Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті мектептер ашуда кездесетін кедергілер



бет4/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
Инклюзивті мектептер ашуда кездесетін кедергілер.

Инклюзивтік білім беруді енгізу «тосқауылсыз орта» (пандустар, бір қабатты мектеп дизайны, сурдоаудармашылар штатын енгізу, жалпы қолдану орындарын қайта жабдықтау және т.б.) деп аталатын тек ұйымдастырудың қиындықтарымен ғана емес, сонымен бірге жалпы таралған таптаурындар мен нанымдарға, оның ішінде педагогтер, оқушылар мен олардың ата-аналарының қарастырылған білім алу нысанын қабылдауға дайындығы немесе бас тартудан тұратын ілеуметтік сипаттағы кедергілерге де тап болады. Инклюзивті білім беру саласындағы маңызды міндеттер – инклюзияның тиісті мақсаттарына білім беру ұйымдарының мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Бұл кез-келген білім беру немесе әлеуметтік-мәдени ұйымның білім беру ортасына қойылатын талаптарды белгілейді: ол әртүрлі мүмкіндіктері бар ересектер мен балалардың білім беру қарым-қатынастарына қосылу үшін дайын болуы керек. Егер дені сау бала айналамыздағы әлемді тек сабақта ғана емес, сонымен қатар, көбінесе балалар өздерінің құрдастарымен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне сабақтан тыс уақытта ие болады, ал үйде оқитын ерекше білім алуды қажет ететін балалар бұл мүмкіндіктен айырылады. Сақталған зият кезінде мұндай балаларда әлеуметтендіру тәжірибесі аз болады, олардың қоршаған әлем туралы тануы үстірт болып табылады, болашақ олар үшін белгісіз болып көрінеді. Көптеген балалар, оқыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы, мамандар және қоғам қабылдаған күш-жігерге қарамастан, ересек адам болып, әлеуметтік-экономикалық өмірге қосылуға дайын емес екендігін көрсетеді. Осының барлығы білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға төзімділік қарым-қатынасты, оқушыларды ЕБҚ оқушыларға деген достық қарым-қатынасы үшін ынталандыруды қалыптастыру қажеттілігіне негізделеді. Әлеуметтік қолдау үшін балалардың бірге ойнап, бірге жұмыс істеуі өте маңызды.Сонымен қатар, «ерекше» балаларға масылдық сезімінен арылуға көмектесу қажет. Оларға мектеп өміріне өз үлестерін қосу үшін мүмкіндіктер беру керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет