Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары



бет3/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары.

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынас жасауға құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістік өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетті жүзеге асыруы.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.



  1. Инклюзивті мектептерге қажетті жағдайлар.

Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:

  • ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кенес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақытылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;

  • жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу;

  • оқуды аяқтағаны туралы икемді денгейлік кұжат жасау (аттестат, диплом);

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

  • инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қажет.

  • Білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеу;

  • инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеру;






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет