Теориялық конференция материалдары


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата28.12.2016
өлшемі2,24 Mb.
#597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 
Использованная литература: 
1. Мифы народов мира.
 
В двух томах. Т.1−2. – М.: Олимп, 1998. 
2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Т. 1. – Алма-Ата, 1961. 
3. Каскабасов С.А. Казахская несказочная проза. – Алма-Ата: Наука, 1990. 
4. Нарынбаева Н.О. Миф. Оозеки кара сөздүн көөнө уңгулары. – Бишкек, 2011. 
5. Криничная Н.А. Персонажи преданий: становление и эволюция образа. – Л.: Наука, 1988. 
6. Урманчеев Ф.И. По следам белого волка. Ранние этнокультурные связи тюрко-татарских 
племен. – Казань, 1994. 
7.  Бичурин  Н.Я.  Собрание  сведений  о  народах,  обитавших  в  Средней  Азии  в  древние 
времена. Т.I – М–Л., 1947. 
8.  Аристов  Н.А.  Опыт  выяснения  этнического  состава  киргиз-казаков  Большой  орды  и 
каракиргизов,  на  основании  родословных  сказаний  и  сведений  о  существующих  родовых 
делениях  и  о  родовых  тамгах // Живая  старина. –1894. –Вып. 3, 4; Аристов  Н.А.  Труды  по 
истории и этническому составу тюркских племен. – Бишкек: Илим, 2003. 
9. Гумилев Л.Древние тюрки. – М., 2004. 
10. Баялиева Т. Доисламские верования и их пережитки у киргизов. – Фрунзе: Илим, 1972. 
11. Бутанаев В.Я., Бутанаева И.И. Хакасский исторический фольклор. – Абакан: Хакасский 
гос. ун-т им. Н.П.Катанова, 2001 
12. Штернберг Л.Я. Первобытная религия в свете этнографии. – Л.: Ин-т нар-в Севера, 1936.  
13. Волк в японской мифологии: Материалы из Википедии – свободной энциклопедии. 
14. Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии. – СПб, 1881. – Вып. 11 

43 
 
Невский Н.А Айнский фольклор. – М.: Наука, 1972. 
15. Абдыракунов Т. Ак Мактым. – Фрунзе: Кыргызстан, 1983. 
16. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе: 
Кыргызстан, 1990. 
17. Потапов Л.П. Умай – божество древних тюрков / Тюркологический сборник,1972. – М.: 
Наука, 1973. 
 
Использованные фольклорные тексты

 
Н.А Невский Айнский фольклор. – М.:Наука,1972 

 
Пилсудский Б.О. Фольклор Сахалинских айнов. Тетрадь № 2; №№ 3 – 4 

 
Манас. Багыш Сазан уулу. – Б.:Бийиктик,2011 

 
http://www.icrap.org/Folklor_sachalinskich_Ainov.html Пилсудский Бронислав
 

 
http://www.proza.ru/2013/05/23/2003
 
Материалы  из  рукописного  фонда  Национальной  академии  наук  Кыргызской 
республики

 
Инв № 319(4357), 643(5281) Предание о Бугу –эне, Предание о происхождении рода Желден 

 
Инв № 167 Миф о священной красной собаке 

 
Инв № 426(1623) Миф о тотеме (волке) 

 
Инв № 587(1784) Миф о кайберен-бугу 
 
Д. Ысқақұлы
С. Демирел атындағы Университет ректорының кеңесшісі, филология 
ғылымдарының докторы, профессор 
 
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ, ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қазақ тілі, қазақ əдебиеті, қазақ мəдениеті – қазақ жерін, қазақ елін, қазақтың мүддесін 
қорғап,  тəуелсіздігін,  болашағын  қамтамасыз  ететін  отаншылдықтың,  отансүйгіштіктің, 
ұлттық  патриотизмнің  қайнар  көзі. «Əсіресе  біз  сияқты  саяси  жаулары  көп  ұлттар  үшін  ең 
үлкен  сүйеніш  отансүйгіштік  моралі  (патриотизм)  бола  алады.  Отансүйгіштік  мораліміз 
күшті  болмаса,  тəуелсіздігімізді  де,  азаттығымызды  да,  Отанымызды  да  толық  қорғай 
алмаймыз.  Сондықтан  түрікшілдік  ұлт  жəне  Отан  мұраттарын  бəрінен  де  жоғары  бағалауы 
керек» (З.  Көкалып.  Түрікшілдіктің  негіздері.  Алматы, 2000, 104-105 беттер).  Түріктің 
патриоты айтқан бұл сөздердің тікелей бізге де қатысы бар.  
Əрбір ұлттың, мемлекеттің ертеңі өзін-өзі қорғай білуіне тікелей байланысты. Ұлттық 
идеология – мемлекеттің  өзін-өзі  қорғай  білу  иммунитеті.  «Бөтен  кісі  қазаққа  ешқандай 
жақсылық артып əкеліп бермейді. Өз күшіне, өз қуатына сенбеген адам да, халық та ғұмыр 
жүзінде бəйге алмайды» (Ə. Бөкейхан). Ал мұның өзі сол тіл, əдебиет арқылы ғасырлар бойы 
жасалынған  ұлттық  рухани  құндылықтар  бойына  сіңген  адамның  ғана  қолынан  келетін 
ұлттық патриотизмге тікелей байланысты екендігі тағы да аян.  
Демек, ұлттық патриотизм мен ұлттық намысты қалыптастыратын да, дамытатын да – 
ұлттық  құндылықтарға  негізделген  ұлттық  идеялар.  Ұлттық  тілде  ұлттық  тəрбие  алмаған 
ұлтына қызмет ете алмайды; қиын-қыстау кездерде ұлтына қорған болып, ол үшін отқа да, 
суға да түсетін патриот бола алмайды. Яғни, ұлт атаулының, мемлекет атаулының тағдыры 
ең  алдымен,  тіл  мəселесінің,  соған  сүйенген  ұлттық  идеялардың  қалай  шешілгендігіне 
тікелей байланысты.  
Ал ұлттық идеяның өзегі - ұлттық тіл. Өйткені, «... бабалардан қалған тілің ұлттық идея 
болу  керек...  Қазақты  біріктіретін  бірден-бір  қасиетті  күш  ана  тілі  болуға  керек» (Герольд 
Бельгер. Тіл туралы тезистер. «Ақиқат», 2014, №10, 69-бет).  
Патриотизм  жайлы  Қазақстанның  халық  жазушысы  Əзілхан  Нұршайықов 
«Қазақстандық патриотизм» деген əлі дүниеде жоқ ұғым, тумаған сиырдың «бұзауы». ...Ал 

44 
 
қазіргі қоғамда ешқандай идеология жоқ. Адамдардың бар мақсаты қандай жолмен болса да 
(адал, арам) ақша табуға ғана бағытталған... Патриот болудың негізгі төрт шарты бар. Олар: 
1) Отанын, жерін қорғау;  
2) өз ұлтының ана тілін ардақтау; 
3) ұлттық дəстүрді сақтау;  
4) ұлтаралық интернационализм идеясына адал болу. 
Ал жерді қорғау орнына сатайық деп жүргендерді, сатып үлгергендерді немесе ел аман, 
жұрт  тынышта  одан  үзіп,  көршілерге  бөліп  бергендерді  қалай  патриот  деуге  болады? 
Мемлекеттік  мəртебесі  бар  өзінің  асыл  ана  тілі  тұрғанда,  үлкен-кіші  жиын-жиналыстарда, 
өзінің  отбасында  өзге  тілде  сөйлейтіндерді  қалай  патриот  дерсің?  Ұлттық  дəстүрді 
ұстанбайтын ұл-қыздан қандай патриот шықпақ? Өзге ұлттың ұлын өзінен төмен санайтын 
санасыздан қандай салихалы азамат өспек?.. 
Қазіргі  «қазақстандық  патриотизм»  деп  жүргеніміз,  қызуы  тез  тарап  кететін  қымыз 
патриотизм,  орысша  айтқанда, «квасный  патриотизм».  Бізге  елін,  жерін,  тілін,  ұлтаралық 
ынтымақты  қорғайтын,  республиканың  гүлденіп,  алға  басуы  үшін  шыбындай  жанын 
аямайтын  адамдар  тəрбиелейтін  патриотизм  қажет.  Əрине,  ондай  патриотизм  бүгін 
болмағанмен, оған болашақта қол жетері хақ... 
Өз басым Қазақстан тəуелсіз ел болып аталғаннан кейін патриотизмнің асыл арқауынан 
айрылып  қалды  деп  есептеймін.  Тəуелсіздікті  пайдаланып,  үлкенді  кішілі  азаматтарымыз 
коррупция қаһармандарына айналып кетті. Жемқорлық жайлаған елде патриотизм байыздай 
алмайды.  
Халыққа  тəуелсіздік  қажет.  Патриотизм – тəуелсіздік  қорғаны.  Патриоттар – Отан 
тірегі. Ел патриот болмай, еркіндікті сақтай алмайсың.  
Патриотизм – ақыл,  ой,  сананың  салтанаты,  табанды  тəрбиенің  жемісі.  Патриоттық 
тəрбие  бойына  сіңбеген,  бала  күнінен  ерлер  туралы  ертегілер  тыңдап,  елдікті,  ерлікті 
мадақтайтын  тақпақтар  жаттап,  эпостық  шығармаларды  етене  қабылдамаған  адамдар 
бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды.  
Отаншылдық – адамның  туған  ел  мен  өскен  жерге  деген  шексіз  сүйіспеншілігі.  Сол 
үшін жан қиюға əзірлік. Отаншылдықтың екінші аты – патриотизм. Ал ұлттық намыс – жеке 
ұлттың өзіндік моральдық кодексі...  
Патриоттық  тəрбие  мəселесі  мемлекеттің  түбегейлі  жүргізіп  отыратын  ісі  болуы 
керек...» (Əзілхан Нұршайықов. Патриоттық қанға сіңген қасиет пе? «Ақиқат», 2010, № 10) – 
деп, жазыпты 
Патриотизмнің, қазақшалап айтқанда, халқын, туған жерін барынша сүйіп, соған адал 
қызмет  ете  білу,  яғни ұлтшылдық  (мұны  тек  «менікі  ғана  болсын,  қалғандары  не  болса,  ол 
болсын» дейтін əсіреқызыл шовинизммен шатастырмау керек. – Д.Ы.) қасиеттің ұлттың ұлт 
болып, мемлекеттің мемлекет болып өмір сүруінде қаншалықты маңызды екендігін кезінде 
алашшыл Аймауытов төмендегіше пайымдапты: «Ұлтын шын сүйіп, аянбай қызмет қылған 
азаматы  көп  жұрт  күшті,  өнерлі,  білімді  жұрт  болып,  күресте  тең  түсіп,  басқаларға  өзін 
елетіп  отыр.  Ұлты  үшін  құрмет  қылмай,  бас  қамын  ойлап  жүрген  азаматтардың  елі  артта 
қалып  отыр.  бір  халықтың  ұлтшыл  адамдары  көбейсе,  ұлты  үшін  жанын  салып,  сол  ұлтты 
көркейтуге тырыспақ. Адамның өз басының көркеюімен ұлт көркеймейді, ұлты көркейсе, өзі 
көркейеді.  Бір  ұлт  бақытты  болса,  ол  бақыт  сол  ұлттың  ішіндегі  адамдарға  да  ортақ» (Ж. 
Аймауытов. Шығармалары. 6 том, Алматы, 2013, 144-бет). 
Отаншылдық,  ұлтшылдық – туған  жердің  қасиетін,  тарихын,  сұлулығын,  байлығын 
мақтан  тұту,  ана  тілін,  сол  тілде  жасалынған  рухани  құндылықтарды,  əдет-ғұрып,  салт-
дəстүрлерді қадірлеу секілді толып жатқан сезімдердің барысында қалыптасқан өзіңнің туған 
жеріңе,  еліңе,  мемлекетіңе  деген  сүйіспеншілік,  оны  ішкі-сыртқы  жаулардан  қорғауға 
барлық уақытта да дайын болу, қажет болған жағдайда жанын пида ету. Бұл - көбіне ұлттық 
сана-сезім оянып, қоғамның дамуы ұлттық дамуға сай жүрген кезде қалыптасатын құбылыс.  
«Ешкім  бір  мемлекетте  тұрып,  оның  мемлекеттік  тілін  менсінбей,  отансүйгіш  бола 
алмайды.  Сонымен  бірге,  əлемдік  рухани  жəне  тілдік  құндылықтарды  игеру  мен  мемлекет 

45 
 
тілін үйренуді бір-біріне қарсы қоюға болмайды» (Е. Сыдықов. Қазақтың рухани жерұйығы. 
Кітапта: Ұлт ұясындағы ұлағат. Астана, 2014, 336-бет).  
Д.  Көшім  «патриотизм»  мен  «ұлтшылдықтың»  арақатынасын  «Патриотизм – жеке 
адамның  өзі  азамат  болып  тұрған  еліне  деген  қатынасы,  байланысы  жағынан  бағаланатын 
мемлекеттік  идеология  болса,  ұлтшылдық – сол  ұлттың  мемлекеті  болмаса  да  өмір  сүре 
береді» деген тұрғыда ажыратып, ұлтшылдыққа «Қазақ ұлтшылдығы өмір бойы өзін қорғау, 
ұлттық  құндылықтарын  сақтап  қалу  бағытындағы  ұлтшылдық  болып  келді.  Қазіргі  қазақ 
ұлтшылдығы  да  қарсыластарының  жапқан  жаласы  мен  ойдан  шығарған  өсектеріне 
қарамастан  осы  бағытта  қалдық.  Бұл – қазақ  ұлтшылдығының  өзіндік  ерекшелігі.  Басқа 
ұлттарға  үлгі  боларлық  ерекшелігі» (Д.  Көшім.  Бізге  қандай  ұлтшылдық  керек? «Алаш 
айнасы», 31.05.2014) деген тұрғыда айқындапты. 
Ұлттың  ұлт  болып,  мемлекеттің  мемлекет  болып  өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін 
«ұлтшылдықтың», «отаншылдықтың» (патриотизм)  негізін  тіл  құрайды.  Өзінің  тілін 
қастерлеп, ұлтын, халқын сүймеген адамнан ешуақытта ұлтына адал қызмет ететін ұлтшыл, 
елін  қасық қаны  қалғанша  қорғайтын  патриот  шықпайды.  Сондықтан  да  халқының  бойына 
сол тілде жасалынған ұлттық құндылықтары тамырлап кеткен ұлттың өмірі ұзақ, мемлекеті 
мықты болады.  
Ұлттық  идея  ұлтпен  бірге  пайда  болып,  ұлттық  сана-сезім  негізінде  осы  біз  кімбіз, 
бұрын кім болдық, тамырымыз қайда жатыр, немізбен ерекшеленеміз, мəдениетіміз қандай, 
адамзат тарихында қандай орын алып келдік, қазіргі қоғамдағы орнымыз қандай, болашақта 
қандай  жолмен  жүруіміз  керек  деген  сияқты  сандаған  сауалдарға  жауап  іздеу  барысында 
ғасырлар  бойы  дамып,  қалыптасады.  Ұлттық  идеялар  бұрын  да  болған,  қазір  де  бар, 
болашақта да өмір сүре береді. Ұлттық идеяларсыз ешқандай ұлт, мемлекет, қоғам өмір сүре 
алмайды.  Өйткені,  əрбір  жеке  адамды  алға  сүйрейтін  арман  болса,  ұлтты,  мемлекетті  өрге 
тартатын  ұлы  қозғаушы  күш,  ол – идея,  халық  өмірін  жақсартудың  түрлі  жақтарын 
жақсартуды көздейтін идеялардың жиынтығы - ұлттық идеология.  
Ұлттық идея туралы Жанұзақ Əкім «Ұлттық идея дегеніміз, халықтың əріден алғанда 
дəуірлік, беріден алғанда ғасырлық мұратын айқындайтын, келешек ұрпаққа жол көрсететін 
шамшырақ  бола  алатын  заманалық  рухани  философия.  Оның  негізгі  міндеттері – ұлт  пен 
түркі  халықтарын  біріктіру  арқылы  қоғамды  тұрақты  дамытатын  стратегияны  анықтау. 
Қазақтың  бойындағы  мəңгілік  қасиеті  оны  құрайтын  ру-тайпалары  арқылы  ықылым 
заманнан  бері  сақталып  келеді.  Қазіргі  заманның  міндеті  осы  мəңгі  қасиеттерді  біріктіріп, 
оны  жаңғырған,  өміршең  ұлттық  идея  түріне  келтіру  болып  табылады»  (  Əкім  Ж.  Түркі 
өркениеті негізіндегі қазақ идеясы. Алматы, -2007, 304 бет) – деп жазады.  
«Ұлттық  идея:  тарихи  тағдыры  мен  болашағы»  атты  ұжымдық  еңбекте: «Ұлттық 
«МЕН»-ді  қалыптастыратын  тетіктер  мен  жағдайаттар  сан  алуан.  Оған  көшедегі  қаптаған 
жарнамалардан бастап, енді ғана дүние есігін ашқан сəбидің құлағына естілген əн мен үнге 
дейін кіреді. Солардың бəрінің басын қосатын, бəрін өгіздей өрге сүйрейтін құдірет Ұлттық 
идея  деп  білгеніміз  жөн»  дей  келіп, «Ұлттық  идеяны  таппайынша  елде  жүріп  жатқан 
реформалар қарын тойдырудың ғана міндетін атқарып шығатындай көрінеді. Ұлттық идеясы 
жоқ Қазақстанда өмір сүру қазақтан басқаның бəріне майдай жағатын шығар, бірақ, түптің-
түбінде  өкініште  қалатыны – қазақтар.  Өзін-өзі  жарылқамағанды  басқалар  ұшпаққа 
шығарады деудің еш қисыны жоқ. Көлдей жайылып келе жатқан жаһанданудың табанында 
жаншылып  қалмау  үшін  де  ұлттық  идеяның  өзектілігі  мен  қажеттілігі  күн  санап  артып 
келеді» (Сейдімбек  А.,  Əбжанов  Х.,  Салғараұлы  Қ.  Ұлттық  идея:  тарихи  тағдыры  мен 
болашағы. Астана: «Фолиант», 2012. – 248-бет) – делінген.  
Демек, ұлт бар жерде сол ұлттың өсіп-өнуін қамтамасыз етіп отыратын ұлттық идея да 
болады.  Ұлт  жоқ  жерде  ұлттық  идея  да  жоқ.  Екеуі - егіз.  Бірінсіз  бірі  өмір  сүре  алмайды. 
Шын мəніндегі ұлттық идея бір ұлтқа қызмет еткенімен де еш уақытта басқа ұлттарға қарсы 
бағытталмайды;  керісінше,  көп  ұлтты  мемелекеттерде  барлық  халықтың  ортақ  мүддесін 
негізгі  ұлттық  идеялармен  ұштастыра,  үйлестіре  отырып,  олардың  бір  бағытта  дамуын 
қамтамасыз  етеді.  Осы  бір  аса  күрделі  мəселеде  мемлекеттік  тілдің  осы  елде  өмір  сүріп 

46 
 
отырған барлық этностар мен ұлыстарды біріктіруші функция атқаратындығы əрдəйім есте 
болғаны жөн.  
Философия ғылымдарының докторы Б. Сатершинов «Өз дамуының сындарлы кезеңіне 
жеткен  кез  келген  ел  өзінің  ұлттық  идеясын  қалыптастыруға  деген  қажеттілікті  сезінеді. 
Əлемдік  тəжірибе  көрсетіп  бергендей,  ұлттық  идея  ел  дамуының  түбегейлі  жаңа  сатысына 
көтерілудің  орасан  зор  мақсаты  жолындағы  қоғам  мен  мемлекеттің  саяси,  əлеуметтік, 
экономикалық,  мəдени,  рухани  жəне  басқа  барлық  күштерін  біріктіру  міндеті  туындаған 
тұста  пайда  болады.  Ұлттық  идея  этностық,  діни,  мəдени  жəне  өзге  де  қауымдастықпен 
біріккен  адамдар  тобының  бөлісетін  ұжымдық  жады  мен  таптауырындарының,  мақсат-
мұраттары 
мен 
арман-аңсарларының, 
дүниетанымының, 
көзқарастары 
мен 
құндылықтарының  кешенді  жиынтығын  білдіреді»-  деп,  ұлттық  идеяның  ұлттың  қоғамдық 
дамуындағы  аса  маңызды  рөліне  назар  аударады  (Б.  Сатершинов.  Ұлттық  идея. «ДА 
Қазақстан», 2012, № 26 110-бет). 
Ұлттық,  мемлекеттік  дамудың  тағдыры  осы  ұлттық  идеялардың  дұрыс  айқындалып, 
халықтың  санасынан  берік  орын  алып,  алға  қойған  міндеттерді  орындауға  жұмған 
жұдырықтай жұмылып кірісе алуына тікелей байланысты. Мысалы, қоғам дамуының негізіне 
жапондықтардың  еңбекке  ерекше  қабілеттілігі  алынған  Жапония  ғылым  мен  техниканың, 
экономиканың  дамуында  тамаша  табыстарға  жетті.  Ұлттық  идеяларға  сүйену  Сингапурде, 
Малайзияда, Оңтүстік Кореяда да тамаша табыстарға қол жеткізді.  
Сонымен, «Ұлттық идея ешқандай да ешкімді тұйыққа тірейтін құбылыс емес. Қайта ол 
ұлтты өздері қатарлы ұлттармен бəсекелестікке түсіріп, өркениетті мемлекеттердің қатарына 
қосылуға бағыттайтын бірден-бір жол. Ол ұлт тұтастығын күшейтіп, заман, уақыт талабына 
сай  өзгенің  жақсысын  қабылдау  арқылы  оны  эволюциялық  жолмен  бəсекелестікке  лайық 
дамытып, ғаламдастыру дəуіріндегі өзінің күн астындағы орнын ешкімнен, ешқандай ұлттан 
кем  емес  дəрежеде  алуына  ықпал  етеді.  Оны  орындауға  ұйымдастырып,  бас-көз  болатын 
мемлекеттік  аппарат,  əміршілдік-əкімшілік  жүйе...  Содан  соң  ұлттық  идея  қатып,  сіресіп 
қалған ұғым-түсінік емес. Ол - уақыт, заман көрінісіне əрі талап-тілегіне орай эволюциялық 
жолмен  дамып  отыратын  қадір-қасиет. ...қазақ  зиялыларының  ұлтшылдығы  ешбіреуге 
қысым,  қоқан  лоққы  жасамайтын,  үнемі  өзін-өзі  қорғаумен,  қорғаныспен  келе  жатқан 
ұлтшылдық» (А. Əлімұлы. Ұлт боламын десең, «руыңмен у ішпе, қазақ!» немесе ұлттық идея 
туралы ой. «Ақиқат», 2014, № 11). 
Америкада мемлекетті құраушы негізгі ұлт болмағандықтан да ұлттық идеология жеке 
адамның  еркіндігіне,  адам  құқықтарының  сақталуына  негізделді.  Ал  Иранда  ұлттық 
идеология ежелгі классикалық парсы мəдениеті мен исламдық дəстүрге сүйенеді. Ал өздерін 
ерекше қабілетті санайтын еврейлердің бір кездегі тарихи отанына оралып, ұлттық ошағын 
құру туралы армандарынан, діни дүниетанымынан тұратын сионизм бұл күндері Израильдің 
біртұтас ұлттық идеологиясына айналып отыр. Бұл мысалдардан ұлттың алдында тұрған ұлы 
міндеттерді  қалыптасып  отырған  нақтылы  тарихи  жағдайлардың  ерекшеліктерін  ескере 
отырып  шешуге  халықты  бір  жұдырықтай  жұмылдырып,  көтере  алатындай  ұлттық 
идеология жасаудың аса маңыздылығы көрінеді.  
Ататүріктің «Қай кезде де ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеге басымдық беруіміз керек. 
Халықаралық  саясат,  еларалық  жағдай – мұның  бəрі  ұлттық  мұрат  пен  ұлттық  мүддеден 
төмен  тұруы  керек»»  дегеніндей,  Қазақстан  мемлекетінде  де  оның  тілінен  бастау  алған 
рухани құндылықтарына бет бұрып, барынша халықтық мүддеге қызмет ететін ұлттық саясат 
жүргізу – бүгінгі күннің өмір талап етіп отырған басты талабы.  
Өкінішке  орай,  күні  бүгінге  дейін  Қазақстанда  ұлттық  идеология  жоқ  деуге  болады. 
Оның  басты  себебі:  Қазақстан  көпұлтты  мемлекет,  сондықтан  да  бір  ұлттың  мүддесін 
қорғайтын ұлттық мдологияның жүргізілуі онда тұрып жатқан басқа ұлттардың құқықтарын 
аяққа таптау, яғни идеологиялық диктатура болып табылады-мыс. Бұл жерде негізгі мəселе 
Қазақстанның  қазақ  ұлты  құрған,  негізінен  өмір  сүретін,  сондықтан  да  ең  алдымен,  осы 
халықтың  тілі,  ұлттық  мүддесі  қорғалу  керектігі  ескерілмей  келгендігі  көзге  ұрады.  Осы 
мəселе  хақында  белгілі  қоғам  қайраткері  Мырзатай  Жолдасбеков  «Бізге  мықты  идеология 

47 
 
керек!»  деген  ойын  төмендегіше  негіздепті: «Конституция  бойынша,  біз  идеологиясыз 
мемлекетпіз. Бізге идеология керек. Əйтпесе... мынау қай қоғам? Біз қайда барамыз? Не үшін 
ата-бабамыз қан төкті? Мына ұлан байтақ жерімізді не үшін қорғады? Қан қайда қалды? Мен 
осылай  ойланып  жүрмін.  Өз-өзіме  сұрақ  қоям.  Бірақ...  билікте,  Үкіметте  негізінен  қазаққа 
айтатын  бір  ауыз  сөзі  жоқ  адамдар  отыр («Араша.кз»  порталы, 12.06.2012), профессор  Қ. 
Атабаев  «Дегенмен,  ең  қауіптісі,  жүйелі  ұлттық  идеологияның  болмауы  нəтижесінде,  бір 
ұлттың  ішінде  бірін  бірі  түсінуден  қалған  бірнеше  əлеуметтік  топтардың  пайда  болып, 
қазақтың біртұтас ұлт ретінде жойылу қаупінің айқын көріне бастауы»-деп, дабыл қағады. 
Шындығында да ұлттық саясат жүргізу, ұлтқа қызмет ету, ұлтжандылық, ұлтшылдық - 
кейбіреулер ойлайтындай, тек өзімнің ұлтыма ғана болсын деп, басқаларды жау көру емес, 
керісінше өз ұлтына қызмет ету арқылы жалпы жұртқа, басқа да ұлттарға қызмет ету деген 
сөз. Өйткені өз ұлтын сүймеген, өз ұлтының қадір-қасиетін білмеген басқа ұлттарды да сүйе 
алмайды,  олардың  да  өзі  сияқты,  өз  ұлты  сияқты  адамдар  екенін  түсініп,  жақын  араласып 
кете  алмайды.  Ұлтты  ұлтқа,  нəсілді  нəсілге  қарсы  қоятын,  өзін  өзгелерден  жоғары  қоятын 
əсіре ұлтшылдық («шовинизм) пен нəсілшілдіктің жөні бөлек. Біз оған қарсымыз.  
Кеңес өкіметі жылдарында ұлтжанды азаматтарды «Дүниені ұлтшылдар бүлдіреді: бір 
ұлтты  екінші  ұлтқа  дұшпан  қылып  өсіреді.  Ұлтшылдар  құрыса,  дүниедегі  жалпы  жұрт  бір 
ауыл, бір бауыр болып кетер еді» деп, айыптап қуғындай бастағанда, «Абай» журналы оған 
жауап  ретінде  «ұлтшылдықтың  кісішілдікке  ереуілдігі  жоқ:  əр  ұлт  тегіс  мəдениетті  болып 
теңелсе,  кісішілдік  өзі  де  өркендейді,  ұлтшылдардың  мақсаты - басқа  ұлттарға  қастық  ету 
емес,  өз  ұлтын  қатарға  қосу.  Кісішілердің  өзі  де  мəдени  жұрттан  шықпақ.  Ұлтшылдық 
намысын  білмеген  жұрттан  кісішілдік  қайдан  шықсын!» (Мəнен  Тұрғанбаев.  Ұлтшылдық. 
«Алаштың тілдік мұрасы». Алматы, 2009, 179-бет)-деп жауап берген екен.  
«Ұлттардың  қалыптасуының,  сақталуының,  дамуының  тірегі  мен  қозғаушы  күші 
ұлтшылдық  болып  табылады.  Ұлтшылдық – саяси  тілмен  айтқанда,  ұлттық  идеология» (Т. 
Сайдулдин.  Алты  алаш  туралы  түсінік. «Қазақ  əдебиеті» 30.08.2013). Бұл  жердегі 
ұлтшылдықты кеңес өкіметі қалыптастырып кеткендей, басқалардың барлығына да жоқ, тек 
өзіме  ғана  болсын  дейтін  теріс  мағынада  емес,  керісінше,  ұлтжанды  азаматтың  жалпы 
адамзат баласын, оның ішінде өз ұлтын ерекше сүйіп, бүкіл ғұмырын оған адал қызмет етуге 
арнауы  деп,  ұғынған  жөн.  Ұлтшылдықтың  ең  алдымен,  тілін,  туған  жерін,  ұлтын  сүюден 
басталатындығы белгілі.  
«Ұлтшылдық идеясы – халқымыздың жаны мен жүрегі. Ұлтымыз бар болса, ол да өмір 
сүреді» (Мұстафа Шоқай). 
Кеңес  өкіметі  жылдарында  ұлтына  адал  қызмет  еткен  ұлтын  сүйген  азаматтарды 
«ұлтшылдықпен»  айыптап,  қудалағаны  белгілі.  Міне,  осы  кездерде  Мұстафа  Шоқай 
ұлтшылдық  пен  шовинизмді  шатастырмауға  шақырып,  олардың  аражігін  тамаша  ашып 
берді: «шовинизм  деп,  басқа  ұлттардың  өмір  сүру  құқықтарын  өз  ұлтының  мүддесі  үшін 
құрбан ету айтылады» (Алаш көсемсөзі. Алматы, 2010, 47-бет).  
«Ұлтшылдық  арқылы  ғана  ұлт  қалыптасады,  ұлтшылдық  ұлт  тудырады» (Эрнст 
Гелнер).  Сондықтан  да  ұлттың  өмір  сүруінің  бірден-бір  шарты - ұлтшылдық.  Ұлтшылдық 
болмаған  жерде  ұлт  та  болмайды.  Ұлтшылдық – ұлттың  өмір  сүруін  қамтамасыз  етіп 
отыратын  басты  қорғанышы.  Ұлтшылдығы  əлсіресе,  ол  елдің  ұлттық  иммунитеті  де 
жойылып, жеке ұлт ретінде өмір сүру қабілетінен айрыла бастайды. Сондықтан да əрбір ұлт 
өзін  сақтау  үшін  ұлтшылдыққа  негізделген,  ұлттық  арман-аңсарлардан  тұратын  ұлттық 
идеологиясын  жасап,  оны  жүзеге  асыратын  мемлекеттігін  құрып,  соның  аясында  ғана 
толыққанды  өмір  сүре  алады.  Демек,  ұлттық  идеологиясының  болуы  ертеңін  ойлаған  əрбір 
ұлттың өміршеңдігінің басты шарты екен.  
Идеология  дегеніміз – «Идеология – кез  келген  мемлекеттің  рухани  мəдениетінің 
жоғары  формасы» (Д.  Кшибеков.  Национальная  идея.  Алматы, 2007, 199-бет).  Яғни,  кез 
келген  мемлекеттің  қоғамдық  даму  деңгейін  ол  жүргізіп  отырған  ұлттық,  мемлекеттік 
идеологиясынан  көруге  болады.  Ғылыми  жағынан  жан-жақты  негізделген  идеология 
мемлекеттік  саясатта  қоғамдық  өмірдің  сандаған  проблемаларының  ішінен  ұлттың, 

48 
 
мемлекеттің  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  басты  мəселелерін  іріктеп  алып,  шешіп 
отыруы арқылы даңғыл жолға бағыттап отырады. Ал қоғамдық дамудың бағытын айқындап, 
бағыт-бағдар беріп отыратын идеология болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің болашағы 
бұлыңғыр.  
«Жалпы, ұлттық идеология дегеніміз – белгілі бір халықтың, этностың, ұлттың алдағы 
уақытта өмір сүруінің өзіндік ұстанымдарының жиынтығы. Егер ұлттық идеология болмаса, 
ұлт  өзінің  өмір  сүруін  тоқтатады. ...мемлекет  ұлттық  негізде  дамығанда  ғана  ол  жетік 
дамиды. ...Ұлттық  идеологияның  жоқтығы  маңдайымыздан  соғады  да  отырады. ...Ендігі 
идеология  Қазақстанда  тұратын  ұлт  диаспораларының  қазақ  халқының  төңірегіне 
шоғырлануы,  қазақ  мемлекеттігін  нығайтуға  үлес  қосуы  айналасында  өрбуі  қажет...» (М. 
Тоқашбай).  
«Бізге  ұлттық  идеология  не  үшін  қажет  дейтін  болсақ,  біз  қазір  өтпелі  кезеңді 
басымыздан  өткеріп  жатырмыз.  Қазақ  халқының  алдында  болашақта  ұлттық 
тəуелсіздігімізді,  болмысымызды,  мүддемізді,  құндылықтарымызды,  тілімізді  қалай  сақтап 
қаламыз  деген  сауал  тұр.  Ұлттық  идеология  осы  сұрақтарға  теория  жүзінде  негізделген, 
ғылыми дəлелденген обьективті жауап беруі керек. Себебі қазақ халқының қазіргі жағдайы 
өте ауыр жəне болашағы өте бұлыңғыр.  Сондықтан біз  əуелі қазақ халқы мұндай жағдайға 
қалай  жəне  не  себепті  тап  болды  деген  сұрақтарға  жауап  іздеуге тиіспіз» (Е.  Мұханғалиев, 
«Мəңгілік ел» қазаққа ұлттық идеология бола ала ма? «Дат», 27.02.2014). 
«Кеңес  өкіметінің  керауыз  идеясынан  кейін  идеология  деген  сөзді  ауызға  алудан 
қашатын  болып  алдық.  Мүмкін,  бұл  да  жөн  шығар.  Бірақ,  өз  алдына  егемен  ел  боламын 
деген мемлекет Ұлттық Идеядан бас тартпау керек еді. 
ХХ-шы ғасырдың сұңғыла саясаткерлерінің бірі Уинстон Черчилл: «Ұлыбританияның 
жауы  да  жоқ,  досы  да  жоқ,  ұлттық  мүддесі  ғана  бар»  деген.  Ұлттық  мүддесі  жоқ  елдің 
ұлттық мемлекет те жоқ деген сөз бұл. 
Қазақта ұлттық идея бар ма? Бар, əрине. Оның ең біріншісі, ата-бабамыздың қаны мен 
терінің  арқасында  аман  қалған  ұлан-асыр  ұлттық  территориямыздың  тұтастығын  сақтау. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет