнекті қайраткерлерінің бірі саналады. 
 
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
2.
 
Қаратаев  М.,  Нұртазин  Т.,  Қирабаев  С.  Қазақ  совет 
ҽдебиеті.-Алматы, 1987. 
3.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дҽуіріндегі  қазақ  ҽдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
4.
 
Дҽдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
5.
 
Қазақ  ҽдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Амантай Шҽріп. Қазақ поэзиясы жҽне ұлттық идея.-
Алматы, 2000. 
2.
 
Алпысбаев Қ. Поэма жҽн сюжет.-Алматы, 1992. 
3.
 
Базарбаев  М.  Қазақ  поэзиясы:  кҿркемдік  ізденіс.-
Алматы, 1995. 
4.
 
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы,1981. 
5.
 
Қуандық  Мҽшһүр  Жүсіп.  Қазақ  лирикасындағы 
стиль жҽне бейнелілік.-Алматы,1990. 
6.
 
Ысмайылов Е. Ақын жҽне революция.-Алматы,1983. 
7.
 
Кҽрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  лирикасының поэтикасы. 
–Алматы, 1988. 

 180 
 
 
8.
 
Кҽрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиетінің  кҿркемдік 
даму арналары.-Алматы,2002.  
9.
 
Нарымбетов Ҽ. Қазіргі қазақ поэмасы.-Алматы,1982. 
10.
 
Нарымбетов  Ҽ.  Қазіргі  совет  поэмасы.-
Алматы, 1977. 
11.
 
Сейітов С. Ҿлең ҿлкесінде.-Алматы,1984. 
 
Лекция 7.  Мұқағали Мақатаев (1931-1976). 
 
Жоспар: 
1.
 
Мұқағали Мақатаевтың лирикасы. 
2.
 
М.Мақатаевтың 
поэмаларындағы 
романтикалық сарын. 
 
1.
 
Мұқағали  Мақатаевтың  лирикасы.  М.Мақатаев 
1931  жылы  9  ақпанда  Алматы  облысының  бұрынғы 
Нарынқол  ауданындағы  Қарасаз  топырағында  дүниеге 
келген.  1948  жылы  он  жылдық  мектепті  бітіргеннен  кейін 
ҿзінің туған ауылында ҽртүрлі қызмет атқарады. Ауылдық 
кеңестің  хатшысы,  қызыл  отау  меңгерушісі,  жергілікті 
комсомолдар  қызметкері,  жеті  жылдық  мектепте  мұғалім 
болады.  Бұл  –  орта  білімді  жаңа  ғана  алған  жас  жігіттің 
ҿміріндегі  орнын  бағдарлау,  кҽсіби  тіршілік  жолын 
айқындау  кезеңі  секілді  еді.  Кейіндеу  аудандық  газетте 
ҽдеби  қызметкер  болып  істеді.  Мектептің  жоғарғы 
кластарында  жүріп  ҿлең  жазып,  бірді-екілі  туындыларын 
аудандық  баспасҿз  беттерінде  жариялатып  байқаған 
Мұқағали осы кезден бастап қаламгерлік ҿнерге дем қояды. 
1976  жылы  жарық  кҿрген  «Ӛмір-дастан»  атты 
таңдамалы  ҿлеңдері  мен  поэмалары  ақындық  ҿмірдің  бір 
түйіні  белесіндегі  қорытындысы  секілді  кҿрінді.  Келесі, 
1978 жылы жарияланған «Ӛмір-ӛзен» кітабын авторы кҿре 
алмады. Жомарт дарын, арқалы ақын кемеліне келіп, нағыз 
толысқан шағында 1976 жылы 45 жасында ауыр науқастан 

 181 
 
 
қайтыс  болды.  Бұл  кезде  ақын  поэма,  дастандарымен, 
талантты  лирикалық  шығармаларымен,  ҽлем  ҽдебиетінің 
кесек  туындыларын  қазақ  тіліне  аудару  арқылы  қазақ 
ҽдебиетінің тарихында ерекше тұлғалы орын алып, жарқын 
да  шынайы  талантымен  кеңінен  танылып  үлгерді.  Ақын 
соңында  бай  да  талантты  қаламнан  туған  мұралар 
қалдырды.  Оның  жеке  ҿмірі  мен  шығармашылық 
ізденістерінің 
ішкі 
бірлігі, 
тұтастығы, 
дүние 
құбылыстарына  деген  шыншыл  да  сезімтал  ақындық 
кҿзқарасы  туындыларынан  барынша  айқын  аңғарылады. 
Шығармашылық  ҿмірінің  алғашқы  қалыптасу  кезеңі  бүкіл 
кеңес  ҽдебиетіне  үлкен  серпіліс  тудырған  60  жылдардағы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет