Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті сыныптардағы түзету-білім беру ортасын моделдеу ерекшеліктерін анықтаңыз



бет102/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
Инклюзивті сыныптардағы түзету-білім беру ортасын моделдеу ерекшеліктерін анықтаңыз

Инклюзивті білім беру ортасын модельдеуде ерекше қажеттіліктері бар балалардың келесі ерекшеліктеріне назар аудару керек:

  • алғашқы бұзылыстың (кемістіктің) құрылымына;

  • оның көрініс табуына;

  • психофизикалық дамудың мінездемесі мен ерекшеліктеріне (сенсомоторлық, көру, сезу, есту, қимыл-қозғалыс, көру-кеңістік); екіншіден дамыту ортасының концепциясында құрастырылып, ұсынылған талаптарды ескеру.

Мұнда келесі принциптер ерекше маңызға ие болады:
1. Ортаның көптеген қырлары мүмкіндіктері шектеулі балаларды түрлі әрекеттерге итермелейтін жағдайлар жасайды. Шартты түрде өзіндік іс-әрекеттер орындай алатын балалардың түрлі міндеттерді шешуге негіз болатын дидактикалық материалдар, көрнекіліктер ұсынылады, қолжетімді болып орналастырылады.
2. Жайлылық және тұрақтылық принципі. Ортаның компоненттерінің тұрақтылығы, сенімділік пен қамқорлық беруі.
3. Әр баланың даму ерекшеліктерін ескеру принципі. Инклюзивті кеңістікті жобалауда баланың психофизиологиялық даму деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек. Орта баланың өзекті, жақын даму және өзіндік даму қажеттіліктерін қамту керек.
4. Коммуникативтік мүмкіндіктерін дамыту.
5. Тиімділік пен қолжетімділік принципі. Ортаның әрбір компоненттері жалпы мақсаттарға сәйкес болуы керек. Ерекше балаға дамытатын заттық ортаның қолжетімді болуы – материалдар, кітаптар, көрнекіліктердің қол созымды деңгейден жоғары болмауы.



  1. Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушыларды атаңыз. Сіздің ойыңызша олардың қатарына тағы кімдерді ұсынуға болар еді? Жауабыңызды дәлелдеңіз

  • МШБ

  • Ата-ана немесе басқа да заңды өкілдер

  • Педагогтар

  • Дефектологтар.

  • Психологтар.

  • Әлеуметтік педагогтар.

  • Медицина қызметкерлері.

  • Халықты әлеуметтік қорғау орталықтарының өкілдері.

  • Еріктілер.

Инклюзивті білім беру мекемесінің жұмысына қосымша білім беру мекемелері, медициналық ұйымдар, психологиялық қызметтер, ЕО Халықты әлеуметтік қорғау орталықтары қатысады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет