Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету



бет67/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету

Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген. Арнайы бағдарламалар мазмұнында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың естуінің төмендігі және сөйлеу қабілеті дамымай қалғандығын ескерген. Ол коррекциялық бағытта сипатталады және есту түйсігін дамытуды, тілдік дағдыларды практикалық қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру мазмұнын анықтау кезінде білім алушыға жалпы білім беру және тәрбиелеудің, сондай-ақ арнайы білім берудің міндеттері есептеледі. Оқытудың негізгі міндеттері мен принциптерінде балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған және есту қабілеті бұзылуы салдарын тиімді меңгеруге қажетті педагогикалық жағдайды құру, оқыту процесінде түзету-алмастыру (компенсаторлық мүмкіндіктерін қосу) базасын қамтамасыз ету қарастырылған.
Естуді қабылдауды дамытуға арнайы еріннен оқу, дыбысты айту жұмысы, есту-көру негіздерін қалыптастыру ықпал етеді, оқушылардың ауызша сөйлеуін жетілдіруге және түйсіну дағдыларын қалыптастыруға, әр түрлі сөзге жатпайтын дыбыстар шығаруын, музыканы қабылдауына назар аударылады.
Типтік оқу жоспарында арнайы түзету курсы қарастырылған:
«Заттық-тәжірибелік оқыту», «Түзету ырғағы» және жеке-топтық сабақтарда естуді қабылдауы мен дұрыс айтуын дамыту.
«Заттық-тәжірибелік оқыту» (ЗТО) оқу курсының мақсаты: тілді меңгеру мен жоғары психикалық функцияларды қалыптастыру үшін полимодальды сезіну негізінде танып білу және қарапайым тұрмыстық түсініктерді пайдалану деңгейінде білім беру.
«Түзету ырғағы» оқушылардың есту қабілетін музыка арқылы дамытуға, есту-көру және есту, сөйлеу қабілетін жетілдіру яғни естіп қабылдауын интенсивті дамыту жағдайында сөйлеу тілі мен қимылдарын дамытуға бағытталған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет