Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Ведомоствоаралық қарым-қатынас: қоғамдық бірлестіктер, басқа да ведомствоаралық ұйымдармен қарым-қатынас, БАҚ жəне т.б



бет40/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107
Ведомоствоаралық қарым-қатынас: қоғамдық бірлестіктер, басқа да ведомствоаралық ұйымдармен қарым-қатынас, БАҚ жəне т.б.

Инклюзивті білім берудің маңызды принциптерінің бірі болып ведомствоаралық интеграция принципі мен әлеуметтік серіктестік болып табылады. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды білім беру арқылы интеграциялаудың стратегиялық мақсаттарына әлеуметтік серіктестік процесі және жалпыға білім беру педагогтары мен медициналық, психологиялық және дефектологиялық бағыттардағы мамандардың үнемі өзара байланыстары арқылы қол жеткізуге болады.
Педагогтар мен мамандардың өзара байланыстары деп баланың мәселелерін шешуде кешенді бағытты қамтитын, балалар мен жасөспірімдерді дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру міндеттерін шешуге бағытталған, білім беру процесінің субъектіне (бала, топ, сынып) жетекшілік жасауға бағытталған түрлі мамандар мен педагогтардың біріккен іс-әрекеті саналады. Сонымен, жалпыға білім беру процесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық қолдау көрсетудегі мамандардың өзара байланыстарын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «жүйелі әсер» деп қарастырады. Жүйелі әсер түрлі мамандардың (педагогтар, дефектологтар, психологтар, логопедтер) бірігіп жұмыс жасауы арқылы іске асырылады. Мамандар пәнаралық байланыс процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің стратегиясын, тактикасын, мазмұнын және динамикасын құрастырады, мүмкіндігі шектеулі баланың және оның отбасының мәселелерін кешенді және нәтижелі шешеді.



  1. Əдістемелік қамтамасыз етілу мен материалдық-техникалық ресурстар. Ақпараттық қамтамасыз ету.

Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті және кіріктіріп оқытудың әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздерін әзірлеуді, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыруды;

  • ерекше оқытуды қажет ететін оқушыларға оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын бейімдеуді (білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды, базалық пәндер бойынша оқытудың пәндік нәтижелері мен дағдыларын, оқу процесін ұйымдастыру шарттарына қойылатын талаптарды);

  • ерекше оқытуды қажет ететін балаларды оқыту нәтижелерін мониторингілеу және бағалау жүйесін әзірлеуді, инклюзивті білім беру шарттарына баланың оқу жетістігін критериалды бағалауды бейімдеуді;

  • үйден оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеуді;

  • ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқыту шарттарына типтік оқу жоспарлары мен техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын бейімдеуді көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет