Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет17/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107
1-ші кезең: 2014-2015 жылдар. Инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; ИББ жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін жетілдіру; Ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; Бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң-ресурстық орталықтар құру;
2-ші кезең: 2016-2017 жылдар. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру; ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау; білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін құру; оқу жоспарларына «Арнайы педагогика негіздері», «Инклюзивті білім беру» пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу; әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру.
3-ші кезең: 2018-2020 жылдар. Барлық мектепке дейінгі, бастауыш және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру; инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби, жоғары білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру; алдағы уақытта жұмыспен қамтылуын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру.



  1. Қазақстандағы инклюзивті білім берудің заңнамалық және нормативтік негіздері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет