Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» құжатының маңызын ашып көрсетіңіз



бет100/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107
«Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері» құжатының маңызын ашып көрсетіңіз.

Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады:

  • ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу;

  • жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу;

  • оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом);

  • білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

  • жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялықпедагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру;

  • арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру;

  • жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;

  • инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет