Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың жеке оқу траекториясын құруда кездесетін қиыншылықтар.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар қажеттіліктерін анықтауда және оларға білім беру ортасын бейімдеуде, әкімшіліктің, мұғалімдердің, отбасы мүшелерінің, арнайы мамандардың жұмысын ынтымақтастықта ұйымдастырудағы қиындықтардың кездесуі.
МШБ-дың оқу нәтижелерін анықтау әдістері мен тәсілдері
Мысалы, Бақылау – дәлелдерді жүйелеу мен жалпы қорытындымен аяқталатын мақсат көзделген және жоспарлы түрде мәліметтер жинақтау әдісі. Бұл психологиялық-педагогикалық анықтаудың ежелгі әдісі. Оның көмегімен бала туралы көлемді мәлімет алуға болады. Бақылау әдісі даму қиындықтары бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері мен дамуын зерттеуде маңызды орын алады. Мүмкіндігі шектеулі баланы бақылау сабақтарда, ойындарда, еркін іс-әрекеттерде, яғни бала үшін үйреншікті жағдайда ұйымдастырылады. Бақылау әдісінің көмегімен бала іс-әрекетінің келесі ерекшеліктерін анықтап, бағалауға болады: стереотиптік әрекеттер, анық эффективті және эмоционалды кері жауаптар, үрейлік көріністері. Бақылау арқылы баланың өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының қаншалықты дамығанын, тапсырмаларды орындауға дайындығын, көңіл-күйінің ерекшеліктерін, қозғалыстық даму ерекшеліктерін анықтауға болады.
Ашық бақылау – бақыланушыларға олардың зерттелуі туралы жария ету.
Жабық бақылау – бақыланушылар өздерінің зерттеу нысанасы екендігін білмейді. Бақылаудың бұл түрі нәтижелі, өйткені нақты қызығушылықтар мен ерекше қажеттіліктері бар, баланың даму ерекшеліктері, құрдастарымен сыныптағы қарым-қатынас жүйесінің көрсеткіштері жайлы шынайы мәлімет береді.
Жүйеленген бақылау – үнемі белгілі уақыт кезеңдерінде өткізіледі. Әдетте жоғары деңгейде нақтыланған жоспар бойынша жүргізеді.